Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті
26.06.2020
Елорда мәслихатында «Zoom» сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында Саят Батпеновтың төрағалық етуімен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 68-ші кезекті сессиясының қарауына енгізілетін мәселелерді талқылау бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Аталған негізгі мәселе бойынша қалалық мәслихат депутаттарының алдында «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Қайсар Маңқараев баяндама жасады.
Қайсар Маңқараев өз баяндамасында бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту шеңберінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің (бұдан әрі – МЖӘ) жергілікті жобаларын іске асыру бойынша 33 жоба жоспарлау мен іске асырудың әртүрлі сатыларында тұрғанын атап өтті. Басымдылықтар кірістілікті генерациялайтын және бюджеттің ең аз қатысуын көздейтін жобаларға беріледі. 2019-2020 жылдары жобалардың бюджеттік тиімділігін арттыру шеңберінде мемлекеттік міндеттемелерсіз МЖӘ шарттарына қол қойылды, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы, білім беру саласындағы және экология саласындағы шарттар. Білім беру, денсаулық сақтау, спорт, тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық саласындағы МЖӘ жобалары жоспарлаудың әртүрлі сатыларында тұр. Өз кезегінде іске асырылып жатқан мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары өзінің тиімділігін көрсетуде.
Қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Шоғанбай депутаттарға мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қалалық Білім басқармасы 5 жобаны жүзеге асырып жатқанын айтты. Мемлекеттік органның бастамасы бойынша 1680 орындық 6 балабақша салу және пайдалану жоспарлануда. Мемлекет тарапынан инженерлік коммуникациялары жүргізілген жер телімдері ұсынылады, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар ЖСҚ ұсынылады. Сондай-ақ, мемлекеттік серіктес балабақшаларды пайдалануға енгізгеннен кейін инвестициялық шығындардың өтемақысын және басқаларын төлейді.
Сондай-ақ, негізгі мәселе бойынша МЖӘ жобалары бойынша жеке меншік серіктестер: «Тауар өнімдерін өндірудегі қауіпті қалдықтарды қалдықсыз өңдеу бойынша қызмет көрсетуге арналған өндірістік қуаттар» - «НТП Kazecolech» ЖШС бас директоры Владимир Андреев және «Эфференттік терапия және гемокоррекция орталығы» - «B.B. Nura» ЖШС амбулаторлық бөлімінің басшысы Андрей Стародубов сөз сөйледі.
«НТП Kazecolech» ЖШС бас директоры Владимир Андреев депутаттарға құрамында сынап бар қауіпті және медициналық қалдықтарды қайта өңдеу жобасы туралы хабарлады. Шарт нәтижесінде жосықсыз кәсіпорындар қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға бермей, рұқсат етілмеген үйінділерге орналастыратын, кәдеге жаратудың төмендетілген құнында жасалатын экологиялық тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді.
«B.B. Nura» ЖШС амбулаторлық бөлімінің басшысы Андрей Юрьевич Стародубов №1 қалалық аурухана базасында Денсаулық сақтау саласындағы – референттік терапия және гемокоррекция орталығы мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің таныстырылымын ұсынды. Жобаның құны жеке серіктес есебінен 253 млн. 092 мың теңге. Іске асыру мерзімі 7 жыл, 2019 жылдан 2026 жылдар аралығында. Жобаның мақсаты – көп бейінді медициналық ұйымдармен бірлесе отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес жіті бүйрек жеткіліксіздігі кезінде медициналық қызметтердің толық кешенін енгізу, бүйректің созылмалы ауруы бар науқастардың өмір сүру ұзақтығын арттыру, терапияның референттік әдістерін енгізу – гемодиафильтрация, жоғары алмасу плазма алмасу, сорбциялық емдеу әдістері, емдеу әдістерінің қол жетімділігі мен жетілдірілуі.
Негізгі мәселе бойынша баяндамашылардың сөз сөйлеу қорытындысы бойынша депутаттар оларға өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Әсіресе, депутаттарды балабақшалар мен мектептер салу жөніндегі мәселелер алаңдатты.
Мәселен, депутат Мирас Шекенов қалалық Білім басқармасынан сөйлеген баяндамашыға мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде 10 мектеп салуға қатысты мәселе бойынша сұрақ қойды, ескі мектептердің орнына жаңа мектептерді салу жағдайларының жоқтығы секілді мәселелер алаңдататынын атап өтті. 2 мектеп бұзылып жатыр, құрылыс уақытында білім алушылар қайда барады. Қуаты бойынша жаңа мектептер шамамен осылар секілді, ескі мектептерді бұзып орнына жаңа мектептер салудың маңызы бар ма.
