Депутаттар 2019 жылғы бюджеттің атқарылуын қарады
21.05.2020
Мирас Шекеновтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың төрт тұрақты комиссиясының (құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі; заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі; экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі; әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі) екі бірлескен отырысы онлайн режимінде өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы мәселе қаралды.
«Нұр-Сұлтан қаласының қаржы басқармасы» ММ басшысы Жұмаев Әліби Арыстанғалиұлы, «Нұр-Сұлтан қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Манқараев Қайсар Зәкірұлы,
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ төрағасы Ақпомбаев Иманжүсіп Латкенұлы баяндама жасады.
Қаржы басқармасының басшысы Ә. Жұмаев депутаттарға бюджеттің атқарылуы туралы хабарлады.
2019 жылы бюджетке түскен кірістер 2018 жылмен салыстырғанда 23717 млрд. теңгеге көп болып, өсім 6% құрады. Бюджет шығыстары бойынша көрсеткіш – 99,5% құрады. Осылайша, 2019 жылғы бюджеттің шығыстары – 498810 млрд. теңгені құрады. Игерілмеген қалдық үлесі
0,5% немесе 2617 млрд. теңгені құрады.
Ол бюджет бағдарламаларының 11 әкімшілерінің 6 әкімшісі бюджет қаражатын игермегендігін атап өтті.
Ә. Жұмаев ықтимал жеткізушілердің жоқтығынан, орындалған жұмыстар актісін ұсынбағандықтан, мемлекеттік комиссия нысандарды қабылдау актілеріне қол қоймағандықтан 856,2 млн.теңге көлемінде қаражатты игермеген Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасына тоқталды.
Қаржы басқармасының басшысы білім беру нысандары бойынша белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. 2019 жылы 6 білім беру нысанын енгізу арқылы 4 925 оқушы орны жетіспеушілігін азайту мәселесі ішінара шешілді, мектептерге 3 жапсарлас құрылыс салынды. Жұмыс істейтін жастар үшін 1050 бірлік, аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасылар үшін 549 бірлік пәтерлер сатып алынды.
Нұр-Сұлтан қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бойынша жылу жолын салу кезінде мердігерлердің жұмыс кестесінен кешеуілдеуіне, комиссияны қабылдау актісіне сәйкес нақты орындалған жұмыс көлемінің үнемделуіне байланысты 232,3 млн. теңге игерілмей қалды. Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша бюджеттің үнемделуіне байланысты және орындалған жұмыстар актілерінің болмауынан 93,3 млн. теңге игерілмей қалды. Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы бойынша конкурстың өтпей қалуына байланысты 65,6 млн. теңге игерілмей қалды. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бойынша жеткізушінің шарт міндеттемелерін орындамауына байланысты 4 млн. теңге игерілмеген болып қалды. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы бойынша жеткізушінің шарт міндеттемелерін орындамауына байланысты 1,2 миллион теңге игерілмей қалды. Табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бойынша мемлекеттік сатып алу нәтижесінде үнемдеуге байланысты 0,6 миллион теңге игерілмей қалды. Қаланың қоғамдық дамуы істері басқармасы бойынша 100% атқарылды. Полиция департаменті бойынша 100% атқарылды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімідігінің аппараты бойынша 100% атқарылды. Төтенше жағдайлар департаменті бойынша 100% атқарылды.
«Нұр-Сұлтан қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Қ. Манқараев Қаланың даму бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, жалпы алғанда Бағдарлама бойынша 2019 жылға арналған 18 мақсаттың аясында
65 нысаналы индикатор қарастырылған, оның 33 (50,8%) қол жеткізілген,
6 (9,2%) қол жеткізілмеген, қазіргі уақытта есепті кезең бойынша
26 индикатор жөнінде статистикалық деректер жоқ. Бағдарламаны іске асыру бойынша 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарында 347 827,6 млн.теңге сомасына 158 іс-шара қарастырылған, іс жүзінде 378663,2 млн. теңге (108,9%) игерілді. 2019 жылдың қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар ұсынған жедел есептілік негізінде Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізілді. 2019 жылдың 9 айында Нұр-Сұлтан қаласының жалпы өңірлік өнім көлемі 4565,0 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,2%. Елдің ЖІӨ-де қаланың үлесі – 10,9% құрайды.
