Мәслихатта қаңғыбас иттерді аулауды ұйымдастыру бойынша есеп талқыланды
29.11.2022
Қалалық мәслихатта Батыр Котыревтың төрағалығымен құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде «Уәкілетті орган жүргізетін қаңғыбас иттерді аулауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс және тұрақты комиссияның 2022 жылғы 12 шілдедегі №3 қаулысының орындалу барысы туралы» мәселе қаралды.
Мәселе бойынша қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Даулет Досқұлов баяндады, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңды іске асыру үшін жаңа «Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары» әзірленді, ЖАО-дың Заңды іске асыру жөніндегі іс-қимыл алгоритмі жасалды, жануарларды есепке алудың бірыңғай ақпараттық «Танба» жүйесі жұмыс істейді, 1572 ит пен 35 мысық тіркелген, Астананың «Жасыл белдеу» аумағында қараусыз қалған ауыл шаруашылық жануарларын анықтау және қаңғыбас жануарларды аулау бойынша іс-шаралар жоспары жасалды, «Ветсервис» МКК мен «Қазақстандық кинологиялық одақ» ЗТБ арасында меморандум жасалды, үй жануарларын вакцинациялау, зарарсыздандыру және кастрациялау, сәйкестендіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, 3 модульдік ангар тұрғызылды, уақытша ұстау изоляторын ауыстыру бойынша және т. б. жұмыстар жүргізілуде.
Проблемалық мәселелердің ішінде Досқұлов кадрлардың тұрақтамауын атады, мысалы, жануарларды аулаумен айналысатын 19 қызметкердің 13-і жұмыстан кетті, сондай-ақ көліктердің жиі бұзылуы, иттердің питомниктерден қашуы, ауланған қаңғыбас жануарлардың көптігі және т.б. мәселелер аталды.
«Астанаветсервис» коммуналдық кәсіпорнының басшысы Асқар Әуелбек депутаттарға кәсіпорынның ішкі проблемалары жөнінде ақпарат берді.
Депутат Алтыншаш Табулдина сөз сөйлеп, ағымдағы жылдың 17 қарашасында Көктал тұрғын алабында орын алған оқиға туралы хабарлады. Қараусыз қалған ит қыз балаға шабуыл жасаған, келтірілген көптеген жарақаттар салдарынан бала ауруханаға жатқызылған және қазіргі уақытта оған операция жасалмақ. Сондай-ақ, балаға көмектесуге тырысқан түзету мектебінің мұғалімі де зардап шеккен, ол сынық жарақатын алған. Аталған тұрғын үй алабының тұрғындары барлық инстанцияларға, оның ішінде мәслихат депутаттарына, медициналық ұйымдарға адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін қаңғыбас иттерге қатысты шағыммен үнемі жүгінеді.
Табулдина иттердің шабуылы салдарынан азаматтардың медициналық ұйымдарға жүгіну мысалдарын келтірді. 2021 жылы амбулаториялық деңгейде ит қапқан немесе иттің шабуылынан зардап шеккен 193 жағдай тіркелген, оның ішінде балалармен болған 89 жағдай. 2022 жылы 173 жағдай тіркелді, балаларға қатысты - 72 жағдай. Депутат аталған аймақ өзіне қарасты сайлау учаскесі болғандықтан, полиция өкілдерімен бірлесіп 23 қарашада «Астанаветсервиске» барғанын атап өтті. Бару кезеңінде жануарлар баспанасы аумағында жарықтандыру, бейнебақылау болмаған, аумақ тиісті түрде қоршалмаған, иттер аумақ ішінде еркін жүр, олар қоршаудағы саңылаулар арқылы аумақтан шығып кете алады, көшелерде жүреді, өтіп бара жатқан адамдарға, оның ішінде балаларға шабуыл жасайды. Жыл сайын мәслихат отырыстарында осы мәселелер көтеріледі. Қаржыландыру жүйелі негізде жүргізіледі. Сондықтан, депутаттың пікірінше, басқарма мен «Астанаветсервис» басшыларына көптеген сұрақтарға жауап беретін уақыт келді.
Жұртшылық атынан Сайран Накупова сөз сөйледі, ол проблемалық мәселелердің ұзақ уақыт бойы жиналып қалғанын, питомниктің жай-күйі нашар, иттердің аш екенін, сондықтан өткен адамдарға шабуылдайтынын айтты. Қазіргі уақытта питомниктің жанындағы көшелермен жүру қауіпсіз емес, әсіресе кешкі уақытта, сондықтан кәсіпорында екінші ауысым жұмыс істеуі керек.
Депутат Ләззат Оразбекова-Төлеуханова бөлінген ақшалай қаражатқа талдау жүргізуді ұсынды, 2022 жылы 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ 8-бабына сәйкес депутат Антикор қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуді және мәслихатқа анықтама беруді сұрады. Сондай-ақ, қала әкімдігі аппараты мен Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің күшімен аудит жүргізу қажет. Менеджментті ұйымдастыру бойынша сұрақтар бар.
Медициналық мекемелердің бірінің басшысы, депутат Динара Оразалинаның пікірінше, 368 млн. теңге, бұл аз ақша емес. Бұл ақшаға жануарларды жақсы тамақтандырып, жақсы күтімде ұстауға болады.
Депутат Динара Байсеркина дала дәрігері ретінде иттердің қабуынан зардап шеккендермен тікелей жұмыс істейтінін атап өтті. Статистикаға сәйкес, қаңғыбас иттерден 89 бала зардап шеккен. Қаңғыбас жануарлардың шабуылы, медицина қызметкерлеріне қаржылық жағынан да, күрделі вакцинация процедурасына байланысты да қосымша жүктеме болады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Батыр Котырев екі жыл бұрын 2020 жылғы 27 маусымда мәслихат отырысында аталған мәселе қаралғанын еске салды. Комиссияның қаулысы бар.
Накупованың айтуынша, Көктал тұрғындары изолятордың иісіне шағымданады. Ағымдағы жылы жануарларды вакцинациялау, чиптеу процесі басталды. Изоляторды осындай тығыз қоныстанған ауданда орналастыруға кім рұқсат берген. Экологиялық полиция жұмыс істемейді, саябақта мысықтың баланы тістеп алуы жағдайы болған, бірақ полиция тарапынан ешқандай реакция болған жоқ.
Депутат Нұрлан Көпешов «Астанаветсервис» қызметкерлеріне қолдау білдірді, өйткені ол жұмыс істейтін кәсіпорын қала шетінде орналасқан. Депутат қаңғыбас иттерге қатысты бірнеше рет басқармаға, «Астанаветсервиске» өтініш білдірген және өтініші бойынша әрдайым көмек көрсетілді, әрқашан кері байланыс болды. Қазір ветеринарларды, жануарларды аулау бойынша мамандарды табу қиын, қазіргі уақытта 200 мың теңге көлеміндегі жалақы аз, сондықтан қызметкерлерді тарту үшін жалақыны көбейту керек. Қазір иттерді атуға болмайды, оларды тек аулауға болады, бұл өте қиын. Депутат басқарма басшысына баспананы қаржыландыруды ұлғайту туралы ұсыныс енгізуді ұсынды.
Депутат Ғабит Тәжімұратов тұрақты комиссияның 2022 жылғы 12 шілдедегі қаулысының қаншалықты орындалғаны жөнінде сұрады. Екінші сұрақ - әуежай аумағындағы иттерге қатысты. Иттердің әуежай аумағына кіріп кетуі ұшу және қону кезінде ұшақтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін бәрі түсінеді. Оның үстіне Астана әуежайы халықаралық әуежай болып табылады. Ағымдағы жылы осындай екі жағдай орын алған, бұндайды болдырмау керек.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы және бас дәрігер Сархат Бейсенованың ақпараты бойынша статистика келесідей. 11 айдың ішінде иттердің қауып алуына байланысты жүгінушілердің саны артты, 1968 адам иттердің қабуынан зардап шеккен, 1155 адам қараусыз қалған иттердің шабуылына ұшыраған, бұл ретте зардап шегушілердің барлығы бірдей ем алуға келісе бермейді, 2022 жылдың наурыз айында 3 адам түлкінің тістеп алуына байланысты жүгінген. Ветеринарлық қызметтің есептері бойынша 300 итке артық ауланды, және қараусыз қалған иттерден зардап шеккен адамдар саны да 300-ге артты. Сондықтан қалада иттерді аулау мәселесі өте өткір. Баспанаға жеткізілген ауланған иттің бірінде құтырудың анықталғаны туралы ақпарат түсті, бұл басқа иттерге де жұғуы әбден мүмкін. Бейсенова көктемде иттерді аулау, жануарлармен жұмыс істейтін адамдарды (еріктілерді) иммундау туралы ұсыныс жасады. Қалада балаларға арналған травматологиялық пункттер жетіспейді, жыл сайын 800-900 бала иттерден зардап шегеді.
Тұрақты комиссияның төрағасы а.ж. 24 қарашада оның атына Талапкер кентінің тұрғынынан өтініш түскенін хабарлады. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жануарларды жансыздандыруға тыйым салынған жаңа ережелердің бекітілуіне байланысты қаңғыбас иттердің саны артқан. Қаңғыбас жануарлардың саны үнемі өсіп келеді, олар адамдардан қорықпайды, үй маңы мен аулалардағы ұсақ үй жануарларына шабуыл жасайды. Тұрғындар жол бойында газельдердің тоқтап, ішінен ауланған иттерді босатып жатқанын байқаған. Қыркүйек айынан бастап жануарларды жаппай чиптеу жоспарлануда, ол үшін жануарлар иелерінің қаржы жұмсауына тура келеді, сондықтан олар жануарлардан арылу мақсатында, оларды қала сыртына әкете бастауы мүмкін. Ережені қайта қарау керек, тұрғынның пікірінше, егер атуға тыйым салынған болса, онда көптеген жануарларды күтіп-ұстауға мүмкіндік беретін қуатты база құру қажет. Адам өмірі мен денсаулығы қаңғыбас иттерге қатысты адамгершіліктің құрбаны болмауы керек.
Батыр Котырев отырысқа қатысушыларға халықаралық кинологтар қауымдастығының (Наталья Дровосекова) экономикалық дамуы мен географиялық жағдайы әртүрлі елдер бойынша шолуын ұсынды. Мысал ретінде Қазақстанның, Ресей Федерациясының және алыс шет елдердің тәжірибесі келтірілген. Ешбір елде (оның ішінде ең бай елдерде де) барлық ауланған жануарларды өмір бойы ұстау тәжірибесі жоқ.