Елорда мәслихаты жұртшылықпен туристік қызметті дамыту мәселелерін талқылады
22.09.2022
Көпшілік тыңдаулардың қарауына «Елорда аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру туралы» мәселе шығарылды.
Күн тәртібі бойынша бірінші болып қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының м.а. Азамат Абдуалиев сөз сөйледі. Ол көпшілік тыңдауларға қатысушыларды «Astana Invest» ведомстволық бағынысты ұйымы туристік қызметті дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясын әзірлегенін хабарлады. Маңызды құжатты дайындауға қоғам, мүдделі органдар, бизнес-құрылымдар өкілдері қатысқан. Бағдарламада қызметтің 5 бағыты атап өтілген. Инвесторларды тарту үшін инвестициялық келісімшарт нысаны пайдаланылады.
Туристік қызметті дамыту мәселесін талқылауға ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Нұртас Кәрібаев қатысты. Ресми деректер бойынша туризм көрсеткіштері қатарынан екі жыл бойы өсіп келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристердің рекордтық көрсеткіші тіркелді, бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі кезеңнен жоғары. Қызмет көрсету көлемі де 30% - ға өсті. Сондай-ақ, шетелдік туристерге көрсетілетін қызметтер көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Туристерді орналастыру бойынша Алматы, Астана және Маңғыстау облыстары көш бастап тұр. Жыл басынан бері 77 жоба іске асырылды, жыл соңына дейін қосымша 87 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ағымдағы жылы 74 елдің азаматтары үшін визасыз режим ұсынылды. Туристер ағынын ұлғайтуда Астанада өткен IRONMAN триатлоны сияқты ірі халықаралық іс-шараларды өткізу үлкен рөл атқарады. Халықаралық жарыстарға 40 елден 2 мыңнан астам қатысушы қатысты. Сондай-ақ, министрлік өкілі уәкілетті орган саланы мемлекеттік қолдау бойынша шараларды жүзеге асыратынын, бұл ішкі туристер ағынын арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және өзінің туристік өнімін жылжытуда кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік беретінін хабарлады.
«Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС төрағасының орынбасары Берік Нұржігітов 2023-2025 жылдарға арналған туризмді дамыту стратегиясымен таныстырды. Алдымен ол өткен жылғы статистикалық деректер, елордадағы туристік тартымды нысандар, орналастыру орындары, сондай-ақ кадрлармен қамтамасыз етуге байланысты проблемалық мәселелер туралы баяндады. Нұржігітов туризмді дамыту стратегиясының 5 бағытына (экотуризм, іскерлік туризмі, медициналық туризм, қалалық іс-шаралар, Астана брендін ілгерілету) егжей-тегжейлі тоқталды. Сөз соңында ол нысаналы индикаторларға қол жеткізудің негізгі шарттары және тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер туралы баяндады. Қазіргі уақытта іс-шаралар жоспары құрылған, ол жақын арада депутаттарға таныстырылатын болады.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов туристік қызмет елорданы дамыту үшін өте маңызды екенін атап өтіп, 20-ға жуық, оның ішінде халықпен кездесу барысында да айтылған ұсыныстарды атап өтті. Мәслихат хатшысының пікірінше, елордада туризмді дамытуда маңызды көмек туристік пакет болуы мүмкін, оған кем дегенде трансфер, тамақтану, экскурсиялар, тұру, кәдесый өнімдерін сатып алу кіруі керек. Жеткілікті материалдық базасы, жақсы қызмет көрсету сапасы бар қонақүйлер жетіспейді. Бүкіл әлемде туристер Booking сайтын (қолдау қызметі) пайдаланады, онда қонақүйлер, әуе билеттері, жалға берілетін автомобильдер және т.б. туралы ақпараттарды табуға болады, онда, тіпті жеңілдіктер, нөмірлік қорлар, қосымша қызметтер, кәдесый өнімдерін сатып алу кезінде пайдалануға болатын, туризм нысандарына барған кезде ұсынылатын бонустар туралы да ақпарат бар. Жақын шет елдердегі мәдени іс-шаралардың кестесін табуға болады және ағымдағы айға жоспарланған барлық іс-шараларды көруге болады. Біздің елордамызда іс-шаралар жарнамасы дұрыс қолға алынбаған, ол әдетте іс-шараны өткізу қарсаңында ғана белсенді жүргізіледі. Лэдэкрандар, автобустардағы мониторлар, әлеуметтік желілер және т. б. пайдаланылмайды.
