Көлік басқармасының атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылға жоспарлар туралы есебі
15.02.2024
Ерлан Каналимовтың төрағалығымен өткен кезекті мәслихат отырысында көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының 2023 жылғы атқарылған жұмыс және ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы есебі тыңдалды.
Басқарма басшысы Асхат Қарағойшин Тәуелсіздік көпірі, Ш.Айтматов, Т. Рысқұлов көшелерінің жалғасы, арнайы трассалар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бином мектептеріне, «Сан-сити» ТК ауданындағы жайлы мектепке өту сияқты жобалардың аяқталғаны туралы егжей-тегжейлі баяндады. Баяндамашы бірқатар көшелер бойынша РБ-дан қаржыландыру сұралатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол тұрғын алаптары бойынша 7 жоба аяқталғанын, 40 жылы аялдама орнатылғанын және аудан әкімдіктерімен қосу рәсімі келісілгенін баяндады. 2024 жылға 30 объектіні іске асыру жоспарланған, оның ішінде Тәуелсіздік көпірінің айналасын абаттандыру, бірқатар көшелер салу, КазГЮУ университеті ауданындағы Кенесары көшесі бойымен Есіл өзені арқылы өтетін көпір, көлік айрығы бойынша жұмыстар жалғасады. Жаңа жобалардың ішінде ең маңызды объектілердің бірі - Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының инфрақұрылымы, Ильинкадағы жобалар. Ағымдағы жылы Интернациональный, Тельман, Комсомольский, Мичурин, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптары бойынша жұмыс жалғасады, автоматтандырылған өлшеу жүйесі аяқталатын болады.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов бұл жүйе бойынша процедураның механизмі түсініксіз екенін, әдетте көлік көліктік бақылау бекеттерінде бір минутқа тоқтаған кезде өлшеу жүргізілетінін айтты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат қажет. Үш жыл бұрын Жол активтері сапасының ұлттық орталығына барлығы 20 млн. теңге бөлінген, алайда, сараптаманы жеке компаниялар жүргізетіні туралы фактілер бар.
Депутат Владислав Сергеев өткен жылдың қорытындысы бойынша Тұран даңғылында да кемшіліктер болғанын, сондықтан жеке компанияларды тартпай, ұлттық орталықпен шарт жасасу керектігін атап өтті. Депутаттың пікірінше, асфальт зауытында бастапқы материалдардың сапасын бақылау керек, себебі бұл битумның сапасына әсер етеді. Тұрғын алаптарына қатысты өз сөзінде Сергеев Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында 3-4 жыл бұрын басталған көшелердің құрылысын аяқтауды сұрады.
Депутат Бауыржан Смайылов №15 округте аяқталмаған жобалар өте көп екенін, жолдар аяқталмағандықтан, қоғамдық көліктер жүрмейтінін атап өтті. Әкіммен кездесу барысында басқарманың бұрынғы басшысы ағымдағы жылы жобаларды аяқтауға уәде берген. Депутаттың пікірінше, Павлодар битумы сапасы жағынан ресейлік битумнан нашар. Сондай-ақ, депутат 30 жыл ішінде Абай көшесінің құрылысы аяқталмағаны атап өтті.
Депутат Талғат Ерғалиев 2023 жылғы атқарылған жұмыс туралы есеп пен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы ақпаратты мұқият тыңдағанын, алайда, Агроқалашықта көше салу мәселесі атап өтілмегенін айтты. Мысалы, Ақан сері көшесі бірнеше жыл бойы аяқталмай келеді, Сарыарқа даңғылын ескі вокзалға қарай жалғастыру керек. Депутат тағы да көлік кептелісі туралы мәселені көтерді. Көптеген елдерде хайвей жолы қолданылады. Депутаттың пікірінше, Астанада жаппай қоғамдық көлікті пайдалануға көшіру мүмкін емес, өйткені бізде климаттық жағдай басқа.
Депутат Бауыржан Қасымбергебаев әкіммен кездесу барысында айтылған мәселені көтерді, яғни ілулі бағдаршамдарға қатысты мәселе, олар қатты жел кезінде төтенше жағдайдың себебі болуы мүмкін. Депутат бұл мәселені шешуді сұрады, қалада олардың саны онша көп емес.
Депутат Ғабит Тәжімұратов магистраль болып табылатын Мұғалжар көшесі шұғыл жөндеуді қажет ететінін атап өтті. Үркерде ескі және жаңа Ильинканың қиылысында апаттар жиі орын алады.
Депутат Бекзат Жолжақсыновтың пікірінше, асфальтты пайдалану мәселесі көшені жарықтандырумен тікелей байланысты. Әдетте, жарықтандыру мәселесі назар аударылмайтын ілеспе элемент болып саналады. Мердігерлер көбінесе сапасыз қытай шамдарын қолданады, неліктен отандық өндірушілердің өнімдері пайдаланылмайды.
Мәслихат төрағасы көшелерді жарықтандыру мәселесін қарау екі аптадан кейін жоспарланғанын айтты. Мәселе мынада, көшені жарықтандыру бойынша бірыңғай талаптар жоқ.
Отырысты қорытындылай келе, мәслихат төрағасы депутаттардың инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлетінін атап өтті. Отырыстар барысында 75 ескерту айтылған, оның 36-сы әлі орындалған жоқ. Соңғы аялдамалар мен бұрылыс алаңдары туралы мәселе бірнеше рет көтерілген, олар барлығы 67, оның 46-сы нашар жағдайда. Өткен жылмен салыстырғанда электрлік авткөлік санының өсуі байқалады, алайда, қалада көліктің осы түріне қызмет көрсету үшін инфрақұрылым дамымаған. Каналимов осы мәселе бойынша отырыс өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, мәслихат төрағасы әлеуметтік объектілерді ыңғайлы кірме жолдармен, оның ішінде жылы аялдамалармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Логистика пысықталмаған, мұндай объектілердің жанында апаттар жиі орын алады. Жайлы мектептер жобасын жүзеге асыру барысында қазірден бастап кірме жолдар мәселесін қарастыру қажет, өйткені оның шарты бар – кірме жолдар төрт жағынан болуы керек. Сонымен қатар, көбінесе ретсіз орналасқан жол белгілері мәселесін шешу керек. Бір бағдаршам объектісінің құны 50 млн. теңге, қиылыстарда бірнеше бағдаршам орналастырылған фактілер де бар.