Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!
16.10.2025
2025 жылы 20 қазанда сағат 11:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
- Астана қаласы мәслихатының депутаты К.С. Ибраевтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Астана қаласы мәслихатының депутаты Ж.Ж. Кульмагамбетованың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
- «Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының тұрақты комиссияларының құрамдары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4/1-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 128/16-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Астана қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 129/16-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.