Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2021-2022 жылдардағы есебі
10.01.2023
2022 жылғы 14 желтоқсанда
Астана қаласы мәслихатының
36 сессиясында қаралды
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2021 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде 36 отырыс, 4 жария тыңдау және 25 көшпелі іс-шара өткізді, 77 депутаттық сауал (Тәжімұратов Ғ.Қ. - 6, Шукшев С.Ю. - 2, Сәтмағамбетов Ғ.Х. - 2, Ахметов С. А. - 21, Орынбасаров А. М. - 12, Котырев Б.Қ.- 34 сауал), мемлекеттік органдарға хаттар жолданды, азаматтардан келіп түскен 96 өтініш қаралды.
Есепті кезеңдегі Тұрақты комиссияның қызметі қолданыстағы заңнамаға, Астана қаласы мәслихатының регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
Тұрақты комиссияның мүшелері елорда әкімдігі жанындағы 15 түрлі комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына кіреді. Тұрақты комиссияның депутаттары тұрғын үй, жер комиссияларының, тұрғын үйлер мен құрылыстарды апатты деп тану мәселелері жөніндегі, мемлекеттік коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі, субсидиялауға жататын автомобильдік қалалық, қала маңындағы қатынастарға тарифтерді қарау жөніндегі комиссияның және басқа да комиссиялардың жұмысына қатысады.
Тұрақты комиссияның отырыстарында келесі мәселелер қаралды:
- Елорда аумағында үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуден тыс) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын іске асыру барысы туралы;
- елорданыгаздандыру туралы;
- жергілікті атқарушы органның елордада автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы;
- жергілікті атқарушы органның тұрғын үй-азаматтық және әлеуметтік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы;
- халықты тасымалдау және қоғамдық көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы;
- жергілікті атқарушы органның қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру және т.б. жұмысы туралы.
Өткізілген отырыстардың қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар берілді, мысалы:
- көлік құралдарында, шет тілдерінде, мобильді дербес жарнама қондырғыларында жарнама орналастыру туралы және сыртқы жарнаманы хабарламасыз орналастырғаны үшін айыппұл салу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша (оларды одан әрі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне жіберу үшін);
- жергілікті атқарушы органдар арасында өкілеттіктерді бөлу бөлігінде Ережеге өзгерістер енгізу жөніндегі мәселені қарау;
- қала тұрғындарын газға қосу кезінде құжаттарды жеделдетіп ресімдеу және оны Астана қаласында қолдану мүмкіндігін қарастыру бойынша;
- заңды тұлғаларды газға қосу бойынша регламент әзірлеу және заңды тұлғалардың өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- кейіннен шот ұсыну арқылы ұстап қалумен газбен жылыту қондырғысы түрінде субсидиялау мәселесін қарастыру;
- газдандыру бойынша жұмыстарды несиелеу бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыратын компаниялар санын көбейту мәселесін пысықтау;
- қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын қайта қарау;
- Ақмола облысының уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп «Жасыл белдеу» аумағында қараусыз үй жануарларымен жағдайды реттеу жөніндегі жоспарды әзірлеу;
- жануарлардың иелерін тіркеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
- рұқсат етілмеген жерлерде жануарларды серуендеткені үшін иелерінің жауапкершілігін қатаңдатуға қатысты ережелерге өзгерістер енгізу;
- Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының «Нұрлы Жол» бағдарламасының құрылыс объектілеріне, сондай-ақ ЖЭО-2 және ЖЭО-3 объектілеріне баруы ұйымдастырылды;
Астана қаласының аудандық әкімдіктеріне тұрғындардың өтінімдерін және жолдарды алдыңғы жөндеулердің талдауын ескере отырып, жолдарды жөндеу жөніндегі алдағы жылға арналған негізделген жоспарды дайындау, жоспарға бірінші кезекте ең нашар жағдайдағы жолдарды енгізу ұсынылды;
- Астана қаласының Полиция департаментіне ауыр салмақты автокөліктердің жүру ережесін бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша іс-шаралар жүргізу ұсынылды;
- «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды қазу бойынша жұмыстарды келісу жөнінде ұсыныстар енгізу ұсынылды.
Тұрақты комиссияның ұсынымдарының нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган жарнама саласындағы функцияларды аудан әкімдіктеріне беру жөніндегі қаулының жобасын әзірледі және келісілді, бұл сыртқы жарнаманың орналастырылуын бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді.
Техникалық шарттарды алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қысқарту бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныстарға бастамашылық жасалды. Бүгінгі күні ереже өзгертіліп, ҚР Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 тамызда № 28988 болып тіркелді. Қосылу үшін құжаттар тізімі қысқартылды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ аудандық әкімдіктермен бірлесіп тұрғын үй алаптарында 20 минут ішінде техникалық шарттар беруді қамтамасыз ететін мобильді топтар құрды.
Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 413 мың теңге көлемінде ақшалай өтемақы төленеді. Үйді газдандыруға банктер арқылы, оның ішінде Халық банкі арқылы бөліп төлеу және 750 мың теңгеге дейін 1,5 жылға пайызсыз кредиттеу бар.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бекіткен «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңды іске асыру жөніндегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
«Астана Орманы» ЖШС және «Астана ветсервис» ШЖҚ МКК бірлесіп, «Жасыл белдеу» аумағында қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын анықтау және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша іс-шаралар жоспары жасалды.
Бүгінгі күні елорда аумағында пилоттық режимде жануарларды есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесі «ТАҢБА» жұмыс істейді (ол жануарларды қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ үй жануарлары, олардың иелері, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы деректерді енгізу мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастардың ашықтығы үшін құрылған).
Иттерді анықтау үшін 10 900 чип, мысықтар үшін 4 000 чип сатып алынды. 156 жануарлар иесі тегін чиптеуге жүгінді, нәтижесінде 283 ит чиптелді.
2022 жылғы 18 шілдеде «Inucobo» жануарларды қорғау қауымдастығының, «СтопОтлов» еріктілер қозғалысының, елордадағы жануарларға арналған панажайлардың, сондай-ақ аулау қызметінің қатысуымен Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларының жобасын талқылау жөніндегі комиссияның кеңесі ұйымдастырылды. Кеңес аясында ұсыныстар мен ескертулер тыңдалды. Жоба бекітіліп, қолданысқа енгізілді.
2022 жылғы 29 қарашада өткен комиссия отырысында Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Д.Б. Досқұловтың қаңғыбас иттерді аулауды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін жұмыс туралы баяндамасы тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу, Астана қаласы әкімдігінің «Астана ветсервис» ШЖҚ МКК қызметіне аудит жүргізу, қараусыз қалған жануарлардың адамдарға шабуыл жасау жағдайларын болдырмау бойынша жұмыс тобын құру және т. б. бөлігінде ұсынымдар берілді.
Атқарылған жұмыстарға қарамастан, бірқатар шешілмеген проблемалық мәселелер де бар.
Қолжетімді және жайлы қалалық орта
Қалада мүгедектігі бар адамдардың пайдалануы үшін жабдықталмаған орындар көп (автобустар, мемлекеттік мекемелердің ғимараттары, мәдениет, спорт объектілері және т. б.), жылы аялдамалар, автобустар қозғалысының электрондық таблолары жоқ немесе жұмыс істемейді, қоғамдық дәретханалар өте аз.
Тұрғын үй
Елімізде пәтер иелері кооперативінен (ПИК) мүлік иелерінің бірлестігіне (МИБ) көшу жобасы белсенді іске асырылып жатқанына қарамастан, осы уақытқа дейін жергілікті атқарушы орган кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың минималды мөлшерін есептемеген және мәлімет мәслихатқа енгізілмеген.
Энергетика
Елордада 28 қарашада жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде орташа қысымды газ құбыры зақымданған, соның салдарынан Көктал-1 ауданында газ беру толығымен тоқтатылған. Бұл ретте 8 қыркүйекте мәслихат газ құбырының күзет аймағы аумағында жол жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібін айқындау бойынша құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге жазбаша ұсыныс берілген.
Тұрғын үй алаптарын дамыту
Мәслихаттың ұсынысы бойынша «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабын дамытудың кешенді жоспары әзірленді, онда жоспарланған іс-шаралар, іске асыру мерзімі мен құны қамтылған. Осы жоспарға ұқсас қаланың барлық тұрғын алаптарын дамыту жоспарларын әзірлеу ұсынылады.
Көлік
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тасымалдаушылардың орындалған жұмыстардың (валидациялардың) нақты санына сәйкес келмейтін және тасымалдаушыға залал келтіретін, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікті санаттағы азаматтардың жол жүру шығындарын ішінара өтейді. Қалалық жолаушылар көлігі маршруттарында жол жүру ақысын төлеуден босату түріндегі әлеуметтік көмек көрсетілетін бюджеттік бағдарлама ретінде 017 бюджеттік бағдарламаны белгілеу, әкімшісі ретінде Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасын бекіту және көрсетілген қызметтердің нақты саны негізінде тасымалдаушылардың шығыстарын өтеу, бұл туралы мәслихат шешіміне тиісті өзгерістер енгізу ұсынылады.
Құрметті әріптестер, қорытындылай келе, жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша мәслихат депутаттарымен тиісті ұсыныстар берілгенін, белгіленген міндеттерге сәйкес жұмыс және көмек көрсету одан әрі жалғасатынын атап өткім келеді.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық депутаттарға, тұрақты комиссия мүшелеріне белсенді және жемісті жұмыстары үшін алғысымды білдіргім келеді.
Мәслихат депутаттарының көптеген бастамалары елорда тұрғындарының өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталатынына сенімдімін.
Назарларыңызға рақмет!