Құрылыс компанияларының проблемалық мәселелері
12.10.2023
Владислав Сергеевтің төрағалығымен Астана қаласының құрылыс компаниялары өкілдерінің қатысуымен объекті пайдалануға берілгеннен кейін инженерлік желілерді тапсыру мәселесі бойынша мәслихат отырысы өтті
Sat NS компаниясының өкілі Еркебұлан Қабылда өз сөзін инженерлік желілерді коммуналдық меншікке тапсыру барысында туындайтын проблемалық мәселелерден бастады. Мысалы, ол бүгінгі күні құрылыс салушылар орындауға міндетті болып табылатын нөсер кәрізі бойынша талаптар бар екенін атап өтті. Көп жағдайда, үй пайдалануға берілгеннен кейін қосымша құжаттама сұралатын жағдайлар туындайды. «Астана АЭК» қайтадан ескертулердің орындалуын талап етеді, ал оларды іске асыру жарты жылдан бір жылға дейін созылады. Құрылыс ұйымдары жер учаскесін алады, ТҚС-ға саралап, қорытындыны күтеді, бұдан кейін процесс қайтадан созылады. Бұл құрылыс салушыларда түсінбестік тудыруда, өйткені инженерлік желілерді төсеу алдында қосылуға техникалық шарттар алу процедурасы болады.
Электрмен қамтамасыз етуді басқарудың автоматтандырылған жүйесі пәтер есептегіштерінен көрсеткіштерді қашықтан жинауға көмектеседі, алайда құжаттар қайта жасалады. Құрылыс салушыға ешқандай шағым болмаса да, құжаттармен әуре-сарсаң өте ұзақ уақытқа созылады, өйткені АЭҮК талаптарының елегінен өту қиын. Құрылыс компаниясының өкілі сөз соңында депутаттар инженерлік желілерді коммуналдық меншікке беру процесін жеңілдету бойынша құрылыс салушыларға көмек көрсетуін сұрады.
Құрылысшылар одағы төралқасы төрағасының орынбасары Жанна Бектемирова үлескерлердің ақшалай қаражатын тарту бойынша өзекті мәселелер туралы баяндады. Ол қазіргі уақытта үлескерлер бойынша шарт пысықталып жатқанын атап өтті. Құрылысшылар одағының атынан ол мемлекеттік органдардың құрылыс салушылар тарапынан жиі бұзушылықтар тәжірибесін тоқтату ниетін қолдайтындығына сендірді. Бұзушылықтарды азайту үшін Құрылысшылар одағы біліктілік талаптарына, кепілдендірілген жарнаға қатысты өзгерістер енгізді, құрылыс салушыларды қолдады. Үлестік қатысу шартын тіркеу процесі ұзақ уақытқа созылатын, қазір процесс автоматтандырылды. Сонымен қатар, Құрылысшылар одағы Бюджет кодексіне тұрғын үй салуды немесе сатып алуды қаржыландыру бөлігінде өзгеріс енгізуді ұсынады, яғни жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) дайын тұрғын үйді сатып алу құқығын беру ұсынылады. Өзгертілген заңнама шеңберінде ЖАО тұрғын үй құрылысына қатыспай, егер, ҚТК (Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы) кепілдігі болса, жеке құрылыс салушыдан тұрғын үй сатып ала алады. Сондай-ақ, тұрғын үйді жаңарту саласындағы монополиясыздандыру мәселесін шешу қажет, оған құрылыс салушылардың бірыңғай порталын құру ықпал ететін болады. Бұл Заң бәсекелестік ортаны қалыптастырады, конкурс құрылыс салушылар арасында өткізіледі. Бірақ құрылыс салушыларға қатысты қатаңдату шаралары жаңа заң енгізілгеннен кейін жүзеге асырылуы керек, әйтпесе құрылыс салушылардың 80% - ы қатаң жазаға тартылуы мүмкін.
ҰКП Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Қайрат Кәкенов жаңарту және жеке құрылыс салушылар үшін базалық мөлшерлемені қосымша 5% қаржыландыру бойынша әкімдіктің бастамасы мәселесіне қатысты сөз сөйледі. ҰКП төрағасы Астанада монополист құрылып жатқанын айта келе, алайда, игеруге дайын учаскелер жеке құрылыс салушыларға берілуі тиіс деген пікір білдірді. Бұл жерде тең емес жағдайлар жасалуда. Жұмыс тобы аясында бұл мәселені қарастыру керек.
Қала әкімдігінің өкілі жинақпен, нақты, құрылыс салушылардың жауапкершілігін күшейтумен мемлекеттік-құқықтық бөлім айналысатынын хабарлады. Әкімдік құрылыс салушылардың жауапкершілігін күшейту жөнінде жазбаша түрде ұсыныстар берген.
Комиссия төрағасы Владислав Сергеев отырысқа қатысушыларды мәселелерді шешу тетіктерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар беруге шақырды.
Отырыс барысында мемлекеттік органдардың, АЭҮК, Астана Су Арнасы өкілдері құрылыс компаниялары, Қазақстан Құрылысшылар одағы өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Депутат Талғат Ерғалиев инженерлік желілерді беру мәселесі ҚР Үкіметінің қаулысымен реттелетінін, сондықтан осы қаулыға өзгеріс енгізу қажет екенін айтты.
Депутат Табиғат Зейнулқабден көбінесе, егер салынған желілер талаптарға сәйкес келмесе, сапасыз материалдардан жасалса және т.б., қабылдау актісіне қол қойылмайтынын айтты, барлығы құрылыс салушының өзіне байланысты екенін атап өтті. Құрылыс салушы ескертулерді түзету бойынша жұмысты неғұрлым тез және сапалы жүргізсе, актіге соғұрлым тезірек қол қойылады.
Комиссия төрағасы Владислав Сергеевтің пікірінше, желілерді тапсыру болмай қалған әрбір жағдайды жеке-жеке қарастыру қажет.
Депутат Сәуле Самидин жұмыс топтарын құруды, барлық мәселелерді санаттарға бөлуді ұсынды, құрылыс салушылары қазір жоқ үйлер де бар. Әрбір жеке жағдай бойынша жеке шешім болуы керек және мәселелер кешенді түрде шешілуі керек. Проблемалардың өсуіне жол бермеу үшін оларды шешу бойынша жұмысты бастау қажет.
Владислав Сергеев жұмыс тобына проблемалық мәселелерді жазып беруді, қажет болған жағдайда Мәжіліс депутаттарымен кездесуді, Үкімет қаулысына өзгерістер енгізуді ұсынды. Ол коммуналдық қызметтерге де өз ұсыныстарын беруді ұсынды. Депутаттар бұл мәселелермен толық аяқталғанға дейін айналысуға дайын.