Үлестік құрылыс мәселелері
05.09.2023
Қалалық мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыс тақырыбы бойынша қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов сөз сөйледі. Сөз басында ол құрылыстарын аяқтаумен «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС айналысатын проблемалық үлестік құрылыс объектілері бойынша жағдайды баяндады. Сондай-ақ, Досқұлов үлестік құрылыс саласында бақылауды жүзеге асыру мәселесіне тоқталды. Елордада 73 құрылыс ұйымы жауапкершілікке тартылған, «Үлестік құрылыс туралы» ҚРЗ түзетулер пакеті әзірленді, онда азаматтардың ақшалай қаражатын заңсыз тартатын құрылыс салушыларға қатысты айыппұлдарды ұлғайту көзделген. Әкімдік жосықсыз құрылыс салушылардың тізімін жүйелі негізде жаңартады және жариялайды. Қазіргі уақытта ТК құрылысын аяқтау мерзімінде артта қалушылық бар, бұл болашақта қала үшін жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Бюджет қаражатын жұмсамау үшін құрылыс барысында инвесторларды тарту бойынша оң нәтижелер бар.
Депутат Асқар Смағұлов «Болашақ Баспана» проблемалық ТК перспективаларына қатысты сұрақ қойды, екі және үш қайта сатудың құрбаны болған үлескерлер мәселесі әлі шешілген жоқ. Депутат бұл азаматтарға жауап беру үшін, ТК құрылысы мәселесі бойынша ақпарат беруді сұрады.
Депутат Бауыржан Смайылов қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауды ұсынды. Депутатқа Тілендиев көшесі бойындағы үй тұрғындары хабарласқан, оларды үйдің сапасы қанағаттандырмайды. Депутаттың пікірінше, басқарма мемлекеттік орган ретінде көп қабатты үй құрылысының сапасын бақылауды қамтамасыз етуі керек еді.
Депутат Азамат Айтхожин бақылау басқармасының жауапкершілігін арттыру мәселесіне қатысты әріптесін қолдады, өйткені тұрғындардан көптеген шағымдар келіп түсуде. Айтхожин бұл мәселені, барлық мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, сол жерге барып шешуді ұсынды.
Депутат Кендебай Адамбековтың пікірінше, мәселе кезең-кезеңімен шешіліп жатқаны анық. 90 үй рұқсат құжаттарынсыз салынған. Бұл мәселе шешілуде, бірақ жаңа проблемалар, яғни жаңа проблемалық объектілер пайда болуда. Егер заңнамаға өзгерістер енгізілмесе, бұл мәселе соңына дейін шешілмейді.
Депутат Сәуле Самидин енгізілетін 16 объектінің ішінде жартылай ғана салынған «Триумф Есіл» ТК-нің жоқ екенін атап өтті. Азаматтардың шағымдарында құрылыс салушы жобаны өзгертіп, паркингті алып тастағанын көрсеткен. Құрылыс салушы неліктен өз бетінше паркингті алып тастайды деген сұрақ туындайды. Сондай-ақ, депутат шарт тармақтарына назар аударды, онда объект уақтылы тапсырылмаған жағдайда құрылыс салушы 001% төлеуі тиіс деп жазылған. Демек, құрылыс салушыға уақытында тапсырмау тиімді болып тұр, өйткені қайта-қайта түзету енгізіп, бюджеттік қаражат сұрауға болады. Сұрақ - неліктен құрылыс салушы үйді қала балансына уақытында тапсырмайды.
Комиссия төрағасы Владислав Сергеев Досқұловтан депутаттарға объектілер бойынша объективті ақпаратты жедел ұсынуды сұрады.
Депутат Еркеғали Есенжолов неғұрлым пысықталған анықтама дайындау қажеттігін айтты, жосықсыз құрылыс салушылар үшін ол материалдық жаза ретінде үй құнының 10% -ын енгізуді, құрылысты инженерлік желілерсіз бастамауды және т. б. ұсынды.
Комиссия төрағасы қатаңдату жөнінде ұсыныстармен екі күн ішінде ақпараттық анықтама дайындауды сұрады.
Депутат Талғат Ерғалиев аталған проблеманың жүйелік екенін және жергілікті атқарушы органдар шарасыз жағдайда екенін атап өтті, өйткені оларға ТК пайдалануға беру қажет, алайда оларда құрылыс сапасын бақылау тетіктері жоқ. Депутат нөлдік деңгейдегі компанияның нарыққа енуін болдырмау үшін, басқармаға мүдделі мемлекеттік органдармен және мәслихатпен өзара іс-қимылда жұмыс істеуді ұсынды. Заң жұмыс істеуі керек. Бүгінгі таңда көптеген бағдарламалар жұмыс істемейді және халықтың сатып алу қабілетін ескерсек, мұндай бағдарламаларсыз көптеген азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін шешу мүмкін емес. Басқа елдерде мемлекет тарапынан бақылау жақсы жұмыс істейді, талаптар қатаң, сондықтан оларда үлескерлерді алдау жағдайлары көп болмайды.
Депутат Кендебай Адамбеков әкімдік жанындағы жұмыс тобы Заңға өзгерістер енгізіп жатқанын айтып, анықтаманы дайындау кезінде жұмыс тобының ұсыныстарын ескеріп, өзгерістерді қосуды ұсынды.
Отырысты қорытындылай келе, Владислав Сергеев анықтаманы барлық ұсыныстарды ескере отырып дайындауды және ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізуді ұсынды.