Елорданың Арнайы экономикалық аймағын дамыту туралы
07.08.2020
Мирас Шекеновтың төрағалық етуімен Zoom сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Арнайы экономикалық аймақты, өнеркәсіпті және бәсекеге қабілетті жаңа экспорттық бағдарлы өндірістерді, Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымын дамыту — тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіндегі негізгі мәселе.
«Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысы Ерлан Бекмурзаев мәслихат депутаттарына елорда экономикасының құрылымында өнеркәсіптің, экспорттық бағдарлы кәсіпорындардың әртүрлі салаларының, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы, «Астана — Технополис» арнайы экономикалық аймағы қызметтерінің қандай үлесі бар екендігі туралы ақпарат берді.
Ерлан Бекмурзаев өз сөзінде қала өнеркәсібі негізінен тұрақты өсуді көрсететін өңдеуші өнеркәсіп (84%) болып табылатынын атап өтті. Қала аумағында экспорттық бағдарлы 41 кәсіпорын бар, қазіргі уақытта экспорт географиясы мен номенклатурасы кеңеюде. Инвестицияларды дамыту мен тартуда «Астана – жаңа қала» АЭА, «Астана-Технополис» АЭА үлкен рөл атқарады.
«Қалалық өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі үлесі № 1 Индустриалды паркке, Технопаркке, Өндіріс кентінде шоғырланған. Бүгінгі таңда металлургия, темір жол машинасын жасау, қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, сусындар өндірісі және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салалар қалыптасты. Егер бұрын өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі үлесті машина жасау - 50% иеленсе, 2018 жылы негізгі сала металлургия болды - 47%, бұған бірінші Индустриялық парктің (Тау Кен Алтын) қызметі ықпал етті – деді Бекмурзаев.
Өткен жылмен салыстырғанда коронавирус пандимиясына байланысты шектеу шараларының салдарынан өңдеу өнеркәсібінде экспорты көлемінің төмендеуі байқалады.
«2020 жылғы шілдедегі жағдай бойынша өтінімдерді export.gov.kz порталында алдын ала тіркеу барысында, жалпы сомасы 231,6 млн. теңгеге 14 кәсіпорыннан 26 өтінім жұмысқа қабылданды, 9,8 млн. теңге сомасына 2 өтінім мақұлданды. Жалпы сомасы 103,3 млн. теңгеге 8 кәсіпорыннан 16 өтінім еңбек өнімділігін арттыру бойынша, 1,7 млн. теңге сомасына 2 өтінім мақұлданды.» - деп атап өтті Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы.
Одан әрі «Астана-Технополис АЭА» АҚ төрағасы Бақытжан Досказиев сөз сөйледі. Ол депутаттарға елорда аумағында екі АЭА «Астана – жаңа қала» (15421,72 га) және «Астана-Технополис» (652,92 га) жұмыс істейтінін хабарлады. «Астана – жаңа қала» аумағында 75 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде 50 жоба іске қосылды және 25 жоба іске асырылу сатысында. Ағымдағы жылы шамамен 600 жұмыс орнын құрайтын 5 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда. «Астана – Технополис» АЭА 11 жоба тіркелген, 2 жоба іске асырылған және 9 жоба іске асыру сатысында.
Бастапқыда АЭА инвестицияларды тарту бойынша қолайлы жағдайларды қалыптастыру, сондай-ақ әкімшілік-іскерлік орталықты жедел салу үшін құрылды.
№1 Индустриялық парк аумағында жұмыс істеп тұрған 50 кәсіпорынның 16 кәсіпорны орталық жылумен қамтамасыз етілген. (14 кәсіпорынның 2021-2022 жылғы жылыту маусымы басталғанға дейін қосылу мүмкіндігі бар). Қалған кәсіпорындар 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына дейін жылумен қамтамасыз етіледі.
Жалпы, орталық жылумен жабдықтау жобасы 3 іске қосу кешенін қамтиды. 1 және 2 іске қосу кешені бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуда. 3 іске қосу кешені: ЖСҚ жобасы әзірленді және мердігер анықталды, 2021 жылдың соңында пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда ИИДМ және ҚР ҚМ 3 және 5 іске қосу кешені бойынша 2020 жылға қаржыландыру қолдау таппады.
№ 2 Индустриялық парктің инфрақұрылымы өндірістік ғимараттар, логистикалық қойма, кеден (кеңсе ғимараттары), гараж боксы, өрт сөндіру депосы, сумен жабдықтау және кәріз, жылумен жабдықтау (газбен) жүйелері, автомобиль және темір жолдар, электрмен жабдықтау желілері (қосалқы станция және тарату желілері), жарықтандыру, телефондандыру, бейнебақылау, қоршау және көгалдандыру құрылысын көздейді.
№ 2 Индустриялық парк аумағында № 2 Индустриялық парктің базалық инфрақұрылымы құрылысының қорытындысы бойынша барлығы 150-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Депутат Рамзия Өмірбаева Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысына жобаларды аяқтауға арналған ақша қаражатының көлемін азайтуға байланысты ықтимал тәуекелдер бойынша сұрақ қойды.
Бекмурзаев жағдайдың өзгеруіне байланысты мұндай тәуекелдер бар деп жауап берді.
Депутат Зейнулла Шибкенов №1 Индустриялық парктің инфрақұрылымына қатысты көптеген мәселелер бар екенін, нөсер кәрізінің мәселесі шешілмегенін, сорғы станциялары әлі күнге дейін іске қосылмағанын атап өтті.
«Бүгінгі таңда жұмыстардың 50% орындалды, біз бюджеттік өтінім бердік, бірақ оны мақұлдамады, біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне 2021 жылға тағы да өтінім бердік», - деп түсіндірді Ерлан Бекмурзаев.
Тұрақты комиссияның төрағасы Мирас Шекенов қандай сома туралы сөз болып жатқанын сұрады және барлық күрделі мәселелер баяндалған анықтама дайындауды және оған өтінім бойынша ақпаратты енгізуді тапсырды.
Депутат Ақылбек Күрішбаев баяндамаларды тыңдап, баяндамашылар жағдайдың түбегейлі өзгергенін түсінбейтінін айтты. Саябақтар аумағында шығарылатын өнім қаншалықты сұранысқа ие болатыны туралы ақпаратты ешкім ұсынған жоқ. Бұл жобалар шағын ЛРТ болуы мүмкін. Енді нені аяқтауға болатынын және нені кейінге қалдыру керектігін шешу үшін дағдарыс-менеджментпен айналысу міндеті тұр. Ағымдағы жағдайды ескере отырып, жобаның қысқартылған нұсқасын дайындау қажет.
Ерлан Бекмурзаевтың айтуынша, ең қиын уақытта біреу желкенді салады. №2 Индустриялық парктің құрылысы әрі қарай жүруге көмектесетін желкен рөлін атқара алады.
Өз кезегінде Ақылбек Күрішбаев №2 Индустриалды парк 10 жылдан бері салынып жатқанын атап өтті.
«Онда желкенді жасау керек еді», - деп атап өтті депутат.
Тұрақты комиссияның төрағасы Мирас Шекенов отырыстың қорытындысын шығарып, кейбір мемлекеттік органдарға қолда бар күрделі мәселелер бойынша аналитикалық анықтама дайындауды және қалалық мәслихатқа тиісті ақпаратты ұсынуды ұсынды.