Цифрландыру басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мәслихат ұсынымдарын орындауы барысы туралы
22.07.2022
Қалалық мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның отырысын ашқан төраға келесі аптада бюджеттік өтінімдерді талқылау басталатынын, сондықтан цифрландыру басқармасын тыңдау туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Депутаттар бірінші кезекте қандай жобаларды, стратегиялық келешекте қандай жобаларды іске асыру қажеттігін анықтауы қажет.
Атқарушы орган - «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мәслихат қабылдаған актілерді, оның ішінде шешімдері мен қаулылары бойынша ұсынымдарды орындауы барысы туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ басшысы Мейрамбек Әшірбеков баяндады.
М. Әшірбеков өз сөзінің басында басқарманың Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған, елорда халқы, әкімдік және мәслихат депутаттары қойған барлық міндеттерді орындауға дайын екенін атап өтті. Бейнебақылау камераларын енгізуге қатысты ол 2017 жылдан бастап қалада «Астана қаласында фотобейнетіркеу және бейнеталдау аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану» МЖӘ жобасы іске асырылып жатқанын айтты. Бүгінгі таңда қалада 26857 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, олардың ішінде МЖӘ жобасы аясында орнатылған камералар бар. Қазіргі уақытта камераларды орнату үшін толық инфрақұрылымы бар нүктелерді анықтау бойынша аудандық әкімдіктермен жұмыс жүргізілуде. Басқарма өз күш-жігерін осы жобаны жалғастыруға бағыттайды. Әшірбеков, құрылыс салушыларды, ғимарат иелерін, МИБ, ПИК төрағаларын Орталық жедел басқарма қызметіне бейне ағынын шығара отырып, ғимараттардың периметрі бойынша камералар орнатуды қамтамасыз етуге міндеттейтін нормативтік акт қабылдау үшін мәслихаттың қолдауы қажет екенін атап өтті, бұл жергілікті бюджеттің камераларды орнатуға арналған шығыстарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Интернет желісімен қамтамасыз етуге қатысты, басқарма басшысы қала бойынша ұялы байланысты қамтамасыз ету үшін 17 антенна-мачталық құрылғы (АМҚ) орналастырылғанын, АМҚ бойынша мекенжай картасы қалыптастырылғанын, ол АМҚ орналастыруға болатын жер учаскелерін анықтауға, бөлуге көмектесетінін айтты. Қалада АМС құрылысына мүдделі инвесторлар бар. Оларды салуға жер учаскелерін бөлу мәселесін шешуді жеделдету үшін де мәслихаттың қолдауы қажет. Сонымен қатар, талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу үшін электрмен жабдықтау тіректерін пайдалануға рұқсат қажет.
Басқарма қаланың цифрлық телқосағын (геопортал) белсенді пайдалануда, оған барлық перспективалық камералар шығарылды, ПД үшін, iKomek қызметі үшін суреттер ағынын шығару жоспарлануда, ол тұрғындар жүгінген кезде қажетті объектіні көруге мүмкіндік береді, құтқару, медициналық жедел жәрдем, ТЖ, ПД жүйелерімен біріктіру жоспарлануда. Сондай-ақ, цифрлық телқосақты коммуналдық қызметтердің пайдалануы, сервистерді ұсынуы, арнайы техникаларға, автобустарға, жедел жәрдем көліктеріне арналған GPS-ті ұсыну жоспарлануда. Ақпаратты мемлекеттік органдардан сұрамау үшін интеграциялық ШИНА (мемлекеттік органдардың барлық дерекқорларын біріктіру) жоспарлануда. Осыған байланысты орталық мемлекеттік органдармен: ҚР ДСМ, ҚР МП, ҚР ЦДИАӨМ және т.б. интеграция бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұл мәселеде де депутаттардың қолдауы талап етіледі, өйткені бұл жоба басқа жобаларды іске асыру үшін негіз болып табылады. Қала әкімдігінің жүйелік аналитикаға ие болу үшін интеграцияны қажет ететін бірнеше түрлі платформалары бар. Қазір техникалық егемендік мәселесі тұр. Басқарма Деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) құруды ұсынады, бұл – бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудегі типтік операцияларды жабатын инженерлік қызметтер, ол қауіпсіздік шығындарын азайтады.
