Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізімі
Астана қаласы аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 13-АСК шешіміне қосымша
Астана қаласы мәслихат депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
№ 1 сайлау округі
(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№70 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Майқайың көшесі, №1)
Р. Қошқарбаев даңғылынан бастап, Есіл өзенінің жағалауы бойымен Ақбұлақ өзенінің жағалауына дейін, одан әрі Ақбұлақ өзенінің жағалауы бойымен Тәуелсіздік даңғылына дейін, Тәуелсіздік даңғылының тақ жағымен (үйлерді қоспағанда) № 16, 21, 21/4, 21/5, 21/6, 21/9, Күйші Дина көшесіне дейін, Тәуелсіздік даңғылының №20, 22, 24А, 24Б, 26, 26/1, 28 үйлерін қоса алғанда, Күйші Дина көшесі бойынша № 2/1, 2/2, 4/1, 4/2, Б.Майлин көшесіндегі № 3, 3/2, 5, 5/1, 5/2, Күйші Дина көшесінің жұп жағымен М. Жұмабаев даңғылына дейін, Күйші Дина көшесінің № 28, 28/1 үйлерін қоспағанда, М. Жұмабаев даңғылының тақ жағымен Б. Момышұлы даңғылына дейін, М. Жұмабаев даңғылының № 30, 30/1, 30А үйлерін қоса алғанда, Б. Момышұлы даңғылының тақ жағымен М. Төлебаев көшесіне дейін, М. Төлебаев көшесінің жұп жағымен Р. Қошқарбаев даңғылына дейін.
№ 2 сайлау округі
(Орталығы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қажымұқан көшесі, №13)
Тәуелсіздік даңғылынан бастап, Ақбұлақ өзенінің жағалауы бойымен Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін, Ш. Құдайбердіұлы даңғылының жұп жағымен, № 8, 10, 12, 14, 16, 18 үйлерін қоса алғанда Махтумқұли көшесіне дейін, Махтумқұли көшесінің жұп жағымен Абылай хан даңғылына дейін, Абылай хан даңғылының жұп жағымен Б. Момышұлы даңғылына дейін, Абылай хан даңғылы бойынша № 23, 25, 25/1, 25/2, 27/1, 29/1, 33 үйлерін қоса алғанда, Б. Момышұлы даңғылының тақ жағымен Жеңіс бульварына дейін, Жеңіс бульвары бойымен Күйші Дина көшесіне дейін, М. Жұмабаев даңғылының № 30, 30/1, 30А үйлерін қоспағанда, Күйші Дина көшесінің тақ жағымен Қ. Сәтбаев көшесіне дейін, Күйші Дина көшесінің № 28, 28/1 үйлерін қоса алғанда, Қ. Сәтбаев көшесінің тақ жағымен Б. Майлин көшесіне дейін, Б. Майлин көшесінің тақ жағымен Тәуелсіздік даңғылына дейін, Тәуелсіздік даңғылының № 20, 22, 24А, 24Б, 26, 26/1, 28 үйлерін; күйші Дина көшесінің № 2/1, 2/2, 4/1, 4/2 үйлерін; Б. Майлин көшесінің № 3, 3/2, 5, 5/1, 5/2 үйлерін қоспағанда, Тәуелсіздік даңғылының жұп жағымен Ақбұлақ өзенінің жағалауына дейін, Тәуелсіздік даңғылы бойынша № 16, 21, 21/4, 21/5, 21/6, 21/9 үйлерін қоса алғанда. «Железнодорожный» тұрғын алабының шекаралары.
№ 3 сайлау округі
(Орталығы – «Астана қаласындағы Д.А. Қонаев атындағы колледж» мекемесі, Манас көшесі, №23/2)
Ш. Құдайбердіұлы даңғылынан бастап, Ақбұлақ өзенінің жағалауы бойымен теміржол желісіне дейін, теміржол желісі бойымен Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, Р. Қошқарбаев даңғылының тақ жағымен Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін, Ш. Құдайбердіұлы даңғылының тақ жағымен Ертіс көшесіне дейін, Ертіс көшесінің тақ жағымен Абылайхан даңғылына дейін, Абылайхан даңғылының тақ жағымен Махтумқұли көшесіне дейін, Абылайхан даңғылы бойынша № 23, 25, 25/1, 25/2, 27/1, 29/1, 33 үйлерін қоспағанда, Махтумқұли көшесі бойымен Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін, Ш. Құдайбердіұлы даңғылының тақ жағымен Ақбұлақ өзенінің жағалауына дейін.
№ 4 сайлау округі
(орталығы - № 73 мектеп-лицейі, № А191 көшесі, № 2 үй)
М.Тынышбайұлы көшесінен, Есіл өзенінің жағасымен Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, жұп жағы бойынша Р. Қошқарбаев даңғылына дейін Қордай көшесіне дейін, Қордай көшесінің тақ жағы бойынша А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін, А. Байтұрсынұлы көшесінің жұп жағы бойынша М. Тынышбайұлы көшесіне дейін, тақ жағы бойынша М. Тынышбайұлы Есіл өзенінің жағалауына дейін.
№ 5 сайлау округі
(орталығы-Бейімбет Майлин атындағы № 52 мектеп-гимназиясы, Бурабай көшесі, № 38)
А68 көшесінен, Есіл өзенінің жағасымен М. Тынышбайұлы көшесіне дейін, М. Тынышбайұлы көшесінің жұп жағымен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін, А. Байтұрсынұлы көшесінің тақ жағымен Қордай көшесіне дейін, Қордай көшесінің жұп жағымен Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, Р. Қошқарбаев даңғылының жұп жағымен темір жол көшесіне дейін кенептер, оның ішінде тұрғын үй массивтері өнеркәсіптік, Промышленный, Халықаралық, Мичурино, Күйгенжар.
№ 6 сайлау округі
(орталығы – № 55 орта мектеп, Ж. Досмұхамедов көшесі, № 2)
Кенесары көшесінен Ш. Уәлиханов көшесінің жұп сандар жағымен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылының жұп сандар жағымен темір жолға дейін, темір жол бойымен Ә. Сембинов көшесіне дейін, Ә. Сембинов көшесінің тақ сандар жағымен Кенесары көшесіне дейін, Кенесары көшесінің тақ сандар жағымен Ш. Уәлиханов көшесіне дейін, Кирпичный, Қазгородок, Өндіріс тұрғын үй алаптарын және Қоянды саяжай қоғамын қоса алғанда.
№ 7 сайлау округі
(орталығы – Esil University, А. Жұбанов көшесі, № 7)
Ш. Иманбаева көшесінен Кенесары көшесінің жұп сандар жағымен Ә. Сембинов көшесіне дейін. Ә. Сембинов көшесінің жұп сандар жағымен темір жолға дейін, темір жол бойымен Ақбұлақ өзенінің арнасына дейін, Ақбұлақ өзенінің арнасы бойымен А. Кравцов көшесіндегі көпірге дейін, А. Кравцов көшесінің тақ сандар жағымен А. Бараев көшесіне дейін, А. Бараев көшесінің тақ сандар жағымен Ш. Иманбаева көшесіне дейін, Ш. Иманбаева көшесінің жұп сандар жағымен Кенесары көшесіне дейін.
№ 8 сайлау округі
(орталығы – Жұмабек Тәшенев атындағы № 10 мектеп-гимназия, М. Ғабдуллин көшесі, № 7)
Республика даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылының жұп сандар жағымен Ш. Уәлиханов көшесіне дейін, Ш. Уәлиханов көшесінің тақ сандар жағымен Кенесары көшесіне дейін, Кенесары көшесінің тақ сандар жағымен Ә. Сембинов көшесіне дейін. Ә. Сембинов көшесінің тақ сандар жағымен Кенесары көшесіне дейін, Ш. Иманбаева көшесінің № 7г, 7в үйлерін және М. Ғабдуллин көшесінің № 12 үйін қоспағанда, А. Иманов көшесінің тақ сандар жағымен Ш. Иманбаева көшесіне дейін, Ш. Иманбаева көшесінің тақ сандар жағымен А. Бараев көшесіне дейін, А. Бараев көшесінің жұп сандар жағымен А. Кравцов көшесіне дейін, А. Кравцов көшесінің жұп сандар жағымен Есіл өзенінің арнасына дейін, Есіл өзенінің арнасы бойынша А. Бараев көшесіндегі (М1) көпірге дейін, А. Бараев көшесіндегі (М1) көпірден Республика даңғылына дейін, Республика даңғылының жұп сандар жағымен Бөгенбай батыр даңғылына дейін.
