«Астана» ӘКК» АҚ қызметі
25.02.2022
Қалалық мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде «Астана» ӘКК» АҚ-ның қызметін іске асыруға Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінен бөлінетін ақша қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы» мәселе қаралды.
Басқарма басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров депутаттарға әкімдіктің 2022 жылғы 26 қаңтардағы қаулысына сәйкес «Astana» ӘКК» АҚ Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына берілгендігі жөнінде (бұған дейін жұмыс органы Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы болған) хабарлады.
Тұтастай алғанда, ӘКК қызметі активтермен ахуалды жақсартуға, инвестициялар тартуға және шағын және орта бизнесті ұйымдастыруға бағытталған. Тұрақтандырушылық қорының қызметі үшін «Астана Тазалық» ЖШС мен «Астана Зеленстрой» ЖШС несиелік тұрғын үй сатып алу, техника сатып алу, қаржы лизингі, өндірістік база сатып алу, елорданың жасыл белдеуін құру, «Астана Орманы» үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мақсатында бюджеттен қаражат бөлінді. 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін ӘКК егін жинау кезеңінде, сатып алу бағалары төмендеген кезеңде азық-түлік тауарларын сатып алуды жүргізді.
ӘКК қызметіндегі маңызды бағыт кредиттік тұрғын үйге қарыздар беру болып табылады, «Нұрлы жер» бағдарламасын аяқтауға ЕҚК-на 42 тұрғын үй кешенін салуға және аяқтауға ақшалай қаражат берілді, оларды аяқтау 192 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.
«Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Рүстем Қуанышбаев ӘКК қызметі басқарма басшысының орынбасары хабарлағаннан әлдеқайда кең екенін, өйткені ол бюджеттен қаражат бөлуге байланысты қызметті басқаруға ғана тоқталғанын ескертті. Қазіргі уақытта ӘКК азық-түлік тауарларын тікелей сатып алу практикасынан кетіп, кредит беру тетігіне көшуде.
Кредиттік тұрғын үй құрылысына қатысты басқарма төрағасы бұл жағдайда ӘКК қаржы операторы рөлін атқаратынын атап өтті.
Сондай-ақ, Рүстем Қуанышбаев активтерді ӘКК-ге біріктіру бойынша сұрақтар жиі қойылатынын айтты, ол қаржы институттарының басым бөлігі коммуналдық кәсіпорындарға кредит беруден немесе лизинг беруден бас тартқанын түсіндірді. Алайда, 3-4 жыл бұрын коммуналдық техниканың тозу деңгейі өте жоғары болды және ӘКК қаржы құралы ретінде әрекет етті, активтер бір кәсіпорынға шоғырландырылып, нәтижесінде ҚДБ-лизингі 400 бірліктен астам техника мен жабдық лизингін берді. Жалпы бизнесті қолдау бойынша ол ӘКК 1000 орын бағдарламасын дамытып жатқанын, қазірдің өзінде 1000-нан астам жұмыс орны құрылғанын, құрылысқа инвестициялар салу саласында ӘКК инвесторлар мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысын байланыстырушы екенін айтты. Сондай-ақ, ӘКК цифрландыру мәселелерімен айналысады, мысалы, пандемия кезінде жақсы қырынан танылған IQala жобасы, қалаға шығу және кіру жабық болған кезде барлығы IQala арқылы рәсімделді.
Депутат Бауыржан Жанқонақов азаматтардан келіп түсетін мәселелерді қозғады, бірінші негізгі міндеті бюджетке түсетін жүктемені азайту болып табылатын мәдени, әлеуметтік нысандарды сенімгерлік басқаруға беру мәселесінен бастады. ӘКК мақсаттары мен міндеттері орындалып жатыр ма, аудит есептеріне сүйенсек, жоғары деңгейде орындалмай келеді. Аудиторлық есепте көрсетілген елеулі кемшілік Қоғамның даму жоспарында қызметтің нәтижелілік көрсеткіштерінің болмауы болып табылады, сондықтан тиімділік көрсеткіштерінің болмауына байланысты тікелей және түпкілікті нәтижелерге, коммуналдық меншікті басқарудағы тиімділікке қол жеткізу бойынша баға беру мүмкін емес. Мысалы, «Барыс Арена» спорт кешені мен «Алау» мұз айдыны сарайын алайық, оларға бастапқыда жылына 3 млрд теңге салынғандықтан, қазірге дейін жыл сайын 3 млрд теңгеден бөлінеді. Кейбір жобалардың нәтижелілігі төмен деңгейде, мысалы, 850 млн. теңгеге үш қар ерітетін машина сатып алынған, оларды қала пайдаланбайды, осыған қатысты қандай шаралар қабылданып жатыр, бұл жобаны кім басқарды. Бұдан кейін депутат көкөніс сақтау қоймаларын салу мәселесін қозғады. Өткен жылы депутаттар қоймаларға барып қайтты, ӘКК қоймалары жартылай бос, ал 60% - ға басқа фирмалардан, 25%-ға қымбат жалға алуда. Депутаттың ұсынысы - ӘКК мен әріптестер арасындағы шарттық міндеттемелердің қолданыстағы жүйесін өзгерту, депутаттар осы мәселе бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын. ӘКК жобаның тиімділігі мен табыстылығын есептеп, содан кейін ғана шарт жасасуы тиіс.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов жеке инвестициялар есебінен үш көтерме-тарату орталығын салу мәселесін қозғады. Депутаттар егжей-тегжейлі ақпаратты, объектілердің паспортын, олардың жұмыс істеу тетігін сұраған, алайда ешқандай ақпарат жоқ, оның үстіне құрылыс қандай сатыда екені белгісіз. Екінші мәселе өткен жылғы 28 қазанда «Астана – жаңа қала» АЭА-да жұмыс істейтін 23 субъектіден қала әкімінің атына келіп түскен газға қосылу бойынша өтінішке қатысты, олар салық төлейді және азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. Отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасынан (ОЭКБ) бүгінгі күні басқарма «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-нан табиғи газ көлемінің расталуын күтуде, расталған жағдайда басқарма «Астана-жаңа қала» АЭА ауданында газ тарату желілерінің құрылысы бойынша жобаны әзірлеуге кіріседі, аяқталуы 2022 жылы жобалануда деген жауап келді. ОЭКБ-на нақты салық төлеушілер, табыс әкелетіндер жүгініп отыр, мұндай жауап ешкімді қанағаттандырмауы керек. Бұл мәселені анықтап, депутаттарды хабардар ету қажет.
ӘКК-на «Астана Орманына» қатысты сұрақ бар, ол елорданың жасыл белдеуі мәселелерімен айналысатын жалғыз мемлекеттік кәсіпорын. Қазір кәсіпорын табысы бойынша минуста. Е. Каналимов ӘКК-на көшкен кәсіпорындардың жұмысын зерттегенін, табысқа шыққан бірде-бір кәсіпорын жоқ екенін атап өтті. Бұл кәсіпорындардың бюджетін қатаң бақылау керек, ӘКК-на сеніп тапсырылған монополистердің инвестициялық бағдарламаларына тиісті бақылау жоқ. АӨЭК тарапынан 2021 жылы 77% орындалмады, сондықтан үнемі апаттар, желілердегі бұзылулар, токтан ажыратылулар орын алады, трансформаторлық қосалқы станциялар жұмыс істемейді. Инвестициялық жоба аясында олар бәрін ретке келтіруі керек, бірақ оны орындамай отыр.
ӘКК-нің басты міндеті - негізгі азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру. Бұл инфляцияның өсуін ескере отырып, өте күрделі мәселе. Барлық фьючерстік келісімшарттар ауылшаруашылық тауар өндірушілерден азық-түлік өнімдерін ертерек брондау және оларды қаржыландыру үшін ақпан айының соңына дейін жасалуы керек. Қаржыландыру бөлінеді, бірақ тұтынушы қоржынына кіретін өнімнің сапасы нашар. Қаңтар айында мониторингтік топтар супермаркеттерді аралады және бұл жұмысты жүйелі негізде жүргізу керек. Егер ӘКК-да мониторингтік топтар ұйымдастыруға мүмкіндік болмаса, Мәслихат 16 дүкен үшін Қоғамдық кеңесті, жастарды, еріктілерді ұйымдастыруға дайын.
Аудиторлық есептің қорытындысы бойынша Е. Каналимов объективті және субъективті себептер бар екенін атап өтті, ӘКК-на ескертулерді орындау бойынша ақпаратты жазбаша түрде ұсыну тапсырылды. ӘКК компанияларға, оның ішінде монополистерге қатысты әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданбайды. Жұмысқа бюджет саласында, мемлекеттік басқаруда жұмыс тәжірибесі бар адамдарды емес, өз кәсіпорындарын конвеерлік деңгейге көтере алған тәжірибелі кәсіпкерлерді тарту қажет. «Ұқыпты өндіріс» қағидатын іске асыруға бағытталған жобаларды енгізу қажет.
Депутат Ләззат Разбекова-Төлеуханова мәслихат хатшысын халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қолдады, депутаттың пікірінше, әкімдіктің бағаны тұрақтандыру бойынша қабылдаған шаралары өте тиімсіз. Депутат халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары үшін тегін азық-түлік карточкаларын енгізуді және халықпен ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша шараларды күшейтуді ұсынады.
Депутат Нұрлан Көпешов әлеуметтік маңызы бар тауарларды қаржыландыру мәселесін қозғады. Жеткізушілердің өздері ақпан айында ерте қаржыландыруды ұсынуда, өйткені кеш қаржыландыру олардың несие алуына әкеледі. Бұл мәселені үлкен гипермаркеттерді қаржыландыру арқылы шешуге болады, олардың кепілдік мүлкі бар, және тауарлар да делдалдарды айналып өтіп, тікелей дүкен сөрелеріне түсетін болады.
ӘКК қаржы мәселелерін басқарады, басқармалар техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Квазимемлекеттік сектордың барлық кәсіпорындары шығынға ұшырауда, әрі қарай дебиторлық берешек пайда болмас үшін, ақшаны ЖЭО, АӨЭК және т.б. тікелей жіберуге болады. Мысалы, Астанаэнергосбыт электр энергиясы үшін төлемді көтеріңкі бағамен талап етеді. Есептегіштегі көрсеткіштер қашықтықтан берілетін инновациялық құралдарды енгізбестен, халыққа ескі есептегіштер ұсынады. Әзірге елордада ТКШ мен энергетика саласында жаңғырту жоқ. Жұмыспен қамту орталығына жастар практикасын ұйымдастыруға және жұмысқа орналасуға қаржы бөлінеді. Депутат ӘКК Жас Отанмен бірлесіп, белсенді студенттердің өндірісте тәжірибеден өтуін ұйымдастыруға жәрдемдесуін қолға алуды ұсынды. Басқарушыларға кадрлық резерв бар, сол сияқты елордалық кәсіпорындарда осындай резерв құру қажет.
Депутат Нұрдәулет Оразханов ӘКК Басқарма төрағасына ӘКК қарамағындағы тұрғын емес үй-жайларға қатысты жүгінді. Депутат мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталықтарын ашқысы келетін ҮЕҰ өкілдерінен өтініштер келіп түскенін айтты. Сондай-ақ, көп балалы отбасылардан кеңсе ашуға қатысты өтініш бар, әкімдік қаулысына сәйкес Е 15 көшесі, 33 мекенжайы бойынша «Жасыл технологиялар» орталығына үй-жай бөлінген, алайда ӘКК тарапынан шарт жасалмаған, ал бұл үй-жай наубайханаға берілмек. Депутат наубайхананы қалай әлеуметтік жобаға жатқызуға болатынын және ӘКК бұл мәселені қалай бақылап жатқанын хабарлауды сұрады.
Тұрақты комиссияның төрағасы ӘКК-нан бір ай мерзімде барлық мәселелер бойынша ақпарат дайындауды және оларды шешу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды. Біріншіден, «Астана-Зеленстрой» АҚ-на қатысты, оның негізгі функциясы жылыжайларда өсімдіктерді өсіру арқылы көгалдандыру болып табылады. Жыл сайын көгалдандыру үшін гүл өсіру деңгейі төмендеп келе жатқаны белгілі, бұрын 5 млн-ға дейін, содан кейін 3,5 млн-ға дейін азайды. Жыл бойы гүлдерге арналған, қыс мерзімінде шетелден сатып алып жүрген көкөніс шөптерге (аскөк, ақжелкен және т.б.) арналған жаңа жылыжайлар салу туралы ойлануымыз керек. «Астана Тазалық» АҚ-на қатысты тұрақты комиссия төрағасы өткен жылы 207 бірлік техника сатып алынғанын, алайда кәсіпорын орасан зор қаражатқа (1,5 млрд.теңгеге) техниканы жалға алып отырғанын, ал өзінің техникасы пайдаланылмай тоқтап тұрғанын айтты. Егер самосвалдар қажет болса, оларды сатып алу керек, жазда оларды құрылыс ұйымдарына жалға беруге болады. Бұл тиімді менеджмент мәселесі, егер бюджет қаражатына техника сатып алынатын болса, шын мәнінде қажеттісін сатып алу керек. Үшінші мәселе көлікті тиімді пайдалануға қатысты болды, GPS-навигаторлар арқылы ақпарат бір бөлек, ал жол парағы бойынша жүргізушілердің ақпараты басқа. Бағдарлама аяғына дейін пысықталмаған, неге әлі күнге дейін жол парақтары қолданылуда. Осыған байланысты бензинге, дизель отынына шығындар артуда, кейбіреулері белгілі бір автокөлікке байланған карточкаға көшкенімен, көбісі әлі күнге дейін талондарды пайдаланады. ӘКК осы мәселелер бойынша ахуалды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуі қажет.