«Үйдегі дәрігер» жобасы
28.10.2021
Қалалық мәслихатта Алтыншаш Табулдинаның төрағалығымен Zoom сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның отырысы барысында «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін және «Үйдегі дәрігер» жобасын іске асыру туралы» мәселе талқыланды.
Негізгі мәселе бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының м.а. Әлия Рүстемова баяндама жасап, мәслихат депутаттарына «Үйдегі дәрігер» жобасының іске асырылуы туралы баяндады.
Қазіргі уақытта қалада 30 «Үйдегі дәрігер» денсаулық сақтау нысаны ашылған, оның ішінде 25-і жеке инвестицияларды тарту арқылы ашылды. Ағымдағы жылы 10 «Үйдегі дәрігер» нысанын ашу жоспарлануда. Алайда, олардың 2-уі бойынша жоспардың орындалмай қалу қаупі туындады - олар Майлин көшесіндегі «Fenix» қалпына келтіру емі және медициналық оңалту клиникасы және Құдайбердіұлы, 28 көшесіндегі бұрын қосалқы станция орналасқан №11 қалалық емхана, жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, олардың ашылуы келесі жылға ауыстырылады.
«Үйдегі дәрігер» Республикалық тұжырымдамасын әзірлеу үшін денсаулық сақтау министрлігі жұмыс тобын құрды, ол мемлекеттік тапсырысты алу үшін объектілердің нарыққа кіру өлшемшарттарын әзірлейтін болады. Медициналық ұйымдардың интерактивті картасына өзгерістер енгізу мақсатында басқарма цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасына хат жолдады, бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Басқарма интерактивті картаның көмегімен медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) нысандарын қайда ашу қажет екенін көре алады.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. проблемалық мәселелердің арасында денсаулық сақтау министрлігінде Өңірлік жоспарды келісу процесінің ұзақтығын атады, ол аяқталғаннан кейін әкімдік қаулы қабылдайды.
Депутат Владислав Сергеев Жол картасы тармақтарының орындалу мерзімінің бұзылу қаупіне қатысты наразылық білдірді. Ол партия мүшелері сайлауалды бағдарламаны орындауға байланысты проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсетуге дайын екендіктерін үнемі айтып отыратынын ескертті. Орындалмау қаупі туындамауы үшін қазірдің өзінде келесі 10 МСАК нысанын ашу жөнінде жұмыс жүргізу қажет. Депутат Жол картасын әзірлеу барысында барлық пункттер мен орындау мерзімдері басқармалармен талқыланғанын еске салды. Сондай-ақ, ол «Үйдегі дәрігер» дәрігерлік амбулаториялар желісіне бұрын жұмыс істеген жеке де және мемлекеттік мекемелер де кіретіні жөнінде айқындауды сұрады. Бұл желіге Кирпичный тұрғын алабындағы бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Достық» медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығын жатқызуға бола ма, ол жөндеуді қажет етті және депутаттың бұл мәселені бірнеше рет қозғауымен ғана мәселе оң шешімін тапқан. Белгілі бір медициналық ұйымды «Үйдегі дәрігер» желісіне жатқызу мәселесі өте маңызды, өйткені «Достық» орталығы «Үйдегі дәрігер» нысандарының тізіміне қалай кіргені белгісіз, бұл есеп беру көрсеткіштерін көтеру мақсатында болған сияқты. Бұл ұзақ мерзімді бесжылдық жоба, сондықтан депутаттарда нақты көрініс болуы керек.
Депутат Азамат Айтхожин пандемия дәрігер, медицина қызметкері мамандығының маңыздылығын арттыруға ықпал еткенін, өйткені халық құтқарушы ретінде дәрігерден көмек күтетінін атап өтті. МСАК жетіспеушілігі, оларды ашу бойынша Жол картасы тармақтарының орындалмауы келеңсіз әсер тудырады. Барлық мәселелер басқармалармен алдын-ала талқыланды және бұл тек денсаулық сақтау саласына ғана қатысты емес. Депутаттар барлық жерде 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы туралы мәлімдеді, ал қазір жоспар орындалмайтыны белгілі болып отыр. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарына да, ескі стадионға қатысты мәселе, ол реконструкцияланбайды, қайта салынады. Осындай өзгерістерді Жол картасына енгізу қажет. Депутаттар проблемалық мәселелерді шешу бойынша қолдау көрсетуге дайын.
