Көлік инфрақұрылымын дамыту қосымша шығынды қажет етеді
07.11.2019
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына бюджеттен көзделген қаражат жеткіліксіз болып шықты, сондықтан олардың лимиті ұлғайтылды. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралды.
Төрт басқарманың үш жылдық бюджеті қаралғанына қарамастан, мәслихат депутаттарында Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бюджеттік бағдарламалары бойынша көптеген мәселелер туындады. Халық қалаулылары ведомствоға бөлінген қаражат жеткіліктілігін және олардың жол құрылысы жөніндегі бұрынғы ұсыныстары ескерілгенін сұрады.
Анықталғандай, автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 5,3 млрд.теңге жоспарланған.
Оның 110 млн. теңгесі қолданыстағы көлік инфрақұрылымы объектілерін - көпірлерді, металл көлік жол айрықтарын аспаптық тексеруге, 1,3 млрд.теңге – жол таңбаларын салуға, 500 млн. теңге - жол өтпелері мен эстакадаларды қалпына келтіруге, 1,2 млрд. теңге - көшелерді ағымдағы жөндеуге, оның ішінде шұңқырларды жөндеуге, аялдама қалталарын-алаңдарды, тұрақ орындарын, арбалы өтетін жерлерді, жаяу жүргіншілер тротуарларын, оң жақтан шығатын жерлерді жайластыруға жұмсалады. 2,6 млрд. мөлшеріндегі қалған ақша төрт көшені орташа жөндеуге: Қонаев, Абай, Бөгенбай, М-1 көпірін жабуға қаржы бөлу жоспарлануда, - деді басқарма басшысы.
- 9,1 млрд теңге сомасына 22 көшені орташа жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз, бұл шамамен 36 км, 3,2 млрд. теңге сомасына "Өндіріс", "Кирпичный", "Агрогородок", "Промышленный", "Оңтүстік - Шығыс", "Пригородный", "Заречный" тұрғын алаптарында жалпы ұзындығы 21 км 52 көшені асфальттауды жоспарлап отырмыз. Тұрғын алаптардағы басқа жолдар республикалық бағдарламалар аясында қаржыландырылады, - деді басқарма басшысы Нұрлан Солтамбеков.
Басқарманың 2020 жылға арналған жалпы бюджеті 50 млрд.теңге көлемінде жоспарланған, оның 22 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 28 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған.
Сонымен, 358 автобус сатып алу бойынша несиені өтеуге 4,8 млрд.теңге, 210 автобус сатып алу бойынша несиені өтеуге 5,7 млрд. теңге бөлінді. Бізде бар 504 бірлік бағдаршам нысандарын ұстау үшін 1,3 млрд. теңге қарастырылған. Әлеуметтік маңызы бар ішкі қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 4 млрд.теңге бөлінді.
"Астана LRT" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітов келесі жылдың бюджетінде жетіспейтін аялдама павильондарын орнатуға ақша қаражатын қарастыру туралы өтініш білдірді.
Қазіргі уақытта қала бойынша аялдама пункттерінің тапшылығы 130 бірлікті құрайды, оған 150 млн.теңге қажет. Бұл қаражатты алдағы бюджетте қарастыруды өтінеміз. Егер осы мәселе бойынша қанша шағым түсетінін ескерсек, сома үлкен емес, - деп атап өтті ол.
Көлік компаниясында сондай-ақ қаланың автопарктері жолаушылар тасымалын жеткіліксіз субсидиялауға шағымданып, субсидия сомасын қарастыруды немесе қалалық көлікте тарифті арттыру мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.