Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2017 жылғы қыркүйек - 2016 жылғы сәуір кезеңі бойынша ЕСЕП
24.08.2019
Астана қаласы мәслихатының
20 –шы сессиясында қаралды
2017 жылдың 20 қыркүйегінен
Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
2016 жылдың сәуірінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңіне
ЕСЕБІ
Астана қаласы мәслихатының алтыншы шақырылымының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2016 жылдың сәуірінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңіне жұмысы бойынша есебін ұсынамыз.
Тұрақты комиссияның жұмысы, құрамына: Зейнулла Рахимович Шибкенов, Саят Нурланович Батпенов, Есенжол Тускенович Бекишев, Ахылбек Кажигулович Куришбаев, А.Ф.Ким кіретін депутаттармен есепті кезең бойына қолданыстағы заңнамаға, Регламент пен Астана қаласы мәслихатының болашақ жоспарына сәйкес қатаң жүзеге асырылды.
Астана қаласы мәслихатының қызметінде негізгі бағыттардың бірі елорданың экономикасын, өнеркәсібі және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері болып табылады.
Есепті кезеңде мәслихаттың кезекті сессияларында қаралған мәселелер:
- «Елордада индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру туралы»;
- «Аймақтық инвестициялық саясатты жүзеге асыру және елордаға инвестиция тарту стратегиясын қалыптастыру бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы».
Мәселені зерделеу және қарау барысында қалалық мәслихатпен шағын және орта бизнес пен инновациялық қызмет объектілерін тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен жабдықтау, канализация, жолдар, сумен қамтамасыз ету және т.б.) мәселелерін шешу қажет екендігі атап өтілді.
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының өндірістік нысандарында орталықтандырылған жылу жүйесінің жетіспеуі кәсіпорындардың қызметі мен қызметкерлердің еңбек жағдайларын қиындатуда. Бұл бүгін де өзекті мәселе болып тұр.
Индустриалды парктерден тыс орналасқан кәсіпорындардың жұмыс жасауы қатты алаңдатады, бұл оларды тек қазіргі мемлекеттік жеңілдіктерден ғана емес, қажетті коммуникациялық инфрақұрылымның болуы мүмкіншілігінен де айырады.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарын, оның ішінде жылыжай шаруашылықтарын дамытуға және қолдауға жеткілікті көңіл бөлінбейді.
Астананың индустриялық-инновациялық қызмет объектілерін білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету аса өзекті мәселелердің бірі болды. Жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу кезінде салалық мамандардың жетіспеушілігіне байланысты елордадағы өндірістік кәсіпорындарда дуалдық оқыту жүйесін кеңінен қолдану ұсынылды. Қазірге дейін кәсіпорындарда оқытылған мамандарды жұмыс орнында ұстап қалу шешілмеген мәселе болып қалуда. Бүгінгі күні «елордада индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру туралы» мәселені қараған кезде біз сол кемшіліктерді айтып отырмыз. Мәселе тұрақты комиссияның бақылауында.
Есепті кезеңде тұрақты комиссия 9 отырыс өткізіп, 13 мәселе қарады. Біріншіден, маңыздылығы мен талқылау саны бойынша бюджеттік мәселелер ең алдымен қаралды. Бұл жаңа депутаттық корпустың қалалық бюджетті алғашқы қабылдауы болды. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 78-бабын басшылыққа ала отырып, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары «Нұр Отан» фракциясымен жекелеген және бірлескен отырыстарында бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерін тыңдай отырып, өз бағыттары бойынша бюджет жобасын, оның негізгі параметрлерін талқылады.
2017-2019 жылдарға арналған бюджетті талқылау нәтижесінде бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің ұсыныстарының және бюджеттік өтінімдерінің көпшілігі қанағаттандырылды.
Депутаттар бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне сапалық және сандық көрсеткіштердегі сәйкессіздіктер, инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерін сақтамау сияқты бюджеттік жоспарлауға қатысты ескертулер айтып, тиісті ұсынымдар берді.
Мәслихат депутаттары өткен жылға Астана бюджетін орындау мәселесіне аса назар аударды. Бюджеттің атқарылуын талдай отырып, депутаттар бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері арасындағы жұмысты үйлестіруді жақсарту жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Бюджет қаражатын оңтайлы бөлу және бақылаумен қатар, қалалық бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру үшін қосымша қаражат табу мақсатында «Астана қаласының бюджетіне салық түсімдерін арттыру жөніндегі шаралар туралы» мәселе қаралды.
Мәселені қарау кезінде тұрақты комиссия елорданың бюджетінің кіріс бөлігін қамтамасыз ету департаментінің жұмысында белгілі бір қиындықтар бар екенін атап өтті. Екінші деңгейлі банктерді бірлесіп жұмыс жасауға тарту, комиссиялық қызметтердің мөлшерін азайту, кәсіпкерлерге түсімділік көлемі бойынша қойылатын талаптар мен кедергілерді жою қажет екендігі атап өтілді.
Азаматтардың мүлкіне салынатын салықтарды дұрыс есептеуге базадағы деңгейі 30 пайызға жететін уәкілетті органдардың шынайы емес ақпараты кедергі болуда.
