Елорданың кітапхана қорын жаңғырту
10.02.2022
Қалалық мәслихатта Алтыншаш Табулдинаның төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның отырысы барысында «Елорданың кітапхана қорын жаңғырту туралы» мәселе талқыланды.
Мәдениет басқармасының басшысы Санат Шапашов өз баяндамасын статистикадан бастады, қалада 18 кітапхана жұмыс істейді, оның ішінде: 1- М. Әуезов атындағы орталық кітапхана, 10 - бұқаралық кітапхана, 1 - орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы, 5-балалар кітапханасы (филиалдары), 1 - көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кітапхана.
Орталық кітапхана жүйесінің бюджеті 354 513 мың теңгені құрайды, яғни бір кітапханаға шамамен 19 млн. теңге жұмсалады, оған жалақы, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік сақтандыру, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, ЖЖМ және т. б. кіреді. Кітапханалардың штат кестесі 126 бірлікті құрайды, оның ішінде 90 бірлік - кітапхана мамандары, 24 бірлік - техникалық персонал, 12 бірлік – әкімшілік-ұйымдастыру персоналы.
Бұдан әрі мәдениет басқармасының басшысы ОКЖ-нің проблемалық мәселелеріне тоқталды - төмен жалақы (орташа - 72 мың тг.), кадрлардың жетіспеушілігі. Қазақстанда 4 арнаулы орта және 1 жоғары оқу орны жұмыс істейді.
ОКЖ дамыту үшін келесі мәселелерді шешу қажет - кітапхана қорын цифрландыруды қамтамасыз ету үшін кітаптар туралы барлық деректер сақталатын жалпы цифрлық бағдарлама сатып алынды, желінің жылдамдығын арттыру үшін қосымша қаржыландыру талап етіледі.
ОКЖ-нің өз ғимараттары жоқ екені белгілі, сондықтан көбінесе кітапханаға арналған үй-жайлар жалға алынады, мысалы, Есіл ауданында 300 мың тұрғынға 1 қалалық кітапхана жұмыс істейді, нәтижесінде сол жағалаудың көптеген тұрғындары оң жағалауда орналасқан кітапханаларға баруға мәжбүр. Осыған байланысты мәдениет басқармасы сол жағалаудағы кітапханалар үшін үй-жайларды (150 шаршы метр) жалға алуды қаржыландыру мәселесі бойынша депутаттардан қолдау сұрайды. Нормативтерге сәйкес 20 мың халыққа қадамдық қолжетімділікте 1 кітапхана болуы тиіс.
Қазіргі уақытта кітапханаларды дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірлеу бойынша белсенділер, қоғамшылдар, немқұрайлы емес азаматтардан тұратын жұмыс тобы құрылды. Апта сайын кездесулер өткізіліп, хаттамаланады. Наурыздың аяғында немесе сәуірдің басында мәслихат депутаттарына ОКЖ жаңғыртуға шығындар сметасымен бірге кітапханаларды дамыту тұжырымдамасын ұсыну жоспарланған.
Депутат Айтжан Әбдіров жан басына шаққандағы кітапханалар саны бойынша нормативтердің қаншалықты өзекті екенін сұрады. Ол республикада жоғары оқу орындарының кітапханаларында жақсы тәжірибе бар екенін атап өтті, қалалық кітапханаларда кітап беру процесі қаншалықты автоматтандырылғанын және бұл қызмет болашақ тұжырымдамада қаншалықты көрсетілгенін сұрады. Сондай-ақ, А. Әбдіров қазіргі уақытта қордың электронды даналарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін компьютерлермен жабдықталған залдардың бар-жоғын сұрады. Айта кету керек, цифрландырылған 620 дана, бұл шамамен 736 мың кітапқа қатысты өте аз. Депутат бүкіл кітап қорын көркем әдебиет, балалар әдебиеті, арнайы әдебиет және т. б. санаттарға жіктеуді ұсынды.
