Біздің астанамыздың жолдары
15.09.2016
Мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық шеңберінде депутаттар Астана қ. автокөлік жолдары басқармасы бүгінгі таңда жұмыс жасап отырған жолдардың түйткілді мәселелері бар бөліктерінің жағдайын қарап көру үшін шықты.
Өнеркәсіптік аймаққа апаратын жол жүргізушілер үшін нағыз сынақ және ұрыс алаңына айналған. Фирмалар мен ЖШС өкілдері оларға жолды кім салып беруі керек екендігі жөніндегі мәселенің шешімін таба алар емес. Ұйым директоры Бейсембек Каратаев тұлғасындағы бас мердігердің сөзіне сәйкес, жолдардың құрылысын бастау нөсерді өткізгіштің болмауына байланысты мүмкін болмай отыр, бұл жерде су жиналып қалатын болады. Мұндай пікірлерге жауап ретінде кәсіпорындардың бірінің директоры Иван Ламонов бұрын бұл жерде жолдың болғанын, алайда тапсырыс берушісі әкімдік болып табылатын ЖЭО-3 құрылысы басталғаннан кейін, жол адам аяғы баспайтын батпаққа айналғанын айтты. Депутаттар жаңа жол құрылысының жобасы 2012 жылы жасалғанын анықтады, алайда, түзетулер енгізілгеннен кейін «арба бір орнында қалып қойған». Өнеркәсіптік аймақта орналасқан кәсіпорындарға келетін болсақ, бұл жерде де белгілі келісім жоқ. Жол жөндеу бөлімінің басшысы Асқар Искаковтың сөзіне сәйкес, жолға себінді себілген. Алайда, бұл қысқа уақыттық шешім болып табылады және бұдан әрі өнеркәсіптік аймақтағы жаңа жол құрылысы жобасы түзетілуі тиіс.
Депутаттардың келесі аялдамасындағы мәселенің түп-төркіні тағы осы жолға келіп тірелді, дегенмен ендігі мәселе жаңа құрылыста туындады. Көктал ауданы бұрын Астананың шеті болған. Бүгінгі күні сәулетті үйлер астананың көркіне үлес қосып тұр, алайда кез келген бастамалар секілді бұның да өз қиыншылықтары бар. Наурыз көшесі мен басқа алты шағын көше жарығы, тротуарлары жоқ тұтас орлар. Осы жылы ауданның жаңа асфальт төселген жолын пайдалануға беру жоспарланған, алайда іс қаражатқа, нақтырақ айтқанда, қаражаттың болмауына тіреліп отыр. Жұмыстар басталған сәттен бері төрт жыл уақыт өткен және депутаттар осындай ұқыпсыздықтың себебін білуге тырысты. Автокөлік жолдары басқармасы басшысының м.а. Асхат Карагойшиннің сөзіне сүйенсек, бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда аталған көшелердегі жол құрылысы мәселесі өз шешімін табады.
Депутаттарды осы жылы басталған мектептің айналасындағы жол құрылысының ырғағы таң қалдырғанын айта кету керек. Директор Бекзат Мусаев тұлғасындағы бас мердігердің пікіріне сәйкес жаңа 2017 жылы Жағалау ауданындағы мектеп маңында жолдардың болмауымен байланысты қиыншылықтар орын алмайды. Көшелерді жарықтандыруға да қаражат бар. Бекзат Мусеевтің айтуынша ағымдағы жылы қазан айында көшелерге жарық беріледі. Автокөліктерге арналған тұрақтар да салынады. Нысандарды тапсыру мәселесі тұрғысынан депутаттардың қолдауы қажет болады.
Мектепке әкелетін тағы бір жол бар және Е13 және Е11 көшелеріндегі жолдар автокөлік жолдары басқармасы үшін тағы бір шешілмейтін түйінге айналған. Мәселе «Стройкласс» фирмасы тұлғасындағы өз жұмысын дұрыс атқармай отырған мердігерге тіреліп отыр. Жол құрылысына бөлінген қаражат әлі игерілмеген. Әлі салынбаған жолмен келетін мектеп 2016 жылы 1 қыркүйекте ашылған. Лай-батпақтан балалардың мектепке қалай келетіні «Стройкласс» фирмасын алаңдатпайтын секілді. Халықтың ахуалына ұқыпсыз қарау сотқа жүгінуге себепші болған. Автокөлік жолдары басқармасы басшысының м.а. Асхат Карагойшиннің сөзіне сәйкес «Стройкласс» фирмасы қара тізімге енгізіліп, онымен жасалған барлық келісім-шарттар күшін жояды.
Тағы да адам факторы қала орталығын жаңа теміржол вокзалымен жалғастыратын жолдың құрылысын бөгеуге себеп болып отыр. Кедергі астана құрылысының бас жоспарына қарамастан иелері өз үйлерінде тұра беруге шешім қабылдаған бірнеше үй болып тұр. Барлық көзбен көрген және айтылған мәселелерді депутаттар өз назарларына алады және қыркүйек айының үшінші онкүндігінде өтетін кезекті сессиясында талқыға салады.
Сапарға қалалық құрылымдар басшылары, қала кәсіпорындары басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.