Мәслихат депутаттары елордада МЖӘ жобаларын жүзеге асыру туралы есепті тыңдады
01.07.2020
Қалалық мәслихатта Саят Батпеновтың төрағалық етуімен Zoom қосымшасы арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде қалалық мәслихаттың сессиясы өтті.
Сессияға шығарылған мәселелер тұрақты комиссиялардың отырыстарында егжей-тегжейлі пысықталды. Ең маңызды мәселелердің бірі-жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру барысы туралы есебі.
Елордада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жүзеге асыру туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова баяндама жасады. Ол депутаттарды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 33 жобаның жүзеге асырылуы туралы хабардар етті. Үш жыл ішінде (2017-2020 жылдар) 12 МЖӘ жобасы бойынша шарттарға қол қойылды, 32,7 млрд.теңге сомасында инвестициялар тартылды. Ағымдағы жылы МЖӘ шеңберінде 37,5 млрд. теңге сомасында 6 шартқа қол қойылды. Бұл 6 балабақша құрылысы, әкімдік жанындағы фотовидео ақпараттық кешен, әкімдік үшін көлік қызметі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған Паралимпиадалық жаттығу орталығының ашылуы.
«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында Жол картасы әзірленді, оған әлеуметтік маңызы бар, біріншіден, бағасы бойынша қолжетімді, сапалы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді ұсынатын, екіншіден, инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін жобалар енгізілді. Өткен жылы бюджеттік тиімділікті арттыру үшін мемлекеттік міндеттемелерсіз 4 МЖӘ шартына қол қойылды, соның ішінде 3 денсаулық сақтау саласында, 1 білім беру саласында. Олардың ішінде 44 төсек-орынға арналған стационарды алмастыратын кешен, Эфферентті терапия және гемокоррекция орталығы, отбасылық-сауықтыру амбулаториясы, Гуманитарлық колледждің сенімді басқаруына беру бар. Ағымдағы жылы экологиялық тәуекелдерді болдырмау үшін құрамында сынап бар қауіпті және медициналық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жоба шеңберінде шартқа қол қойылды, инвестициялық шығыстар 2,9 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта білім беру, денсаулық сақтау, спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында тағы 18 жоба қарастырылуда. Олар бойынша сараптама жүргізілуде», - деп хабарлады Малика Бектұрова. Сессия төрағасы Саят Батпенов бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атынан сессияның негізгі мәселесі бойынша бірқатар мәселелерді атап өтті. Ол мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган қабылдаған шараларға қарамастан, шешуді талап ететін бірқатар күрделі мәселелер бар екенін атап өтті.
«Депутаттар «Ақылы тұрақ кеңістігін құру және пайдалану», 360 орындық балабақша, Эфферентті терапия және гемокоррекция орталығы, «Тауар өнімдерін өндірудегі қауіпті қалдықтарды қалдықсыз өңдеу бойынша қызмет көрсетуге арналған өндірістік қуаттар» сияқты МЖӘ жергілікті жобаларының нысандарын аралау барысында, сондай-ақ қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында келесіні анықтады. Бүгінгі күні «Ақылы тұрақ кеңістігін құру және пайдалану» МЖӘ шарты бойынша Тараптар арасында реттелмеген даулар бар. 2018 жылғы 7 қарашадағы шарт бойынша Тараптар «Парковочное пространство» ЖШС және «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ болып табылады. Шартты орындау шеңберінде Жеке серіктес 5 мың ақылы тұрақ орнын игеру және 3 283 ақылы тұрақ орнын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізді. Алайда, қазіргі уақытта бүгінгі күні көлік құралдарын тұраққа қою үшін ақы алуға және көлік құралдарын тұраққа қою уақытын есепке алуға арналған орындарды белгілеу туралы әкімдіктің қаулысының жоқтығына байланысты мемлекеттік серіктес тарапынан шартты бұзу қаупі бар. Жеке әріптестің МЖӘ жобасы бойынша 1,2 млрд. теңге сомасында инвестициялық шығындар жұмсағанын ескеру қажет. Осы мәселенің реттелмеуі соттың қарауына және жергілікті бюджеттен шеккен инвестициялық шығындарын өтеуге әкелуі мүмкін. Және жалпы, кәсіпкерлер үшін МЖӘ жобаларының тартымдылығына ықпал етуі мүмкін. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Ақылы тұрақ кеңістігін құру және пайдалану» МЖӘ жергілікті жобасын жүзеге асыру барысында туындаған мәселелер бойынша барлық шараларды қабылдауы қажет» - деп атап өтті Саят Батпенов.
Сондай-ақ, депутат №29 және №36 көшелерінің алаңындағы 360 орындық жаңа балабақшаға барған кезде депутаттарда туындаған мәселелері туралы айтты.
«Балабақшаның техникалық үй-жайларын аралаған кезде үй-жайлардың төбелері төмен, терезелері кішкентай екені, сол себепті күн сәулесінің түсуі шектелетіні, желдеткіштің жоқтығы анықталған. Алдағы уақытта балаларды орналастыруға жарамсыз техникалық үй-жайды ойын бөлмелеріне және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үйірмелер өткізу бөлмелеріне қайта жабдықтау жоспарланған. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы 360 орындық балабақшадағы техникалық үй-жайларды пайдалануға беру кезінде, оларда мектепке дейінгі жастағы балалардың болуы үшін жарамды, тиісті бөлмелерге қайта жабдықтау бойынша бақылауды қамтамасыз етуі қажет», - деп басып айтты депутат.
2020 жылдың 26 маусымында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында «Тауар өнімдерін өндірудегі қауіпті қалдықтарды қалдықсыз өңдеу бойынша қызмет көрсетуге арналған өндірістік қуаттар» МЖӘ жеке әріптесі «НТП КАЗЭКОТЕХАСТАНА» ЖШС бас директоры Владимир Андреев баяндама барысында жоба бойынша мәселелерді атап өтті. Қазіргі уақытта Көріктендіру қағидасында барлық үлгідегі контейнерлік алаңдар бойынша егжей-тегжейлі талаптарды белгілейтін, оларды ұстау және күтіп ұстау бойынша бөлісетін нормалар жоқ. Осы нормалардың жоқтығына байланысты барлық үлгідегі контейнерлерге қатысты вандализмге жол берілуде. Тұрғын үйлердің жанындағы контейнерлік алаңдарда орнатылған, құрамында сынап бар қалдықтарға арналған 603 контейнердің 536 бірлігі жұмыс істейді. Вандализм нәтижесінде 67 контейнер пайдаланудан шығарылды. Бұдан басқа, тұрғындар мен ұйымдардан жиналатын сынап шамдарын қайта өңдеуге шамамен 20 млн. теңгеге сомасында қосымша қаржыландыру талап етілетіні атап өтілді.
Батпенов депутаттар атынан Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасынан жеке әріптес көрсеткен мәселелердің негізділігін қарап, қалалық мәслихатқа тиісті ұсыныстар енгізуді сұрады.
МЖӘ нысандарына бару нәтижелері және депутаттар айтқан ескертулер, ұсыныстар бойынша қалалық мәслихаты шешімінің жобасы дайындалды.
Мәслихат сессиясының төрағасы қатысып отырған Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлтан Сапарбаевқа сөз сөйлеуді ұсынды.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының м.а. депутаттарға қазір қаулыға қол қою сатысында, ол басшылықта екенін хабарлады. «Апта соңына дейін қаулыға қол қойылады және келесі аптадан бастап жұмыс істейтін боламыз», - деп жауап берді Ж.Сапарбаев.
«Парковочное пространство» ЖШС директоры Шыңғыс Досыбаев үш жыл ішінде төртінші қаулы жобасы әкімнің жетекшілік ететін орынбасарларының қол қою сатысына дейін шығарылғанын, әрі қарай мәселе қозғалмағанын, тиісінше ЖШС орындалған жұмыстар актісін тапсыра алмайтынын, олар әкімдікті қаржылық немесе материалдық міндеттемелерді өзіне алуға мәжбүрлемейтінін, сондықтан бұл жоба толығымен жеке әріптес қаражаты есебінен инвестицияланатынын айтып өтті. Бірақ ЖШС басқарманың жұмыстың орындалу фактісі туралы актіге қол қоюына қол жеткізе алмай жүр. Бұл актілерге бір жыл ішінде қол қойылмаған, дегенмен МЖӘ шартына сәйкес жұмыстардың аяқталу фактісі бойынша актілер мемлекеттік әріптеске жіберіледі және 5 күн ішінде ол актілерді қабылдамау туралы дәлелді негіздеме ұсынуы немесе актілерге қол қоюы тиіс. Қазіргі уақытта актілер көлік басқармасында.
Батпенов Жансұлтан Сапарбаевқа жағдайды түсіндіруді ұсынды.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушысы қол қойылған қаулы шыққаннан кейін мәселелер алынып тасталады деп жауап берді.
Батпенов МЖӘ мәселелеріне жетекшілік ететін қатысушы, елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұроваға осы мәселені шешуге барынша ықпал ету туралы өтініш білдірді, себебі бұл жоба қалада бұрыннан бері жүзеге асырылып келеді және белгілі бір қиындықтарға ие.
Әкімнің орынбасары барлық мәселелер туралы хабардар екенін, инвестормен бұл мәселені талқыланғанын айтты. Негізгі мәселе осы жобадағы мемлекеттік әріптес болып табылатын басқарманың өзінде. Кезеңдердің бірінде басшылықтың ауысуымен байланысты ауыспалылық жоғалды, нәтижесінде екі тараптан сұрақтар туындады. Жеке әріптес мерзімін созды, әкімдік жеке әріптес пилоттық жобаны уақытылы және сапалы аяқтауы үшін жер телімдерін келісу бойынша мерзімін созды. Әкімдіктің техникалық орындалуы бойынша ескертулері болды, алдымен техникалық орындалуы бойынша бір нұсқа болды, содан кейін жобаның техникалық мазмұны өзгерді. Осы мәселелердің барлығы шарттар мен оның келісімдерін жедел өзгертуді, сондай-ақ белсенді талқылауды талап етті. Осы тұрғыда жоба ұзаққа созылды. Бірақ жақында жетекшілік ететін орынбасары Әнуарбек Кизатов пен жеке әріптес бір-біріне барлық ескертулерді айтты және басқарма басшысының айтуынша, мәселе шешілетін болады. Мәселе әкімдіктің бақылауында тұр.
Мәслихат хатшысының м.а. Мәжит Шайдаров 360 орындық жаңа балабақша ғимаратына қатысты сын айтқан болатын. Ол әкім орынбасарына мемлекеттік органдар білім беру нысандарының құрылысындағы жағдайды бақылауды, құрылысшылардың өзіндік әрекеттермен айналыспауын бақылауды өтінді.
«Олардың істейін деп жатқан екінші қабаттағы кішкентай бөлмелері ешнәрсеге жарамсыз, қойма немесе зат қоятын бөлме секілді, балалардың қосымша білім алатын үй-жайларына мүлде ұқсамайды, инвестор мәлімдегендей, бұл шахмат мектебі немесе тағы бір нәрсе. Үй-жайда олардың жоспарларын жүзеге асыратын ешқандай санитарлық жағдай жоқ, сондықтан, менің ойымша, балаларымыздың денсаулығына зиян келтіретін мұндай нәрселерге үзілді-кесілді тыйым салу керек. Және болашақта жеке меншік балабақшалардың құрылысшыларын іріктеуге мұқият қарау керек. Тіпті кірер топ та балаларды қабылдау бойынша талаптарға сәйкес келмейді. Кішкентай бөлмелерде олар 100-ге жуық балаларды қабылдамақшы. Үш кіреберістен (бізге бұл импровизация ретінде көрінді) балаларды қабылдауды жүзеге асыратын болады, бірақ бұл жағдайда да, олар 100 баланы бір үй-жайда қабылдай алмайды. Әзірге олар нысанды әлі салып жатқанда, қандай да бір өзгерту енгізу, кірер топтың балаларды қабылдаудың қарапайым нормаларына сәйкес келуі үшін қайта құруды ұйымдастыру секілді ұсыныстар бар. Және қазірден бастап санитарлық дәрігерлерді тартуды ұсынамын, оған қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көмектессін. Қазір балалар ойындарына арналған бөлмелерге, үйірмелерге бейімделетін бөлмелерге қатысты, олардың сәйкес келетіні-келмейтіні туралы шешім қабылдау керек. Біздің ойымызша, онда желдету, жарықтандыру жеткіліксіз. Егер сәйкес болмаса, оларға оны істеуге қазір тыйым салу керек».
