Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында Сәрсенбек Жүнісовтің төрағалығымен Zoom қосымшасы арқылы онлайн режимінде Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті
15.05.2020
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында Қала құрылысы регламентін (дизайн-код) іске асыру барысы туралы мәселе қарастырылады.
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы Нұрлан Ұранхаев баяндама жасады.
Мәслихат депутаттарына Нұр-Сұлтан қаласының Қала құрылысы регламентін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынылды.
Н. Ұранхаев бұл жоба екі кезеңнен тұратынын атап өтті. Бірінші кезеңде функционалды аймақтарды салу қағидалары әзірленді және олар 2018 жылы мәслихат шешімімен бекітілді. Екіншіден, көше мен жолдарды абаттандыру және олардың маңайындағы аумақтағы ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін ресімдеу қағидалары.
Осылайша, дизайн-код стилистикалық біртұтас, жайлы және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға көмектесетін қағидалар мен ұсыныстарды білдіреді.
Басқарма басшысы қазіргі кезде қағидаларға сәйкес келмейтін нысандарды анықтау бойынша ғимараттардың қасбеттерінде орналасқан жарнамалық конструкцияларды тексеру басталғандығын атап өтті.
338 объекті бойынша жұмыстар толығымен аяқталды, ол тек басты көшелер бойында жүргізілуде. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша фотоальбом дайындалып, онда сәулет талаптарына сай емес барлық нысандар көрсетіледі. Суретке түсіргеннен кейін қызыл сызықтың бұзылмағандығын немесе конструкцияның тротуар жолға шығып тұрмағандығын анықтау үшін топографиялық түсірілім жасалады.
Ол қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының бақылау және қадағалау функциялары жоқ екенін, сондықтан материалдар Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауға (бұдан әрі – МСҚБ) тапсырылатынын, барлық меншік иелеріне хабарламалар жіберілетіндігін айтты. Тексерумен қатар «Сарыарқа» және «Алматы» аудандарындағы қоғамдық орындарды реконструкциялау жұмыстары да басталды.
Басшының сөзінше жобалық-сметалық құжаттама дизайн-кодқа сәйкес кіреберістерді, ғимарат қасбеттерін реконструкциялау үшін қасбеттерге, кіреберіс топтарына, шағын архитектуралық нысандарға, соның ішінде жол желісіне қатысты ұсынымдар дайындауда.
Н. Ұранхаев өз сөзін қорытындылай келе, Қала құрылысы регламентін іске асыру елорданың қалалық ортасын едәуір жақсартуға ықпал ететіндігін атап өтті.
Мәслихат депутаты, мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Сәрсенбек Жүнісов депутаттарға және отырысқа шақырылғандарға дизайн-код 2020 жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізілгенін, алайда төтенше жағдайдың жариялануына байланысты екі ай бойы жұмыс тоқтап қалғандығын мәлімдеді. Мәслихаттың бейінді комиссиясы атқарылған жұмыстардың нәтижелерін қарау үшін жылдың соңында осы мәселені талқылауға қайтадан оралады.
Мәслихат хатшысының м.а. Мәжит Шайдаров баяндамашыдан өзгертулер әкімдік алдындағы алаң, орталық әмбебап дүкенді қамтиды ма, яғни субұрқақтардың қайтарылуына, әкімдік алдындағы алаңда шағын саябақтың құрылуына әсер етеді ме деп сұрады.
Басқарма басшысы бұл мәселе шешіліп жатқандығын, егер кеңістік көлемі үлкен болса шағын саябақ құру ұсынысы да өзекті екендігі туралы жауап берді.
Мәслихат хатшысының м.а. Мәжит Шайдаров Абай көшесін реконструкциялау таныстырылымын көрсету кезінде көшені қайта құру жұмыстары қалай аяқталатыны туралы ескі және жаңа нұсқасы ұсынылғанын атап өтті.
Нұрлан Ұранхаев жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда деп жауап берді. Басқарма қала бойынша бір мезгілде қайта құру іс жүзінде мүмкін емес деп санайды, оны бөліктер бойынша бастау керек. Барлық мәселелер бойынша түпкілікті шешім басқарма сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
Депутат Аман Аюпов баяндамашыдан маңызды ғимараттарды жөндеу кезінде сәулет талаптарының сақталмауы, яғни сол жақ жағалаудағы, оң жақ жағалаудағы ғимараттардың терезелерін ауыстыру кезінде талаптардын сақталмауы мәселелері, мысалға, бұрынғы Қаржы министрлігі ғимаратының терезелерін ауыстыру барысында көк түсті терезелермен қатар жасыл түсті терезелер де бар екендігін және бұл мәселені қалай шешуге болатындығын сұрады. Бұл процесті басқарудағы басқарманың ұйым иелеріне ықпал ете алатын қандай тетіктері бар екендігі туралы да сұрақ қойды.
Н. Ұранхаев төтенше жағдайға байланысты бұл мәселені қарау тоқтатылғанын айтты. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қаланы абаттандыру қағидаларын әзірлеу туралы тапсырма бар. Құжат ғимараттың қасбеттерінде орналасқан жарнамалық құрылғыларға қойылатын талаптарды қамтиды. Бұрын басшылыққа алған Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында қасбеттерді безендіруге қатысты ұсыныстар жоқ. Жаңа ережелер Құрылыс комитетімен, мәслихатпен келісілетін болады.
Отырыс төрағасы депутаттар мақұлдаған дизайн-код МСҚБ-ға меншік иелері ұйымдарына жөндеуді ТРМЖ-ға сәйкес жүргізу туралы нұсқамалар жіберуге құқық беретіндігін атап өтті.
Н. Ұранхаев жаңа құжат тек архитектураға ғана емес, көптеген салаларға да қатысты екенін атап өтті.
Депутат Қарақат Абден тұрғындарды алаңдататын, яғни қаланың келбетін шырайландырмайтын LRT құрылысының тіректері туралы шешім қашан қабылданатындығы жөнінде сұрады.
Н. Ұранхаев бүгінде бұл сұрақ LRT екінші кезеңінің ықтимал құрылысы туралы болып отыр. Бірақ қазір оң немесе теріс шешім қабылданған жоқ деп жауап берді.
Депутат Мирас Шекенов баяндамашыдан қаладағы көрнекі жарнамаға кім жауапты екенін сұрады, оны қазір көрнекі «қоқыс» деп атауға болады, бұл тек жарнамалық құрылғыларға ғана қатысты емес, сонымен қатар қасбеттердің құрылысына да қатысты. Бұған аудан әкімдіктері қаншалықты қатысады. Депутаттың айтуынша, оның орта және шағын бизнеске ешқандай қарсылығы жоқ, бірақ бүгінде қаладағы жарнамаларда орын алып жатқан нәрсе – көрнекі «қоқыс». Дизайн-код қабылданғаннан кейін тікелей нәтижелер болуы керек.
Н. Ұранхаев «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқарма жарнама мазмұнымен айналыспайтындығын, ол негізінен есепке алу рөлін атқаратындығын және ТРМЖ бөлшектеу жұмыстарымен айналысатындығын хабарлады.
Сәрсенбек Жүнісов Қала күніне орай барлық қасбеттерді тазартатын науқан ұйымдастырылуы керек және бұл қалаға пайдалы болады деп кеңес берді.
Депутат Аман Аюпов жарнама туралы сөз болғанда, олар бірден мораторийді еске түсіретінін атап өтті. Ол мораторийді тек жарнамалық құрылғыларын барлық талаптарға сәйкес орналастыратын ұйымдарға ғана қолдануды ұсынды. Кәсіпкерлік кодекс талаптарды бұзатындарды қорғауға тиісті емес.
Баяндамашы бұл жұмысты ретке келтіру үшін әкімдік аудан әкімдіктеріне бірлік бөлгендігіне тоқталды.
Құрылыс істері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы басқарма басшысына жыл сайын аудан әкімдіктері талапқа сай жарнамалық құрылғыларды жасауды жарама иелеріне біртіндеп үйретіп, қаланы тазартып отыруы керек деді. МСҚБ талаптарды бұзғаны үшін нұсқама жібере алады.
Мирас Шекенов Сәулет басқармасына аудан әкімдіктерімен бірлесіп негізгі көшелерге, жанында бірнеше шағын дүкендер бар ірі сауда үйлеріне тез арада тексеру жүргізуді және ақпаратты МСҚБ-ға жіберуді ұсынды.
Сергей Солодовников Ұлттық кәсіпкерлер палатасына осы мәселені кәсіпкерлермен бірге пысықтау үшін хат дайындауды және қарамағында павильондары бар ӘКК хат жолдауды ұсынды.
Төраға отырысты қорытындылады және ҰКП пен ӘКК өкілдерін осы бағытта қандай жұмыс жасағандығы туралы есеп беру үшін келесі кездесуге шақыруды ұсынды. Елорда күніне дейін жұмыстың бірінші кезеңін аяқтау керек.
Отырыстың қорытындысы бойынша депутаттар тұрақты комиссияның қаулысын қабылдады.