Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!
2025 жылы 28 қарашада сағат 11:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
- «Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 243/32-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Астана қаласында 2030 жылға дейін тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекіту туралы.
- Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы.
- Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидасын бекіту туралы.
- Астана қаласының аумағында оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимінің мөлшерлемесін белгілеу туралы.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.