Астаналық мәслихатта «Депутат күні» өтті.
28.06.2016
Күн тәртібіне екі мәселе қойылды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру және қала аумағында салынып жатқан нысандарды бақылау шаралары туралы халық қалаулыларына астана СҚҚК басқармасы басшысының орынбасары Даулет Доскулов айтып берді.
Ведомствоның жұмысының негізгі бағыттары арасында – жасалып жатқан құрылыс-құрастыру жұмыстарының сапасын бақылау, лицензиялық қадағалау мен салынып жатқан нысандар мониторингін жүзеге асыру, заңнама талаптарын бұзған құрылысшыларға қатысты сәйкес шаралар қолдану және т.б.
Баяндамашысының сөзіне сәйкес өткен жылы басқарма құрылыс сапасы мен рұқсат құжаттамаларының бұзылуына қатысты 2027 жоспардан тыс тексеру өткізген. Әкімшілік жауапкершілікке 1375 жеке және заңды тұлға тартылған.
Жүргізілген тексерістер және мониторинг барысында «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы» Заң талаптарын бұзған, сәйкес рұқсатсыз нысандар құрылыстарын жалғастырып отырған құрылысшылар анықталады. Осылайша, 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Әкімшілік сот заңсыз салынғаны үшін 10 нысанды мәжбүрлі бұзу туралы шешім шығарған.
Бұдан басқа құрылыс нормалары мен ережелерін бұзғаны үшін 2 компания сәйкес лицензияларынан айырылған.
Баяндамашы өз сөзінде бірқатар түйткілді мәселелерге де тоқталды. Мысалы, СҚҚК органдары құрылысшыны тиісті немесе жалға алған аумақта орналасқан нысандардың заңсыз құрылысы үшін жауапқа тарта алмайды.
Шиеленіскен мәселелер қатарында басқарма мамандарының жетіспеушілігі де бар. Мысалы, инспекциялауды жүзеге асыратын 7 маманға 1785 құрылыс нысаны тиесілі болып отыр.
Талқылау барысында депутаттар бүгінгі таңда құрылысты аяқтау мерзімінің сақталуын қадағалау мәселесі жолға қойылмағанын және кейбір құрылысшылар орындайтын жұмыстың сапасы ақсап тұрғанын айтты, бұл мәселе СҚҚК органдарының өкілеттілігін шектеумен байланысты туындап отыр. Сонымен қатар, халық қалаулылары бір нысанды аяқтап тапсырмаған құрылысшылар басқа нысандардың құрылысына рұқсат алмауы тиіс екенін айтты.
Депутаттар Астана қаласы бойынша тұтынушылар құқықтары қорғау департаментінің басшысы Нурлыбек Асылбековтың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың өзгерістері туралы баяндамасын тыңдады.
- Департамент қызметінің негізгі бағыты – тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, тұтынушылар сауаттылығын арттыру, қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекеттестік, тұтынушылар наразылықтарын талдау және мониторинг, - деп түсіндірді баяндамашы.
Баяндамашының сөзіне сәйкес қала тұрғындарының тұтынушылық сауаттылығы артып келеді. Мысалы, 2014 жылы департаменттің жедел желісіне 471 хабарлама түскен болса, ағымдағы жылдың 5 айында 740 хабарлама түскен.
Тұтынушылар талаптарының басым бөлігі бөлшек сауда саласының үлесіне - 55%, тұрмыстық қызметтер көрсету - 1,6%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - 11%, қоғамдық тамақтану 5,3% үлесіне тиесілі болып отыр. Негізінен бұл тауардың сапасыздығымен, тауарды айырбастау немесе қайтарудан бас тартумен, чек пен сөредегі бағаның айырмашылығымен байланысты.
Осы саладағы заңнаманың негізін 2010 жылғы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң құрайды. Оның негізгі бөлігінде сатушылар мен сатып алушылардың құқықтары көрсетілген және осы құқықтарды жүзеге асыру механизмі болмаған деп түсіндірді баяндамашы. Осыған байланысты заңнамаға түзетулер енгізілген және олар тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы қатынастарды реттеу шарасы болады.
Мысалы, сатушы тауар туралы ақпаратты мемлекеттік тілде және шет тілінде беруге міндетті. Тұтынушы тауарды сатушы айтқан бағамен емес сөредегі затбелгіде көрсетілген баға бойынша сатып алуға құқылы, ол сатып алу фактісін фото және бейнетүсіру арқылы кедергісіз дәлелдей алады. Түзетуде онлайн дүкендер мен сатып алушылар арасындағы қатынастар реттелген.
Отырыс жұмысына қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов, астаналық басқармалар, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан.