ҮЕҰ-ның әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы даму перспективалары туралы мәселе бойынша жария тыңдаулар
24.11.2022
Қалалық мәслихатта Алтынаш Табулдинаның төрағалығымен «ҮЕҰ-ның әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы даму перспективалары туралы» тақырыбында жария тыңдаулар өтті.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб азаматтық сектормен өзара іс-қимыл туралы екі бағыт бойынша: арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері бойынша мәлімет берді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде басқарма жыл сайын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта қалада өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін стационар, жартылай стационар және үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 8 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Орталықтарда әзірленген стандарттар шеңберінде қызметтердің толық кешені көрсетіледі. ҮЕҰ мүгедектігі бар 1 752 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Депутат Бауыржан Жанқонақов арбаларды пайдалану мерзімін заң жүзінде қысқартуға бола ма деп сұрады, өйткені депутаттың пікірінше, 5-7 жыл пайдалану мерзімі тым ұзақ.
Депутат Арайлым Құмаржанова еңбек министрлігінің 2, 3 топтағы мүгедектерге «Яндекс Go» көмегімен қызмет көрсету, ал инватаксимен тек 1 топтағы мүгедектерді тасу туралы ұсынысы бойынша сұрақ қойды. Қазіргі уақытта бұл мәселе қалай шешілуде. Инватакси қызметінің сапасын жақсарту үшін gps навигациясы неге пайдаланылмайды.
Депутат Ләззат Разбекова-Төлеуханова есептерде жүргізілген мониторинг туралы ақпарат көрсетілетінін атап өтті. Депутат ҮЕҰ қызметі бойынша мониторинг қалай жүргізілетінін және қаражатты бөлу тиімділігінің тетігі қандай екенін нақтылауды сұрады. Басқарма қызметкерлері мыңдаған адамға қоңырау шалып үлгере ме, бұл жұмысты автоматтандырған дұрыс болар.
Білім басқармасы басшысының м. а. Нариман Еламанов мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2022 жылы «Құқық» қоғамдық қоры 4 әлеуметтік жобаны іске асыратынын хабарлады:
- Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік – құқықтық қызметтер;
- Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға, психологиялық, әлеуметтік және консультациялық-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған қызметтер;
- Кәмелетке толмағандар арасында есірткіні тұтынудың алдын алуға және нашақорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шаралар бойынша қызметтер;
- Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды және аналары сотталған балаларды оңалтуға арналған қызметтер.
Депутат Арайлым Құмаржанова басқармаға мектептегі ата-аналар жиналыстары мен колледждердегі жиналыстар барысында ата-аналармен мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытуға қатысты мәселені талқылауды ұсынды, өйткені осындай балаларды оқшаулап оқытуды қолдайтындар осы ата-аналар.
Депутат Ләззат Разбекова-Төлеуханова бұрын өз қызметін Өтемұратов қорының қолдауымен жүзеге асырған «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының мәселелерін көтерді. Бюрократиялық кідірістер салдарынан олар орналасқан үй-жайды жекешелендіру мәселесі ұзақ уақыт бойы шешілмей келеді, үй-жайда желдету жүйесінің проблемалары да бар.
«Береке Астана» мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басшысы Айгүл Рахимова сөз сөйледі. Ол үйде күтім жасау аясында мүгедек балаларға қандай қызметтер көрсетілетіні туралы хабардар етті. Ұйым штатында әлеуметтік қызметкерлер, ЕДШ нұсқаушылары, логопедтер, дефектологтар, психологтар, әлеуметтік педагог, АВА терапевт, ЭРГО терапевт, массаж жасаушы бар. Қазіргі уақытта ұйым 200-ге жуық балаға қызмет көрсетеді. Әлеуметтік педагог балаларға аптасына 2-3 рет барады. Сонымен қатар, үйде балалармен дамытушылық сабақтар өткізіледі, бүкіл отбасына материалдық-тұрмыстық көмек көрсетіледі, киім, аяқ киім бөлу мәселелері бойынша демеушілермен жұмыс, құжаттарды, жеңілдіктер мен қызметтерді ресімдеуге көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі. Бірнеше отбасы «Бақытты шаңырақ» бағдарламасы аясында баспана алды, бір отбасы қордан пәтер алды. Ұйым жанында Дамыту және оңалту орталықтары жұмыс істейді. Кейбір балалар Орталық мамандарына күн сайын барады. Сондай-ақ, бассейнге, ипподромға бару ұйымдастырылады. 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін негізгі міндет - мектептегі сабақтарға дайындық, тек дамыту сабақтары ғана емес, сонымен қатар психологиялық қолдау. Әр баламен жұмыс жеке бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Депутат Арайлым Құмаржанова арбамен жүретіндер үшін ғимаратқа кіру мүмкіндігі бар-жоғын сұрады. Депутат ұйымдар жұмысының критерийлерінің бірі ретінде мүгедектігі бар, арбамен жүретін адамдар үшін қолжетімділікті белгілеуді ұсынды.
