Үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасы: бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия
11.11.2021
Қалалық мәслихатта Нұрлан Көпешовтың төрағалығымен Zoom сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысының күн тәртібінде аудандық әкімдіктер мен 4 басқарманың шығыстарына 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Айжан Түгелбаева сөз сөйлеп, депутаттарға болжам бойынша 2022 жылы түсімдер 2021 жылға бекітілген бюджетпен салыстырғанда 18,5%- ға өсетінін хабарлады. Жергілікті үш жылдық бюджет шығыстарының жалпы көлемі 1 208 414,8 млн. теңге сомасында жоспарлануда, оның ішінде: 2022 жылға – 391 046,8 млн. теңге
Алматы ауданы әкімі аппаратының үш жылдық кезеңге арналған шығыстарына - 31 млрд.195,9 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 9 млрд. 969,3 млн. теңге көзделген.
Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының шығыстарына - 25 млрд. 084,3 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 7 млрд. 742,8 млн. теңге қарастырылған.
Есіл ауданы әкімі аппаратының шығыстарына - 45 млрд. 867,6 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 14 млрд. 293,6 млн. теңге қарастырылған.
Үш жылдық кезеңге Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратына - 28 млрд. 063,8 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 9 млрд. 118,6 млн. теңге көзделген.
Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының шығыстарына үш жылдық кезеңге - 13 млрд. 464,2 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 5 млрд. 225,8 млн. теңге қарастырылған.
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының шығыстарына үш жылдық кезеңге - 20 млрд.101,4 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 4 млрд. 984,4 млн. теңге көзделген.
Қаржы басқармасының шығыстарына - 324 млрд. 223,9 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 108 млрд. 473 млн. теңге.
Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасына - 15 млрд. 526,5 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 5 млрд. 900,6 млн. теңге көзделген.
Депутат Бауыржан Жанқонаков баяндамашыға елорданың дамуын көрсететін негізгі индикаторға қатысты, көлемі 2021 жылдың І жартыжылдығында 3 210,9 млрд. теңгені құраған жалпы өңірлік өнімге қатысты сұрақ қойды, басқарма қала аудандары бойынша статистикалық деректерді ұсына ала ма, ШОБ-те жұмыспен қамтылғандар саны 401,1 мың адамды құраған және бұл жақсы көрсеткіш. Депутаттарға аудандар тұрғысынан статистикалық деректер қажет. Сонымен қатар, депутаттар әр аудандағы халық саны, аудан аумағы жөнінде ақпарат алғысы келеді, сондықтан аудан әкімдері өз баяндамаларын осы ақпараттан бастағаны дұрыс болады. Мысалы, депутаттар бюджеттік бағдарламаларды зерттеп, қаржыландырудың қай жерде көп және қай жерде аз екенін анықтады, қаржыландыру көлемі халықтың санына және аумақтың ауданына байланысты.
Депутат Алмат Жүнісов 2022 жылғы іс жүзіндегі сандар 2021 жылғы сандардан аз екенін атап өтті, басқарма бұл жағдайды қалай шешпек. Мысалы, Байқоңыр ауданы бойынша қажеттілік көп болған. Кәсіпкерлік басқармасы Еңбек бағдарламасы бойынша 2022 жылға қаражат бөлмеген. Келесі сұрақ даму бюджеті бойынша, Кирпичный тұрғын алабындағы мектеп құрылысына қатысты қойылды, егер даму бюджеті салынбаса, конкурстық рәсімдер қалай өтеді деген сұрақ туындайды. Бұл ойландыратын мәселе, өйткені ол - Жол картасы тармақтарының бірі, депутат конкурстық рәсімдер өткізілуі үшін 2022 жылғы бюджетке қандай да бір сома енгізуді сұрады.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов Сарыарқа ауданының әкіміне аудандық полиция ғимаратын сатып алуға қаражаттың жоқтығына қатысты сұрақ қойып, Айжан Түгелбаевадан басқарманың бұл мәселені бақылауға алуын сұрады. Мәслихаттың шешімі бар, сондықтан бұл мәселені бюджет бекітілгенге дейін шешу керек. Цифрландыру басқармасы бойынша Ерлан Каналимов цифрландырудың барлық жаңа жобалары бойынша талдау әзірлеуді ұсынды, не істелді, қандай көлемде, қамту деңгейі қандай, барлығы қолдана ма және осы жаңалықтарды енгізу нәтижелері қандай. Ағымдағы жылы барлық мектептер полицияның Жедел басқару орталығына (ЖБО) қосылды, қауіпсіздік қамтамасыз етілді деген ақпарат алынған. Бірақ тексеру барысында депутаттар мектептердің жартысы әлі қосылмағандығын анықтады. ПД ІІД ЖБО-да білім басқармасынан қаражат бөлінбегендіктен, 4 ай бойы қосылуға байланысты проблемалар болды. Қазір осы жобаға барлық денсаулық сақтау нысандарына қаражат бөлу жоспарлануда. Мәслихат хатшысының пікірінше, алдымен білім басқармасы бойынша басталған жобаны аяқтау қажет.
