2021 жылға арналған бюджеттің атқарылуы мәселесі бойынша кезектен тыс сессия
15.06.2022
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмысына қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, қала аудандарының әкімдері, мемлекеттік құрылымдардың басшылары, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібін қарау алдында астана әкімінің орынбасары Есет Байкен сөз сөйледі. Ол алдын ала жүргізілген үлкен жұмыстың, депутаттардың көптеген сұраныстарының арқасында және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес қала әкімдігі әлеуметтік, мәдениет, спорт, ішкі саясат салалары және т. б. қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы қаулы қабылдағанын хабарлады. Жалпы, үстеме пайызы 30-дан 100%-ға дейінгі мөлшерді құрады. Жергілікті атқарушы органдардың өкілді органдармен келісім бойынша қызметкерлерге үстемеақы пайызын белгілеуге өкілеттігі бар. Нәтижесінде елорданың 60-қа жуық ұйымының 4000-нан астам қызметкерінің жалақысы көтерілді.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов мәслихаттың алдыңғы сессиясында бұл мәселе талқыланғанын айтып, әріптестеріне және қала әкімдігіне мәселені оң шешкені үшін алғысын білдірді.
Қалалық Қаржы басқармасының басшысы Әліби Жұмаев 2021 жылғы бюджеттің орындалу қорытындылары туралы ақпарат берді.
2021 жылы 720 млрд. 378 млн. теңге түсті, жоспар 43 млрд. 156 млн. теңгеге (106,4%) асыра орындалды, оның ішінде салықтық түсімдер есебінен 455 млрд. теңгеден астам, салықтық емес түсімдер бойынша – 13 млрд. теңгеден астам. Кірістердің негізгі бөлігі - салықтық түсімдер. Кірістердің жиынтық көлемі 496 млрд. теңгені құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігі 97,2% деңгейінде орындалды. Елорданың даму бюджеті 183,1 млрд. теңгені құрады, 18,8 млрд. теңге игерілмеген.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының басшысы Иманжүсіп Ақпомбаев 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді. Республикалық көлемде елорданың үлесі 9,9% - ды құрайды және қала Алматы мен Атырау облысынан кейінгі үшінші орында тұр.
Ақпомбаев бюджеттің әлеуметтік бағыты басымдықта қалғанын атап өтті. Алайда, атқарушы орган борышының ұлғаю үрдісі сақталып отыр, бұл бюджетке ауыртпалық түсіреді. Қарыздың өсуі МЖӘ жобаларын іске асыру шеңберінде қабылданған міндеттемелерге байланысты сақталып отыр. Осыған байланысты әкімдік МЖӘ жобаларын іске асырудың ұтымдылығын қайта қарауы керек.
Жоспарлау кезінде кейбір әкімшілер РБ-тен 8,2 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттерді қайтаруға жол берген, бұл қаражаттың, оның ішінде білім, құрылыс басқармалары тарапынан тиімсіз пайдаланғанын айғақтайды.
2021 жылғы дебиторлық берешек 45,3 млрд. теңгені құрады, негізінен бұл өткен жылдардың берешегі. Мұндай жағдай бюджеттік бағдарламалардың кейбір әкімшілері тарапынан шағым-талап жұмыстарының нашар жүргізілуіне байланысты қалыптасып отыр.
Осыған байланысты мәслихатта бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен дебиторлық және кредиторлық берешек мәселелері бойынша отырыс өткізу жоспарланған.
Ақпомбаевтың пікірінше, әкімшілер Тексеру комиссиясының аудиторлық тексеруін күтпей, өз құзыреті шеңберінде проблемалық мәселелермен жүйелі түрде айналыса отырып, жағдайды жақсарту бойынша шешімдер әзірлеуі керек.
Қорытындымен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев сөз сөйледі. Ол бірлескен отырыстарда жергілікті атқарушы органның 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралғанын атап өтті. Депутат бюджетке түсетін түсімдер шамамен 23 млрд. теңгеге өскенін, сонымен қатар, тек 97,2% игерілгенін атап өтті. Әкімшілер айтарлықтай соманы игермеген, бұл ретте айта кететін жайт, бюджетті нақтылау барысында депутаттар проблемалық мәселелерді шешу үшін, ауруханаларды жөндеуге, жолдарды, инженерлік желілерді салуға қаражат табуға қиналды. 2021 жылы кредиторлық берешек 2,2 есе өсті, сондықтан салдарынан кредиторлық берешек қалыптасып қалатын МЖӘ жобаларын қайта қарау қажеттілігі туындады. Бюджет қаражатының жүйелі негізде игерілмеуінің негізгі себептері өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындамауы, конкурстардың өткізілмеуі болып қалып отыр. Отырыс барысында депутаттар басқармалардың әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу, оның ішінде мектеп салу кезіндегі іс-қимылдарында келісушіліктің болмауына байланысты мәселен, алдымен мектептер салынады, содан кейін ғана инженерлік желілер, кірме жолдар салумен айналысатынын атап өтті. Сондықтан қаражат бөлу алгоритмі түзетуді қажет етеді.