Білім басқармасы басшысының орынбасары мектеп салумен әлеуетті инвестор «BI Group» компаниясы айналысатын болады, Сейфуллин көшесіндегі 2 және 47 ескі мектептің орнына 2 мектеп. Жаңа мектептердің қуаты көп болады, ал қалған мектептер қала радиусында бос жер телімдерінде салынатын болады.
Депутат Мирас Шекенов жұмыс істеп тұрған ескі мектептерді бұзуды және сол жерде шамамен осындай қуатпен жаңаларын салуды мақсатқа сай деп есептемейтінін айтты.
Дулат Шоғанбай 2 мектеп бойынша ұсыным бар деді, мектепке қондырма немесе жапсаржай салу керек. Жыл сайын осы мектептерді күрделі жөндеуге қаражат бөлінеді, 2 жаңа мектеп салу мақсатқа сай болатынын атап өтті.
Депутат Рәмзия Өмірбаева да Дулат Шоғанбайға үдеріс кезінде әртүрлі шығындар пайда болады және бала бақшалар мен мектептер салып жатқан инвесторлардан оқу ақысын төлемей балаларды қабылдау ынтасы жоғалатынына байланысты мәселе бойынша сұрақ қойды. Мектептер бойынша шартқа сәйкес 30% жан басына қаржыландыру шеңберінде қабылдануы тиіс. Балабақшада Шарт шеңберінде инвестор кем дегенде 100% қамтуы тиіс, бірақ қазіргі уақытта инвестор мемлекеттік тапсырыстың 100% бөлігіндегі өз міндеттемелерінен бас тартуда.
Сондай-ақ Рәмзия Өмірбаева аралу кезінде олар техникалық қабатта болғандарын, егер болса, балаларға қызметтерді техникалық қабатта ұсынатынын атап өтті. Қалалық Білім басқармасы мұндай жағдайларды болдырмау үшін бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Дулат Шоғанбай жобаға сәйкес инвестор техникалық қабатта басқа да қызметтерді, соның ішінде спорт сабақтарын, шахмат және т.б. жоспарлайтынын айтты.
Өз кезегінде, депутат Қарақат Әбден осыдан екі жыл бұрын қалалық Білім басқармасы поляк инвесторымен 4 балабақша құрылысына арналған шартқа қол қойылғаны туралы айтқанын атап өтті. Қазір бұл жобалардың тағдыры белгісіз. Білім басқармасы депутаттарға қанша бюджеттік ақша жұмсалғанын және бұл жобалардың қандай сатыда тұрғанын хабарлауға тиіс. Егер қазір жауап беруге дайын болмасаңыздар, осы мәселе бойынша, соның ішінде енгізу бойынша, қандай мерзімде іске қосылатынын, объектілердің қуаттылығын, әрбір балабақшаның құны туралы ақпаратты жазбаша түрде ұсыну қажет.
Дулат Шоғанбай депутаттарға шарт 2017 жылы жасалғанын, қазіргі уақытта шарттың әрекет етуі жалғасып жатқанын, мемлекет тарапынан әзірге ешқандай шығын шықпағанын хабарлады. Білім басқармасы барлық қажетті құжаттарды ұсынуға дайын. Бірінші нысанды енгізу мерзімі 2019 жылға белгіленген, бірақ серіктестердің мәселелеріне байланысты, мерзім 2021 жылға дейін ұзартылды.
Жеке серіктес «Парковочное пространство» ЖШС директоры Шыңғыс Досыбаев та депутаттарға мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде жобаны іске асыру барысында туындаған мәселелерге байланысты сұрақ қойды және мәслихат депутаттарынан айтып өткен мәселелерді шешуге көмек көрсетуді сұрады.
Бұдан басқа, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында елорда атауының өзгеруіне байланысты «Астана қаласының Ортақ су пайдалану қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Нұр-Сұлтан қаласында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды белгілеу туралы мәселелер қаралды. Жергілікті атқарушы орган митингілер өткізу үшін орындарды таңдау кезінде қауіпсіздікті, материалдық-техникалық жарақтандыруды, өз пікірін айту құқығын іске асыруға қолжетімділікті ескерді. Елорда тұрғындары үшін басқа да өзекті және қоғамдық маңызды мәселелер қаралды.