Елорданы газдандыру
08.09.2022
Қалалық мәслихатта Асқар Смағұловтың төрағалығымен құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
«Елорданы газдандыру туралы» мәселе бойынша отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Мақсат Есмағұлов баяндады. Ол депутаттарға елорданы газдандыру үш кезеңмен жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Өткен жылы қаланың Сарырқа және Алматы аудандарында 10 тұрғын алабы мен 3 ауданында: Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный, Агрогородок, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный, Қазақауыл, Ақбидай, және Потанин көшесіндегі үйлерді газдандыру толығымен аяқталды. ЖЭО-1, ЖЭО-2 газға ауыстыру жүзеге асырылуда. 2024 жылға дейін Тельман, Пригородный, Шұбар, Үркер (Ильина), Өндіріс тұрғын алаптарын газдандыру жоспарлануда. Қала бойынша 6 мың техникалық шарт берілді, 5 мыңнан астам адам кеңес алды. Қазіргі уақытта газдандырудың екінші кезеңі жалғасуда. Газды үздіксіз беру үшін байланыстырушы газ құбырының құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылы әкімдікпен бірлесіп техникалық шартты алу үшін құжаттар тізбесін 4 құжатқа дейін қысқарту жүргізілді. Сондай-ақ әкімдіктер есептеу құралдарын тегін беруді жалғастыруда, әлеуметтік қорғау басқармасы ХӘОТ санатындағы өкілдерге 413 мың теңге өтемақы төлемін жүргізуде. Көптеген екінші деңгейдегі банктер газдандыру қызметтерін төлеу үшін несие ұсынады.
Депутаттар екінші сөз сөйлеуші – «ҚазТрансГаз Аймақ» Астана өндірістік филиалының бірінші орынбасары Асфат Олжабаевтың баяндамасын тыңдамай-ақ, түйткілді сұрақтарға жауаптарды тыңдауға көшу туралы ұсыныс білдірді.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов газдандыру мәселелері бірнеше рет талқыланғанын, үш кездесу өткенін, олардың барысында депутаттардың ұсыныстары, хаттамалық тапсырмалар, мәслихат шешімдері айтылғанын еске салды. Депутаттарды азаматтардың өтініштері негізінде берілген тапсырмалардың орындалуы толғандырады. Каналимов құжаттардың санын 8-ден 4-ке дейін азайту бөлігінде техникалық шартты алу бойынша рәсімді жеңілдету оң шешімдердің бірі екенін атап өтті. Барлық хаттамалық тапсырмалар берілді, сондықтан қазір депутаттар тапсырмалардың орындалуы туралы ақпаратты күтуде.
Асфат Олжабаев әкімдікпен бірлесіп техникалық шартты алу рәсімін жеңілдету бойынша үлкен жұмыс жүргізілгенін атап өтті, нәтижесінде Ерлан Ермекұлы хабарлағандай, құжаттар саны 8-ден 4-ке дейін қысқарды. Олжабаев сондай-ақ шаруашылық құрылыстарына техникалық шарттар беру бөлігінде Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сатудың қолданыстағы қағидаларына өзгерістер енгізу туралы айтып өтті. Құжаттарды ресімдеу үшін кеңсеге келе алмайтын азаматтар үшін техникалық шарттарды беру тұрғылықты жері бойынша үйлерінде 15 минут ішінде жүргізіледі. Алдыңғы отырыстарда апаттық бригадалардың санын