Адамдарға қажетті жобалар
23.08.2017
Қалалық маслихат депуттары «Рухани жаңғыру» тақырыбында отырыс өткізді, онда Мемлекет басшысының өзінің бағдарламалық мақаласында атап өткендей, келешек жұмыстың басты идеясы мен мақсаттарын орындаудың маңызды аспектілерін талқылады. Қатысушылар осы тақырып бойынша өздерінің ұсыныстарын айтты және елордамызда әлеуметтік жобаларды орындаудың келешек жұмыстарының жобасын белгіледі.
- Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау үшін барлық депутаттарға «Меценаттар клубының» жобасы аясында Астана қаласы әкімшілігінің бағдарламасын орындау мақсатында ақпарат жіберілді. Еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін тұрғындардың өмірін жақсарту және қоғамдық сана-сезімін өзгерту үшін депутаттық корпустың мүмкіндігі мен ұсыныстарын талқылау алда күтіп тұр, - деді өзінің мәлімдесінде Жанат Нұрпейісов.
Қала әкімі Әсет Исекешев қала меценаттарына төрт басты бағытта бөлінген 188 әлеуметтік жобаға қатысуды ұсынғанын атап өтті. Олар тұрғындардың тіршілік әрекетінің барлық сферасын қамтиды және тұрғындардың тіршілік сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Көрсетілген жобалардың ішінде маслихат хатшысы әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарға жататын азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталғандығын, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау, жетім балдарға көмек және басқа жобалар екендігін атап өтті. Келешекте халық қалаулылары өздерінің қамқорлығына алатын әлеуметтік жобаны анықтауды ниетті.
Маслихат мектебін ашу немесе «маслихат депутаттары» ауласын абаттандыру идеясы айтылды.
- Келесі жылы Елорда өзінің 20 жылдық мерей тойын атап өтеді. Осыған байланысты бұл жобаларды осы күнге орайластыруды ұсынамын, - деп Жанат Нұрпейісов қорытындылады.
Өзінің Мемлекет басшысының жолдауы «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық түсінікті модернизациялауды» қазақстандық үндеухаттың негізі ретінде алу туралы ұсыныстарымен депутат Зулфухар Гаипов бөлісті. Ол сондай-ақ, білім алу жүйесіндегі, денсаулық сақтау мен жаңартпадағы «максимум» мен «минимум» жобаларына толығырақ тоқталды.
Оның жағалауға орындық қою жөніндегі ұсыныстары қала көркін кіргізіп қана қоймай, қала тұрғындарының өмірін жайлы етпек.
Өз кезегінде депутат Қарақат Әбден маслихат қамқорлығындағы жастар мен депутаттар арасында диалогтық аймақ құруды ұсынды; Қазақстан халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстыратын қызықты экскурсияларды ұйымдастыратын мектеп қабырғаларында кіші-мәдени орталықты құруға бастамашылық жасау; жастар мен жоғарғы буын арасында «Бүгінгі заман мен дәстүр» тақырыбында жыл сайын өткізілетін форум жүргізу; шағын аудандарда "Мәдениет клубы" жобасын дайындау, кіші тұрғын массивінде жастардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру; жастар кәсіпкерлігін және отбасылық бизнесті дамыту үшін бизнес-инкубаторды ашу, әйелдер кәсіпкерлігін, қолөнермен шұғылданушылық және халықтық шығарманы дамыту жағдайын жетілдіру; барлық мектептерде және мектепке дейінгі оқу орындарында қыздарды мәдени-өнегелі тәрбиелейтін арнайы семинарлар ұйымдастыру және өткізу.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар өз әріптестерін қолдап, ұсынылған әлеуметтік жобалардың бірін таңдап, жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.