Мәслихат аппаратының басшысы
Ахметжанова Бақыт Амангелдіқызы
1972 жылы туған, білімі жоғары, Ақмола педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы бойынша; Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Атбасар қаласында Жастар ісі, туризм және спорт комитетінің төрағасы, Ақмола облысы Атбасар қаласы Атбасар аудандық әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі ретінде бастады.
1998 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін: Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы; Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы хатшылығының атқарушы органының әлеуметтік-саяси бөлімінің жетекші маманы; құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің қызметтік хат-хабар бөлімінің жетекші маманы; ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің қызметтік хат-хабардан өту мәселелері жөніндегі бас маманы; кеңсе меңгерушісі; Астана қаласы әкімі аппаратының кеңсе басшысы; Астана қаласы мәслихаты аппаратының басшысы.
Мемлекеттік наградалары:
- "Кұрмет" ордені (2024 г.)
Лауазымдық қызметтері:
- Қалалық мәслихаттың, тұрақты комиссиялардың және қалалық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыстар кешеніне басшылық ету.
- Қалалық мәслихат регламентінің, аппарат туралы Ереженің сақталуын бақылау, қалалық мәслихаттың сессияларын, тұрақты комиссияларының отырыстарын, кеңестерін, семинарларын және басқа да іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысы.
- Қалалық мәслихат пен оның аппаратының перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын дайындау, тұрақты комиссияларға, аппарат қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыс нысандарын жетілдіруде практикалық көмек көрсету.
- Нормативтік құқықтық актілердің, мәслихат шешімдерінің және басқа да өкімдік құжаттардың орындалуын бақылау.
- Қалалық мәслихат сессияларын, тұрақты комиссиялардың отырыстарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға басшылық жасау, сессияларға материалдар (анықтамалар, жобалар, баяндамалар, қосымша баяндамалар, шешімдер) дайындау.
- Сессия хаттамаларын рәсімдеуді, сессия шешімдерін ресімдеуді және тіркеуді, нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеуді қамтамасыз ету.
- Депутаттарға сайлау округтерінде олардың қызметін ұйымдастыруда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, олардың сайлаушылар алдында есеп беруін уақтылы өткізу жөніндегі жұмысқа басшылық жасау, оларды қалалық мәслихаттың қызметі туралы анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, депутаттарға көмек ретінде ақпараттық бюллетень шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
- Қалалық мәслихат сессияларында депутаттардың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін есепке алу және іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- Аппарат қызметкерлерінің кеңестерін, семинарларын, депутаттардың оқуын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету.
- Депутаттардың халық алдында есеп беруін ұйымдастыру.
- Аппаратта, тұрақты комиссияларда іс жүргізу, құжаттарды есепке алу және сақтау бойынша жұмысқа әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, оларды мемлекеттік сақтауға тапсыру.
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері бойынша анықтамалық-ақпараттық жұмысты ұйымдастыру.
- Мәслихат аппаратының кадрларын іріктеу және орналастыру.
- Белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес қызметшілерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыру мен өткізуге қарсы әрекет, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын, мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтауын бақылау.
- Депутаттар сайлауын дайындау және өткізу, сайлау комиссияларын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
- Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау, ақпараттық материалдар мен олар бойынша қорытындылар дайындау.
- Қалалық мәслихат хатшысымен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.