Басқарма пилоттық режимде жол төсемі мен жол активтерін, жол ақауларын, шұңқырларды, шамдарды және т.б. сканерлеуді жүргізді. Бұл объектілерді толығымен цифрландыруға және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесін пайдалануға болады Осының арқасында жөндеуді жоспарлауға, қандай жолдар жөнделгені туралы, пайдалану мерзімдері туралы нақты білуге, жөндеу жүргізген жеткізушілердің рейтингін жасауға, қаражат пен еңбек шығындарын бақылауға болады. Бұдан әрі Әшірбеков көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне (КТҮК) кіру шлагбаумдарын жетілдіру, шұғыл қызметтердің КТҮК-не қолжетімділігі жөнінде баяндады.
Депутат Бауыржан Жанқонақов бір ай бұрын депутаттар IT университетінің базасында өткен кездесуге қатысқанын, онда екі жоба: жол төсемі мен жол активтерін сканерлеу және «Қолжетімді аула» Smart Help жобасы таныстырылғанын хабарлады. Бұл жобалардың, әсіресе бюджет қаражатын жұмсауды едәуір азайтуға байланысты тиімділігі айтарлықтай. Жыл сайын жол төсемін жөндеуге және көше шамдарын ауыстыруға қомақты қаражат бөлінеді. Наурыз айында аудан әкімдері есеп берді, онда 2-3 мың шамды ауыстыру туралы сөз болды. Мониторинг пилот шеңберінде бір, екі маманның қатысуымен іс жүзінде бір, екі арнайы машинамен қамтамасыз етіледі, оған 60-80 млн. теңге талап етіледі. Депутаттың пікірінше, бұл жоба бірінші кезекте қолдауды қажет етеді. Үш жыл бойы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған және үлкен инвестицияларды қажет етпейтін жобаларға қолдау көрсетілмей келеді. Мониторинг бойынша деректер көлік, отын-энергетикалық кешені басқармаларына, ПД жіберіледі, нәтижесінде олар қандай учаскелерге назар аудару қажет екенін көре алады. Мысалы, жобаның көмегімен көлік пен жаяу жүргіншілер ағындарын ескере отырып, бағдаршамдарды орнату жүйесін жақсартуға болады. Smart Help жобасы бойынша да жағдай осындай, әзірлеушілер бір жылдан бері өз жобаларын ұсынуда. Депутат бұл жобаны әкімнің жетекшілік ететін орынбасары бақылауға алып, уәкілетті органдарға тапсырмалар беруі тиіс деп есептейді, себебі бұл жоба адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтаумен немесе өрт қауіпсіздігімен байланысты болып отыр. «Қолжетімді аула» жобасын пайдалану үшін жұмсалатын айына 18 мың теңге мөлшеріндегі шығындар басқарушы компанияға жүктеледі, бұл осы төлемді коммуналдық шығыстарға енгізбеуге мүмкіндік береді. ПИК төрағалары бұл жаңашылдықтарға қызығушылық танытпайды, өйткені олар қосымша табыстан айырылады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев жедел жәрдем көлігінің жету уақытын есептегендерін, әдетте 7 минутта келіп жететінін, алайда тағы 7 минут шлагбаумнан кіруге кететінін айтты. Сергеев басқармадан осы мәселені шұғыл шешу үшін Абаттандыру ережелеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарға бастамашылық етуді сұрады, сонымен бірге шұғыл шешу үшін министрлікке хат дайындау керек. Жол төсемін сканерлеу жобасы бойынша Сергеев, депутаттар бұл жобаны қолдайтынын айтты, өйткені жоба жолдарды жөндеуге арналған қаржыны нақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Депутат басқармаға келесі бейсенбіде жобаларды қосымша қаржыландыруға бюджеттік өтінім беріп, кейбір орталық көшелерге тестілік талдау жүргізуді ұсынды. Қаражат салу және жұмысты бастап кету үшін, бұны жылдамдату қажет. Қараша айында, әдетте, жол төсемін жөндеуге және шамдарды ауыстыруға аудандардан бюджеттік өтінімдер түседі. Мұндай мониторинг дамыған елдерде бұрыннан қолданылып келеді. Сондай-ақ, Сергеев ақпарат қолжетімді болуы үшін қандай көшелер жөнделгені туралы мәліметтерді геопорталға орналастыру қажет екенін айтты.
