Астана қаласы халқының назарына!
13.10.2025
Астана қаласы мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес,
2025 жылғы қарашаның бірінші онкүндігінде «Негізгі спорт түрлеріне басымдық беруді ескере отырып, Астана қаласының тұрғындары арасында спорт пен дене шынықтыруды дамыту стратегиясы туралы. Халықтың барлық санаттарын, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды, аға буынды бұқаралық спортқа тарту» тақырыбында көпшілік тыңдаулар өткізу жоспарлануда.
Күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен мәселелерді қалалық мәслихат аппаратына жолдауларыңызды сұраймыз. Тел.: 55-66-35, эл. пошта: astana@maslihat01.kz.