Әрі қарай цифрландыру басқармасы мен кәсіпкерлік басқармасына сұрақ қойылды. Сергек МЖӘ және көліктік қызмет көрсету жобасы бойынша қандай іс-шаралар күтілуде, шарттық міндеттемелердің мерзімі аяқталуда, әрі қарай басқару әрекеттері қандай, қай ұйым теңгерімге алады, әлде басқармалар бұл жобаларды қайтадан өз бетімен жібергісі келе ме.
Бұл мәселе бойынша әңгіме жазда болған, алайда осы уақытқа дейін басқармалардан ұсыныстар түскен жоқ, әлде басқармалардың бұған қатысты жоспарлары жоқ па. Егер Сергек жобасын жалғастыру мүмкіндігі болса, оны Цифрлық Қазақстан бағдарламасына қосу керек, ІІД-нен сұраныстар бар, неге қалада әлі күнге дейін апаттар орын алатын «соқыр аймақтар» бар. Қаладан шығу жолдарындағы камералар жұмыс істемейді, оған қоса МАИ посттары жоқ. Бақылаусыз қоқыс аймақтарында камералар орнату ұсынылған, ол бойынша да басқармалардан ұсыныстар түскен жоқ. Цифрландыру басқармасында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ПД-мен өзара іс-қимыл жоқ. Қаланы жарықтандыру жобасы дамитын бола ма. Басқарма жоба бойынша анықтама ұсынсын. Депутаттардың барлық хаттамалық ұсыныстарын қарап, жан-жақты жауаптар беру қажет.
Депутат Ғабит Тәжімұратов Есіл ауданының әкіміне жарықтандыру, жолдар, балалар алаңдары жоқ Пригородный тұрғын алабы бойынша қандай да бір қаражат көзделді ме деген сұрақпен жүгінді.
Депутат Бауыржан Жанқонақов сол жағалауда орналасқан Тельман тұрғын алабы бойынша мәселені көтерді, ол жерде әлі күнге дейін орталық кәріз жүйесі жоқ, оған қаражат бөлу қажет. Сондай-ақ, ол барлық әкімдерге елорданың жасыл белдеуін дамыту бойынша өтініш білдірді.
Депутат Талғат Нәрікбаев әрбір әкімдікке ағаш отырғызу үшін белгілі бір қаражат бөлінетінін, бірақ бұл ағаштардың есебі жүргізіліп жатқаны белгісіз екенін атап өтті. Өткен сайланым депутаттары ағаштарды есепке алуды бастауды сұраған, бірақ ол іс-шара әлі де ұйымдастырылмаған. Ағаш отырғызуға осындай сомаларды жұмсау қажет пе, осы қаражаттың бір бөлігін ПД, ТЖД, денсаулық сақтау қызметтеріне бағыттау мүмкіндігі бар ма деген сұрақ туындайды. Депутат әкімдерден шығындарды оңтайландыру үшін, көшеттерге бөлінген ақша қаражатын пайдалану бойынша, олар қандай бағамен сатып алынғаны туралы ақпарат беруді сұрады.
Тұрақты комиссия төрағасы Нұрлан Көпешов фейсбук желісі арқылы Алматы ауданының әкіміне Мүсірепов 6/2 мекенжайының тұрғындарынан келіп түскен, балалар алаңын салу туралы өтінішті оқыды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша сұрақ - «ақша қайда жұмсалып жатыр, қандай шаралар қабылданды». «Зеленстрой, Астанатазалық мекемелеріне техникалар сатып алуға қаражат салынып отыр, алайда лизинг бойынша олар сатып алынған». 1 млрд.-тан астам қаражат, оның ішінде қатысушылар саны 900 адам болатын жастар тәжірибесін қаржыландыруға қарастырылған, оның ұзақтығы - 6 ай. Жастар тәжірибесі не үшін қажет, бұл шараға ақша төлеудің не қажеті бар деген сұрақ туындайды, өйткені Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) арқылы жастарды тегін негізде практикаға қабылдау туралы тапсырма беруге болады ғой.
Депутат Бақдәулет Жанділдаев жастар тәжірибесінің мақсаты – ЖОО аяқтаған және жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарды мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз ету екенін айтты. Депутаттың екінші сұрағы аудан әкімдіктерінің бюджет жобасында қаражаты жоқ спорт алаңдарын салуға қатысты болды.
Мәслихат хатшысы 900 маманның саны қандай есептеулер негізінде пайда болғанын түсіндіруді сұрады, жастар тәжірибесі аяқталғаннан кейін көп жағдайда жастар кәсіпорында қалмайтыныны белгілі. Егер жұмысқа орналасу проблемасы болса, тек 900 түлек қана емес, неге барлық түлектер тәжірибеге бармайды. Сондай-ақ Ерлан Каналимов спорт алаңдарын салу мәселесі бойынша депутат Жанділдаевқа аудан әкімдерімен бірлесіп анықтама дайындауды ұсынды.
Комиссия төрағасы отырысты қорытындылады, 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау аяқталды. Отырыстардың нәтижелері бойынша мәслихат депутаттарының ұсыныстары мен ескертулерін енгізе отырып, комиссиялардың хаттамалары дайындалатын болады.