Депутат Владислав Сергеев тағы да баяндамашыдан ұғымдық аппаратқа айқындық енгізуді сұрады, жақын арада 2022-2024 жылдарға арналған елорда бюджетінің жобасы бойынша талқылаулар өтеді, депутаттар бұл медициналық мекемелердің Жол картасы шеңберінде қарастырылғаны туралы хабардар болуы тиіс, мұндай жағдайда оларға қолдау көрсетілетін болады.
Депутат Ерлан Дакенов Әлия Рүстемовадан «Үйдегі дәрігер» жобасын жүзеге асыру медицина қызметкерлеріне артылған жүктемені азайтуға ықпал етті ме деп сұрады.
Депутат Нұрдәулет Оразханов басқарма басшысы міндетін атқарушының баяндамасында 25 нысан жеке инвестицияларды тарту арқылы салынғаны жөнінде айтылғанын ескеріп, басқарма көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын қалай бақылайтынын, аталған мекемелердің кадрлық әлеуеті қандай екенін нақтылауды сұрады.
Денсаулық сақтау басқармасының жеке медициналық мекемелерге әсер ету тетігі жоқ екені белгілі болды, олардың кейбірі көрсеткіштерді, бағдарлама индикаторларын орындамайды. Басқарма бірнеше рет Медициналық сақтандыру қорына, өңірлік кәсіпкерлер палатасына осы мәселелер бойынша жүгінуге мәжбүр болған.
Депутат Саят Батпенов «Үйдегі дәрігер» жобасының іске қосылуына байланысты қанағаттанушылық білдірді, алғашқы кезеңде бәрі мінсіз бола бермейді, бастысы ол іске қосылды және алғашқы табыстары бар. Жобаны іске асыру бойынша мәселелер де бар, мысалы, №10 емхананың жанында жеке медициналық орталық орналасқан, ол өз келушілерін емханаға бағыттайды, демек ол өзіне жүктелген функцияларды орындамай отыр. МСАК нысандары халықтың бастапқы медициналық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру үшін бірінші кезекте жақын маңда ірі емханалар жоқ жерлерде орналасуы қажет. Депутаттарға МСАК нысандарын ашу жөнінде шешімді қандай мемлекеттік орган қабылдайтыны түсініксіз. Депутат ықпал ету тетіктеріне қатысты еркін нарық бұл мәселені реттейтінін атап өтті. Басқарма барлық туындаған мәселелер бойынша халықты ақпараттық ағарту мәселелерімен айналысуы қажет. Басқарманың жүйесіз жұмысының себептерінің бірі - кешенді, өңірлік, Жол картасы сияқты бір-бірімен толық байланыстырылмаған бірнеше жоспарлардың болуы, ойластырылған бір жоспар болуы керек. Инвесторларға келетін болсақ, оларға да медициналық мекемелердің құрылысына деген қажеттілік туралы, барлық медициналық инфрақұрылым белгіленген аймақтық перспективалық жоспарға кіру шарттары туралы ақпарат қажет.
Тұрақты комиссияның төрайымы Алтыншаш Табулдина Big Data жобасының «Денсаулық сақтау» модулі бойынша интерактивті картаны жаңарту мәселесін қозғау қажеттілігі жөнінде депутаттарды қолдады. Бұл карта бизнес өкілдеріне ірі емханалардың жүктемесін азайту үшін қосымша медициналық мекемелер қажет болатын жерлерді анықтауға көмектеседі. Мәселені шешуге жүйелі түрде кірісу керек, картада халықтың саны, аумақтың ұзақтығы және тіпті халықтың өсу болжамы туралы ақпарат көрсетілуі тиіс. Осыған байланысты цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының өкіліне сұрақ туындайды.
Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының орынбасары интерактивті карта - бұл денсаулық сақтау саласы модульдердің бірі ғана болып табылатын, үлкен кешенді жоба екенін айтты. Барлық модульдерді аяқтамай, жеке бір модульді, мәселен білім беру модулін ғана іске қосу мүмкін емес.
Депутат Азамат Айтхожин халықты ақпараттандыру үшін жаңартылған интерактивті карта туралы ақпаратты денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтына, әлеуметтік желілерге орналастыруды ұсынды.
Депутат Ләззат Разбекова-Төлеуханова талқылау барысында медициналық мекемелердің қолжетімділігі туралы ақпаратты интерактивті картаға енгізу үшін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы ақпаратты дайындауы қажет екенін айтты. Депутат басқарманың осы бағыттағы жүйесіз және ретсіз жұмысы туралы әсер қалыптасқанын атап өтті.
Тұрақты комиссия төрағасы Жол картасында МСАК 20 нысаны көрсетілгенін, кешенді жоспарда нысандар саны көрсетілмегенін атап өтті, яғни, 2022 жылдың басындағы нысандардың саны туралы ақпарат жоқ, сондықтан Өңірлік перспективалық жоспарға өзгерістер енгізу қажет.
Депутат Владислав Сергеев пандемия кезінде денсаулық сақтау саласы антиваксерлер қозғалысына тап болғанын, сапалы ақпараттың жетіспейтінін және ішкі саясат басқармасына сенім артудың қажеті жоқ екенін атап өтті, өйткені оның міндеті көп, бірақ нәтижесінде бұл іспен айналыспайды. Бұл ақпарат бейіні бойынша басқармаға қатысты болғандықтан, оны басқарманың өзі дайындағаны дұрыс. Емханаға тіркелу, медициналық сақтандыру, вакцинация және т.б. туралы ақпарат сапалы және қолданбалы сипаттағы роликтермен әлеуметтік желілерге бейімделген болуы тиіс.
Депутат Азамат Айтхожин қазіргі жағдайда құндылықтарды түсінуде өзгеріс болғанын, денсаулық бірінші орынға шыққанын айтты. Адамдар қай емханаға, қай мектепке тіркелгенін, қай жасқа дейін спорт мектебіне тегін баруға болатынын білмейді.
«Астана» медицина Университеті» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Төлебай Рахыпбеков сөз сөйлеп, халық үшін өте қажет және өзекті жоба – «Үйдегі дәрігер» жобасы талқыланып жатқаны үшін алғысын білдірді. Ол тегін және қолжетімділік ұғымдарының бірнеше қырлары бар екенін атап өтті. Бұл мәселе медициналық сақтандырумен байланысты. «Үйдегі дәрігер» жобасы уақытты үнемдеу құқығын береді, 10-15 минут ішінде келуші медициналық көмек ала алады. Тұжырымдамаға сәйкес, емханаға тіркелушілердің саны 50 мыңнан аспауы тиіс, мұны денсаулық сақтау басқармасы назарға алуы керек. 5, 10, 15, 20 мың тұрғынға арналған ЖСҚ әзірлеуге, жаңа емханалар салу, ірі емханалардың филиалдарын, жеке медициналық мекемелерді, отбасылық денсаулық орталықтарын ашу орындарын анықтауға бірнеше мүмкіндіктер бар. Қауымдастық мүшелері сәулет басқармасына сарапшы болуға дайын. Орындарды анықтап, инженерлік желілер жүргізілгеннен кейін, медициналық мекеме салуға конкурс жариялану керек, инвестор инвестициялардың қайтарылу мерзімдерін және т.б. білуі керек. Жеке инвестор көбінесе қарапайым талаптарды орындамайды, штат бойынша дәрігерге көмекші ретінде 3 медбике қажет, бірақ жеке кәсіпкер оларды жұмысқа қабылдағысы келмейді және қалалық денсаулық сақтау басқармасы мұндай жағдайда ештеңе істей алмайды. Міндетті медициналық сақтандыру қоры жеке мекемелердің келушілерін алып қоя алмайды, өйткені бұл аймақта балама мекеме жоқ. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау министрлігіне жеке медициналық мекемелерді бақылауды қамтамасыз ету мәселелерін шешуді қарастыру қажет.