Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
27.02.2018
Қалалық мәслихаттың депутаттары елорданың «Байқоңыр» атты төртінші ауданын құру туралы шешім қабылдады.
Рамзия Өмірбаеваның төрағалығымен өткен мәслихаттың кезектен тыс сессиясының барысында жиналысқа қатысушылар қаланың осы тағдыршешті шешімінің маңыздылығын атап өтті.
– Индустрияландыру, шағын және орта бизнесті құру және дамыту жөніндегі барлық мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында жыл басынан бастап негізгі көрсеткіштер бойынша елеулі серпінге қол жеткізілді. Бүгінгі күні қалада бір миллионнан астам адам немесе республика халқының 5 пайыздан астамы тұрады. Сонымен бірге, 1997 жылмен салыстырғанда халық саны үш есе өсті. Соңғы 20 жылда қаланың ЖӨӨ шамамен 190 есе өсіп, шамамен 5 триллион теңгені құрады, Астанадағы жан басына шаққандағы ЖӨӨ - 5 млн. 270 мың теңге құрайды және республика бойынша үшінші орында. Бұл көрсеткіштерді ескере отырып, ел басшылығы төртінші әкімшілік ауданды құру туралы қалалық әкімдігінің ұсынысын қолдады, – деп түсіндірді елорда әкімі аппаратының жетекшісі Берік Жәкенов.
Ол сондай-ақ, жаңа ауданның атауы республикалық ономастикалық комиссиямен жақында келісілгенін атап өтті.
«Байқоңыр» ауданының жаңа шекарасы Астана-Қостанай бағытындағы темір жолдан бастап солтүстікке қарай қаланың шекарасынан Ақбұлақ өзеніне дейін, Ақбұлақ өзенінің бойымен Қошқарбаев даңғылына дейін, Қошқарбаев даңғылының жұп жағынан Сауда көшесіне дейін. Сауда көшесі бойымен 184-көшеге дейін, Ақбұлақ өзені бойымен Есіл мен Ақбұлақ өзендерінің қосылу жеріне дейін, Есіл өзені бойымен Қараөткел көпіріне дейін, Бараев көшесінен Республика даңғылына дейін, Республика даңғылының жұп жағынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылы мен Алаш тас жолы бойымен теміржолға дейін, теміржол арқылы қаланың батыс шекарасына дейін өтеді. Ауданның шекарасына 460 гектар жердегі қалалық зират аумағы кіреді. Оның жалпы ауданы 18,1 мың гектарды құрайды, ал халқы - 211,1 мың адам.
– «Байқоңыр» жаңа ауданы «Төңірексіз қала» елорда әкімі жобасының бағытындағы жұмысын жалғастыру, қалалық инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру, шағын бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік мәселелерін жылдам шешуге арналған арнайы міндеті миссиясы бар, – деп атап өтті Берік Жәкенов. .
Одан кейін мәслихат депутаттары жер телімдерін және басқа да жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісімдердің жобаларын мемлекет мұқтажы үшін алып қою туралы мәселелерді талқылады.
Қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Асхат Елеужанов құны 229 млн. теңге болатын жалпы ауданы 0,69 гектар 18 жер телімін қарастыруға ұсынды.
Осы жер телімдерін алу бірнеше көшелер мен ғимараттардың құрылысына, Есіл өзені арнасын қалпына келтіруге, бақтар мен саябақтарды жайластыруға жасалған.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ жеке меншікке және жалдауға беру кезіндегі жер телімдерінің кадастрлық құны мәселесін талқылады.
Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысы Назымбек Кенжебаев айтуынша бес жыл бойы елордада жердің кадастрлық құны, сондай-ақ мемлекетке немесе мемлекеттік жер пайдаланушыларға жеке меншікке және жалға алуға арналған аймақтардың шекаралары өзгермеді.
Осы жер телімдерінің бағалық аймақтандыру сызбасын реттеуден бұрын басқарма мамандары нарыққа әсер ететін негізгі факторларды анықтайтын терең талдау жүргізді.
– Әлемдік тәжірибеде жер телімдерінің базалық мөлшерлемесі және түзету коэффициенттері әрбір 3-5 жылда қайта қарауға жатады. Олар елдегі экономикалық жағдайға, белгілі бір аймақтағы жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге байланысты қолданылады. Осылайша, 2012 жылдың желтоқсан айында Астана аумағында бағалық аймақтандырудың қазіргі схемасы әзірленді, оның құрамына 0,5-тен 2,0-ге дейін түзету-бағалау коэффициенттері бар 26 бағалау аймағы кіреді», – деп түсіндірді Назымбек Кенжебаев. – Сонымен, бүгінгі күні бір шаршы метрдің кадастрлық құны 3 342 теңгеден 13 466 теңгеге дейін түрленеді, бекітілген базалық мөлшерлеме бір шаршы метрге 6 683 теңгені құрайды
Алайда соңғы бес жылда жер нарығын талдау сатып алу қабілетінің айтарлықтай төмендеуін көрсетті, сонымен бірге қаланың белгілі бір бөліктеріндегі жердің кадастрлық құны оның нақты бағасына сәйкес келмейді. Жер телімінің нарықтық құнын қалыптастыруға жыл сайын әр түрлі нысандардың құрылысы көлемінің артуы, жергілікті атқарушы органның инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етуге арналған шығыстары әсер етеді
– Қаланы қарқынды дамытуды, сондай-ақ өсу бағытындағы нарықтың даму үрдісі ескере отырып, бағалық аймақтандыру сызбаларын түзету үшін нарыққа әсер ететін негізгі факторлар анықталды. Бұл қаланың орталығынан қашықтау, орталықтандырылған инженерлік инфрақұрылымы мен аумақты абаттандыру жүйесімен қамтамасыздандыру, мәдени және тұтынушылық қызметтердің дамыған саласы, сұраныс пен ұсыныс нарығы, сондай-ақ құрылыстың тарихи құндылығы, қоршаған орта жағдайы және санитариялық жағдайлары. Сондай-ақ, мына жағдай ескерілді – бұл Басжоспардың бекітілген тұжырымдамасына және аудандардың егжей-тегжейлі жобасына сәйкес астананың келешектегі дамуы», – деп атап көрсетті жер басқармасының басшысы.
Ол 2017 жылғы 6 ақпандағы Мемлекет басшысының «Елорданың шекараларын өзгерту туралы» Жарлығына сәйкес Ақмола облысының Целиноград ауданының жерлері қала шекарасына енгенін айқындады. Олардың жалпы ауданы 7 300 гектар. Олар сондай-ақ зерттеулерге қатыстырылды. Бұдан басқа, оған екі орын қосылды – бұл Ұлттық мазар және қалалық зиратты ұйымдастыру үшін қосымша аумақ. Тұтастай алғанда, барлық 26 белсенді аймақ үшін түзету жүргізілді, соның салдарынан 16 бағалау аймағының шекаралары олардың ауданын ұлғайту бағытыны қарай айтарлықтай өзгерді.
Сессия жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Аманшаев, қалалық аудандарының әкімдері орынбасарлары, қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.