Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы
Ескендирова Майдагул Қайсарбекқызы
1956 жылы 25 мамырда Ақмола облысы Веселое ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданының "Путь к коммунизму" аудандық газетінің корректоры болып бастады.
Целиноград совхоз-техникумын, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітірген. Еңбекшілдер аудандық ауыл шаруашылық басқармасының агроном-тұқымшысы, Еңбекшілдер тұқым инспекциясының зертханашысы, Целиноград облысы Вишневка және Целиноград аудандық кәсіподақ комитетінің хатшысы, "Вишневский"совхозы бөлімшесінің агрономы болып жұмыс істеді.
1998 жылғы наурыздан бастап 2010 жылғы қаңтарға дейін Астана қаласы мәслихаты аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, жетекші, бас маман, 2010 жылғы қаңтардан бастап 2016 жылғы маусымға дейін жұмыс істеді. Мәслихат аппаратында 2016 жылғы наурыздан 2021 жылғы қаңтарға дейін маман болып жұмыс істеді.
2021 жылдың ақпан айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 15-Ө өкімімен Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің хатшысы лауазымына қабылданды.
Қоғамдық кеңес хатшысының өкілеттіктері ("Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағы):
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.
Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылмайды.