Астана қаласы тұрғындарының назарына!
10.10.2025
2025 жылдың 15 қазанда сағат 15.00-де қалалық әкімдіктің мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 221 кабинет) Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселе және нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:
- Қаладағы инклюзивті білім беру жүйесінің жағдайы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың отбасыларына көрсетілетін қолдау шаралары туралы.
- Астана қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы.
- Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы.
- Астана қаласында жол жүрісін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы.
- «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы.
Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79
Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы
З. Ғайыпов