Әкімдіктің ведомстволық бағынысты құрылымдарының қызметі
02.12.2021
Қалалық мәслихатта Асқар Смағұловтың төрағалығымен құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыста «Жергілікті атқарушы органның құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы ведомстволық бағынысты құрылымдарының қызметін тексеру туралы» мәселе талқыланды.
Бірінші болып «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ басшысы Дәулет Доскулов баяндама жасады, ол өз баяндамасында «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС (ЕҚК) ведомстволық бағынысты ұйымының қызметіне егжей-тегжейлі тоқталды, ұйымның қызметінің мақсаты проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау және «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес жаңа кешендердің құрылысы болып табылады. ЕҚК бағдарламаның мемлекет 100% қатысатын бірыңғай операторы болып табылады.
2018 жылы елордада 15 000-нан астам үлескермен 52 нысан (150 проблемалық үй) болды, 2019 жылы - 10 нысан, 2020 жылы 14 нысан аяқталды, 2021 жылдың басынан бастап бақылауда 33 нысан (97 үй) тұр. Жалпы, проблемалық нысандардың құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта алданған үлескерлер саны әкімдіктің көмегімен екі есеге азайды.
Депутат Владислав Сергеев ЕҚК үлескерлердің проблемаларын шешуге елеулі үлес қосқан компания екенін атап өтті. Ол елордада қазір қанша проблемалық нысан бар екенін және болашақта үлестік құрылыс туралы қолданыстағы заңның орындалмау қаупі туралы сұрады.
Депутат Алтыншаш Табулдина «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған нысандар бойынша азаматтардан жөндеу сапасына және қолданылатын құрылыс материалдарына қатысты шағымдар көп екенін айтты, бұл процесс бақылана ма.
«Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ басшысы Әрсен Жаңғасқанов мәслихат депутаттарын 100% мемлекеттік компания болып табылатын «Елорда даму» ЖШС ведомстволық бағынысты ұйымының қызметі туралы хабардар етті. Бағдарламаға сәйкес елордада апаттық тұрғын үйлерді бұзу бойынша жобаны іске асыру басталды. Тұрғын үйді бұзу жоспары аудан әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша 5 жылға әзірленеді. 2013 жылдан 2017 жылға дейін жобаның бірінші кезеңі аяқталды, екінші кезең – 2018 жылдан 2022 жылға дейін.
«Елорда даму» қызметінің кезеңінде жоба шеңберінде ауданы 842 мың ш.м. тұрғын үй немесе 86 тұрғын үй (11148 пәтер) пайдалануға берілді, қаланың коммуналдық меншігіне 4161 пәтер және 103 тұрғын емес үй-жай берілді. Бастапқыда жобаға 40 млрд. теңге салынды, ал қазір берілген мүліктің жалпы ауданы 46 млрд. теңгені құрайды.
Депутат Азамат Айтхожин ведомстволық бағынысты ұйымның кінәсінен бюджеттің игерілмеуі жағдайының бар-жоғын нақтылауды сұрады.
«Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысы Әнуар Саипов 5 ведомстволық бағынысты ұйымның, ерекше мәртебе берілген әкімдіктің «Тұрғын үй қоры» КММ қызметі туралы есеп берді. Кәсіпорын күшімен жыл ішінде 6 мыңға жуық азамат есептен шығарылды, 5 мыңнан астам азамат есепке алынды. Бюджетке 106,7 млн. теңге өндірілді. Бұрын берілген жалға алынатын тұрғын үйлерді мониторингілеу нәтижесінде 58 пәтерде үшінші тұлғалардың тұру фактілері анықталды. Аталған ұйым «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы және жалға берілетін тұрғын үй бойынша құжаттарды тексеруге айтарлықтай көмек көрсетеді.
«Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлік нысандары бойынша қызмет көрсетеді. Кәсіпорын мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою жөніндегі бірыңғай ұйым ретінде айқындалған. Жер учаскелерін босату бас жоспарды іске асыру шеңберінде 44 әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу үшін жүргізіледі. 2021 жылы 4,8 млрд. теңгені игеру жоспарланып, 4,3 млрд. теңге игерілді, жыл соңына дейін қаражат игерілетін болады.
«Өркен қала» МКК негізгі қызмет түрі – көппәтерлі тұрғын үй кешендерін күрделі жөндеуден өткізу, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар орындаған жұмыстарға мониторинг және бақылау жасау, қасбеттің, шатырдың ағымдағы және күрделі жөндеуін ұйымдастыру.