Депутат Куреш Солсанов пайдалануға берілгеннен кейін арнайы жабдық жол төсемінің сапасына талдау жасай ма деген сұрақ қойды, оны Тапсырыс берушіге қосымша тапсыру қажет болады.
Тұрақты комиссия төрағасы басқарма басшысына депутаттардың жобаларды қолдауға дайын екендігін айтты, сондықтан жобаларды дайындау бойынша жұмысты белсендендіру қажет. Кейбір басқармалар инновацияларды қолдамайды. Осыған байланысты Сергеев экономика басқармасы басшысының орынбасарынан цифрландыру мәселесін пысықтап, басқару көрсеткіштерінің тізбесіне процестерді цифрландыру бойынша KPI (тиімділіктің негізгі көрсеткіші) енгізуді сұрады. Тұрғын үй алаптарында камераларға қажеттілік үлкен, бірақ оны кездейсоқ емес, орындылықты ескере отырып қанағаттандыру керек, әсіресе бұл тұрғындар мен балалардың қауіпсіздігі мәселесі.
Солсанов басқарма басшысына Көктал ауданын интернетпен қамтамасыз етуге қатысты сұрақ қойды, оның тұрғындары депутатқа интернетке жиі қол жеткізе алмайтындары жөнінде шағымданған. Қазақтелеком барлық тұрғын алаптарын қамтамасыз ете алмайды.
Сергеев антенна-мачталық құрылғылар мәселесін құрылыс басқармасымен талқылау керектігін, өйткені көп жағдайда объект пайдалануға берілгеннен кейін АМҚ орналастыру мәселесі туындайтынын, сол үшін тиісті құжаттарға антенна-мачталық құрылғыны орнатуды құрылыс салушыларға міндеттеу талабын енгізу керектігін айтты. Депутат тұрғын үй алаптарын интернетпен қамтамасыз ету жөнінде қыркүйек айына дейін мәслихатқа ұсыныстар енгізуді сұрады, оны жеке операторлардың қарауына қалдыруға болмайтынын айтты. Арнайы көліктердегі GPS мәселесі бойынша шешімді тездету керек. Техника жеткілікті, бірақ тиімділікті бақылау мүмкін емес. Геопорталға жыл сайынғы қызмет көрсету қымбатқа түседі, сондықтан оның қаншалықты қажет екенін шешу керек, бұл модельдің қаншалықты тиімді екенін түсіну үшін осы мәселені зерттеу қажет. Сондай-ақ, Astana Innovations ӘКК-мен бірлесіп зираттардағы орындарды цифрландыруды қолға алуы керек, өйткені кейбіреулер адамдардың қайғысынан пайда көреді. Депутат порталда жерлеуге арналған бос орындар туралы мәліметті ұсыну үшін, осы қызметті цифрландыруды ұсынды.
Негізгі ақпарат сақталатын Ақпаратты сақтау орталығын құруға қатысты жобаны да Сергеев қолдады.
Депутат Азамат Өмірзақов сансыз көп IQalа, IKomek платформалары туралы айтты – олардың қызметінде келісушілік жоқ. Депутаттың пікірінше, Деректерді өңдеу орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қиын, бұл орталық сыртқы қатерлерден қаншалықты қорғалатын болады. Мәселе қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық объектілерге қатысты болып отыр. GPS мәселесіне қатысты, депутат жүйе автобустарды, арнайы көліктерді ғана емес, жүргізушілердің денсаулық жағдайын да қадағалай алатынын айтты (АҚ, шаршауы, темекі шегуі, жүргізу стилі, көлік жүргізу барысындағы алаңдаушылығы және т.б.), бұл жоба бойынша шетелде оң тәжірибе бар.
Тұрақты комиссияның төрағасы Сергеев отырыста Тексеру комиссиясының қызметкерлері қатысып отырғанын атап өтіп, интеграциялық ШИНАНЫҢ жұмысы қалай жүргізілетінін сұрады. Оған қанша қаражат қажет, сапалы талдауды қамтамасыз ету үшін, қандай да бір мәселелер бойынша жедел шешім қабылдау үшін жүйенің жұмысы үнемі жаңартылып отыратын сапалы ақпаратқа байланысты болады, мысалы, экономика басқармасына шағын және орта бизнес қызметін бақылау жеңіл болады.
Қарауға шығарылған барлық мәселелер талқыланып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.