Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2025  жылдың  4 қарашада  сағат   15.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді. 

Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселе және нормативтік құқықтық акт  жобалары  енгізіледі

  1. Қаладағы инклюзивті білім беру жүйесінің жағдайы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың отбасыларына көрсетілетін қолдау шаралары туралы.
  2. Астана қаласында 2030 жылға дейін тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы бекіту туралы.
  3. Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарының молшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы.
  4. Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
  5. Астана қаласындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделіжөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы.
  6. Астана қаласында ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы.
  7. Астана қаласында қолжетімді орта құру ережелері туралы.
  8. 2025-2026 оқу жылына арналған Астана қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы.
  9. Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы. 

Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79

Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы 
З. Ғайыпов