ШЖҚ «Жылу» МКК - 42 қазандыққа қызмет көрсететін оператор, 54 нысанды, оның ішінде 42 әлеуметтік және 12 тұрғын үй нысанын жылумен қамтамасыз етеді. МКК сенімгерлік басқаруға беру үшін енгізілген ұйымдар тізіміне кірді. Қазір жекешелендірудің үшінші кезеңі өтіп жатыр.
«Квартирное бюро» АҚ ведомстволық бағынысты ұйымы бойынша сауда-саттық өтті, басқарма ұйымды таратуға бастамашылық жасайды.
Депутат Азамат Айтхожин слайдта көрсетілгендей, 58 заң бұзушылық анықталғанын атап өтті, ал кезекте өте мұқтаж адамдар тұр. Ол келісімшарт жасасу кезінде жалға берілетін тұрғын үй алатындар үшін қатаң шарттар енгізуді ұсынды. Басқарма жосықсыз тұрғындармен соттасуға мәжбүр. Сонда бұл азаматтар тұрғын үйді жалға беру үшін алып отыр ғой. Көптеген мұқтаж адамдар, оқытушылар, дәрігерлер, спортшылар және т.б. тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл мәселені ерекше бақылауға алу қажет, егер қажет болса, депутаттар барынша көмек көрсетуге дайын.
Депутат Владислав Сергеев Отбасы банкке міндеттерін беру мәселесі бойынша айқындауды сұрады, сонда банк жүктеменің бір бөлігін өзіне алып отыр ма. Банкке қандай өкілеттіктер беріледі? Азаматтарда көптеген сұрақтар туындауда. Сондай-ақ, ол «Жылуды» жекешелендіру бойынша сұрақ қойды, егер үшінші кезеңі өтіп жатса, жекешелендірудің құны қандай? Жылытуға ақы алу арқылы қаржылық кіріс қандай болды? Депутат жазбаша түрде ақпарат беруді сұрады.
Заң жобасы әлі қабылданбағандықтан, депутат шешім қабылданғаннан кейін Отбасы банкі бойынша қосымша ақпарат беруді сұрады.
«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ержан Диханбаев сөз сөйледі.
«City Transportation systems» ЖШС 2021 жылы 300 бірлік автобус, электр автобустарын сатып алуға лизинг пен кредиттік міндеттемелерді орындауға 8 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Қаланың қоғамдық көлігінде 94 маршрутқа қызмет көрсететін 6 автопарк (барлығы 1129 автобус) бар.
2021 жылы халыққа қызмет көрсету қолайлылығы үшін 5 жаңа маршрут ашылды (26, 30, 45, 69, 323).
Ең ірі автобус паркі – №1 автобус паркі, ол - 67 маршрутқа, 43 қалалық және 24 қала маңындағы маршруттарға қызмет көрсетеді. Парк аумағында 9 ғимарат, автожанармай құю станциясы бар. Қызметкерлер саны - 1854, бүгінде жүргізушілер жетіспейді, 380 бос орын бар. 2021 жылы 10,3 млрд. теңге сомасында субсидиялар бөлінді. Кәсіпорында белгілі бір проблемалар бар - бұл карантиндік іс-шаралар бойынша шығындар, ол 1,7 млрд. теңгені құрады (медициналық қызметкерлерді, полиция қызметкерлерін тасымалдау, келгендерді әуежайдан карантинге тасымалдау және т.б. іс-шаралар). Қоғам субсидияларды тек қалалық бағыттарға алады, қала маңындағы бағыттар субсидияланбайды, өйткені олар әлеуметтік маңызды болып табылмайды. Үлкен мәселе - дизель отыны бағасының шамамен екі есеге қымбаттауы, қала маңындағы маршруттарда жеңілдік санатының жол жүруін өтеу, сондай-ақ автобустарды сақтау үшін қосымша базалар талап етіледі, Қосшы ауылы бойынша мәселені шешу, «Лесная поляна» тұрғын алабына жүретін 303, 323 автобустардың маршруттарын шектеу ұсынылады.
Қызметінің негізгі түрі жобаларды басқару бойынша қызмет көрсету болып табылатын ЛРТ құрылысы бойынша ЖШС дирекциясы.
Депутат Владислав Сергеев №1 автобус паркін беруге қатысты сөз қозғады. Ол басқарма басшысына өткен отырыста депутаттар осы мәселе бойынша өз пікірлерін білдіргенін еске салды және осы стратегиялық маңызды нысанның одан әргі тағдырына белсенді қатысқысы келетінін айтты. Депутаттың екінші сұрағы такси қызметіне қатысты болды, өйткені ол қаланың бет-бейнесі болып табылады. Бұл мәселені шешудегі басқа елдердің тәжірибесін назарға алу керек. Ресми қалалық такси жартылай ресми жағдайда, таксометрлер жоқ, ресми такси сәйкес қосымшамен шақырылмайды, қызмет көрсету деңгейі өте төмен. Депутат басқарманың бұл қызметте тәртіп орнату жөнінде қандай жоспары бар екенін сұрады. Такси жүргізушілері шетелден келген қонақтар үшін елорда тұрғынының бейнесін қалыптастырады.
Басқарма дамудың нақты тұжырымдамасын ұсынуы керек, сондықтан депутат осы мәселе бойынша бөлек кездесу өткізуді ұсынды.
Депутат Динара Байсеркина «TaxovichkoF Astana» жұмысына кім жетекшілік ететінін сұрады, осы ұйымның жұмысы бойынша азаматтар тарапынан шағымдар көп.
Депутат Ерлан Дәкенов қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің жалпы мәдениетін арттыру тек такси жүргізушілеріне ғана қатысты емес, бұл тұрақты нұсқаманы қажет ететін автобус жүргізушілеріне де қатысты екенін атап өтті. Шын мәнінде, әуежай мен сапаржай – бұл қаланың қақпасы және келушілерді бірінші қарсы алатын - такси жүргізушілері. Осыған байланысты барлық қажетті сәттерді ескеретін тұжырымдаманы әзірлеу қажет.
Депутат Асқар Смағұлов баламалы отын түріне көшу мәселесі, қаладағы электравтобус саны, қоғамдық көлікті дамыту перспективасы туралы ақпарат беруді сұрады.
Депутат Азамат Айтхожин такси қызметіне қатысты пікір білдірді, ол инватакси, Астана такси жұмысы бұдан бұрын да талқыланғанын атап өтті. ЭКСПО-ны өткізу алдында барлық такси жүргізушілері бірыңғай киім кигені баршаға мәлім, ал қазір қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің сыртқы келбеттері елордаға сай емес, біздің қалаға келген шетелдіктер ескі таксилерді көреді. Дубайда болған депутаттар ондағы таксилердің үздік жұмысын атап өтті, ешқандай кептеліс жоқ, такси жүргізушілері өздерін лайықты ұстайды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысы Ерсін Өтебаев «Астана» ӘКК АҚ-ның энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істейтін еншілес кәсіпорындарының қызметі туралы есеп берді.
«Астана Тазалық» ЖШС қаланың, қала шетіндегі елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз етумен, қоқыс жинаумен, көшелерді, жолдарды, алаңдарды, тротуарларды тазалаумен айналысады. Мамандандырылған техника сатып алуға 7,2 млрд. теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ, «Астана Тазалық» үшін өндірістік базалар сатып алу мәселесі шешілуде.
«Астана-Зеленстрой» ЖШС жалпы пайдаланудағы жасыл желектердің (саябақтар, скверлер, көшелер, шығу трассалары) және т.б. күтімін қамтамасыз етеді, аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша қызметтер көрсетеді. Арнайы техника сатып алуға 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.
«Астана орманы» ЖШС Елбасының тапсырмасы бойынша 2005 жылы елорданың жасыл белдеуін қалыптастыру үшін құрылды. Жасыл екпелерді қайта жаңартуға және орман дақылдарын құруға 2 млрд. 95 млн. теңге бөлінді.
«Халыққа арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС қаланың үш ауданындағы жерлеу орындарына және туысы жоқ адамдарды жерлеуге қызмет көрсетеді. Қалада 26 зират бар, оның 4-і жұмыс істейді, қалғандары жабық.
«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ-ның негізгі қызмет түрі - электр энергиясын беру. Дебиторлық берешегі - 3 млрд. 370 млн. теңге, мұнда негізгі дебитор «Астанаэнергосбыт» ЖШС болып табылады.
«Астана-Энергия» АҚ да табиғи монополия субъектісі болып табылады. АҚ құрамына ЖЭО-1, ЖЭО-2 және қала аудандарының көмірлі қазандықтары кіреді. Халыққа жылу энергиясын ұсыну тарифтері деңгейінің рейтингі бойынша елорда 15-ші орында. Дебиторлық берешек - 1,6 млрд. теңге, мұнда дебитор «Астанаэнергосбыт» болып табылады. ЖЭО-1 және ЖЭО-2 сенімгерлік басқаруға беру процесі басталды.
«Астана-Теплотранзит» АҚ қала тұтынушыларын жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін құрылған. Бүгінгі таңда АҚ-ға 42 км иесіз инженерлік желілер берілді. Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес 15 нысанды жекешелендіру жоспарлануда.
Тұрақты комиссия отырысының қарауына шығарылған барлық мәселелер талқыланып, олар бойынша тиісті қаулы қабылданды.