Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2025  жылдың 18 қарашада сағат 15.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді. 

Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселелер және нормативтік құқықтық акт  жобалары  енгізіледі: 

  1. Жастар мен жасөспірімдерге арналған қолжетімді және әртүрлі демалыс инфрақұрылымын құру шаралары, оның ішінде жастар орталықтары желісін дамыту, тұрғын үй бойынша аула клубтарының жұмысын қолдау.
  2. Астана қаласы Активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасының елорда бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру бағытында атқарылған жұмыс бойынша есебі.
  3. Астанa қаласы    мәслихатының   2024   жылғы    19      маусымдағы № 185/23-VIII «Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы.
  5. Астана қаласы мәслихатының «Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы 296/37-VII шешімінің күшін жою туралы.
  6. Үй жануарларын серуендетуге немесе жануарлармен басқа мақсаттарда жүруге тыйым салынатын орындарды анықтау, сондай-ақ үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау туралы. 

Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79

Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы
З. Ғайыпов