Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының есебі
23.02.2022
Қалалық мәслихатта мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың төрағалығымен цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының есебі өтті.
Іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалар шеңберінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, соның ішінде «Қауіпсіз қала», «Астана қаласында фото-бейнетіркеу және бейнеталдаудың аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану», сондай-ақ елорданың шағын аудандары мен тұрғын үй алаптарында интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету және бейнекамералар орнату мәселелері талқыланды.
Қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек депутаттарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қарастырылған шаралар туралы баяндады. Қазіргі уақытта елордада 29322 бейнебақылау камерасы, 13809 «Сергек» камерасы, 190 білім беру ұйымында - 4632 камера, кіреберістерде «бұлтты бақылауды» қамтамасыз ету үшін - 4436, 42 денсаулық сақтау мекемесінде - 1877, қоғамдық көлікте - 1208, қоғамдық орындарда 500 камера орнатылған.
Ботагөз Қасабек депутаттарға барлық орнатылған бейнебақылау камералары, антенна-діңгек құрылыстары белгіленген картаны көрсетті және карта халыққа қолжетімді болатынын атап өтті.
Антенна-діңгек құрылыстарын орнату қаладағы ұялы байланыстың жақсаруына септігін тигізді. Басқарма басшысы бұл қажеттіліктерге бюджеттен қаражат жұмсалмайтынын, МЖӘ жобаларына ақша бөлінгенімен, базалық станцияларды, ФВА орнатуға қаражат бөлінбейтінін атап өтті. Басқарма инвесторлар болып табылатын бірнеше операторлармен өзара әрекеттеседі, олар кейіннен коммерцияландырылады, бірақ бастапқы жұмсалымдар олардың есебінен жүзеге асырылады.
Цифрландыру басқармасының басшысы интернетпен қамтамасыз етуге қатысты сала цифрлық даму министрлігінің құзыретінде екенін, сондықтан басқарма қала шетін интернетпен қамтамасыз ету (қуат, жиілік) бойынша министрлікпен өзара бірлесіп жұмыс істейтінін атап өтті.
Ботагөз Қасабек шашыраңқы қалалық жүйелерді бірыңғай жүйеге біріктіруге, деректер көздерін бірыңғай аналитикамен байланыстыра отырып, олардың санын кеңейтуге, инфрақұрылымды қолдау үшін деректерді бірлесіп пайдалануға, шешім қабылдауға жауапты тұлғаларға талдамалық деректерді ұсынуға, қаланы цифрландыруға ықпал ететін қаланың цифрлық телқосағы туралы хабардар етті. Цифрлық телқосақты аттестаттаудан өткізгеннен кейін оны бизнес өкілдері пайдалана алады.
Инженерлік желілер, жаңа абоненттер саны туралы мәліметтер алу мақсатында цифрлық телқосақтың IQala жобасымен интеграциясы дамуда. Ағымдағы жылы Есіл және Сарыарқа аудандарында кеңсе ашу жоспарлануда.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Бірыңғай кезекші-диспетчерлік «112» қызметінің жобасы іске асырылатын болады. Қазіргі уақытта ТЖД-нде жедел шешімдер қабылдау үшін жабдықтар, құралдар, лэд экрандар жоқ, сондықтан ТЖД-н 102, 103 бірыңғай жүйесіне біріктіру қажеттілігі бар.
Денсаулық сақтау саласының пилоттық жобасы - QR білезіктер №15 емханада тегін негізде апробациядан өткізіліп жатыр, аспап қан қысымын, қандағы қант деңгейін, жүрек ауруларын бақылайды.
Білім беру жүйесінде цифрландыру қарқынды жүріп жатыр, камералар, дабыл түймелері орнатылуда. Биыл елордада халықаралық STEM олимпиадасының алғашқы туры басталды, жылдан жылға оған қатысушы балалар көбеюде.
Көлік саласында зияткерлік көлік жүйесі құрылды, көлікте жол жүру ақысын электрондық төлеу енгізілді. Ағымдағы жылы валидаторларды жаңарту жүргізілетін болады. Инновацияларды дамыту шеңберінде ІТ кеңес алаңында жаңа идеялар іске асырылуы мүмкін. Бизнеспен бірге спорт, мәдениет және білім саласын цифрландыру міндеті тұр. Инвесторлармен бірлесіп, ағымдағы жылы жобалардың тұсаукесері өтеді.
Әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін реттеу үшін «Елорда картасы» жобасы іске асырылатын болады. Транзиттік, әкімшілік, медициналық, тұрмыстық және т.б. қызметтер үшін тұрғынның бірыңғай картасы ұсынылады. Мысалы, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілінде азық-түлік сатып алу кезінде жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігі болады. Қазір көлік карталарын тарату бойынша жұмыстар басталды, содан кейін әлеуметтік қызметтер үшін, білім саласы үшін, мәдениет нысандарын аралау үшін карталар ұсынылатын болады. Балалар, студенттер және халықтың әлеуметтік осал топтары санаттары бірыңғай картаны немесе ұялы телефондағы қосымшаны пайдалана алады. Бұл пилоттық жобаны «CTS» ЖШС жүзеге асыруда.
Мәслихат хатшысы картаның әмбебап болуы керектігін және халықты ынталандыру үшін осы картаға көптеген қызмет көрсетулерді, көлік, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және т.б. тіркеп қою керектігін айтты.
Депутат Нұрлан Көпешов тегін жобаға қатысты күмәнін білдірді, ақша бәрібір бюджеттен бөлінетін болады. Бұл жағдайда Kaspi қызметінің қайталануы орын алып отыр, ол да ұпайлар, кэшбэктер береді.
Ерлан Каналимов әріптесін қолдады, жоба үшін жоба жасамау керек, егер әлемнің ірі қалаларының тәжірибесін зерттесек, онда тұрғын карталары бар, адамдар қала ұсынатын қызмет көрсетулер аясында қандай-да бір әрекеттер жасай отырып, белгілі бір балл жинай алады, олардың есебінен төлем жасауға болады. Кейбір қалаларда осы карталар арқылы тұрғындар ұсыныстар жасай алады, коммуналдық қызметтердің кемшіліктерін көрсетеді, осылайша кинотеатрларға немесе олар үшін белгілі бір жеңілдіктер болатын дүкендерге бару үшін балл жинайды.
Баяндамашы жыл сайын жергілікті атқару органы бюджетінен әлеуметтік төлемдерге 100 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінетінін айтты.
Мәслихат хатшысы көлік қызметтеріне ақы төлеу бойынша жағдай нашар екенін атап өтті. Бүгінгі күні жолаушылардың 28-30% жолақысыз жүреді, яғни 600 мың жолаушы жол ақысын төлесе, 200 мыңы төлемейді. Бұл орасан зор ақша, көлік жүйесі күніне 14-15 миллион жоғалтады. Нәтижесінде көлік басқармасы қосымша субсидиялау мәселесін көтереді. Бұл олардың ЖЖМ, лизинг, жалақысы, бұл ретте барлық бағыттар бойынша 86 маршрутқа қызмет көрсете отырып, 30-ға жуық контроллер жұмыс істейді. Әрине, 30 контроллер 600 автобусқа қызмет көрсете алмайды. Канадада адамдар метроға кіргенде, жолаушы картасынан автоматты түрде ақша алып отыратын сканер орнатылған. CTS дәл осы мәселеге назар аударуы керек.
Депутат Нұрлан Көпешов жол полициясының Әкімшілік полиция басқармасы, Сергек және Astana Innovations арасындағы өзара іс-қимыл мәселесін қозғады, ол дамып келе жатыр ма? Жол-көлік оқиғасы жағдайында бейнежазба бір ай ғана сақталады, бұл азаматтар үшін өте ыңғайсыз, өйткені сот процесі барысында камераға жазылған бейне материалдарды пайдалану мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, Басқарма «Көркем телекомға» қаражат төлейді, іс жүзінде камера 1 минут жұмыс істегеніне қарамастан, төлем бір тәулік үшін алынады. Депутат бюджеттен ақша жұмсамау үшін, Iqala-ның сенімді басқаруына тапсыруды ұсынды.
Депутаттың келесі сұрағы 15 жылға кепілдікпен ӨЭЖК орнатқан есептегіштерге қатысты болды. 5 жыл өтті, оларды ауыстыру қажет екені анықталып отыр, ауыстыру шығындары заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мойнына түседі. Интеграция бойынша ұсыныстар болды ғой, оның нәтижесінде есептегіштердің көрсеткіштерін алу үшін контроллерлерді ұстаудың қажеті болмас еді. Бірақ осы уақытқа дейін аспап жасау зауыттары, қазақстандық Сайман, ресейлік Меркур жаңғыртылмаған. Бұл маңызды мәселе, өйткені барлық елдерде цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. Астанаэнергосбыт, ӨЭЖК-ға қатысты шағымдар көп, қайта есептеулер қажет. Бұл ақшалай шығындарды қажет етпейді, әр кәсіпорында инвестициялық бағдарламалар бар, олардың аясында кәсіпорындар осындай жобаларға қаражат жұмсай алады. Бұл жағдайда цифрландыру басқармасы куратор ретінде әрекет етуі керек.
Депутат Владислав Сергеев тағы да бір карточкаларды енгізуге қарсы болды, мысалы, 3-4 жыл бұрын бюджет мектеп оқушыларына арналған карточкаларға қаражат бөлді, бұл карточкалар қазір қайда? Балалар оларды пайдаланбайды, өйткені мектептердегі жабдықтардың жұмысы нашар, сканерлер көп жағдайда жұмыс істемейді.
Мәслихат хатшысы қазір барлығы бекітілген қызмет көрсету стандарты аясында жұмыс істеп жатқанын, республикада мұндай стандартты уәкілетті орган – цифрландыру министрлігі бекіткенін, оны ойлап табудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Интернет аясында қамту 2,8 Гб болуы тиіс, қазіргі уақытта тұрғын үй алаптарында - 1,3 Гб. Депутаттар халыққа жауап беруі керек, мысалы, тұрғын үй алабының картасында антенна-діңгек құрылыстарының белгілі бір санын орнатқан кезде мамыр айының басында, маусымның соңында 2,8 Гб болады деген сияқты. Қазір бұл мәселені инвесторлар есебінен талшықты-оптикалық интернеттің көмегімен шешу мүмкін емес, өйткені бұл ұзақ процесс. Қаланың міндеті стандартта белгіленген ең төменгі стандартты деңгейді қамтамасыз ету.
Ерлан Каналимов қамту және минималды стандарттар бойынша түсінікті болу үшін картада барлығы егжей-тегжейлі көрсетілуі тиіс екенін атап өтті. Нәтижесінде депутаттар тұрғын үй алаптарына қатысты интернет және камералар бойынша мәселелерді іске асыру мерзімі көрсетілген 16 шағын карта күтеді.
Мәслихат хатшысы аулалардағы 7 мың камераға қатысты мәселені қозғады, орнату Сергек немесе жаңа өнім беруші жобасы аясында іске асырылатын болады. Ол МЖӘ жобасының мерзімі қашан аяқталатынын сұрады. Жоба аяқталғаннан кейін камералар коммуналдық меншікке тапсырылуы керек, олардың жағдайын кім тексерді, не себепті 1000-нан астам камера жұмыс істемейді. Шығу автотрассаларында бірде-бір камера жұмыс істемейді, әлі күнге дейін шаралар қабылданбаған. Депутаттар бұл туралы нақты біледі, қаңтарда блок-бекеттерге барған кезде осы жағдай анықталған, заңсыз көші-қон ғана емес, сондай-ақ онда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болған. Камералардың жоқтығынан трассадан қандай машиналар бұрылғаны, қоқысты қайда түсіргені және т.б. көрінбейді. Бәрін қалпына келтіру бойынша нақты мерзімдер қажет.
Мәслихат хатшысы Жедел басқару орталығының (ЖБО) өкіліне шығу трассаларындағы Сергек камераларының жұмысына қатысты сауал қойды. Бұл тосқауыл жасау және т.б. жоспары жағдайында қажет негізгі жолдар болып табылады. Сондай-ақ, қалада жарықтың немесе инфрақұрылымның нашар болуы, тротуарлардың болмауы, маневр жасау мүмкіндігінің болмауы салдарынан 38 апаттық қиылыстар бар, бұл мәселе бойынша не істеліп жатыр. Ол Ботагөз Касабекке айына кем дегенде 10 апат болып тұратын осы қиылыстарды бақылауға алуды тапсырды. Қаланың ортасында үнемі апаттардың болуына жол бермеу керек, бұл аймақтарда өлім-жітім де болды.
Ерлан Каналимов олар бойынша жұмыс кестесін жасауды ұсынды. Тұрғын үй алаптарындағы 1041 камера белгіленген картаны ЖБО-на беру керек. Одан әрі аумақтарды, ұрлық статистикасын ескере отырып, қосымша камералар орнатылатын болады.
Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының есебін қорытындылай келе, мәслихат хатшысы басқарма басшысына депутаттардың барлық ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, жеке ақпарат дайындауды ұсынды.