Тұрақты комиссияның күн тәртібінде «Astana» ӘКК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарын басқару тиімділігі мәселелері
19.05.2020
Қалалық мәслихатта Мирас Шекеновтің төрағалық етуімен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы Zoom қосымшасы арқылы онлайн режимінде өтті.
Күн тәртібінде «жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайту үшін «Astana» ӘКК» АҚ берілген акциялар пакеті мен қатысу үлестерін кейбір заңды тұлғаларды тиімді басқару талқыланды.
Қалалық мәслихаттың депутаттары тұрақты комиссияның отырыстарында «Astana» ӘКК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарын басқару тиімділігіне қатысты мәселелерді бірнеше рет қарады, оның қорытындысы бойынша жоғарыда аталған ұйымдарды басқарудың елеулі кемшіліктері атап өтілді.
«Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысы Ерсін Кенжебайұлы Өтебаев және «Astana» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Рүстем Асқарбекұлы Қуанышбаев баяндама жасады.
Ерсін Өтебаев қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігінде 347 заңды тұлға бар екенін атап өтті.
Басқарма басшысының айтуынша, 2019 жылдың қазан айынан бастап қайталанатын функциясы бар 17 заңды тұлғаны оңтайландыруға бастама жасалды.
Басқарма басшысының айтуынша, 2019 жылдың қазан айынан бастап қайталанатын функциясы бар 17 заңды тұлғаны оңтайландыруға бастама жасалды.
9 заңды тұлға бизнес бағдарланған компанияның жарғылық капиталын ұлғайту үшін «Astana» ӘКК» АҚ берілді, оның ішінде 4 АҚ және 5 ЖШС.
Қоғамның басқарма төрағасы Рүстем Қуанышбаев «Astana» ӘКК» АҚ берілген заңды тұлғалар туралы қалалық мәслихаттың депутаттарын хабардар етті.
Бүгінгі күні АҚ және ЖШС ұйымдық-құқықтық нысанындағы 18 заңды тұлғаның 100% акциялар пакеттері мен қатысу үлестері «Astana» ӘКК» АҚ жарғылық капиталына берілді. Қаланың коммуналдық кәсіпорындары «Astana» ӘКК» АҚ меншігіне берілген сәттен бастап бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Басқарма төрағасының айтуынша «Astana» ӘКК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарды басқаруға қатысу жүйесі бақылаудағы кәсіпорындардың операциялық қызметіне араласпай, тек қаржылық және бақылау функцияларын бөлу және іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін «Astana» ӘКК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимыл регламенті, корпоративтік есеп саясаты және басқа да құжаттар әзірленді және бекітілді. «Astana» ӘКК» АҚ негізгі қаржылық нәтижелерін талдау қазіргі уақытта қоғам мемлекеттен берілген активтерді трансфармациялау және айналымға тарту кезеңіне ұшырағанын көрсетеді.
Депутат Рәмзия Өмірбаева қалалық Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысына музыкалық және көркемөнер мектептерін оңтайландыруға қатысты сауал жолдады. Ол мұндай бірлестікке қарсы екенін, оны мақсатқа сай емес деп санайтынын атап өтті. Оның айтуынша, елордада қосымша білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі сезіледі, ал білім беру жүйесінің алдында балаларды осындай қызметпен барынша көп қамту міндеті тұр және қазіргі уақытта тегін үйірмелер мен секцияларды көбейту мәселесі тұрғанын атап өтті.
Бұл сұраққа Ерсин Өтебаев музыкалық және көркемөнер мектептерінің қызметі болуы және дамуы керек деп жауап берді, бірақ заңды тұлғалардың саны аз болуы тиіс. Жақсы менеджер-басшы бір заңды тұлға шеңберінде олардың қызметін қамтамасыз етеді және ешкімнің құқықтарына нұқсан келтірмейді.
