Аудан әкімдіктері мен елорда басқармаларының бюджеттік өтінімдерін қарау
18.04.2022
Қалалық мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның отырысы барысында «Бюджеттік өтінімдер жобаларын қарау» мәселесі талқыланды.
Қосымша қажеттілікке қатысты бірінші болып Алматы ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов баяндама жасады. Жалпы қаржыландыру қажеттілігі 983 млн. теңгені құрайды, оның ішінде қызметкерлерді қысқарту бойынша өтемақы төлеуге, ағымдағы шығыстарға, іссапар шығыстарын төлеуге, 009 бағдарламасы бойынша Оңтүстік-Шығыс, Железнодорожный, Промышленный, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный тұрғын алаптарында контейнерлік алаңдарды ағымдағы күтіп ұстауға және жайластыру үшін 300 дана жаңа контейнер сатып алуға және 200 данасын жөндеуге, модульдік дәретханаларды ұстау және қызмет көрсетуге, су бұру желілерін жайластыруға, жерлеу орындарын күтіп-ұстауға және туысы жоқ адамдарды жерлеуге, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға қаржы қажет.
Тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев алдағы уақытта отырыстарда қажеттілік бойынша ақпараттың толық берілуін сұрады, өйткені бүгінгі өтінімде көптеген тармақтар жоқ. Депутаттар Бюджет кодексі шеңберінде басымдықтарды айқындауы тиіс, олар өтініш берілмеген ұсыныстарды қолдай алмайды.
Мәслихат хатшысы туысы жоқ азаматтарды жерлеумен тек аудандық әкімдіктер айналысатынын, ал жеке ұйымдар халыққа қызмет көрсететінін хабарлады. Қай жерде жерлеу бойынша адамдарда таңдау болуы керек, мәселе осы туралы болды. Сондай-ақ Каналимов өтемдік отырғызу мәселесін көтерді, өткен жылы кіреберіс жолдарға қатысты көптеген шағымдар түсті, отырғызулар толық жүргізілмеген және отырғызылған жасыл желектердің көпшілігі тамыр алмаған. Аудан әкімдіктері бұл мәселелерді бюджет есебінен шешуге мәжбүр. Зираттар бойынша, жарықтандыру, қоршау мәселелерін ретке келтіру керек. Алдағы іс-шараларға байланысты өзен арналарын тазартуға назар аудару керек. Депутаттарға скейтбордшылар қауымдастығы жүгінді, олар халықаралық жарыстар өткізу үшін бір кәсіби скейтборд алаңын салуды сұрайды. Сондай-ақ, Каналимов қалада көптеген учаскелердің жарықтандырылмағанына назар аударды. Мамырға дейін жарықтандырулар бойынша тексеру жүргізуді сұрады, қажет болған жағдайда, осы мәселе бойынша тыңдау өткізу қажет.
Депутат Владислав Сергеев Зеленстройды ӘКК-ге беруге қатысты сөз сөйледі, суару жүйесі тиімсіз және өте қымбат. Депутаттар Зеленстройға барған кезде хаттамалық тапсырма берген, бірақ қазір ұйымға кім жетекшілік ететіні белгісіз. Инвестициялар басқармасы аудандардың барлық ұсыныстарын жинауы қажет.
Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Саматұлы сөз сөйлеп, қосымша қажеттілік 1 млрд. 188 млн. теңгені құрайтынын, оның ішінде 001 бағдарлама бойынша аудандық іс-шараларды өткізуге, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуге, күрделі шығыстарға, аудан аумағының санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге, нөсер кәрізін пайдалануға, жерлеу орындарын (7 орын) күтіп-ұстауға, елді мекендерді абаттандыруға, мұз айдындарын жайластыруға, жасыл желектерді суаруға, тротуарларды жайластыруға, көшелерді қоршауға, аялдама кешендеріне жұмсалатынын айтты.
Есет Байкен қоршауларға қатысты сөз сөйледі. Қала әкімі орынбасарының пікірінше, мәселені қоршау есебінен шешу дұрыс емес, өйткені онымен бірге қауіпсіздік пен санитарлық жағдайдан бастап, тағы басқа қосымша ілеспе проблемалар туындайды. Мәселені жасырып қала алмайсың, мысалы, Оңтүстік гараждарын бір кездері қоршау арқылы жасырып тастамаса, ол мәселе әлдеқашан шешілген болар еді.
Депутат Алмат Жүнісов те Кирпичныйда қоршау салуға қарсылық білдірді. Депутат әкім орынбасарын қолдап, бұл соманы тұрғын алабының проблемаларын шешуге бағыттаған дұрыс деген пікір айтты. Екінші сұрақ, көктемде жолдардың мәселесін шешу басталады және тұрғын үй алаптарының абаттандырулары бұзылады. Жер жұмыстарына байланысты абаттандырудың бұзылуы жоспарланған аймақтар туралы ақпарат қажет, олар бойынша уәкілетті басқармаларға сұрау жіберіледі.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов негізінен коммуналдық қызметтер қазатынын айтты, 4 аудан бойынша 500-ден астам жер жұмыстары жүргізіліп, абаттандыруы қалпына келтірілмеген. Қала бойынша техникалық сенбілік өткізілді, аудан әкімдіктері бақылаумен айналысуы тиіс. Бұрын белгілі бір мерзімдер, кепілдік міндеттемелер болған. Осыған байланысты, ОЭКБ Абаттандыру ережелерін, қоршаған ортаны қорғау басқармасы көгалдандыру бағдарламасын қашан енгізеді. Өтемақыны ескере отырып, ғылыми негізде көгалдандырудың кешенді бағдарламасы болмайынша, әрбір аудан мұны өз қалауы бойынша, үйлестірусіз жасайтын болады. Қоршаған ортаны қорғау басқармасы басымдықтарды анықтауы керек, мүмкін алдымен ірі нысандарды бақтарды, саябақтарды көгалдандыру керек шығар, басқарма мұнымен айналысуы керек. Қазір аудандар суару үшін қаржыландыру сұрайды, суды үнемдеуге ықпал ететін бірыңғай тәсіл қажет.
Сергеев мәслихат хатшысын қолдады, суару жүйесіне бірыңғай тәсіл қажет. Ол мәселені шешу үшін жұмыс тобын құруды, оған депутаттарды қатыстыруды ұсынды. Мерекелерге арналған шығындарға қатысты, депутат оларды орынсыз деп санайды, өйткені түрлі әкімшілер бір іс-шараға әртүрлі сома сұрайды, тұрғын алаптарында мерекелерді мәдениет басқармасы да, әкімдіктер де өткізгісі келеді. Шығындардың негізгі баптары қазір әлеуметтік шығындар мен инфрақұрылым. Мектептер салынып жатыр, бірақ оларға жол жоқ. Ол өтінімдердің мазмұны ұсынылған ақпаратпен сәйкес келмейтінін тағы бір атап өтті, сондықтан депутаттар өтінімді қолдай алуы үшін алдағы уақытта нақты ақпарат дайындау қажет.
Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев халықтың өсуіне байланысты туындаған қосымша қажеттілікке қатысты баяндады. Өткен жылмен салыстырғанда халық саны 43 322 адамға көбейді, аудан халқының саны барлығы 341 352 адамды құрайды, көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің (КТҮК), көшелердің, аула аумақтарының саны артты, қосымша қажеттілік 4 млрд. 987 млн. теңге көлемінде, оның ішінде Бірыңғай есеп айырысу орталығы қызметтеріне, көшелерді жарықтандыруға, сәндік жарықтандыруларға (коммуналдық меншікке 15 КТҮК қабылдау жоспарлануда), квартал іші аумақтарын тазалау жұмыстарына, санитарлық тазарту іс-шараларына қаражат қажет. Ауданда теңгерімге берілмеген 26 көше бар, сондықтан бұл көшелерде жарықтандыру проблемалары орын алуда. Қаражат контейнерлік алаңдарды жөндеуге және абаттандыруға, қоқыс жәшіктерін сатып алуға және орнатуға, қоқысты шығаруға және кәдеге жаратуға, мерекелерге орай қаланы безендіруге қажет.
Депутат Бақдәулет Жанділдаев велосипед тұрақтарына қатысты сұрақ қойды, аудан әкімдігі жөндеу жұмыстарына қомақты сома сұрайды, сондай-ақ СТЅ те жөндеуге қаржы сұрап отыр.
Тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев бәрі бірыңғай тұжырымдаманың болмауынан екенін айтты. Әкімдік веложол салуға қаражат, квартал іші аумақтарын тазалауға, көгалдандыруға үлкен сома сұрап отыр. Депутат бір көшеде бір мезгілде 8 көлікті пайдалану тиімсіз деп санайды, бұл мәселені Астана Тазалық мекемесімен шешу керек. Сергеев ауданның өтінімінде басқа аудандармен салыстырғанда едәуір сома көрсетілгенін атап өтті.
Сарыарқа ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов 499 млн. теңге суаруға арналған жергілікті бұрғылау жүйесін құруға, 237 мың қума метрден астам бұталы қоршау отырғызуға, кіреберіс қақпалары, гранит тақталары, тақтайлы жабындылары, кіші сәулет нысандары тозған 132 га қалалық зиратта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қажет.
Есет Байкен скейтборд алаңының құрылысы туралы хабардар етті, бұл мәселе қыс бойы талқыланды. Алайда депутаттардың сын-ескертпелерінен кейін бұл жоба кейінге қалдырылды. Егер депутаттар қолдаса, құрылыс жобасы дайын, келесі жылы кірісуге болады. Екінші мәселе - Астрахань тас жолындағы зиратты жөндеу. Металдың қымбаттауына байланысты жөндеу құны қайта қымбаттады, сондықтан биыл онымен айналысу керек.
Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерсін Өтебаев қосымша қажеттілік 4 млрд. 400 млн. теңгені құрайтынын айтты. Барыс Аренаны, Алауды, Астана Аренаны қолдауға қосымша қаржыландыру қажет.
Депутат Салтанат Женалаева 100 пәтерге қатысты сұрақ қойды, бұл пәтерлер кім үшін? Astana Venue Management қызметі бойынша сұрақтар бар, компанияның шығындары қайда жұмсалып жатыр, Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайына, Тәуелсіздік сарайына - 1,5 млрд. теңге. Өткен жылы 1,5 млрд. теңге сұралған, ағымдағы жылы дәл сол сома - 1,5 млрд. теңге.
Депутат Бауыржан Жанқонақов үш нысан – Барыс, Алау, Астана ареналарына бөлінетін 3 млрд. теңгеге қатысты наразылық білдірді. Сенімгерлік басқарудың мәні бюджетке жүктемені азайту болып табылады, өткен жолы басқарушы компания даму жоспарын ұсынуға уәде берген еді.
Депутат Владислав Сергеев әріптестерін қолдап, ыстық сумен жабдықтауды қаржыландыруға болатынын айтты. Алайда, көптеген мәселелерді басқарушы компанияның қаражаты есебінен жабуға болады, жақында сессия өтеді, одан кейін тұрақты комиссия отырыс өткізеді және сол отырыста қолдау қажет пе, әлде қажет емес пе, шешу керек. Электронды билеттерді сатудың нақты жүйесін құру қажет, ол бойынша басқарушы компанияның қанша табыс табатыны, секцияларға қанша бала баратыны белгілі болатын. Депутат 100 пәтер бойынша ақпарат беруді сұрады, олар кімге бөлінеді, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қай санаттарына беріледі.
Есет Байкен 100 пәтер сатып алу туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Қала әкімінің орынбасары әкімдік кезекте тұрғандар үшін жыл сайын пәтер санын көбейтетінін, биыл 10 мың пәтер берілетінін айтты. Кезекте тұрғандар санын азайту шаралары мәселені шешкен жоқ. Бүгінде статистика мынадай, кезектен қанша адам шығарылса, сонша кезекке қойылады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілер бұл шарадан тыс қалып отыр. 2019 жылға дейін бұл мәселе ЖАО есебінен, кезекте тұрғандарға әлеуметтік тұрғын үй салу есебінен шешілген. Әкімдік белгілі бір пәтер санын өзіне қалдыра алды. Осыған байланысты Байкен ең мұқтаж санат - мемлекеттік қызметшілерге 100 пәтер сатып алуды қолдауды сұрады, егер әр ауданда кемінде 2 пәтер берілсе, мәселе біртіндеп шешіледі.
Депутат Владислав Сергеев депутаттар мен қоғам өкілдерін осы мәселемен айналысатын комиссия құрамына енгізуді сұрады.
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев қосымша қажеттілік 3 млрд. 300 млн. теңгені құрайтынын баяндады, қаражат 4 қызметкердің қысқартылуына байланысты, қайтыс болуына байланысты өтемақы төлеу үшін қажет. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша сәуір айының соңына дейін тұрақтандыру қорын ұйымдастыру үшін қаражат қажет. Көктемде күзгі өнімдерге форвардтық шарттар жасау керек. Биыл елордада ет өңдеу зауыты мен кондитерлік зауыт пайдалануға беріледі. ӘКК, оның ішінде Астана Орманы да басқарма қарамағына берілді.
Депутат Бауыржан Жанқонақов №2 Индустриялық парк жобасын қолдады, өйткені ол өзін-өзі ақтауы тиіс екенін айтты, алайда ЖСҚ-ға 3 млрд. теңге бөлу қымбатырақ. Астана Орманына келсек, жасыл белдеу бойынша да 1 млрд. 400 млн. теңге, жақсы бағамен 890 көшет отырғызылған екен, демек қолдау қажет.
Мәслихат хатшысы мақсатты гранттар бойынша сөз сөйледі, өткен жылы қала 69 жобаны қолдады. Өткен жылға талдау қажет, ағымдағы жылы 70 орынға 1600 өтінім түсті. Халықтың қызығушылығы бар. Көптеген өтінімдер сауатсыз толтырылғандықтан қабылданбайды. Мәслихатқа жобамен айналысқысы келетін зейнеткерлік жастағы адамдар да келеді. Өтінімді қалай дұрыс беру керек, кеңес және т.б. бойынша өтінімдерді сүйемелдеуді ойластыру керек. Дәл осыларға байланысты, рәсім аяқталғаннан кейін көптеген шағымдар түседі. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін жастарға қолдау көрсету қажет. Оларды ынталандыру үшін жобаның нәтижесін көрсету керек.
Есет Байкен әкімдік МЖӘ серіктестерін тыңдағанын, ресми такси қазір әуежайға қызмет көрсете алмайтынын, себебі олардың қолжетімділігі жоқ екенін хабарлады. Кезінде мемлекет бұл жобаны қолдады. Ресми таксидің әуежай аумағына кіре алуын қамтамасыз ету керек, өйткені бұл бағаға әсер етеді. Тек осы жағдайда қала арзан бағалы таксиге кепілдік бере алады.
Төраға Владислав Сергеев депутаттар тобы СТS-пен жол жүру ақысын жоғалту бойынша автокөлік жүйесі пысықталып жатқанын, осы топ шеңберінде ресми таксиді қолдау мәселесін талқылауға болатынын айтты. Әуежайдан шыққан кезде тәртіп болуы үшін басқарма ұсыныстар енгізуі керек.
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының орынбасары Аманжол Естеков 2,5 млрд. теңге қосымша қажеттілікке қатысты баяндады. Қосымша қажеттілік бейнекамераларды сатып алуға байланысты туындады, алдымен басқармадан 1400 камераға өтінім түсті, бірақ ол аудандар бойынша қажеттіліктерді, оның ішінде камералар зақымданған жағдайда сақтандыруды өтей алмайды. Шарапат әлеуметтік қызмет көрсету орталығын цифрландыруға 49 млн. теңге қажет. «Интеграциялық шина және жүйелерді интеграциялау» АЖ қызметін қолдауға 10 млн. теңге қажет.
Депутат Сергеевтің айтуынша, өтінімде қосымша қажеттілікке қатысты ақпарат 2 тармақ бойынша болған, қазір басқарма әкімдіктің түгендеуіне қажет 600 млн. теңге туралы айтып отыр. Егер өтінімде ұсыныс болмаса, депутаттар қандай да бір қорытындыны қалай бере алады. Бұл өте үлкен сома, өтінімде жоқ соманы бөлу үшін нақты негіздеме қажет.
Есет Байкен басқарманың камералар бойынша және тұрғын үй алаптарында интернетті өтеу бойынша тек 2 индикаторын қалдыруды ұсынды. Бұл мәселе бірнеше жылдар бойы талқыланып келеді, дәл осы индикатор бойынша халықта сұрақ көп. Басқарма бұл индикаторды әлі орындаған жоқ. Қалған жобаларды Astana Innovations ведомстволық бағынысты ұйымдары жүргізсін, ол қазір дербес, нарықтың қатысушысы болуы тиіс. 600 млн. теңге сомасы мұқият талдауды қажет етеді.
Тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев қала әкімінің орынбасарын қолдады, Astana Innovations бойынша сұрақтар бар, карантин кезеңінде оқушыларды онлайн режимде оқыту барысында қала интернетке байланысты күрделі проблемаларға тап болды. Депутаттың пікірінше, мұндай соманы алдын-ала талдаусыз жұмсаудың қажеті жоқ. Депутаттық корпус үшін бұл үлкен жұмыс, олар бюджетті қалыптастыру сатысында алғаш рет белсене қатысуда, көптеген ауруханалар салу жоспарланған, мектептер жөнделуде, демек, әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндігі бар.