Елорданың ОКЖ басшысы Гүлбадан Мәдібаева депутаттарға цифрландыру процесінің қалай өтіп жатқанын, кітап қоры санаттар - жеке балалар, салалық және т.б. бойынша жіктелгенін, білім салалары бойынша бөлінгенін хабарлады. Шындығында, цифрландырылған 630 дана – бұл аз. Бастапқыда республика кітапханаларының кітап қорын цифрландыру туралы мәселе қозғалғанда, кітапхана қоры шамамен бірдей болғандықтан, цифрландыруға тек өлкетану әдебиетін, жергілікті жазушылардың шығармаларын жатқызу туралы аймақтық кеңестің бірлескен шешімі болды, сондықтан ОКЖ тек өлкетану бөлімімен бірлесіп осы мәселемен айналысады. «Авторлық құқық туралы» ҚР Заңына мерзімі, жылы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етіледі, егер автор тірі болмаса, 30-40 жыл күтуге тура келеді, сондай - ақ «Мәдениет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу қажет, онда кітапханалардың функционалдық міндеттері туралы іс жүзінде ештеңе белгіленбеген, мәдениет министрінің 2015 жылғы бұйрығында 20 мың халыққа - 1 кітапхана нормасы бекітілген, бұл ретте қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша кітапхана әрбір көппәтерлі тұрғын кешенінде болуы тиіс.
Депутат Айтжан Әбдіров отырысқа қатысушыларға бұрын кітапханааралық қорлар жұмыс істегенін, сондай-ақ ЖОО жүйесінде де республикалық кітапханааралық қор жұмыс істейтінін, онда ЖОО-дар әдебиетті цифрлаумен бірлесіп айналысатынын еске салды. Мұндай қорлардың қызметі оқырмандардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, олар қай кітапханада тіркелгеніне қарамастан, барлық қажетті кітаптарды пайдалана алады. Цифрландыру жөніндегі жұмысты жүйелеу, әдебиетті санаттар бойынша бөлу, жаппай кітапханааралық қорлар құру кітапхана қорын мақсатты пайдаланылуға және цифрландыруды тездетуге ықпал ететін болады.
Депутат ОКЖ қатысты айтылған барлық мәселелерді цифрландыру бағдарламасымен байланыстырды.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов цифрландыру жөніндегі барлық ұсыныстарды қолдады, бірақ кітапханалардың қай жерде және қандай жағдайда орналасқандығының, кітапханаларды абаттандырудың маңыздылығына назар аударды. Мәселе мынада, 30 жыл ішінде халық кітап оқуды ұмытты, барлық ақпарат интернетте, бірақ онда жергілікті әдебиет жоқ, бәрі шетелдік. Ол 18 кітапхана белгіленген, қаланың қай бөлігі қамтылған, қай бөлігінде кітапханалар жетіспейтінін көрсететін кешенді жоспар, схема дайындауды ұсынды. Кітапханаларды әр үйде ашу орынсыз, ондай жағдайда олар толымды жұмыс істемейді, және бұл қымбатқа түседі. Барлық мәселелер бойынша талдау дайындау қажет. Жалға беру және мемлекеттік тұрғын үй аясында көптеген үйлер жалға беріледі, басқа әлеуметтік нысандармен қатар кітапханаларды жалға алу үшін үй-жайлар бөлу керек.
Мәдениет басқармасы жалдауға қажетті алаңдар туралы анықтама дайындауы керек, қалалық коммуналдық меншіктегі үй-жайларды кітапханаларға жалға беру арқылы мәселені шешуге болады. Екінші мәселе кітапханашылардың еңбекақысын көтеру бойынша басқарманың ұсыныстарына қатысты (58 мың теңге жалақы жастар тәжірибесі барысындағы еңбекақыдан төмен), әлеуметтік пакетті ойластыру, жұмыс тәсілдемесін өзгерту қажет. Қала кітапханаларында 120-дан астам ғана адам жұмыс істейді, сондықтан мәселені шешуге болады. ОКЖ қорында бар болғаны 736 мыңнан астам кітап бар, жылдар, салалар бойынша анықтама ұсыну қажет, себебі кітаптардың 80%-ы 30-40 жыл бұрын шығарылған және өзектілігін жоғалтқан болуы мүмкін.
Ерлан Каналимов мамандарға, жастарға арналған жаңа кітаптар қажет екенін атап өтті, қорды жаңартуға қанша қаражат бөлінді, осыған байланысты оқырмандардың қажеттілігі қандай екенін білу қажет, өйткені оқырмандардың басым бөлігі мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері және жас қауым. Мәселе келесідей, қазақ тіліндегі кітаптар аз және сапасы нашар. Қалада 34 колледж, 100-ден астам мектеп, ЖОО-ры болғанның өзінде, оқырмандар саны бүкіл халықтың 10%-дан азын құрайды, сондықтан пилоттық жоба ретінде қалалық кітапхана базасын ойластырған жөн. Цифрландырған жағдайда ОКЖ оқырманға мысалы, белгілі бір мамандықтар бойынша оқытатын жоғары оқу орындарының, колледждердің қорларынан электронды кітапты ұсына алады. Мысал ретінде Каналимов «Фолиант» жүйесін келтірді, онда кез-келген оқырманға кітапты қай дүкенде, қай мекенжайда алуға болатындығы туралы мәліметтер беруге болатын базасы бар.