көбейту туралы ұсыныс болды. Өткен жылы газға қосу кезінде газ тарату желілерінде бітелу жағдайлары орын алды, осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында, су желіге емес, жинағыштарға түсу үшін ағымдағы кезеңде конденсат жинағыштар орнатылды. ОЭК басқармасымен орта және төмен қысымды газ құбырының жерасты желілерін үрлеу кестесі дайындалды, су шықты, бүгінгі күні жұмыс аяқталды. Күндізгі және тәулік бойғы режимде 3 бригада, күндізгі уақытта пайдалану мәселелерімен де айналысатын тағы 4 бригада жұмыс істейді. Барлығы 7 бригада жұмыс істейді, егер жылу беру маусымы кезеңінде қажеттілік туындаса, олардың саны 10 бригадаға дейін ұлғайтылады. Заңды тұлғаларды газға қосу бөлігінде ерекшеліктер бар. Үлкен мәселе -техникалық шарттар тұрғын үйге беріледі, өйткені әділет органдарында ол дәл солай тіркеледі, ал қабылдау кезінде іс жүзінде бұл коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объект (ТЖО, кафе, дүкен және т.б.). Мұндай объектілер үшін айтарлықтай айырмашылықтар бар, техникалық қызмет көрсетуде қауіпсіздік талаптары басқа, мысалы, тұрғын үйге жылына бір рет, ал коммерциялық объектілерге жылына кемінде 4 рет қызмет көрсетіледі. Олжабаев әкімдіктен осындай объектілер үшін (меншік иелері үшін белгілі бір міндеттемелерді ескере отырып) нысан дайындау туралы өтініш жасады, өйткені оларда тиісті құжаттар болмағандықтан, олар газ тарату желісіне қосыла алмайды, бұл тұтынушылардың наразылықтарын тудырады және мұндай тұтынушылардың саны күн сайын артуда. Олардың арасында үй иелері мен ауладағы 2-3 қабатты жатақханалар бар.
Мәслихат хатшысы МСҚБ, аудан әкімдіктері, Жер комитеті бірлесіп осы мәселелермен айналысуды ұсынды, бұл ретте Алматы ауданы әкімдігінің қол қойылған жоспары да бар. Оңтүстік-Шығыс т/а 6 мың коттедж бар, олардың шамамен 30%-40% ШОБ объектілеріне айналған. Мониторинг қорытындысы бойынша үйлердің аулаларында шамамен 240 үлкен 2-3 қабатты жатақханалар анықталды.
Олжабаев депутаттардың қалған ұсыныстары негізінен техникалық сипатта екенін атап өтті. Мысалы, газға қосылу туралы алдын-ала хабарлау туралы ұсыныс болды. Бұл ұсынысты іске асыру үшін әлеуметтік желілердегі чаттар пайдаланылады, аудандық әкімдіктермен байланыс орнатылады. Жазғы кезеңде жөндеулер жүргізілді және жөндеу жүргізу үшін бір тәулікке, екі тәулікке ажыратулар болды.
Мәслихат хатшысы екі аудан кешенді түрде газдандыруды аяқтағанын, желілер үй учаскелерінің шекарасына жеткізілгенін, 14 мың үйдің ішінде 5-6 мың үйдің меншік иелері техникалық шарттар алғанын атап өтті. Жұмыстың біршама бөлігі қалды және «ҚазТрансГаз Аймақ» қызметкерлері олардың арасында проблемалық үйлер бар екенін түсінуі тиіс, меншік иелері жер комиссиясы арқылы кадастрлық құнның айырмасын ресми түрде төлеуі тиіс және осы деректерді шығару керек. Бірақ қазір ұйымның негізгі назары жеке тұрғын үй құрылысында.