Бюджеттің жұмсалуын жоспарлау кезінде қаржы ұйымдары инфрақұрылымдық объектілерге қажеттілікті анықтауға көмектесетін Big data сияқты заманауи технологияларды қолдануы керек. Оны әкімдік жұмысында пайдалану бюджетке түсімді, тәуекелдерді болжауға мүмкіндік береді. Сергеев жөндеу жұмыстарын нақты жүргізу және бюджет қаражатын үнемдеу, ГМС есебі мен шығынын автоматтандыру үшін Astana innovations-та бар жолдардың жай-күйін мониторингтеу нәтижелерін қарауды ұсынды. Қоғамдық көліктерде билетсіз жүру бюджетке үлкен залал келтіреді, жол ақысын төлеу жүйесі жетілдірілмегендіктен, бюджет жылына 3-4 млрд. жоғалтады. Сергеев осы мәселені талқылауға халықты барынша тарта отырып, билетсіз жол жүру мәселесі бойынша жария тыңдаулар өткізуді ұсынды, оны онлайн режимінде өткізуге болады. Сондай-ақ, ол қалада әлеуметтік нысандар құрылысының сапасы, оның ішінде мектептерге салынатын жапсарлас құрылыстардың сапасы мәселесі өткір тұрғанын атап өтті. Құрылыс басқармасы кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін кемшіліктердің жойылуын талап ете отырып, қамтамасыз етуі керек. Жол қозғалысы ережелері бұзылуының уақтылы тіркелмеуіне, полиция департаментінің айыппұлдарды түгел алмауына байланысты бюджетке 7-8 млрд. теңге түспей қалған. Депутаттар жасыл желектерді түгендеу және паспорттау қажеттілігі туралы бірнеше жыл бойы айтып келеді. Сергеев Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне алғысын білдіріп, тиімсіз жұмсаулардың салдарынан үлкен бюджеттік шығындарға жол бермеу үшін алдын ала аудит жүргізу тәжірибесін енгізуді ұсынды.
Депутат Алмат Жүнісов өткен жылдардың дебиторлық берешегі бойынша сұрақ қойды, оны қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жоспары бар ма? Сондай-ақ, депутат бюджеттің орындалмау динамикасына, МЖӘ жобаларын іске асыруға байланысты кредиторлық берешекке, бересінің өсуіне, ХӘОТ санатын азық-түлік тауарларымен атаулы әлеуметтік көмекке қатысты сұрақтар қойды. Депутаттың пікірінше, конкурстық рәсімдерді уақытында өткізу маңызды, сонда қаражат толық көлемде игерілетін болады.
Мәслихат хатшысы жеке сот орындаушыларының палатасымен меморандум жасалғанын хабарлады. Оның айтуынша, 60-70%-ы қайтарылмайтын қарыздар, өйткені олар бойынша жеткізушілер қазір жоқ. Енді дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын дайындау қажет. Сондай-ақ, аудит барысында мемлекеттік органдардың заң қызметтері өте тиімсіз жұмыс істейтіні анықталды.
Есет Байкен өткен аптада Мәжілісте орындаушылық тәртіп бойынша отырыс өткенін хабарлады. Осыған байланысты әкімдік тоқсан сайын бюджеттің атқарылуына арналған отырыстар өткізуді ұсынады. Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын дебиторлық берешекке бақылауды күшейтуі қажет. Бұл екі критерий экономика басқармасы мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің KPI-не кіруі тиіс.
Мәслихат хатшысы әкімдіктің ұсынысы депутаттар тарапынан қолдау табатынын айтты. Шілде айында бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бюджетті игеру және дебиторлық берешек бойынша отырыстар өткізу жоспарлануда. 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы жөніндегі бекітілген есептің қорытындылары бойынша мәслихат аппараты жағдайды жақсарту жөнінде, оның ішінде бірінші басшылардың бюджеттің атқарылуы үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстармен әкімнің атына қызметтік жазба дайындайды. Каналимов отырыста дүйсенбіде тұрақтандыру қорынан өнімдер сатылатын барлық супермаркеттерде өнімдер тізімі туралы ақпарат орналастырылады деген уәде болғанын еске салды. Алайда, бірде-бір дүкенде мұндай ақпарат бар тақтайшалар орналастырылмаған.
«Мемлекет мұқтажы үшін учаскелерді алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы» мәселе бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысы Әнуар Саипов сөз сөйледі.
Мәслихат хатшысы тұрақты комиссия отырысында бұл мәселе жер учаскелерінің меншік иелерін шақырумен қаралғанын хабарлады.
Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова сөз сөйлеп, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Назгүл Мақжанованың өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаны жөнінде хабарлады.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов, депутаттар Владислав Сергеев, Азамат Айтхожин, Алмагүл Сегізбай, Нұрдәулет Оразханов, Бауыржан Жанқонақов әріптестеріне жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы қалалық Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Есіркеп Сәкен баяндады.
Депутат Владислав Сергеев Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы тұрғындарының Жанкент көшесіне жапсарлас жатқан тұйық көшелердің біріне атау беру туралы тілегін жеткізді.
Иманжүсіп Ақпомбаев «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы» мәселе бойынша сөз сөйледі. Ағымдағы жылдың маусым айында Егор Валерьевич Лебоның Тексеру комиссиясының мүшесі ретінде өкілеттік мерзімі аяқталады. Лебо жоғары білікті маман болып табылады, өзінің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөледі, Тексеру комиссиясының жұмысын жақсарту және іске асыру бойынша қызметке үлкен үлес қосты. Мемлекеттік қызметтегі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарындағы өтілі - 20 жылдан астам. Депутаттар Е. Лебоны Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі ретінде 5 жыл мерзімге тағайындау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер қаралды және олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.