Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
29.05.2020
Алтыншаш Табулдинаның төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың сессиясы өтті.
Мәслихат сессиясында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгінов елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Қала әкімі депутаттар мен сессияға шақырылғандарды халықты әлеуметтік қорғау, үлескерлік құрылыс, елорда мектептерінің шамадан тыс толып кетуі, тұрғын үй алаптарының болашағы, көлік күре жолдарының дамуы, білім беру және медициналық қызметтердің қадамдық қол жетімділігі, газдандыру және т.б. мәселелердің шешімі туралы хабардар етті.
Өз сөзін қорытындылай келе, қала әкімі дағдарысқа қарсы бағдарлама жасалғанын, оған инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, «бизнесті дамытудың жол картасын» жүзеге асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кіретінін айтты.
Депутат А. Аюпов елорда әкіміне ақпараттық баяндамасы үшін алғыс айтты және әкім өз баяндамасында көпірлердің, жолдардың құрылысы туралы айтып өткенін, депутаттар бағдарлама әкімшілерінің нысанды мерзімінде тапсыруға талпынуының салдарынан жиі бұзылатын нысандар құрылысының сапасын бақылау шараларын қатаңдату туралы сұрады. Нысандар тапсырылғаннан кейін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік және проблемалық тұрғын үй нысандарын істеуді аяқтау, қайта жөндеу үдерісі басталады. Депутат Алтай Көлгінов елорда тарихына құрылыстарды сапалы тұрғызған әкім ретінде енуін тіледі.
Қала әкімі дизайн-код әзірленгенін, оған сәйкес стилистикалық бірыңғай, жайлы және қауіпсіз қалалық орта қалыптасатынын айтты.
Мәслихат сессиясында қаланың тіршілік әрекетіне қатысты өте өзекті мәселелер қаралды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкеннің сөз сөйлеуі елорда мектептері оқушыларының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.
Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша мәслихат депутаттарының атынан Қ.Ж. Әбден сөз сөйледі, ол өз сөзінде білім беру ұйымдарын аралау барысында депутаттар анықтаған мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды. Білім беру нысандарын аралау мәслихат сессиясына дайындыққа байланысты депутаттармен өткізілді.
Сөз басында Қ.Ж. Әбден Білім басқармасының негізгі міндеті сапалы оқу үдерісін ұйымдастыру болып табылатынын атап өтті. «Мұғалім құрылысқа, денсаулық сақтауға, спортқа, сонымен қатар жоспарлау мен бюджеттеуге жауап бере алмайды және жауап бермеуі тиіс емес. Біз мектеп мәселелеріндегі барлық кемшіліктерге білім беру басқармасын, мектеп директорларын айыптауға үйреніп алдық, бұған мүлдем жол бермеу керек», - деді ол.
Бұдан әрі ол мектептердің тығыздығына, спорт залдарының жеткіліксіз санына, медициналық қызмет көрсетудің нашар болуына, сапасыз тамақтануына, мектептерде сапасыз құрылыстың салдарынан болған жетіспеушілікке, мектеп психологтары мен әлеуметтік қызметкерлердің жеткіліксіз санына және біліктілігінің нашар болуына байланысты мәселелерге тоқталды. Депутат бұл кемшіліктердің толық емес тізімі балалардың денсаулығына тікелей әсер ететінін атап өтті. Мектептерді аралау барысында депутаттар №28 мектеп-лицейі, №76 мектеп-лицейі, №76 мектеп-гимназиясына барды.
№28 мектеп-лицейі 1969 жылдан бастап жұмыс істейді және қазіргі уақытта асхана ғимараты жапсарлас салынған орынжайда орналасқан. Алайда, депутаттар атап өткендей, асхана бөлмесі мектеп қажеттілігіне сәйкес келмейді. Оқушылар саны 1300-ден астам болса, асхана 120 адамға есептелген.
№76 мектеп-лицейінде ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша қызмет жеткізушіге депутаттардың қатаң ескертулері бар. Өнімдерді сақтау және олардың жарамдылық мерзімі бойынша стандарттар өрескел бұзылған, қойма бөлмелері санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Стақандар мен құралдардағы тамақ қалдықтарының болуы ыдыстың сапалы жуылмайтынын, уақытында пайдаға асырылмайтын сынған ыдыстар пайдаланылатынын куәландырады.
Депутаттар аталған мәселелерді шешу үшін ұсыныстарын айтты.
Біріншіден, өнім беруші «бір өнім беруші – бір мектеп» принципі бойынша таңдалуы тиіс. Елорда мектептері мониторингінің қорытындысы көрсеткендей, бір өнім жеткізуші ғана болатын мектеп асханаларындағы бұзушылықтар аз. Ең көп шағым он және одан да көп мектептерге тендерлер ұтып алған компаниялар жеткізуші болып табылатын мектеп асханаларына түседі.
Екіншіден, тамақтануды бірыңғай технологиялық стандарт бойынша дайындайтын мектептік тамақтандыру комбинатын салу мәселесіне қайта оралу қажет. Қаланың барлық мектептеріне азық-түліктерді жалпы сатып алу орталықтандырылған көтерме бағамен сатып алуға мүмкіндік береді, бұл қаражатты үнемдеуге әкеледі. Ал мектеп асханаларында жұмысшылардың ең аз саны балаларға тек қана тамақты жылытумен және оны таратумен айналысатын болады. Қаланың аумағының үлкендігін және кейбір мектептердің едәуір қашықтығын ескеретін болсақ, комбинаттар қаланың әрбір ауданында болуы тиіс.
Бұдан әрі 2019 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» ММ басшысы А.А. Жұмаев және «Нұр-Сұлтан қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №456/58-VI шешіміне өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Қ.З. Маңқараев сөз сөйледі.
2019 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы туралы қорытынды бойынша қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Е. Шекенов сөз сөйледі. Қалалық мәслихат депутаттары білім беру саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің баяу дамуына қатысты мәселені бірнеше рет көтерді. 2019 жылдың ішінде елордада 5 балабақша салу және пайдалануға беру бойынша жобалар басталған жоқ. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының соңғы отырысында депутаттар «Активтер және мемлекеттік сатып алу» ММ өз активтерін дербес басқаруға қабілетті, табысты кәсіпорындарды «Astana» ӘКК» АҚ шығару мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Әрбір көшеттің есебін жүргізу, ағаштарға арналған паспорттар болған кезде шығындар неғұрлым ашық болар еді, бұл тұтастай алғанда бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне әсер ететін еді.
Елорда бюджетінің атқарылу тиімділігін арттыру және бюджет қаражатын пайдалану мақсатында мәслихат депутаттары жергілікті атқарушы органға және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бірқатар ұсынымдар ұсынды:
бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ете отырып, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, бюджеттік бағдарламаларды сапалы және тиімді іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;
тұрақты негізде Қаланы дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларының орындалмау қатерлеріне (себептеріне) толық талдау жүргізу.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ 2019 жылға арналған есебінде ұсынылған ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз ету;
бюджеттік процестің сапасын арттыру мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыру және бюджеттік бағдарламаларды орындау барысында қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
талап қою мерзімін сақтай отырып, қолданылу мерзімі өткен шарттар бойынша дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу жөнінде түбегейлі шаралар қабылдау;
банкроттық рәсімін қозғай отырып, борышкерлерді банкрот деп тану және оларды тарату жөніндегі жұмысты жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дебиторлық берешекті есептен шығару жөнінде шаралар қабылдау;
көлемді дебиторлық берешектің болғаны үшін лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау;
Мемлекеттік сатып алу шарттары талаптарының тиісті орындалуын бақылауды күшейту, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының қатаң сақталуын, конкурстық құжаттаманың сапалы жасалуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың бухгалтерлік есеп жөніндегі және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мәселелерімен айналысатын лауазымды тұлғалары мен мамандарының біліктілік деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;
мемлекеттік ұйымдардың, коммуналдық заңды тұлғалардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дебиторлық және кредиторлық берешектерін түгендеудің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау және қорытындылары бойынша тиісті шаралар қабылдау;
елордада оқушылар орындарының жетіспеушілігін төмендету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында нақты тұруын ескере отырып, мектеп оқушыларының контингентін талдау қорытындысы бойынша шаралар қабылдау;
бағдарлама әкімшілері 2016-2020 жылдарға арналған Қаланы дамыту бағдарламасын іске асыру барысында тиімді өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу бойынша шаралар қабылдасын.
Мәслихат сессиясының күн тәртібіне барлығы 10 мәселе шығарылды.
Мәслихат сессиясына енгізілген барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданды.