Елордада жер учаскелерін бөлу кезінде объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу
02.02.2022
Қалалық мәслихатта Батыр Котыревтің төрағалығымен Zoom сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның отырысы барысында «Жаңа құрылыс салу және жұмыс істеп тұрған объектілердің нысаналы мақсатын өзгерту үшін жер учаскелерін бөлу/өткізу кезінде объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеуді реттейтін құқықтық нормаларды сақтау туралы» мәселе талқыланды.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев баяндама жасап, ҚР Жер кодексінің 109 бабына сәйкес елді мекендердің барлық жерлері Бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарларға сәйкес пайдаланылатынын атап өтті.
Ұранхаев жаңа, кеңейтілетін, реконструкцияланатын, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістік объектілерді орналастыру үшін алаңды таңдауға қойылатын талаптар 20.03.2015 жылғы №237 «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» СҚ сәйкес қойылатынын атап өтті.
Санитариялық-қорғаныш аймағының аумағын пайдалану Қазақстан Республикасының санитариялық нормалары мен қағидаларында белгіленген қала құрылысы қызметін жүзеге асыруға шектеулерді ескере отырып жүзеге асырылады.
Санитариялық-қорғаныш аймағы, бұл арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдарын және басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін кеміту мақсатында жақын жатқан аумақтардан, ғимараттардан және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстардан бөлетін аумақ.
Депутат Владислав Сергеев Кирпичный тұрғын алабы бойынша сұрақ қойды. Ол жақын арада қаланың ескі үйлерді бұзуға мүмкіндігі болмайтындығын атап өтті. Бірнеше жылдар бойы өндіріс аймағына жақын жерде тұрып келе жатқан азаматтарға қалай көмектесуге болады. Тұрғындар өз баспаналарын қалпына келтіріп, оны жайластыра алуы үшін түбегейлі шешім қабылдау қажет. Бұл мәселені шешудің қандай тетіктері бар және мәселені шешу үшін тұрғындар кімге жүгіне алады.
Депутат Талғат Қожахметов санитариялық-қорғаныш аймағында орналасқан ЖШС және басқа да бизнес субъектілеріне қатысты қандай шаралар қарастырылғанын сұрады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева сөз сөйледі. Өз сөзінде ол құрылысты жоспарлау кезінде туындайтын бірқатар мәселелерге тоқталды.
Айгүл Шағалтаева санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитарлық әл-ауқатты қамтамасыз ету бөлігінде бақылау функциялары бар екенін, бірақ департамент жер учаскелерін бөлу, құрылысты пайдалануға беру процестеріне қатыспайтынын атап өтті.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі № 360-IV Кодексіне сәйкес, адам өмірі мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу жөніндегі жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізілді. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардың СҚА-ды жобалау кезінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу, объектілерді салуға арналған учаскелерді бөлу сатысында да, олардың құрылысын жобалау кезінде де қатысуы алып тасталды. Департаментте жұмыс істеп тұрған объектілерге қорытынды беру функциясы ғана қалды.
Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен жаңа Санитарлық ережелер енгізілді, онда санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нақты талаптар бөлігінде түзетулер регламенттелген, оның ішінде минималды арақашықтық 50-ден 100 метрге дейін қайта қаралған.
Айгүл Шағалтаеваның пікірінше, қазір қаланың шекарасын анықтау қажеттілігі туындап отыр, өйткені өнеркәсіптік аймақ, коммуналдық-қойма аймағы Санитарлық ережелер талаптарын бұза отырып орналастырылған. Ол азық-түлік өнімдерінің көтерме қоймалары өнеркәсіптік аймақта орналасқаны жөнінде бірқатар мысалдар келтірді. Қазіргі уақытта елордада департамент өкілдері үшінші тұлға ретінде әрекет етіп отырған сот отырыстары өтіп жатыр. Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлердің санитариялық-қорғаныш аймағында, автожанармай құю станциясының жанында орналасуы жағдайлары да кездеседі. Кіріктірілген үй-жайларға қатысты да мәселелер бар, көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші және қазір жиі кездесетіндей, екінші қабаттары да тұрғын емес, онда ереже бойынша орналастыруға болмайтын ұйымдар (қоғамдық тамақтандыру, химиялық тазалау және т. б.) жұмыс істейді.
Департамент отырыс барысында қала аймақтарын қайта қарау, жобаларды әзірлеу барысында жобалаушылардың жауапкершілігін арттыру бөлігінде ұсыныстар енгізді. Қолданыстағы санитарлық ережелерде объектілерді жобалау кезінде сақталуы қажет талаптар нақты жазылған. Осы мәселе бойынша мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылы жөніндегі нормативтік құқықтық актіні әзірлеу туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ұсыныс айтылды. Келешекте құрылыс салу кезінде Бас жоспарда, құрылыс салудың егжей-тегжейлі жоспарларында Санитарлық ережелердің талаптары ескерілуі тиіс.
Депутат Владислав Сергеев көтерілген мәселеге қатысты сөз сөйледі, ол бұл жағдайдың екіұшты екенін атап өтті. Бір жағынан, санитарлық нормаларды сақтау керек, екінші жағынан, осы жағдайға тап болған – кіші бизнес объектісі. Ол бизнестің жұмыс істеуіне қолайсыз жағдайларды ескере отырып, осы мәселені шешу тетігін әзірлеуді ұсынды. Екінші сұрақ мектеп жасындағы балаларға қатысты қойылды - дене шынықтырумен айналысуға ресми рұқсат бар ма.
Тұрақты комиссияның төрағасы Батыр Қотырев А. Шағалтаеваға департамент қандай жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізуі мүмкін екендігі туралы жазбаша түсініктеме ұсынуын сұрады.
Депутат Ерлан Дәкенов мәдениет мекемелерінің жұмысына қатысты сұрақ қойды, бүгінде залдарды 50% - ға толтыруға рұқсат бар. Бас санитарлық дәрігердің соңғы қаулысында объектілерді ашуға байланысты үлкен жеңілдіктер белгіленген. Ashyq жүйесін елемейтін СОО-на, СҮ-не қатысты қандай шаралар қарастырылған.
Батыр Котырев баяндамашыға қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешенінің бірінің тұрғындары жолдаған өтініштерін жеткізді. Тұрғындармен бұл мәселе келісілмеген, мұндай жағдайда олар не істей алады.
Батыр Котыревтің пікірінше, жеңілдіктерді халық, бизнес-қауымдастық жақсы қабылдады, мұндай мысалдар шетелде де бар.
Тұрақты комиссияның төрағасы ашық ауада өткізілетін бұқаралық спорттық іс-шараларды шектемеу туралы ұсыныс енгізді, өйткені олардың сауықтыру сипаты бар, сондай-ақ кіреберістерде QR коды орналастырылады. Соңғы марафон барлық қажетті алдын алу шараларын ұйымдастыруға болатындығын көрсетті. Сондықтан шешім қабылдау кезінде қисын мен орындылықты басшылыққа алу керек.