Малика Бектұрова депутатқа осы мәселе бойынша оның ұсыныстарын қолдайтынын айтты.
«Бұл жеке әріптес пен әкімдік арасында жасалған алғашқы МЖӘ жобасы болды. Жоба әкімдік тарапынан қолға алынып, сараптамадан өтті. Қазір әкімдік білім беру саласындағы осындай жобаларға шарттар жасасудан бас тартты. Жаңа жобалар қалыпты жоспарлаумен, эргономикалық, жаңа талаптарға сай келеді. Бұл жағдайда инвестор өзіне берілген нәрсені салуда. Бұл жобаға конкурс болды. Бірақ, депутаттар нысанды аралауға шыққаннан кейін, бұған дейін ескертулерді білім басқармасы айтты, олар барлық ескертулерді бақылауға алып, нысанды барынша талаптарға сәйкестендіруге тырысады. Тағы да қайталап айтамын, енді біз алдымен жобаны, оның ыңғайлылығын, барлық санитарлық нормаларға сәйкестігін қарастырамыз және содан кейін ғана біз оны МЖӘ әлеуетті жобасы ретінде қарастырамыз», - деді әкімнің орынбасары.
Мәслихат хатшысының м.а. Мәжит Шайдаров инвесторлармен әңгіме барысында мемлекеттік тапсырыс бойынша оның үлкен күмәні бар екендігі анықталды. Ол мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істемей, тек қана жеке балабақша ретінде жұмыс істемек.
Бектұрова бұл инвестордың қалауы деп түсіндірді, бірақ шартқа сәйкес жалпы толтырудың кемінде 30%-ын мемлекеттік тапсырыс есебінен қамтамасыз етуге міндетті, ол бір айға ақы төлеу құнын реттеу үшін қажет. Егер инвестор оны толығымен жеке балабақша жасаса, онда ағымдағы шығындар мен жобаның құны 100 мың теңгеден жоғары болады. Яғни, тағы бір жекеменшік балабақша, бұл ретте мемлекет құрылыс шығындарын өтейді. Шартта ол басқа балабақшаларға түсетін жүктемені азайту үшін кезектілікке сәйкес мемлекеттік тапсырысты ресімдеуге міндетті екендігі айтылған.
Депутат Мирас Шекенов әкім орынбасарына ескі мектептің орнына жаңа мектептер салу мәселесі бойынша сауал жолдады.
«Менің ойымша, осы жобаның тиімділігін дәл қазіргі мектептерді бұзу және жаңаларын салу бөлігінде тағы бір рет қарау керек. Жоғарыда атап өткеніміздей, орын саны бойынша біз алға жылжыған жоқпыз, біз оқушылар үшін жағдайды жақсартудамыз, алайда қалада оқу орындарының нақты тапшылығы бар кезеде, жұмыс істеп тұрған мектептерді бұзған дұрыс па деген сұрақ туындайды. Бірнеше жыл бұрын біз осы мектептерді күрделі жөндеуге ақша бөлдік, сондай-ақ онда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мүмкін балалар баратын мектептерді бұзбай, мәселені жапсаржай құрылыстары арқылы шешу қажет шығар?», - деді М. Шекенов.
Қала әкімінің орынбасары М. Шекеновты қолдап, екі мектеп бойынша мәселе нақты шешілмеген деп жауап берді. Қазір мектептер бұзылып, орнына екі жаңа мектеп салынады деген шешім жоқ. Бірақ біз салатын барлық жаңа мектептер 1200 және одан да көп орындық болады. Әлеуетті инвестормен МЖӘ арқылы талқыланатын жаңа мектептер, сыйымдылығы 2000 және одан да көп орын. Бұл халықтың тығыздығын ескере отырып, жаңа мектептер бойынша талдау жүргіздік, олар бос жер телімі бар жерлерде емес, қазір мектептердегі жүктемені алып тастау қажеттілігі бар жерлерде орналасатын болады. Атап айтқанда, 85, 13, 57, 76, 53, 40, 41. Бұл олар бойынша жүктеме мәселесі өткір тұрған мектептер.
Депутат Рәмзия Өмірбаева аталған мәселе бойынша сөз сөйлеп, Сейфуллин көшесіндегі мектептерде мәселелер бар екенін айтты.
«Бұл мектептер жаңа стандарттарға, жаңартылған білім беру жүйесіне сәйкес келмейді. Бұл мектептер 60 жылдан бері тұр және балаларға қауіп төндіреді, оларды қайта құру керек. Оң жағалау өте тығыз қоныстанған. Кез келген жағдайда мәселені шешу керек. Сонымен қатар, білім беру басқармасы оқушыларды орналастыру қалай болатынын шешу үшін жеткілікті кәсіби құзыреттілікке ие. Бұл мектептерде спорт залдары мен асханалар нормаларға сәйкес келмейді. Мектепті бұзу керек, бірде-бір бала көшеде қалмайды. Бұл менің пікірім», - деді Р. Өмірбаева.
Депутат Зәуре Жүсіпова ескі мектептерді бұзу мәселесі бойынша өз әріптесі Рәмзия Өмірбаеваға қолдау көрсетті.
«№2 мектеп пен № 47 мектеп менің округімде орналасқан және мен бұл мектептердің мәселелері туралы жақсы білемін. Бұл Целиноград уақытынан бергі ескі мектептер. Менің ойымша, бұл мектептерге қосымша құрылыс салу орынсыз және қандай да бір ерекше нәтижеге әкелмейді. Бұрын біз осы мектептер бойынша мәселені жиі көтердік. №47 мектепте 298 бала оқиды. Осыған байланысты, мектепте бос үй-жайлар болғандықтан, онда № 20 балабақшаның балалары орналасқан. Сұрақ білім беру басқармасымен көтеріледі, менің ойымша, барлық қажетті есептеулер жүргізілді. Осы сайлау округінің депутаты ретінде осы жобаларды қолдауды сұраймын, оның үстіне олар қазір қарауда. Менің пікірім, тиісті жаңа стандарттарға сай жаңа мектептердің құрылысын қолдау қажет», - деп атап өтті Зәуре Жүсіпова.
Сессияның пленарлық отырысында тұрақты комиссияның төрағасы Мирас Шекенов бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы баяндады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентіне сәйкес өңделген мәслихат регламентіне сәйкес мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, сіз бүгін 2019 жылдың мамыр айынан бастап 2020 жылдың мамыр айына дейінгі кезеңдегі бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебін тыңдайсыз. ҚР Бюджет кодексінің 38-бабының 4-тармағына сәйкес бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия Нұр-Сұлтан қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінің қаралған жобасының қорытындысы бойынша талдау жүргізіп, мәслихаттың тиісті шешімдерін шығарды. Жоғарыда көрсетілген бюджет жобасын талқылау қорытындысы бойынша мәслихат кейбір бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 12,5 млрд. теңгеден астам қосымша сомаға өтінімдерін қолдағанын атап өту қажет. Бюджеттің осы жобасын тұрақты комиссия отырысында талқылау кезінде депутаттар жүктемесі көп мектептердің құрылысы, 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз ету бойынша, мүмкіндігі шектеулі адамдарды техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету мерзімдері мен сапасы бойынша, денсаулық сақтау нысандарының тарифтерін қалыптастыру бойынша, бюджет қаражаты шығындарының тиімділігі бойынша, МЖӘ жобалары бойынша, сондай-ақ жүйелі сипаттағы күрделі мәселелер бойынша мәселелерді көтерді, оларға қала шетіндегі мселелерді, жолдардың жоқтығын, жарықтандыруды, медициналық, спорттық мекемелері, қоғамдық көліктің тұрақты емес қозғалысы, үй маңындағы аумақтарды көріктендіру, көгалдандыру, аумақты санитарлық ұстау және басқа да мәселелерді жатқызуға болады. Тұрақты комиссия бюджеттің әлеуметтік бағдарлы, азаматтардың әл-ауқатына тікелей әсер ететінін бірнеше рет атап өтті. Осыған байланысты бюджетті талқылау барысында қала тұрғындарын тарту қажет. Бюджетті қалыптастыру және бекіту кезеңінде бюджетті талқылауға азаматтарды тарту бюджет қаражатының тиімділігін арттыру және ұтымды пайдалану тетіктерінің бірі болып табылады. Аудан әкімдері аппараттарының, әкімдіктің атқарушы органдарының іс-әрекеттерінің ашықтығын, айқындығын дамыту қажет. Қарапайым халық мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдерге онлайн платформаларда мемлекеттік органдардың шешімдерін қабылдауға қатысуға тиіс. Қазір бұл «Сарыарқа», «Есіл» аудандарында жүзеге асырылуда. Алайда, белгілі болғандай, қатысу бюджеті қаланың барлық әкімдіктерінде жүзеге асырылады. «Алматы», «Байқоңыр» аудандары openakimat алаңына өтеді. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында 2019 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы туралы талқылау мәселесі белсенді қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметі қаланы дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылғаны атап өтілді. Мақсатты индикаторлардың көпшілігінің жетістігі атап өтілді. Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өз шығындарын дұрыс жоспарламайтындығы, нәтижесінде бюджетті нақтылауға және түзетуге алып келетіндігі атап өтілді. Сондай-ақ бюджетті жоспарлаудың кемшіліктері бюджет қаражатының уақтылы бөлінуіне, дебиторлық берешек көлемінің өсуіне әсер етеді. Шығындарды неғұрлым ұтымды жоспарлау кезінде бұл қаражатты әлеуметтік сипаттағы өткір мәселелерді шешуге бағыттауға болады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жеткіліксіз жұмысы атап өтілді, олардың ішінде жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, игерілмеген бюджет қаражатының ең көп сомасы, жалпы соманың 30% - ы игерілмеген, құрылыс басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы. Дебиторлық берешектің ең жоғары мөлшеріне отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ие. Дебиторлық берешектің көптеген сомасы жылдан жылға ауысады. Бірнеше рет сұрақ қойылды, «өлі» берешекті есептен шығару туралы шешім қабылдау керек, басқа жол жоқ. Әйтпесе, қарыз қар сияқты өседі. Талқылау қорытындысы бойынша, сондай-ақ елорда бюджетінің орындалу тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тиісті ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, есепті кезеңінде тұрақты комиссия 15 отырыс өткізді, соның ішінде қоғамдық маңызы бар екі мәселе көпшілік тыңдауларға шығарылды. Бір отырыс Паралимпиадалық жаттығу орталығына барып өткізілді.
Тұрақты комиссия мүшелері ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен үнемі өзара іс-қимыл жасайды, кездесулер өткізді, онда бюджетті қалыптастыру процесін реформалауға бағытталған жұмыстарды жүргізу бойынша тиісті кезеңге арналған бюджетті жоспарлау бойынша, стратегиялық жоспарларды құрудың қажеттілігі мен бастапқы тәртібі және кейіннен бюджетті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізу туралы мәселелері талқыланды, керісінше емес. Тұрақты комиссия «Астананың мәртебесі туралы» ҚР 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге қатысқанын атап өту керек. МЖӘ жобаларын іске асыру мәселелері бойынша мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық шеңберінде депутаттар бірқатар нысандарды аралады. Тұрақты комиссияның барлық отырыстары халық үшін қолжетімді және ашық болды. Комиссия отырыстары Facebook желісінде көрсетіледі. Тұрғындар күн тәртібі бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, жауап ала алады. Комиссия ШОБ қолдау бойынша жұмыс жүргізді, соңғы екі жыл ішінде комиссия елорда аумағында тіркелген салық ставкаларын төмендету бойынша жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, ШОБ қолдау үшін инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлік секторды дамыту бойынша жұмысы туралы мәселе қаралды.
Тұрақты комиссия «Сергек» МЖӘ жобасын іске асыру ЖКО, жол қозғалысы ережелерін бұзу, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың айтарлықтай төмендеуіне алып келгенін атап өтті. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу бойынша нұсқамаларды жеткізу бойынша мәселелер бар. Қазпошта нұсқамалардың жалпы санының 8%-ын жеткізеді. Осыған байланысты бұл жобаның құндылығы бірнеше есе төмендейді. МЖӘ шеңберінде инвесторлар 5 балабақша салуды бастаған жоқ. Бүгін біз МЖӘ жобасы бойынша бір балабақша салынғанына көз жеткіздік. Сондай-ақ, ӘКК АҚ сенімгерлік басқаруға берілген коммуналдық мүлікті тиімді басқару жөніндегі мәселе тұрақты комиссияның бақылауында тұр. Депутаттарда басқару тиімділігіне қатысты мәселелер туындады. Ағымдағы жылдың 19 мамырында комиссия отырысында ӘКК АҚ қызметінің басым бағыттарын іске асыруда шешімдерінің тиімсіздігі атап өтілді. Ұзақ мерзімді перспективаларды, негізгі басымдықтарды, мақсаттарды, міндеттерді, даму көрсеткіштерін айқындайтын стратегиялық құжаттар жоқ. Еншілес ұйымдарға қатысты қоғамның корпоративтік басқаруы АҚ директорлар кеңесін, ЖШС бақылау кеңесін, ұйымдық құрылымды, штат санын, еншілес ұйымдардың бюджетін бекіту арқылы ғана жасалады, бұл активтерді тиімсіз пайдалануға әкелді. Елорданы көгалдандыру мен көріктендіруге бюджеттен бөлінетін ақша қаражатын тиімді жұмсауға, қаражатты жұмсаудың ашықтығы үшін жасыл желектерді паспорттауды жүргізу қажеттілігіне қатысты мәселелерге тағы да тоқталғым келеді. Тәжірибе көрсеткендей, елорданың медициналық мекемелерін оңтайландыру өзінің тиімсіздігін көрсетті. Медициналық көмектің тиімділігі мен қол жетімділігінің күтіліп отырған өсуі бүгінгі күні болған жоқ. Бұл бір жағынан қазіргі карантин жағдайында көрінеді», - деп атап өтті Мирас Шекенов.
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы «Астана қаласының Ортақ су пайдалану қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысы А.Т. Қожабаева сөз сөйледі.
Депутаттар сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды белгілеу туралы мәселені қарады. Осы мәселе бойынша депутаттар алдында «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ақмарал Сәбит баяндады.
«Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысы А.Е. Есенбаев депутаттарды мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттар жобаларын келісу туралы хабардар етті. С 189 көшесі бойынша 600-800 орындық көп бейінді аурухана құрылысы, Тұран даңғылы мен 24 көшесінің қиылысында орналасқан аудандағы мектеп құрылысы, Мыңжылдық аллеясы бойынша скверлер мен бульварлар, Қ. Сәтбаев пен Ж. Нәжмеденов көшелерінің қиылысындағы 1200 орындық мектептің, жапсарлас үй-жайлары, паркингі және әлеуметтік-мәдени объектілері бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің, Қарасай батыр мен Бұланты көшелерінің қиылысы ауданындағы мектептің құрылысы, А. Пушкин көшесінен Конституция көшесіне дейінгі телімде шағын айналма жолдың (3, 4 телімдер), Ш. Құдайбердіұлы даңғылы бойындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің, №2/1 және 2/2 үйлер ауданының құрылысы. Барлық иелері өтемақы сомасымен танысты, иелерінің жазбаша келісімі бар. Әкімдік қаулысымен келіспейтіндер мәселені сот тәртібімен шешеді.
Сондай-ақ мәслихат депутаттары «Жеңіс күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2019 жылғы 3 мамырдағы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы, «Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуының 30 жылдығына Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2019 жылғы 6 наурыздағы Астана қаласы мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы мәселені қарады. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысы С.О. Нұрғожина сөз сөйледі.
С.О. Нұрғожина сондай-ақ мәслихат депутаттарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетін Нұр-Сұлтан қаласында Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы бойынша шешімнің жаңа редакциясы туралы хабардар етті.
Мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Мәжит Шайдаров «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлады. Өзгерістер азаматтардың Қоғамдық кеңес жұмысына қатысудан босату жөнінде түскен өтініштеріне байланысты.
Депутаттар қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының негізгі мәселелерін бекітті және кезекті сессияның төрағасы ретінде Зәуре Жүсіпованың кандидатурасын бекітті.
Қалалық мәслихат депутаттарының талқылауына қойылған барлық мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.