Туристер келгенде бірінші көретін нысан – әуежай мен вокзалдар, әдетте ол жерлерде туристерді көңілсіз қызметкерлер қарсы алады, ал бұл ерекше назар аударуды қажет ететін нысандар. Қалааралық автобустар дәретханалармен жабдықталуы тиіс, елорда маңындағы жолдар бойындағы сервистің ахуалы өте нашар. Қазіргі уақытта ауыр жүк көліктері қалаға кірмейді, олар айналып әрі қарай өтеді. Барлығы шамамен 100 км бойындағы 10 пунктті жайластыру жөніндегі мәселелерді шешу қажет. Кафедегі бағалар өте жоғары және өнім сапасына сәйкес келмейді. Такси жұмысы бойынша мәселе жедел шешуді талап етеді, ЭКСПО өткізер алдында тәртіп орнатылды, «Astana Taxi» компаниясы құрылды, ол қазір өзінің бұрынғы қалпын жоғалтты (жүргізушілердің киім үлгісі, жолсілтеме, терминал, туристке арналған сыйлық, қала картасы) және сервисі өте орташа таксиге айналды. Туристік полиция белсенділігін азайтты, ЭКСПО аяқталғаннан кейін оның қызметі тіпті көрінбей қалды. Басқа елдерде туристің барлық үміті полицияда, тіркеу бойынша барлық мәселелер, адасып кету және т.б. мәселелер полиция көмегімен шешіледі.
Саладағы мемлекеттік реттеу ара-тұра жүзеге асырылады және өте сәтсіз, өйткені жұмыста жүйелілік жоқ. Вокзалдар мен әуежайда ақпараттық дүңгіршектер өз қызметін тоқтатты, бұл ретте елордада «Атамекен» ҰКП филиалы, «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы», Қаржы орталығы жұмыс істейтінін айта кету керек. Халықаралық іс-шаралардың алдында ағылшын тілін білетін мамандарды іздеумен байланысты қарқынды іс-шаралар басталады, неге бұл жұмыс әлі жүйеленбеген. Соңғы уақытта әлемде этнотуризмге ерекше назар аударылуда. Елорданың айналасында негізгі міндеті туристерді қазақтардың тұрмысымен, мәдениетімен, сәндік-қолданбалы өнерімен, ат спортымен таныстыру, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұратын көптеген ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін көрсету болып табылатын этноауылдарды құру үшін пайдалануға болатын бос аумақ көп. Басқарманың баяндауында құрылған медициналық кластер туралы ақпарат айтылды, бірақ бұл туралы тіпті, ел ішіндегі адамдар да біле бермейді. Туризм нарығына қатысушылармен жиі кездесу керек, қаржыландыру негіздемесімен елорда туризмін дамытудың жеке бағдарламасы қажет. Ұсыныстарды елордада туризмді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарына енгізуге болады.
Депутат Алтыншаш Табулдина медициналық туризмнің дамуына қатысты пікір білдірді, ғылыми орталықтардың, қазақстандық нейрохирургтардың, кардиохирургтардың жетістіктері туралы барлығы біледі. Басқарманың ақпаратында медициналық туризм шеңберінде Астанаға қандай елдерден туристер келе алатыны, біздің азаматтарымыз қайда, қандай елдерге бара алатыны жөнінде ұсыныстар, медициналық туризмнің дамымау себептері туралы айтылған жоқ. Чекап әзірлеумен айналысатын ұйымдар бар, оларды Қазақстан да, әсіресе қызметтерге бағаның төмен болуына байланысты қызықтырады. Басқарманың негізгі міндеті осы, медициналық туризмді дамытуға кедергі келтіретін барлық мәселелерді шешу, барлық мүдделі ұйымдардың іс-әрекеттерін үйлестіру. Көрші елдер – Өзбекстан, Қырғызстан медициналық туризмге қызығушылық танытуда. Елордада амбулаториялық зерттеу деңгейі де өте жоғары. Елордаға жақын жерде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне кіретін Қорғалжын қорығы орналасқан, оны дамыту қажет.
Депутат Динара Оразалина әріптесін қолдады және депутаттың пікірінше, бұған аккредиттелген клиникалар ғана емес, сонымен қатар жақсы қалалық емханалар да қатыса алады, олардың бағасы да қолайлы. Бүкіл елге ел ішіндегі ұшақтарда балалардың тегін жүретіні мәлімделді, бірақ бұл ата-аналарға үш есе қымбатқа түседі. Бағдарлама жұмыс істемейді, сондықтан басқарма авиакомпаниялармен барлық мәселелерді шешуі керек. Бұл мәселені шешу ішкі туристер ағынының артуына ықпал етеді. Мектеп жасындағы балалар мектеп демалысы кезінде өңірлерден Елордаға қуана келер еді.
«Қалалық туризмді дамыту орталығы» ЗТБ директоры Татьяна Верницкая сөз сөйлеп, өзі дайындаған ұсыныстардың жартысы мәслихат депутаттары тарапынан айтылғанын атап өтті. Ол Астанада туризмді дамыту мүмкіндіктері, туристік ағын, туристердің болу ұзақтығы, халықаралық әуежайдың әлеуеті, Астананың көрікті жерлерінің танымалдылық рейтингі туралы мәліметтермен бөлісті. Туристік-ақпараттық орталық құруды ұсынды және туризмнің сапалы дамуы жағдайында Астана үшін артықшылықтар туралы хабардар етті.
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің директоры Салтанат Сейдімбек көпшілік тыңдауларға қатысушыларға «Атамекен» паркін жаңғырту тұжырымдамасын ұсынды.
Сергеев «Атамекен» өзінің тарихи рөлін орындады деген пікірді қолдады, сондықтан қазір ұйымның одан арғы тағдыры туралы ойланатын кез келді.