Қ. Манкараев 2019 жылы инвестициялар көлемі 913,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7% төмен екендігін атап өтті. Инвестицияның төмендеуіне ірі «Абу-Даби Плаза» жобасының құрылысының кезең-кезеңімен аяқталуы әсер етті, ал 2019 жылы инвестицияның негізгі бөлігін иеленетін құрылыс секторында құлдырау байқалды.
Елордада 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 112,9% құрады (ҚР - 110,4%).
Қ. Манкараевтың сөзінше, негізгі өнімдерді сату бағаның өсуі кезінде меморандумға қол қойған сауда желілері арқылы жүзеге асырылады (Шапағат, Ақмол), олардың негізгі сатып алушылары орташа табысы бар тұрғындар. Бағаны тұрақтандырудың тиімді тетігі ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу болып табылады. Жалпы, 2019 жылы 50 жәрмеңке еліміздің 14 өңірлерінен 650-ден астам отандық өндірушілердің қатысуымен өтті. Қаланың қажеттіліктері Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы
азық-түлік белдеуі аймағынан, елдің басқа өңірлерінен өнімдермен және өнім жеткізілімдері арқылы қамтамасыз етіледі.
Қ. Манкараев жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны
2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 134 475 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 7,9% артқанын атап өтті, олардың
47 622 – заңды тұлға, 86 559 – жеке кәсіпкер, шаруа қожалықтары – 294.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жалпы саны 260 мыңнан астам баланы қамтитын 546 ұйым бар.
Бүгінгі таңда 3 жастан 6 жасқа дейінгі 42 мың бала
(100-150 балабақша) балабақша кезегінде тұр. Елордада 1-4 сынып оқушыларына ыстық тамақ беру жергілікті бюджеттен 100% қамтамасыз етілген.
Апаттық жағдайдағы мектептер жоқ, апаттық жағдайға алдында тұрған №8 мектеп, 14 мектепте оқушылар көп шоғырланған. Бүгінгі таңда қалада үш ауысымда оқитын 8 мектеп бар. Бір жыл ішінде қайта аса тығыздалған мектептердегі 28000 баланың 2850 оқушысы немесе 10% ең жақын мектептерге қайта орналастырылады. Білім беру ұйымдарының 75%-де инклюзивті білім алу үшін жағдайлар жасалған. Бүгінгі таңда 3 мыңнан астам ерекше қажеттіліктері бар балалар инклюзивті және коррекциялық біліммен қамтылған.
Қоғамдық көлік бұл жайлылықтың маңызды элементтерінің бірі. Бүгінгі күні қоғамдық көліктің маршруттық жүйесі 91 бағыттан тұрады, соның ішінде 61 қалалық, 6 жедел және 24 қала маңындағы маршруттар. Барлық бағыттарға мыңнан астам автобус қызмет көрсетеді.
Өткен жылы 13 маршруттың маршрут схемасы оңтайландырылды,
7 жаңа маршрут ұйымдастырылды, 18 маршрут бойынша автобустар саны көбейтілді.
Халық санының өсуімен қатар көліктердің саны да өсуде. 2011 жылдан бастап автомобильдер саны екі есеге артты – 200-ден 500 мыңға дейін.
Бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар нысаналы индикаторларға қол жеткізу және шараларды тиімді жүзеге асыру, кемшіліктерді жою және тікелей орындаушылардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі шараларды қабылдау қажет.
Тексеру комиссиясының басшысы Иманжүсіп Ақпомбаев депутаттарға 2019 жылдың қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің кірісі
476,2 млрд теңгені құрады немесе бастапқы бекітілген деңгейден
70,4 млрд теңгені (17,3%) құрағандығын атап өтті. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ түзетулер нәтижесінде бюджеттік шығыстар
501,4 млрд. теңгені құрады, бұл бекітілген деңгейден 75,5 млрд. теңгеге (17,7%) жоғары.
И. Ақпомбаев бюджеттің атқарылуы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жоспарлау мен іске асыруда айтарлықтай кемшіліктермен жүргізілгенін атап өтті. Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасының іске асырылуын талдау 2019 жылға арналған даму бағдарламасының барлық
іс-шаралары аяқталған жоқ, 2019 жылға жоспарланған нысаналы индикаторлардың 50,8%-і орындалғанын және Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарында меншікті және қарыз қаражаттарынан іске асырылатын іс-шараларды жоспарлау сапасының жеткіліксіз деңгейі бар екендігін атаап көрсетті. Елорданың бюджеті 2018 жылдағы сияқты
2019 жылы өсіп, төртінші тоқсанда қысқарды. Мәселен, төртінші тоқсанда отын-энергетикалық кешен басқармасымен бюджетті нақтылау және түзету арқылы шығыстар жоспары 14,6 млрд. теңгеге, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен несиелер 14,0 млрд. теңгеге дейін қысқарды («Жылуэнергетикалық жүйелерді дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 13,7 млрд. теңге сомасында). Неғұрлым сапалы жоспарлау және елорданың стратегиялық міндеттері мен перспективаларын нақты көру арқылы бұл қаражатты шұғыл түрде шешуді қажет ететін басқа қажеттіліктерге жұмсауға болар еді. Мысалы, оқушы орны мен мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілігін төмендету, елорданың шет аймақтарындағы мәселелерді шешу және т.б. Талдау бюджеттік жоспарлаудағы бар кемшіліктерді анықтайды, нәтижесінде бюджет параметрлері оны орындаудың кейінгі сатысында өзгереді, бұл бюджет қаражатын уақтылы игеруге және ағымдағы жылдағы дебиторлық берешектің өсуіне әсер етеді.
Тексеру комиссиясының басшысы қала әкімдігі тұтастай алғанда елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін бюджеттің орындалуының негізгі параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндігін атап өтті. Бірақ бюджетті орындау барысындағы кемшіліктер тиісті шараларды қабылдауды қажет етеді.
Депутат Зейнулла Шибкенов Тексеру комиссиясының басшысына 2011-2016 жылдардағы сот шешімдерінің орындалмауының себебі неде деген сұрақ қойды.
И. Ақпомбаев іс жүзінде қаражатты қайтару туралы сот шешімдері бар екеніне және олардың қалай орындалғанына жауап беру үшін отырысқа Әділет департаментінің өкілі шақырылғанын айтты.
Әділет департаменті басшысының орынбасары Рахат Жүнісов сот шешімдерінің орындалмауы сот орындаушыларының кәсіби емес әрекеттерімен де, қылмыстық істің заңды тұлғаға қарсы қозғалуымен де, сот шешімінің орындалуына келгенде заңды тұлғадан ешнәрсе алуға болмайтындығын, яғни шоттарында ештеңе жоқ екендігін түсіндірді.
З. Шибкенов бұл «қайтарылмайтын» ақша, бұл елде заңдар жұмыс істемейтіндігін көрсетеді ма деген пікірін білдірді. Бұған біреу жауап беруі тиіс.
Рахат Жүнісов Әділет департаменті аталған заңды тұлғаларды банкрот деп жариялауды ұсынды, ал азаматтық тәртіпте бойынша егер басшының немесе құрылтайшының кінәсі анықталса, тәртіптік жауапкершілік белгіленеді. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес тек заңды тұлға ғана жауап береді. Осы рәсімдердің барлығына қатысты әділет департаменті сұрақ қойып, борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 430-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғауға ұсыныстарды жіберді, бірақ сотқа бірде-бір материал келген жоқ, сәйкесінше бұл материалдардың барлығы тоқтатылды.
Зейнолла Шибкенов бұл мәселе бірнеше рет көтерілгенін, заң жұмыс істеуі керек екенін баса айтты. Әкімнің алдында осы мәселені көтеріп, анықтама дайындап, оны логикалық қорытындыға келтіру керек. Біз қала үшін жетіспейтін миллиардтар туралы айтып отырмыз.
Отырыс төрағасы Мирас Шекенов Әділет департаментінің өкіліне Тексеру комиссиясымен бірлесіп жұмыс істеп, мәслихатта осы мәселе бойынша жағдай туралы мәлімдеме дайындауды, бағдарлама әкімшілеріне шаралар туралы ұсыныстар енгізуді сұрады.
И. Ақпомбаев бағдарлама әкімшілеріне миллиардтан астам сомаға қатысты сұрақ туындайды, әкімшілер 2009 жылдан 2016 жылға дейін сотқа жүгінбеген деп жауап берді.
Қаржы департаментінің басшысы 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қарыз 42 миллиард 346 миллион теңгені, ал 2020 жылдың
1 қаңтарына 39 миллиард 500 миллион теңгені құрады деп жауап берді.
2,8 млрд теңгеге азайды. Талдау қорытындылары бойынша 39 миллиард теңгенің 33 миллиард теңгесі өткен жылдардағы қарыз. Осылайша,
2019 жылғы қаңтарда қарыздың 42 млрд 346 млн. теңгеден қалған қарыз
33 млрд.теңгені құрайды, 9 млрд. теңге сомасында қарыз өтелген.
39 млрд. теңгенің 16 млрд. теңгесі қарызды өтеу туралы сот шешімдерін орындамауға байланысты қарыз сомасы. Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының өткен жылдардағы қарызы – 13 млрд. теңге, көлік басқармасының қарызы – 5 млрд 487 млн.теңге, отын-энергетикалық кешен басқармасының қарызы – 19 млрд. теңге, яғни өткен жылдардағы қарызы – 14 млрд., ағымдағы қарыз – 5 млрд. теңге.
Бақытжан Қабенов көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының алдыңғы жылдары аванстық төлемдер төлеу нәтижесінде туындаған екі үлкен қарызы бар деп жауап берді. Қазіргі уақытта жоба түзетілуде және шарттың талаптары бойынша аванстық төлем орындалған жұмыс актілерін шығару арқылы төленуі керек. Биыл жобаны түзету аяқталып, аванстық төлемді қайтару үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Қазіргі уақытта жоба тоқтатылды, өйткені жоба түзетілуде. Желтоқсан айында қарызды төлейтіндіктері туралы ұйымнан кепілдемелік хаттар алынды, хаттардың көшірмелері Тексеру комиссиясына жіберілді.
Депутат З.Шибкенов кепілдік жарнаның мемлекеттік сатып алу нәтижесінде алған ақшадан неге аз екенін сұрады.
Бақытжан Қабенов бұл Қазақстан Республикасының 2007 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 2015 жылға дейін қолданыста болған редакциясында көзделген шартты қамтамасыз ету үшін 3% төленіп, аванс берілмейтіндігіне байланысты деп жауап берді. Аванстық төлемнің міндетті шарттары 2015 жылы жаңа Заңда пайда болды. Басқарма өз бастамасы бойынша бірнеше шарттар бойынша сақтандыру полисін жасады, бірақ прокуратура тексеру барысында басқармаға бұл өкілеттіктерін асыра пайдалану екендігін, бизнесті дамытуға кедергі болатындығын, өйткені бұл шарт Заңда жазылып көрсетілмегендігін ескертті.
Депутат Қарақат Абден Тексеру комиссиясының басшысына
2019 жылға анықталған бұзушылықтар, есептелген сомалар және бюджетке қайтарылған сомалар туралы сұрақ қойды. Мен осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын түсіну үшін 2018 жылдың сомалары туралы, яғни қандай үрдістер бар екенін білгім келеді.
И. Ақпомбаев 2019 жылы қалпына келтірілген қаражат сомасы
9,5 млрд. теңгені құрады, өндіртіп алу – 142 млн. теңге. Тексеру комиссиясы әкімшілік айыппұлдар есебінен 8 миллионнан астам теңгені қалпына келтірді. Слайдта 2018 жылға 68,5 млрд. теңге туралы ақпарат бар.
Депутат Рамзия Умербаева экономиканы басқару жөнінде сұрақ қойды.
Бюджетті қорғау кезінде сіз қанша қаражат қажет екенін білдіңіз, бірақ Тексеру комиссиясының отырыстарына қатысқан сайын депутаттар көптеген миллиардтаған бұзушылықтар жасалатынын көруде. Құрылысты басқармасы қаржылық бұзушылықтар бойынша көшбасшы екендігін атап өтуге болады.
Сонымен қатар, оларға сапасыз құрылысқа байланысты көптеген шағымдар жасауға болады. Мысалы, Иманов, Брусиловский көшесіндегі мектеп, құрылыс ұзақ уақыт басталмады. Сізден көптеген заң бұзушылықтар туралы басқарма не айтуға алатындығын сұраймын. Бюджетке қанша қаражат қайтарылды, бұзушыларға қатысты қандай шаралар қолданылады.
Құрылыс басқармасының басшысы мектеп құрылысы уақытылы аяқталды деп жауап берді. Ол жаңадан тағайындалған басшы болғандықтан, ол барлық проблемалық мәселелерді қарап, шешетін болады. Басшылық жаңа іс-шаралар жоспарын және жаңа тәсілдерді дайындау үстінде. Бюджетке шамамен 5 миллиард теңге қайтарылды.
Депутат З. Шибкенов құрылыс басқармасынан Ақбұлақ ауданындағы ЖЭО-1 құрылысының аяқталу мерзімін сұрады.
Құрылыс басқармасы басшысы құрылыстың 2020 жылы аяқталатынын түсіндірді.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының төрағасы
М. Шекенов құрылыс басқармасынан осы жоба бойынша игерілмеген қаражат туралы мәлімет дайындауды сұрады, өйткені депутаттар құрылыстың мерзімге сәйкес аяқталуына күмәнданады.
Мәслихат хатшысының м.а. М. Шайдаров отын-энергетика кешені басқармасынан жоғары дебиторлық берешек немен байланысты екенін сұрады, яғни 2018 жылы 19,5 млрд. теңге, ал 2019 жылы осындай мөлшердегі сома.
Отын-энергетика кешені басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Жолдыбаевтың айтуынша қарыз 19,5 миллиард теңге, 2019 жылға төлем жоспары 9,9 миллиард теңге, 5,5 миллиард теңге өтелді, қалдық 4,3 миллиард теңгені құрайды. Баяндамашы бұл 1,5 млрд. теңге тұратын құрал-жабдықтың аванстық құнына байланысты, орындау туралы құжат дайындалды, соған сәйкес Әділет департаменті мен прокуратураға хаттар жіберілді деп жауап берді. Қолданыстағы жобалар бойынша сот шешімімен соманы қалпына келтіру мүмкін емес. Ішінара, қаржыландырудың әр жылынан бастап сома қайтарылады, басқарманың әр төлемнен, әр траншынан 30% орнына
50-60% ұсталады.
Мәслихат хатшысының м.а. М. Шайдаров бұл ауыспалы сомалар екендігін атап өтті.
Отын-энергетика кешені басқармасы басшысының орынбасары дебиторлық берешек бір жылға есептелмейді, бұл көбіне ауыспалы сомалар деді.
М. Шекенов бұл ауыспалы сомалар емес, негізгі сома, бұл өткен жылдардағы қарыздар екенін түсіндірді. Шындығында бұл қайтарымсыз ақша.
Мәслихат хатшысының м.а. М. Шайдаров өткен жылдардағы қарыздар басқармада қалып тұр, сондықтан жүк сияқты барлық көрсеткіштерді бұзады. Сондықтан сізге бірдеңе жасау керек, сотқа жүгіну, кейбір шешімдер қабылдау қажет. Әйтпесе, басқарма бұл қарыздарды 2009 жылдан
2030 жылға дейін созып алады. Көлік басқармасына қатысты да сұрақ туындайды, 166 КСС жоспарланған, тек 2-уі жасалған, кәріз люктері бойынша – 915 жоспарланған, 14-і ғана жасалған.
Көлік басқармасының жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы өткен жылы шамамен 232 миллион теңгенің игерілмегендігі туралы жауап берді. Сот рәсімдері жүргізілуде. Басқарма жосықсыз мердігерлерді сотқа беріп, сот шешімін күтіп отырғандығын хабардар етті.