Астана қаласы тұрғындарының назарына!
2025 жылдың 26 қарашада сағат 15.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңестің қарауына келесі нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:
- «Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсанындағы № 243/32-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы.
- Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы.
- Астана қаласының аумағында оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимінің мөлшерлемесін белгілеу туралы.
- Астана қаласын газдандырудың өңірлік сызбасын бекіту туралы.
Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79.
Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы
З. Ғайыпов