Астананың қоғамдық тамақтандыру объектілері депутаттардың назарында
23.01.2017
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісінде Жунусов Сарсембек Ендибаевичтың төрағалық етуімен қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй бизнесі саласындағы мекемелер ұсынатын қызметтердің қызмет көрсету деңгейі мен сапасының жағдайы жайлы мәселе қаралды.
Депутаттар мен тұрақты комиссия мүшелері кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаеваны және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыровты тыңдады. Қазіргі таңда қалада сауда және қызметтер көрсету саласы 87 пайыздан жоғары. Шағын және орта бизнес субъектілерінің деректер базасын қалыптастыру және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Астанада 80000 орынға арналған 273 мейрамхана, 23000 орынға арналған 460 тойхана және 3000 орынға арналған 27 асхана жұмыс істейді. Тамақтандыру объектілерінің 80 пайыздан астамы Астана қаласының сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Одан бөлек, сауда ойын-сауық орталықтарында, атап айтатын болсақ: «Хан шатыр» СОСО – 27 тамақтандыру объектісі, «Сарыарқа» СОСО – 14 объекті, «Мега Центр Астана» СОСО - 10 объекті, «Керуен» СОСО – 19 объекті, «Азия Парк» - 9 объекті, «Аружан» СОСО – 2 және «Думан» СОСО – 5 тамақтандыру объектісі бар. Маңызды қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру басталды, мысалы, қонақ үй бизнесі секторында 40-тан астам жоба мақұлданды. Жоғарыда аталған Басқарма басшыларының ритейлік желілерді (супермаркеттер, гипермаркеттер, мейрамханалар), қоғамдық тамақтандыру орындарын франшиздау, дамыту және жаңалаумен байланысты жобаларға бағытталған, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға қатысты айтқан сөзі бойынша, қазіргі таңда ол қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл дерек нақты сандармен расталады. Қазіргі күні 1 819,7 млн. теңге қаржыландыру сомасына 19 жоба мақұлданды. «Көше саудасына арналған 1000 орын» жобасының аясында, ол астананың архитектуралық келбетіне сәйкес келуі үшін көше саудасы мекемелері тәртіпке келтірілуде. Сонымен қатар, көше саудасы мекемелеріне – көшпелі дәмханалар, кофеханалар, нан, балмұздақ, жеміс-жидек, газет-журнал, гүл сататын киоскілер, кәдесый дүңгіршектері және т.б. жатады. Жүргізілген бағдарлама конкурстарының қорытындылары бойынша тамақтандыру объектілері мен жылдам даярланатын тағамдар сияқты қызмет түрлеріне өтінімдер көп түседі. «Көше саудасына арналған 1000 орын» бағдарламасы бойынша барлығы 3 кезеңді конкурс өткізілді, соның нәтижесінде «Астана» ӘКК» ҰК» АҚ бағдарлама операторы мен тамақтандыру объектілері қызметі түрлерінің бағыты жөніндегі бизнес субъектілерінің арасында 96 келісім-шарт жасалды, соның ішінде, «Есіл» ауданы бойынша – 44, «Алматы» - 21, «Сарыарқа» -31.
Қазіргі таңда қалада Астана қаласының «Recommendedby EXPO-2017» серіктестік Бағдарламасы белсенді енгізілуде, оған мейрамханалар, хостелдер, қоғамдық тамақтандыру объектілері, көлік компаниялары, тіпті жалға берілетін пәтерлер, қонақүй сервисі бар апартаменттер, коворкинг форматындағы компаниялар, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар, гид-аудармашылар мен экскурсия жетекшілері қатысады. Бағдарламаға қатысу үшін, емтиханнан өту қажет, оның барысында заманауи туристің негізгі талаптарына сай болу, яғни персоналдың біліктілігі, ағылшын тілін, туристер үшін қолжетімді мәзірлерді білуі және басқалары тексеріледі. Көрсетілетін қызметтің әлсіз жақтары анықталған жағдайда, Қатысушыға оны орнына келтіру және жақсарту бойынша ұсыныстар беріледі. Ағылшын тілін меңгерген, қызметкерлер саны бойынша тізілім жүргізіледі. Қазіргі таңда Бағдарламаға туризм саласындағы 136 кәсіпкерлік объекті қабылданды, оның ішінде 35-і мейрамхана және 55-і қоғамдық тамақтандыру объектілері. 23 мейрамханалар мен 39 қоғамдық тамақтандыру объектілері аккредитациядан өтті.
Астана қаласының аумағында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған, жұмыстар жүргізілуде.2016 жылы 238 қоғамдық тамақтандыру объектілері және 180 сауда объектілері тексерілді. Объектілердің санитарлық ережелерге сәйкес келуі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылары бар 1 200-ден астам сауда объектілері және 787 қоғамдық тамақтандыру объектілері бақылауға алынды. Заңды және жеке тұлғаларға тамақтандыру мекемелерін ашу бойынша кеңестер беріледі. Базар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да тамақ өнеркәсібі мекемелерінің басшыларымен 30 семинар-кеңестер өткізілді.
Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері Астана қаласындағы ұсынылатын қызметтердің саудалық қызметін және сапасын арттыруға қолайлы жағдай тудыратын, жағдайлар жасау жөніндегі жұмыстарды жандандыруға кеңес беруден басқа, Астананың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Департаментіне сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін бақылауды күшейтуді ұсынды. Қаланың басқа да ведомстволарына бірқатар ұсыныстар жолдады. Бұл маңызды ұсыныстардың, ел өміріндегі маңызды іс-шараны сапалы жүргізу кепілі қызметін атқаратындығын айта кету керек.
Тұрақты комиссия жұмысына қалалық құрылым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.