Депутат Асқар Смағұлов қала бойынша көмекке мұқтаж қанша бала бар екенін сұрады.
Алтыншаш Табулдина әріптесін қолдады, әлеуметтік әмиянды енгізу ұсынылуда, сондықтан орталықтарда айналысатын балаларды, кім және қандай қызметтер көрсететін есепке алу керек, кейбір ұйымдардың бағаны демпингілеу салдарынан қызмет сапасы төмендейді. Депутаттар ашықтықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуді ұсынады, бүгінде қызметпен қамтамасыз ету бойынша нақты көрініс жоқ, бюджеттен қандай сомалар жұмсалды, әр балаға қанша қаражат жұмсалды, бірде-бір бала қызмет көрсетуден тыс қалмауы тиіс. Басқарма проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстармен, тарифті ұлғайту бойынша ұсыныстармен және инватакси жұмысы бойынша толық ақпарат беруге тиіс болатын.
«Солнечный мир» ҚҚ төрағасы Мария Федорова сөз сөйледі. Оның айтуынша, бір жылдық келісім тұрақтылық бермейді. Тарифтер қызметтердің сапасымен өзара байланысты, жалақының аз болуына байланысты орталықтардан жақсы мамандар кетіп жатыр.
Тұрақты комиссияның төрағасы депутаттардың мүгедек балалардың динамикасы туралы емес, бюджеттен қаражат бөлінетін ұйым үшін индикаторларды енгізу қажеттілігі туралы бірнеше рет айтқанын атап өтті. Барлық әлеуметтік қызметтер бағалануы керек, өйткені оларға айтарлықтай сомалар бөлінеді. Мүгедектерге қызмет көрсету мәселелері бірнеше рет қарастырылды, бірақ Жұмыспен қамту басқармасынан ұсыныстар әлі түскен жоқ.
Ольга Рыль «ҮЕҰ-ның әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы даму перспективалары туралы» мәселе бойынша сөз сөйледі. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ұйымдарды басқаратын мемлекеттік органдар мен ата-аналардың әлеуметтік жауапкершілігінің артқанын атап өтті. Алайда, девиантты мінез-құлқы бар кәмелетке толмағандармен тек бір ұйым жұмыс істейді. Өзекті міндеттер: мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылын жетілдіру және ҮЕҰ қызметтерінің тиімділігі мен сапасын арттыру міндеттерін шешу үшін 2015 жылғы желтоқсанда «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды.
«Құқық» ҚҚ төрағасы бүгінгі таңда ұйым балалары қылмыс жасайтын, балалары ажырасу процесінде құралға айналатын, балалары бірге тұратындардың құрбаны болатын бұзылған отбасының салдарымен жұмыс жасайтынын атап өтті. Ұйым айналысатын барлық төрт жоба отбасымен байланысты. Ольга Рыль Білім министрлігінің девиантты мінез-құлқы бар балаларға, отбасына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу жөніндегі бұйрығына мамандарға қойылатын талаптарға қатысты өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасады.
Тұрақты комиссия төрағасының пікірінше, «Құқық» ҚҚ айналысатын қызмет өте күрделі, депутат бұл туралы өзі де нақты біледі, өйткені медициналық ұйымдар нашақорлар мәселелері бойынша өзара іс-қимылда жұмыс істейді. Табулдина жұмыспен қамту басқармасына ҮЕҰ-ның соңғы үш жылдағы барлық проблемалық мәселелерін қорытындылауды және оларды шешу жөнінде ұсыныстар енгізуді ұсынды.