Алдағы қысқы кезеңге сұрақтар мынадай, ұйым газ жіберуге дайын, мысалы, көппәтерлі тұрғын үй кешені (КПТҮ), оларға ЖШС немесе меншік иелерінің бірлестігі (МИБ), ПИК және т.б. ретінде газ берілетін болады. Одан әрі автономды жабдыққа кім қызмет көрсететін болады, тариф қандай, өйткені МИБ-де, ПИК-де де штаттарында тиісті қызметкерлері жоқ. Жаңадан пайдалануға берілетін КПТҮ бойынша жеңілдетілген рәсімді енгізу қажет. ЖЭО-3 іске қосу мерзімі ұзаққа созылып кеткені бәріне мәлім және қазірдің өзінде осы мәселемен айналысу керек. Екінші сұрақ өтемақы сомасы бойынша, бастапқыда өтемақы сомасы 163 мың деп ұсынылған, ал қазір - 413 мың теңге. Екі ауданда 9 тұрғын үй алабы бар, оларда әлеуметтік қорғау басқармасының деректер базасы бойынша ХӘОТ санатындағы қанша азамат тұрады. Депутаттар бұл ақпаратты ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін ұсынуды сұраған. Бюджеттің екінші нақтылауы өтті. Бұл санаттағы көптеген адамдар, егер 800 теңге төлесе, оларға 400 теңге өтемақы төленетінін білмеуі де мүмкін. Сондықтан депутаттар атаулы көмекті жүзеге асыру үшін мұқтаждар адамдардың тізімін ұсынуды сұрап отыр. Әлеуметтік қорғау басқармасының талаптарына сәйкес келетін 700 отбасының қаншасы газға қосылды. Каналимов аудандық әкімдіктерде де, әлеуметтік қорғау басқармасында да, ОЭКБ да, «ҚазТрансГаз Аймақ»-та да статистикалық мәліметтер жоқ екенін атап өтті, өйткені олар осы санатпен мақсатты түрде жұмыс жүргізбейді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдарға қарағанда, қоғамдық белсенділер өз аудандарындағы жағдайды жақсы біледі деп айтуға болады. ОЭКБ-на сұрақ, әуежайға желіге қосылуға рұқсат берілді, маусым айында сіздер кіру нүктесін өзгерткеніңізді жаздыңыздар, осы мәселені шешуді сұраймыз. «ҚазТрансГаз Аймаққа» күзет аймағы бойынша сұрақ, регламентке өзгерістер енгізу қажет. Депутаттар апатты жағдайларды болдырмау үшін мемлекеттік органдардың біріне жер қазу, траншеяларды қазу және т.б. жұмыстарды келісу бойынша функцияны беруді сұраған. Осы мәселе бойынша жұмыс кеңесін өткізу қажет.
Отырыс төрағасы Асқар Смағұлов Шұбар шағын ауданын газ тарату желісіне қосу мерзімдері бойынша нақтылауды сұрады. Интернациональный тұрғын алабында және Шұбар ш/а олқылықтар бар. Адамдар қазандықты сатып алды, бірақ биыл газға қосу жүргізілмейді.
Депутат Азамат Айтхожин баяндамада айтылған қате ақпаратқа наразылық білдірді. Мысалы, Железнодорожный, Мичурино, Күйгенжар тұрғындары газға қосылған алаптар ретінде аталды. Депутат ұйымда нақты қанша үйдің газға қосылғаны туралы мәліметтер бар ма деп сұрады. Күйгенжар тұрғын алабында 226 үй бар, оның 50 үйі газға қосылған, сонда қалғандарына қайтадан көмір сатып алуға тура келе ме. Депутаттар аудан әкімімен бірге Күйгенжар тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отыр.
Интернациональныйда 1182 үй бар, оның 234-і қосылған, Мичуринода 236 үй, 67-і газға қосылған. Депутат «ҚазТрансГаз Аймақ» базасында үйлерді газға қосатын ұйым құруды ұсынды. Адамдар жеке компанияларға сенбейді және сақтану үшін қайтадан көмір сатып алуға дайын. Сондай-ақ, депутат егер қатты аяз салдарынан бірнеше ауданда апаттық жағдай туындаса, ұйым проблеманы өз күшімен шеше ала ма деген сұрақ қойды. Қазір елорда газдандырылды деп айтуға әлі ерте, бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, магистралдық желілер салынды, ендігі міндет - газды тұтынушылардың үйіне дейін жеткізу. Айтхожин халықпен газға қосылу бойынша белсенді ақпараттық жұмыс жүргізу керектігін айтты.
Отырыс төрағасы Смағұлов отырысты қорытындылай келе, көптеген проблемалардың газдандыру процесіне сапасыз дайындықтан туындайтынын атап өтті.