№ 9 сайлау округі
(орталығы – «Қазақ технология және бизнес университеті» акционерлік қоғамы, Қ. Мұхамедқанов көшесі, 37А үй)
Қабанбай батыр даңғылынан бастап Д. Қонаев көшесінің тақ нөмірлі жағымен Тұран даңғылына дейін, Тұран даңғылының жұп нөмірлі жағымен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейін, Қ. Мұхамедханов көшесінің тақ нөмірлі жағымен Әйтеке би көшесіне дейін, Әйтеке би көшесімен Сығанақ көшесіне дейін, Сығанақ көшесінің тақ нөмірлі жағымен Қорғалжын тас жолына дейін, Қорғалжын тас жолының жұп нөмірлі жағымен «Есіл» ауданының шекарасына дейін, «Есіл» ауданының шекарасымен Есіл өзенінің арнасына дейін, Есіл өзенінің арнасымен Қабанбай батыр даңғылына дейін, Қабанбай батыр даңғылының тақ нөмірлі жағымен Д. Қонаев көшесіне дейін.
№ 10 сайлау округі
(орталығы – «Барыс» мұз айдыны, Тұран даңғылы, 57 үй)
Қабанбай батыр даңғылынан бастап Д. Қонаев көшесінің жұп нөмірлі жағымен Тұран даңғылына дейін, Тұран даңғылының тақ нөмірлі жағымен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейін, Қ. Мұхамедханов көшесінің жұп нөмірлі жағымен Әйтеке би көшесіне дейін, Әйтеке би көшесімен Сығанақ көшесіне дейін, Сығанақ көшесінің жұп нөмірлі жағымен Е429 көшесіне дейін, Е429 көшесімен Е15 көшесіне дейін, Е15 көшесімен Ш. Айтматов көшесіне дейін, Ш. Айтматов көшесінің жұп нөмірлі жағымен Е17 көшесіне дейін, Е17 көшесімен Күлтегін көшесіне дейін, Күлтегін көшесінің жұп нөмірлі жағымен Р. Бағланова көшесіне дейін, Р. Бағланова көшесінің жұп нөмірлі жағымен Қазыбек би көшесіне дейін, Қазыбек би көшесінің тақ нөмірлі жағымен «Астана Жұлдызы» монументіне дейін, «Астана Жұлдызы» монументінен Қабанбай батыр даңғылының тақ нөмірлі жағымен Д. Қонаев көшесіне дейін.
№ 11 сайлау округі
(Орталығы – «Абат» бизнес орталығы, Родниковая көшесі, 1/1 үй)
Қабанбай батыр даңғылынан бастап Алматы көшесінің тақ жағымен Түркістан көшесіне дейін, Түркістан көшесінің жұп жағымен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейін, Керей Жәнібек хандар көшесінің тақ жағымен Мәңгілік Ел даңғылына дейін, Мәңгілік Ел даңғылының тақ жағымен Алматы көшесіне дейін, Алматы көшесінің тақ жағымен Ә. Бөкейхан көшесіне дейін, Ә. Бөкейхан көшесінің тақ жағымен Жиделі көшесіне дейін, Жиделі көшесімен Әл-Фараби даңғылына дейін, Әл-Фараби даңғылының тақ жағымен Есіл өзенінің арнасына дейін, Есіл өзенінің арнасымен Қабанбай батыр даңғылына дейін, Қабанбай батыр даңғылының жұп жағымен Алматы көшесіне дейін.
№ 12 сайлау округі
(Орталығы – Астана қаласының «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Халықаралық мектеп» филиалы, Түркістан көшесі, 32/1 үй)
Қабанбай батыр даңғылынан бастап Алматы көшесінің жұп жағымен Түркістан көшесіне дейін, Түркістан көшесінің тақ жағымен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейін, Керей Жәнібек хандар көшесінің жұп жағымен Мәңгілік Ел даңғылына дейін, Мәңгілік Ел даңғылының жұп жағымен Алматы көшесіне дейін, Алматы көшесінің жұп жағымен Ә. Бөкейхан көшесіне дейін, Ә. Бөкейхан көшесінің жұп жағымен Жиделі көшесіне дейін, Жиделі көшесімен Әл-Фараби даңғылына дейін, Әл-Фараби даңғылының тақ жағымен (оның ішінде № 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, 26, 28 үйлер) Ұлы Дала даңғылына дейін, Ұлы Дала даңғылының тақ жағымен № 37 көшесіне дейін, № 37-нен Жошы хан көшесіндегі № 1 үйге дейін, Жошы хан көшесіндегі № 1 үйден Түркістан көшесіне дейін өтетін өтпе жолмен Түркістан көшесінің жұп жағына дейін, Орынбор көшесінің тақ жағымен Қабанбай батыр даңғылына дейін, Қабанбай батыр даңғылының жұп жағымен Алматы көшесіне дейін.