Депутат Азамат Айтхожин жүйені дамыту бойынша кешенді жоспар дайындау үшін мәдениет басқармасына белгілі бір мерзім беруді және отырыста осы жоспармен танысуды ұсынды. Әлемдік тәжірибені зерделеп, қайта құру керек, жаңа тәсіл қажет.
Тұрақты комиссияның төрағасы Алтыншаш Табулдина аталған мәселе бірнеше рет талқыланғанын, тәжірибелі кітапханашылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілгенін еске салды. Осы мәселелердің барлығы сол кезде айтылған, жылдар өтіп жатыр, бірақ проблемалар әлі шешілмей келеді. Сол кезде есеп жүргізу бағдарламасы ескіргені туралы айтылған, мәселе оқырмандар саны, қордағы кітаптар саны туралы болды. Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан мәдениет министрлігінің өкілі ҚР ҰАК тәжірибесі туралы, сауалнама қорытындысы бойынша кітап сатып алу туралы айтқан, сондай-ақ МЖӘ жобалары туралы ұсыныс болды, ал мәселе әлі сол қалпында. Жалақы мәселесі де әлі шешілген жоқ.
А. Табулдина басқарма басшысынан жүйені дамыту бойынша ұсыныстар неге енгізілмегені туралы сұрады, өйткені бұл мәселе басқарманың құзырында. Депутаттар барлық кітапханаларды аралаған, барлық мәселелер айтылған, басқармаға ұсыныстар енгізуді ұсынған. Ал басқарма қайтадан қажетті ұсыныстарды дайындаймыз деп уәде беріп отыр. Бүгін депутаттар тағы да проблемалық мәселелерді тыңдады, нақты ұсыныстар жоқ, депутаттар есептеулерсіз мәдениет басқармасына қолдау көрсете алмайды. Бірде-бір мәселе шешілген жоқ, бірде-бір жоба, бірде-бір презентация ұсынылмады.
Мәдениет басқармасының басшысы мамыр айында болатын бюджетті нақтылауға қажетті есептеулермен бірге жоспар дайындауға уәде берді. Жалақыны көтеру мәселесін жалпы шешім арқылы республикалық кітапханашылар форумында шешуге болады, оны министрлікке хабарлау керек.
Депутат Айтжан Әбдіров жаңа тәсілдер кітапханалардан жаңа үлгілерді талап ететінін, оқырмандар үшін үлкен бөлмелердің қажеттілігі жоқ, өйткені оған орын ұсыну жеткілікті, кітап электронды нұсқада ұсыныла алатынын атап өтті, 6 мың кітап сатып аларда бұл жөнінде ойлану керек. Әр кітапхана әлемдік базаға жазылуға құқылы, әлемдегі үздік кітапханаларға қызмет көрсететін бағдарламалар бар. Қаланың ОКЖ 18 кітапханасы жеке-жеке емес, кез келген әдебиетке қол жеткізуді ұйымдастыруға болатын бір база үлгісінде болуы тиіс. Осы мақсат басты назарда болса. Және бүкіл тұжырымдаманы осы мақсаттың негізінде құру қажет. Штаттарды, аудандарды ұлғайтудың қажеті жоқ, өйткені кітаптардың қағаз нұсқаларына сұраныс азайды.
Алтыншаш Табулдина қорды жинақтау мәселесі бұрын да көтерілгенін атап өтті және депутаттар комиссия құрамына тәжірибелі кітапханашыларды енгізуді ұсынды. Электрондық есеп жүргізудің болмауы кітапханашыларға өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді және ОКЖ бұл істе алға баспады. РАБИС бағдарламасы өте ескірген, ол ешқандай талдау жасауға мүмкіндік бермейді.
Депутат Ғабит Тәжімұратов елорданың барлық кітапханаларын танымал болуы үшін бірыңғай форматта ресімдеуді ұсынды, сондай-ақ, ол техникалық әдебиеттер санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы техникалық мамандықтар бойынша студенттер санын арттыру туралы айтты ғой.
Тұрақты комиссияның төрағасы басқарма басшысына бір ай ішінде МЖӘ жобаларын қоса отырып, кітапханалар жүйесін жаңғырту жөнінде ұсыныстар дайындауды және депутаттардың қарауына енгізуді ұсынды.