Сондай-ақ, депутат Рамзия Өмірбаева балалардың дамуы туралы әңгіме болып жатқанын және мектеп директорларының көпшілігінің пікірі бойынша осындай мектептердің санын арттыру қажеттігін атап өтті.
Аталған мәселе бойынша қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова қалада балаларды қосымша біліммен қамту деңгейі жақсы емес екенін атап өтті. Қала бойынша осындай ұйымдардың 150 филиалы бар. Және саны жағынан көптеген филиалдарға бір басшы, бұл ең дұрыс шешім емес. Уәкілетті органның саясаты қысқарту емес, қосымша білім беру ұйымдарының желісін дамыту. Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің өз ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, аутист балалармен жұмыс жөніндегі маман есту қабілеті нашар балалармен айналыса алмайды.
Қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрағасы, депутат М. Шекенов білім беру өте көп эксперименттер жүргізілген құрылым екенін, олардың басым бөлігі білім беру жағдайын жақсартпай, керісінше төмендеткенін атап өтті және мұндай әрекеттерде асықпауды ұсынды.
Мәслихат хатшысының м.а. Мәжит Шайдаров осыған ұқсас мәселелер қалалық денсаулық сақтау жүйесін оңтайландыру кезінде де көтеріліп, талқыланғаны туралы еске салды.
- Бұдан бұрын қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысына онкологиялық аурухананы жұқпалы аурулар ауруханасымен біріктіру қажеттілігіне қатысты сұрақ қойылды. Және депутаттарға оңтайландыру үнемдеу мақсатында жүргізілетінін дәлелдеді. Бұл немен аяқталды. Мында онкологиялық-жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері отыр. Онкологиялық ауруларға операция жасауы тиіс тамаша дәрігер, хирург-онколог карантин кезінде айлар бойы жұқпалы аурулар ауруханасынан шықпауға мәжбүр болды. Бір аумақта орналасқан ауруханаларды оңтайландыруға болады, мұндай жағдайда қандай да бір түпкілікті тиімділік болуы мүмкін. Қазір онкологиялық және жұқпалы аурулар ауруханаларын ажырату қажет. Білім басқармасы және мектеп директорлары сізге көркемөнер, музыкалық мектептерді оңтайландыруға болмайтынын айтып отыр. Осындай әлеуметтік шиеленіс өсіп келе жатқан қиын уақытта, карантиндік және карантиннен кейінгі уақытта, мұндай ойластырылмаған әрекеттермен қосымша шиеленіс тудыруға болмайды, - деді ол.
Бұл мәселе ашылмағандықтан, кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіштері бойынша ақпарат ұсыну қажеттілігі туралы депутат Зейнолла Шибкенов Ерсін Өтебаевқа өтініш білдірді.
- Сіз айтқан жалғыз нәрсе кәсіпорындармен төленген дивиденттер туралы. Тиімділік өсті ме оны көрсетпедіңіз. Мен кейбір кәсіпорындар өзін-өзі қамтамасыз еткенін, ал қазір олар мүлде басқа жағдайда екенін білемін. Сіз бұрын, ең болмағанда 2018 жылдан бастап бұл кәсіпорындардың жасаған жұмыстарына талдау көрсетуіңіз керек. Оңтайландыруға алдымен кәсіпорын қолдауды қажет ете ме деген позициямен келу керек? Сауатты оңтайландыру қажет, - деді ол.
Сондай-ақ, отырыс барысында қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларды орналастыру жөніндегі мәселені және «Astana» ӘКК» АҚ балансындағы коттедждердің бірін отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға беру туралы мәселені қарастыру мүмкіндігін көтерді.
Отырысты қорытындылай келе Мирас Шекенов баяндамашыларға өнімділіктің және пайданың тиімді деңгейі бар кәсіпорындарды ӘКК-дан шығару және әрі қарай олардың қызметін өз бетінше жүзеге асыруы туралы мәселені қарау жөнінде сөз қозғады.