№ 13 сайлау округі
(Орталығы – «ASPAN» спорт орталығы, Е697 көшесі, 5-үй)
Қабанбай батыр даңғылынан бастап Орынбор көшесінің жұп жағымен Түркістан көшесіне дейін, Түркістан көшесінің тақ жағымен Ұлы Дала даңғылындағы № 11/1 үйге дейін, Ұлы Дала даңғылындағы № 11/1 үйден № 37 көшеге дейін, № 37 көшеден Ұлы Дала даңғылына дейін, Ұлы Дала даңғылының жұп жағымен Әл-Фараби даңғылына дейін, Әл-Фараби даңғылының жұп жағымен (оның ішінде № 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, 26, 28 үйлер қоспағанда) Есіл өзенінің арнасына дейін, Есіл өзенінің арнасымен «Есіл» ауданының шекарасына дейін, «Есіл» ауданының шекарасынан Қарқаралы тас жолына дейін, Қарқаралы тас жолымен Қабанбай батыр даңғылына дейін, Қабанбай батыр даңғылының жұп жағымен Орынбор көшесіне дейін.
№ 14 сайлау округі
(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «Талғат Бигелдинов атындағы № 1 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Желтоқсан көшесі, № 9)
Есіл өзенінің жағалауымен Кенесары көшесіне дейін, Кенесары көшесінен Айпара көшесіне дейін, Айпара көшесінен К. Күмісбеков көшесіндегі № 1 үйді, Кенесары көшесіндегі № 1, 1а үйлерді қоса алғанда, К. Күмісбеков көшесіне дейін, К. Күмісбеков көшесінен К. Күмісбеков көшесіндегі № 3а үйді қоса алғанда, Ш. Қосшығұлұлы көшесіне дейін, Ш. Қосшығұлұлы көшесінен Жамбыл көшесіне дейін, Жамбыл көшесінен Б. Соқпақбаев көшесіндегі № 6 үйді және К. Күмісбеков көшесіндегі № 11 үйді қоса алғанда, К. Күмісбеков көшесіне дейін, К. Күмісбеков көшесінен Ә. Жангелдин көшесіне дейін, Ә. Жангелдин көшесінен Н. Щорс көшесіндегі № 12/2, 12/3, 18, 18а үйлердің және Б. Соқпақбаев көшесіндегі № 1 үйдің арасымен Н. Щорс көшесіне дейін, Н. Щорс көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылынан Жеңіс даңғылына дейін, Жеңіс даңғылынан Желтоқсан көшесіндегі № 45 үйге дейін, Желтоқсан көшесіндегі № 45 үйден Желтоқсан көшесіндегі № 38, 38/1 және Ы. Дүкенұлы көшесіндегі № 1 үйлерді қоспағанда, Ы. Дүкенұлы көшесіне дейін, Ы. Дүкенұлы көшесінен М. Әуезов көшесіне дейін, М. Әуезов көшесінен бастап Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылынан Республика даңғылына дейін, Республика даңғылынан А. Бараев көшесіне дейін, А. Бараев көшесінен «Самал» шағын ауданын коса алғанда, Есіл өзенінің жағалауына дейін.
№ 15 сайлау округі
(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Д. Бабатайұлы көшесі, № 26)
Н. Тілендиев даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылынан Н. Щорс көшесіне дейін, Н. Щорс көшесінен
Н. Щорс көшесіндегі № 12/2, 12/3, 18, 18а үйлердің және Б. Соқпақбаев көшесіндегі № 1 үйдің арасымен Ә. Жангелдин көшесіне дейін, Ә. Жангелдин көшесінен Күмісбеков көшесіне дейін, К. Күмісбеков көшесінен Б. Соқпақбаев көшесіндегі № 6 үйді және К. Күмісбеков көшесіндегі № 11 үйді қоспағанда, Жамбыл көшесіне дейін, Жамбыл көшесінен Ш. Қосшығұлұлы көшесіне дейін, Ш. Қосшығұлұлы көшесінен К. Күмісбеков көшесіне дейін, К. Күмісбеков көшесінен К. Күмісбеков көшесіндегі № 3а үйді қоспағанда, Айпара көшесіне дейін, Айпара көшесінен К. Күмісбеков көшесіндегі № 1 үйді, Кенесары көшесіндегі № 1, 1а үйлерді қоспағанда, Кенесары көшесіне дейін, Кенесары көшесінен Есіл өзенінің жағалауына дейін, Есіл өзенінің жағалауымен «Көктал-1» тұрғын алабының оңтүстік шекарасына дейін, «Көктал-1» тұрғын алабының оңтүстік шекарасынан «Көктал-1» тұрғын алабының батыс шекарасына дейін, «Көктал-1» тұрғын алабының батыс шекарасынан Болашақ көшесіне дейін, Болашақ көшесінен «Көктал-1» тұрғын алабының оңтүстік шекарасының бойымен оңтүстік-батыс айналма жолға дейін, оңтүстік-батыс айналма жолдан айналма жолға дейін, айналма жолдан С. Мұқанов көшесіне дейін, С. Мұқанов көшесінен Баршын көшесіне дейін, Баршын көшесіндегі жұп сандар жағымен Ұлытау көшесіндегі № 46, 50, 50а, 50Б, 50/1, 50/1а, 50/2, 50/3, 50/4, 50/5, 52, 52а, Шаңтөбе көшесіндегі № 9/1а, 11, 11/1, Наурыз көшесіндегі № 54 үйді қоса алғанда, Ұлытау көшесіне дейін, Ұлытау көшесінен Ұлытау көшесіндегі № 48 үйді қоса алғанда, С. Мұқанов көшесіне дейін, С. Мұқанов көшесінен Көктал көшесіне дейін, Көктал көшесінен Н. Тілендиев даңғылына дейін.
№ 16 сайлау округі
(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 19 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ш. Бөкеев көшесі, № 50)
Н. Тілендиев даңғылынан Көктал көшесіне дейін, Көктал көшесінен Көктал көшесіндегі № 1б үйді қоса алғанда, теміржол жолдарына дейін, теміржол жолдарынан И. Гете көшесіндегі № 1/2а, 7 үйлерді қоспағанда, Ы. Алтынсарин көшесіне дейін, Ы. Алтынсарин көшесінен І. Есенберлин көшесіне дейін, І. Есенберлин көшесінен Жеңіс даңғылына дейін, Жеңіс даңғылынан Г. Потанин көшесіне дейін, Г. Потанин көшесінен А. Затаевич көшесіне дейін, А. Затаевич көшесінен А. Затаевич көшесінен А. Затаевич көшесіндегі № 2, 2/1 үйлерді қоса алғанда, Сарыбұлақ бұлағына дейін, Сарыбұлақ бұлағымен Н. Тілендиев даңғылына дейін.
№ 17 сайлау округі
(орталығы – «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Жеңіс даңғылы, № 62)
Бөгенбай батыр даңғылынан Сарыбұлақ бұлағына дейін, Сарыбұлақ бұлағымен А. Затаевич көшесіндегі № 2, 2/1 үйлерді қоспағанда, А. Затаевич көшесіне дейін, А. Затаевич көшесінен Г. Потанин көшесіне дейін, Г. Потанин көшесінен Жеңіс даңғылына дейін, Жеңіс даңғылынан І. Есенберлин көшесіне дейін, І. Есенберлин көшесінен Ы. Алтынсарин көшесіне дейін, Ы. Алтынсарин көшесінен И. Гете көшесіндегі № 1/2а, 7 үйлерді қоса алғанда, теміржол жолдарына дейін, теміржол жолдарынан Алаш тас жолына дейін, Алаш тас жолынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылынан М. Әуезов көшесіне дейін, М. Әуезов көшесінен Ы. Дүкенұлы көшесіне дейін, Ы. Дүкенұлы көшесінен Желтоқсан көшесіндегі № 38, 38/1 және Ы. Дүкенұлы көшесіндегі № 1 үйлерді қоспағанда, Желтоқсан көшесіндегі № 45 үйге дейін, Желтоқсан көшесіндегі № 45 үйден Жеңіс даңғылына дейін, Жеңіс даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін.