Кең байтақ – Астана
28.06.2017
Елордамыздың шеткі аймақтарына жақын жылдары назар аудару жоспарланып отыр. Белгілі болғандай, Астанаға 19 тұрғын алабы қосылған, белгіленген жоспарға сәйкес келешекте инженерлік, көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды дамытумен шұғылдануға ниетті.
Бұл туралы 28- маусым Депутат күні уақытында Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Антон МАКСИМОВ айтты.
Келешекте қаланың шеткі аймақтарын дамыту туралы сөз болды, аймақтың үйлестірілген және үйлесімді дамуы Бас жоспарға сәйкес негізгі міндет болып табылады. Басқарма өкілінің сөзіне қарағанда қазіргі таңда жобалаушылар астананы полицентрлік аймаққа айналдыруға тырысып жатыр. Ол дегеніміз әрбір ауданда тек қана инженерлік инфрақұрылым ғана емес, әлеуметтік нысандар да дамиды.
- 2025 жылға дейін үшжылдық даму мерзімі мен орташа мерзімді келешек есепке байланысты қаланың келешек шекаралары 22343- га қысқарғаны анықталды. Бұл жерде құрылыс кезінде кепілді инженерлік желі жүргізіледі, көліктік нфрақұрылым жасалынады. Осыған байланысты бірінші кезек аудандары болып жұмыс істемейтін өндірістер жеке салынған құрылыс және саяжайлар анықталды. Бұл жұмыстар қаланың қажеттілігі үшін жайлы кесте бойынша жұмыс жасау үшін жаңа жолдар төсеу, көпірлер мен көліктік жалғаулар жасалынған, - дейді Антон Максимов. – Бірінші кезекте бұл Асан Қайғы, Бейсеков көшесінің жалғасы Өнеркәсіптік зона тараптары болады, жаңа вокзал маңындағы аудандарды қайта құру белгіленген.
Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасарының айтуы бойынша, ескі апаттық көпқабатты үйлерді бұзудан бұрын базар жанындағы Уалиханов, Кенесары, Лесозавод (даңғылының солтүстік жағы) көшелері, Көктал, Шұбар және Оңтүстік-Шығыс аудандарын жарым-жартылай комплексті жеке құрылысты бұзуға өту шешімі қабылданған.
- Бірінші кезекте астананың мәртебесіне лайық келмейтін аудандар, отынмен жылытып ауаны ластау және әкімшілік-тұрмыстық кәріз жүйесі жоқ экология жағдайын нашарлататын аудандар бұзуға кетеді. 2020 жылғы дейін 3598 га шекара жерді бірінші кезекте инженерлік торабты жүз пайызды бастау және игеру қаралып отыр, - деп атап өтті Антон Максимов.
Бас жоспарға сәйкес Өндіріс және Қазқалашық тұрғын алабтарында өндірістік аймақ жасау жоспарланған.
Мәслихат депутаты Рамзия Умербаева өзінің сайлау учаскесіндегі орналасқан Шұбар ауданы мәселесі бойынша тағы да еске салып өтті. Жауын кәріз жүйесі мен инженерлік торап жөндеу жұмыстары болатынын атап өтті. Бандамашының сөзіне қарағанда, бұл ай мақта бірінші кезекте толық жоспар жобасы жасалды. Ол шағын ауданда бірінші кезекте игеру бойынша үш мектеп салу жоспарланған. Шағын ауданда инженерлік торабпен жолдардың тар болуына байланысты қамтамасыз ету мүмкін емес, ол мәселені жарым-жарты үйлерді бұзу арқылы шешілмек. Өкінішке орай, бұл сұрақты шешу мүмкін болмай отыр, өйткені шағын аудан тұрғындары қомақты өтемақы сұрап жатыр және бірден-бір инвестор бұндай шығындарды өзіне алмайды.
Өндіріс және Кирпичный тұрғын алабтарында жол және кәріз жүйесі жоқ болғанына байланысты наразылық күнде туындайтынын депутат Зейнолла Шибкеновтың атап өтті.
- Депутат баяндаушыға сұрақ қойды: Сіздің айтуыңызша қаланың шеттерінде жылулық алаң және өндірістік база дамыту жоспарланып отыр. Ауылдардың бірінде цементтік зауыт бар және тұрғындарды бұл жағдай қуантпайды. Өндірістік зауыттарды салмай тұрып, адамдарды экологиялық жақсы аймақтарға қоныстандыру қажет. Қазір адамдар цементтің қоқымы үйлеріне кіретінін және сол ауамен дем алатыны туралы шағымданады. Осы мәселеге қалай жауап бересіз?
Антон Максимов зауыттың цемент жасалу технологиясы сақталатыны туралы зерттеу жүргізетінін және қайта құру бағдарламасымен мәселе қарайтыны туралы уәде берді.
Отырыста қаланың автомобиль жолдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс басқармаларының өкілдері және «Астана LRT» ЖШС басқару төрағасы Талгат АРДАН қатысты
Қатысушылар арасында қаланың шеткі аймақтарындағы тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету сұрағы өте өткір және қатты талқыланды. Ел қалаулылары тұрғын алабтарына кіші автобустарды кіргізу және қала бағытында қатынайтын автобус тұрағына дейін ауылмен жалғау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Мәслихат депутаты Сәрсембек ЖУНУСОВТЫҢ айтуынша, қаланың шеткі аймақтарындағы тұрғындар автобустың ауылға кірмейтініне байланысты жақын маңдағы аялдамаға жету үшін жаяу үш километр жүретіні туралы наразылықтарын білдірген.
Талгат АРДАН «Астана LRT» ЖШС басшысы айтты: қаланың жол инфрақұрылымы айтарлықтай дамымаған және ауылдарда жол жабыны болмағандықтан автобустарды жүргізу мүмкін емес. Компания өкілінің жауабы қатысушыларды қанағаттандырмады, олардың айтуынша, қаланың шеткі аймақтарында қоғамдық көлікті дамыту жөнінде еш нәрсе компаниямен жасалынбаған.
Депутат күні отырысында мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, қала басқармасының құрылым бөлімшелерінің басшылары және Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты