Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының 2023 жылғы жұмысы туралы есебі және алдағы кезеңге арналған жоспарлары
14.03.2024
Мәслихат депутаттары цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының 2023 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебін және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы тыңдады. Мәслихат отырысы Ерлан Каналимовтың төрағалығымен өтті.
Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а. Берік Ахметов депутаттарды интернет байланысы нашар 67 аймақты анықтау бойынша уәкілетті министрлікпен және әкімдіктермен бірлескен жұмыс туралы хабардар етті, халықпен қосымша станциялар орнату мәселелері бойынша әңгімелер жүргізілген. Тұрғындар станцияларды салудан бас тартатын шағын аудандарда оптикалық-талшықты байланыс орнату жүргізілуде. Ахметовтың айтуынша, тұрғын алаптарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша меморандумдар жасалған. Баяндамашы ағымдағы жылдың 13 мамырында Сергек жобасының МЖӘ мерзімі аяқталатынын атап өтті. Объектілерді бейнекамералармен жарақтандыру жұмыстары жалғасады, барлық жекеменшік мектептер мен балабақшалар интернетпен қамтылатын болады. Әрі қарай Ахметов азаматтардың коммуналдық қызметтерге жүгінулерін азайту үшін іске қосылған Qala qyzmet.kz жобасына тоқталды, тұрғындар қызмет көрсету туралы шартты онлайн режимде жасаса алады. Баяндамашы мәслихаттың ұсынысы бойынша бір портал құрылғанын атап өтті. 2024 жылы барлық қосымшаларды бір мобильді қосымшаға біріктіру жоспарланған. Үкіметтің кеңейтілген отырысының ұсынымына сәйкес, ағымдағы жылы Elorda Eco System және АӨЭК өз шығындарын оңтайландырмақшы. Басқарма денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп туу, медициналық қызметтер көлемі, дәрілік препараттар бойынша ақпараттық жүйені енгізді. АРТ спорт жобасы бойынша деректер базасын құру және одан кейін деректер алмасуды қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Депутат Талғат Ерғалиев адами факторды алып тастау маңызды міндет екенін атап өтті. Бірақ, депутаттың пікірінше, олқылықтар бар. Мысалы, көптеген салаларда интеграция бар, бірақ еQurylys бағдарламасы жұмыс істемейді. Ол кімнің ашық жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік беретін еді. Цифрландыру басқармасы коммуналдық шаруашылыққа жақсы қызмет көрсетеді, сол сияқты бизнес үшін де қызмет дайындаса. Депутат өз округінде бейнекамералардың жетіспейтіндігін айтты, оған қоса бұл аймақ, әсіресе, нашақорлар көп жүретін криминалды аймақтардың бірі.
Депутат Кендебай Адамбек бұл басқарма бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қарауында екенін айтты. Отырыстарда басқарма мәселелері бірнеше рет қаралды. Депутаттың пікірінше, бірыңғай саясаттың болмауы тұрақтылықтың жоқтығына ықпал етеді, көп жұмыс жасалды, бірақ бірыңғай саясат болмағандықтан, жұмыс нәтижелері әсерлі емес. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын басқарма әлі әзірлеуде, сәйкесінше мамыр айында МЖӘ жобасын ұзартуға үлгермейді. Басқармада үш жылдық жоспар жоқ.
Депутат Бауыржан Смайылов өзінің сайлау округіне қатысты сұрақ қойды. Көктал 1-де 4-5 мыңға жуық халық тұрады, интернет нашар жұмыс істейді. 2035 жылға дейін үйлерді бұзу жоспарланбаған, сондықтан интернет жылдамдығы мәселесін шешу керек. Антенна-діңгек құрылымын салу арқылы Көкталдағы интернет мәселесін реттеуге болады.
Депутат Асқар Смағұлов әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комиссияның мектептер мен балабақшалардың ас блоктарына бейнекамералар қою туралы ұсынысын еске салды. Сондықтан білім басқармасымен қанша камера мен дабыл түймелері қажет, т.б. мәселелер пысықталуда, өйткені жабдық ескіреді. Материалдарды дайындап, келесі нақтылауға шығару керек.
Депутат Сәуле Самидин мәдениет және спорт объектілерін цифрландыруды көрмегенін айтты. Ол басқармалар арасында өзара байланыс жоқ екенін атап өтті. Жобаны жоспарлау бойынша өзара әрекеттесу жоқ, басқармалар бір-бірінде не болып жатқанын білмейді. Менеджментті өзгерту қажет, жобалардың сабақтастығы жоқ, менеджмент жобасы жұмыс істесе, KPI оңай құрылады. Депутаттарда қаланың жасыл кеңістігі, аулалар бойынша, мәселен, олардың жөнделген мерзімі туралы ақпарат жоқ. Депутаттың айтуынша, ұсынылған презентация жалпы көрініспен ғана шектелген, мерекелерден кейін жаңартылған презентациямен танысу қажет.
Отырысқа төрағалық етуші отырыс барысында 30-ға жуық сұрақ қойылғанын атап өтті. Мәслихат төрағасының пікірінше, 3 жылдық жоспар, тіпті, 5 жылдық жоспар құру керек, немен айналысып жатқанымызды және қандай нәтиже күтетінімізді түсіну керек. Денсаулық сақтау объектілеріне қатысты шағымдарды үйлестіру және бақылау үшін денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық-талдау орталығын құру қажеттілігі туындады.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов барлық айтылған мәселелер бойынша 46 тармақтан тұратын қадамдық жоспар дайындап, онда кімнің немен айналысатынын нақтылауды ұсынды. Басқарма осы істің көшбасшысы болуы керек. Бір жылға басымдықты белгілеу керек, бәрін бір уақытта жасау мүмкін емес.