Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы мәслихатының жаңа учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру және шығып қалғандардың орнына аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін олардың өкілеттік мерзімінің қалған кезеңіне сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты (бұдан әрі – Мәслихат) жаңа учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру, сондай-ақ шығып қалғандардың орнына Астана қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін олардың өкілеттік мерзімінің қалған кезеңіне сайлау туралы хабарлайды.

Мәслихат сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамдарына өзгерістер енгізуге құқылы.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатураны ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға да құқылы.

Егер мәслихат белгілеген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар түспесе, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылып жатқан сайлау комиссияларына қарағанда жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 17 қарашадан бастап 1 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

5) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы.

Сайлау комиссияларына кандидаттарға арналған ақпараттық нысандар және сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштер Мәслихаттың maslihat01.kz веб-сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының мүшесі болуға ұсынылған адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға білім деңгейіне, еңбек өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссиялары мүшелерін қашықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білу бойынша тестілеуден өткенін растайтын сертификаты болуы қажет.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-анасы, балалары, асырап алушылар (асырап алғандар), асырап алынғандар, туыс және бөлек туыс аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен куәландырылып, орындалған күні, орындаушы туралы белгі, оның тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау 2025 жылғы 17 қарашадан бастап 2025 жылғы 1 желтоқсанды қоса алғанда дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік кө/сі, 11, 219 кабинет, тел.: (8-717-2) 55-66-36.

Мәслихаттың орналасқан жері: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11.

8 (7172) 55-66-36, maslihat01.kz.

 

Астана қаласының мәслихаты аудандық аумақтық және учаскелік сайлау учаскелерінің мүшелерін сайлайды

р/т

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

(сайлау комиссиясы орналасқан мекенжайы, ғимараты)

Сайлау комиссиясының құрамындағы мүшелердің саны

1.

Алматы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Нәжімеденов кө/сі, 27,

ВП 10

3

2.

«Байқоңыр» ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

А. Жұбанов кө/сі, 10 А

1

3.

«Есіл» ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Әлихан Бөкейхан көшесі, 25g

4

4.

«Нұра» ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сығанақ көшесі,18, НП 33

1

5.

«Сарыарқа» ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сейфуллин көшесі, 30

2

 «Алматы» ауданы

1.

№ 64

Орталығы - Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжан Әл-Машани атындағы № 92 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, А351 көшесі, № 3

9

 «Есіл» ауданы

2.

№ 182

«Есіл» ауданының Халық-қа қызмет көрсету орта-лығы, Мәңгілік Ел даң-ғылы, № 30

9

3.

№ 183

Орталығы - Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтан-дырылған кітапхана жүйе-сі» коммуналдық мемле-кеттік мекемесі,                             А. Бөкейхан, № 25В

9

4.

№ 184

Орталығы - «Binom school» мектеп-лицейі, Әл-Фараби даңғылы,                № 40А

9

5.

№ 185

Орталығы - Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы № 24 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Пригородный» тұрғын алабы, Арнасай көшесі, № 127

9

6.

№ 186

Орталығы - Астана қаласы әкімдігінің «№ 99 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қабанбай батыр даңғылы, № 38а

9

 «Нұра» ауданы

7.

№ 254

Орталығы - «Smart Technological School» жеке меншік мектебі,                І. Омаров көшесі, № 8

9

8.

№ 255

Орталығы - Астана қаласы әкімдігінің «№ 81 Astana English School» халықаралық мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, І. Омаров көшесі, № 14

9

9.

№ 256

«Qazswimacademy» орталық-спорт орталығы, Сығанақ көшесі, № 34

9

10.

№ 257

Орталық - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі, Қорғалжын тасжолы,                  № 16/1

 

9

11.

№ 258

«Назарбаев Зияткерлік мектебі IB» дербес білім беру орталығы, Хусейн бен Талал көшесі, № 19

 

9

12.

№ 259

«Ozen Fitness» фитнес-клубы орталығы, Әйтеке би көшесі, № 2

9

13.

№ 260

Орталығы - «Алау» мұз сарайы, Қабанбай батыр даңғылы, № 47

9

 «Сарайшық» ауданы

14.

№ 311

«BINOM EDUCATION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің" А.Байтұрсынұлы атындағы «Binom school» орталық мектеп-лицейі, А.Байтұрсынұлы көшесі, № 49А

9

15.

№ 312

Орталығы - Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, А.Байтұрсынұлы көшесі, № 35

9

 «Сарыарқа» ауданы

16.

№ 395

Орталығы - Астана қаласы әкімдігінің «№ 106 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Бейбарыс сұлтан көшесі, № 15

9

17.

№ 396

Орталығы - Астана қаласы әкімдігінің «№ 106 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Бейбарыс сұлтан көшесі, № 15

9