Әлеуметтік саладағы және құқық бұзушылықтың алдын алу бөлігінде бюджетті атқару жөніндегі бірлескен отырыс
26.05.2022
Қалалық мәслихатта Нұрлан Көпешовтың төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың Нұр-Сұлтан қаласының 2021 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті талқылау жөніндегі бірлескен отырысы өтті.
«Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» ММ басшысы Әліби Жұмаев салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша бюджеттің атқарылу динамикасы туралы баяндады.
2021 жылы 720 млрд.теңгеден астам түсім түсті, жоспар 43 млрд. 156 млн. теңгеге асыра орындалды, оның ішінде салықтық түсімдер есебінен 45 млрд. теңгеден астам, салықтық емес түсімдер бойынша – 13 млрд. теңгеден астам, кірістердің негізгі бөлігі - салықтық түсімдер. Кірістердің жиынтық көлемі 496 млрд. теңгені құрады.
Бұдан әрі Жұмаев бюджеттің атқарылуы бойынша шығыстар туралы ақпарат берді. Жыл ішіндегі көрсеткіш 97,2% - ды құрады, бюджет шығыстары 699 млрд. 900 млн. теңгені құрады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде 13 әкімшінің ішінде - білім беру басқармасы бойынша, оның ішінде РБ есебінен 254 млн. теңге мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бойынша, жеткізушілермен шарттардың бұзылуы нәтижесінде мекемелердің күрделі шығыстары бойынша игерілмеген. Полиция департаменті бойынша үнемдеу есебінен ЖБ қаражаты және еңбекке ақы төлеу қоры бойынша үнемдеуге байланысты Ұлттық қордан қаражат, әлеуетті өнім берушілердің болмауына байланысты мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражат игерілмеген. Дене шынықтыру және спорт басқармасының жоспары 97,8%-ға орындалды, республикалық және халықаралық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша құрама командалар мүшелерін дайындау және қатысу бағдарламасы бойынша РБ есебінен, спорттан балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру бағдарламасы бойынша үнемдеу есебінен қаражат игерілмеген. Мәдениет басқармасы М. Горький атындағы орыс драма театрын жөндеу бойынша жұмыс кестесінен кешігуі, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік шығармашылық тапсырыстың төленуіне байланысты ЖБ қаржысын игермеген. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бойынша 22 млн. теңге игерілмеген, оның ішінде нысаналы трансферттер және ЖБ есебінен үнемдеу себебінен.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ басшысы Иманжүсіп Ақпомбаев өз сөзінде елордада 2021 жылы тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталғанын атап өтті. Республикалық көлемде елорданың үлесі 9,9% - ды құрайды және қала Алматы мен Атырау облысынан кейінгі үшінші орында тұр. Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша оң өзгерістерге қарамастан, барлық тауарлар мен қызметтерге инфляцияның өсуі, жұмыссыз халықтың артуы, сондай-ақ табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің өсуі байқалады. Бұдан кейін ол 2021 жылдың қорытындысы бойынша бюджет кірістері мен бюджет шығыстарының құрылымына тоқталды. Полиция департаменті бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты, оның ішінде өңделмеген мәліметтерді сапасыз тіркеуге және айыппұлдарды төлеу бойынша шараларды қабылдамауға байланысты бюджеттің жанама шығындары анықталды. РБ трансферттерінің бір бөлігі қайтарылды, бұл білім басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының РБ қаражатын тиімсіз пайдаланғанын көрсетеді. 2020 жылмен салыстырғанда дебиторлық берешек өсті. Өткен жылдардағы берешектің жоғары үлесі 83,1% сақталуда. Ең көп үлес құрылыс басқармасына, отын-энергетикалық кешен басқармасына және көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына тиесілі. Ең үлкен кредиторлық берешек те сондай-ақ, құрылыс басқармасына, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына тиесілі.
Ақпомбаев талдау бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде жылдан жылға қайталанатын жүйелі проблемалардың бар екенін көрсеткенін атап өтті.
«Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Алмат Сейітқұлов жалпы 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасы бойынша 3 бағыт шеңберінде 21 нысаналы индикаторды орындау көзделгенін, оның ішінде 17-не (81%) қол жеткізілгенін, 2-не (9,5%) қол жеткізілмегенін, 2 индикатор бойынша ағымдағы сәтте есепті кезең үшін статистикалық деректер жоқ (9,5%) екенін мәлімдеді.
Әлеуметтік салада 2021 жылы жаңа кәсіпорындар ашу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрғандарын дамыту есебінен 28305 жаңа жұмыс орындары құрылды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен 6 мың бала, яғни 4 032 отбасы қамтылды. Білім беру саласында 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 50 мың баланы (81,2%), 3-6 жастағы балаларды қамту 45,9 мың баланы (99,1%) құрады, оның ішінде балалардың 41% - ы мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдарға барады. Балабақшалардағы орындарды ұлғайту мақсатында қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында қосымша корпустар ашылды. Денсаулық сақтау саласында біліктілікті арттыру курстарында 1 538 адам, оның ішінде дәрігерлер – 936 адам, орта медициналық персонал – 323 адам, әкімшілік персонал – 279 адам оқытылды. Тұрғын үй сатып алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 1281 тұрғын үй сертификаты берілді. 2021 жылы «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС үлестік құрылыстың 11 проблемалық нысанын пайдалануға берді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті жүргізетін «Мақсаттарға қол жеткізу» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу 95,6% - ды құрады, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 7,7% - ға жоғары.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов қаржы басқармасының басшысына сұрақ қойды. Ол өткен жылы алғаш рет мәслихаттың ұсынысы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік жүргізілгенін атап өтті. Бухгалтерлерді даярлау, жоспарлау, баланс, кіріс және шығыс бөліктері бойынша сұрақтар болды. Каналимов кемшіліктердің ең маңызды себебі – қаржылық тәртіптің бұзылуы екенін және шаралар қабылданбаған жағдайда бұл жағдай жылдан жылға қайталанатынын атап өтті. Ол бухгалтерлерді оқытуды жылына бір рет емес, тоқсанына бір рет бухгалтерлермен кездесіп, бұзушылық фактілері бойынша емес, жүйелі түрде оқытуды ұсынды. Сондай-ақ, Каналимов бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруды ұсынды, бұл туралы қала әкімі де айтқан. Көп жағдайда бірінші басшылар қол қою құқығын орынбасарға береді, бірақ барлығына бірінші басшы жауапты болуы керек. Тағы да бас мамандар, бухгалтерлер жазаланды. Каналимов қала әкімінің осы мәселе бойынша жетекшілік ететін орынбасарының атына қызметтік жазба дайындауды тапсырды. Мәслихат хатшысының пікірінше, қаржы министрлігінің үлгісі бойынша тәжірибені енгізетін кез келді, игерілмеген соманы бюджеттік лимиттен алып тастау керек. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің немқұрайдылығынан үлкен сомалар РБ-ке қайтарылады.
Екінші сұрақ экономика басқармасына қатысты болды, жыл қорытындысы бойынша 63,7 млрд.теңге мөлшерінде бюджет қаражаты қалдығы қалыптасқан. Бұл қалдықтар Елорда Даму сияқты және басқа да кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығына әсер етеді. Ол экономика басқармасынан осы мәселе бойынша құрылыс басқармасымен бірлесіп есеп дайындауды сұрады. Өткен жылы елордада бюджет профициті болды. Оның нақты қайда жұмсалғанын, кімге берілгенін көрсету керек еді. Әрі қарай ол қарыздың өсуіне қатысты сұрақ қойды. Ол тәуекелдерді талдауды дайындауды ұсынды, өйткені бұл өсіп келе жатқан қаланың қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ол МЖӘ мен бюджет бойынша қарыз бойынша ақпарат дайындауды, сондай-ақ қарыздарды өтеу кестесін ұсынуды сұрады.
Мемлекеттік кірістер басқармасына дебиторлық берешек бойынша қандай шаралар қабылданғаны жөнінде сұрақ қойылды. Жыл сайын жоспарлауда теңгерімсіздік орын алады, мүмкін кешенді жоспар әзірлеу керек шығар. Қалада салық төлеушілердің үлкен саны бір жыл немесе жарты жыл ішінде пайда болған жоқ қой, бұл қарыздың себебі неде? Каналимов мемлекеттік кірістер басқармасына берешектерге қатысты жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындауды ұсынды, себебі бұл жоспарлауға әсер етеді. Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер бойынша әкімшілер қандай жауапкершілікке тартылды?
Мәслихат хатшысы сондай-ақ әлеуметтік бөлімге қатысты ескерту айтты, қолданыстағы бюджеттің 35-38% әлеуметтік салаға бөлінген, бірақ бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану құқығын бермейді. Қаржы басқармасы мен тексеру комиссиясы шешім қабылдағанда бөлінген лимиттер мен бос қалдықтарды ескеруі тиіс. Мәслихат қаражат бөлмейді деп, мәслихатқа сілтей салу мемлекеттік органдар үшін тәжірибеге енді, бұл өте дұрыс емес, өйткені ақшаны қала әкімдігі бөледі, ал мәслихат басымдықтарды ескере отырып оны бекітеді. Полиция департаменті бойынша Сергекке қатысты үлкен сома қалыптасқан, ПД кешенді жоспарды бекітті, басқалар сияқты ПД де бюджеттің кіріс жағын қарастырып, жұмыс жасауы керек.
Депутат Алтыншаш Табулдина фейсбукке келіп түскен «Неліктен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қиын өмірлік жағдайға тап болған мүгедектерге жалғыз ақшалай төлем беру кезінде әртүрлі ережелер ойлап табуда (сатып алынған дәрі-дәрмектерге чек талап етіп отыр), мүгедектердің өмірлік қиын жағдайлары әртүрлі болады ғой» деген сұрақты оқыды. Депутат егер қосымша сатып алу қажеттілігі болса, дәрілік заттарды сатып алуға қатысты ережелерді жеңілдету бойынша өзгерістер енгізуді ұсынды.
Тұрақты комиссияның төрағасы Нұрлан Көпешов отырыс соңында фейсбуктен елорда тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарды оқыды.
Көпешов бірлескен отырысты қорытындылай келе, мемлекеттік органдардан келесі бірлескен отырысқа мәслихат депутаттары мен қала тұрғындары қойған барлық сұрақтар мен мәселелер бойынша ақпарат дайындауды сұрады.