Сауда-саттық және алкоголь айналымы саласында ең көп бұзушылықтарға жол берілген. Көлеңкелі айналыммен күресу мақсатында астана тұрғындарының өміріне қауіп төндіретін үлкен көлемдегі контрафактілік алкоголь бөлшек саудадан шығарылуда.
Салық органдарының Интернет-саудада салық заңнамасының сақталуын қадағалау жөніндегі қызметіне айрықша көңіл бөлу қажет. Мәселені қарау нәтижелері бойынша Астана қаласының мемлекеттік кіріс Департаментіне тиісті ұсыныстар берілді.
Бюджет қаражатын тиімді пайдалануды бақылау мақсатында тұрақты комиссия есепті кезеңде төмендегі салаларға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы ақпаратты тыңдап, талқылады:
- энергетика салалсындағы инвестициялық жобаларды іске асыру.
- әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру.
Қаланың жылумен жабдықтау жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша қабылданған шараларға қарамастан, жылу және электр желілерінің тозуы қиындатуда. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерінің өзара келісіп жұмыс жасамауы, жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындамау инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асырмауға әкелуде. Осылайша, 4-ші және 5-ші кезектегі жылу магистральдарының құрылысы кешіктіріліп, ЖЭО-3 құрылысының кестесі сақталмауда.
Иесіз жылу желілері және электр жүйелерінің нысандарын қаланың коммуналдық меншігі мен пайдаланушы ұйымдардың меншігіне көшіру мәселелері баяу қарқынмен шешілуде.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мерзімдері елорданың аумақтарын дамыту жоспарлары мен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына үнемі түзету енгізілуіне байланысты кейінге қалдырылуда.
Әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерімен бюджеттің айқындалғанына қарамастан, 490,7 млн. теңге, оның ішінде құрылыс басқармасымен - 213,3 млн. теңге игерілмеген.
Жобалар арасында бюджет қаражатын негізсіз қайта бөлу орын алған. Инвестициялық жобалардың бекітілген тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Тұрақты комиссия инвестициялық жобалар бойынша құрылыс салудың нормативтік мерзімін сақтау қажеттігін атап өтті. Инвестициялық жобалардың әзірленген және іске асырылмаған жобалық-сметалық құжаттарының саны артып келеді. Іске асырылуы тұрақты комиссияның бақылауындағы тиісті қаулылар қабылданған.
Қаланың тұрғындарын сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында атқарушы органдардың қызметін бақылау үшін «Астананың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік бағаларын тұрақтандыруды қамтамасыз ету шаралары жөніндегі ауылшаруашылығы басқармасының жұмысы туралы» мәселе қаралды.
Мәселені қарау барысында тұрақты комиссия азық-түлік бағаларының өсу себептерінің бірі уақытылы қаржыландырмау, азық-түлік өнімдерін өндіру, өңдеу және сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерін орындамау болып табылатынын атап өтті.
Жүргізілген баға мониторингі кейбір азық-түлік өнімдері бағасының төмендеуін реттеуге мүмкіндік бермейді, соның нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуіне жол беріледі, сапасыз өнімдерді сату фактілері орын алған.
Өнімдерді өндіру, сақтау, өңдеу және өткізу объектілеріне инфрақұрылымды жетілдіру, оларды электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі, жолдар және басқа да техникалық қызмет көрсету жүйелеріне инфрақұрылымды дамыту мәселелері баяу шешілуде.
Мысалы, салынып жатқан көкөніс қоймаларына, «Целинсельмаш» ЖШС, «Astana Food Storage» ЖШС, «Кунанбаев» ЖК, «Arul Communication» ЖШС, «Абдинуров» ЖК, «Сага-Астана» ЖШС және «Жуанышпаев» ЖК, «Алиев» ЖК жылыжай кешендеріне кірме жолдар мен байланыс жүйелері тартылмаған.
Астананың азық-түлік қауіпсіздігі мен елге әкелінетін өнімдерді сақтауды қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру мақсатында құрылған тұрақтандыру қоры жұмыс істемейді. Тұрақты комиссияның 2016 жылғы 28 қазандағы қаулысының ұсынымдарын орындау бақылауға алынған.
Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің жұмыс режимін шектеу мәселесі қала әкімінің орынбасарының қатысуымен тұрақты комиссиямен қаралды. Қарау нәтижесі бойынша «Астана қаласы әкімдігінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөліміне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» Заңына тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабаттарында және астыңғы қабаттарында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің жұмыс режимін шектеу туралы өзгерістер енгізуге бастама көтеру ұсынылды .
«Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалары арасында қаражатты қайта бөлуді бекіту туралы» мәселе тұрақты комиссиямен қаралып, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау үшін енгізіліп, бүгінгі сессияда бекітілді.
№7, 8 қазандық қондырғыларын, №5,6 турбиналық қондырғыларын және Астана қаласының су жылыту қазандығын орнатумен қатар ЖЭО-2 кеңейту және реконструкциялау үшін мақсатты трансферттерді қайта бөлу және жобаларға бөлінген қаржыны азайту ұсынылды:
- 468 416,0 мың теңге сомасына «Астана қаласында ЖЭО-1-ні қайта құру»;
- «Астана қаласындағы жылу желілері және электр желілерінің объектілерін, ЖЭО-2 БК кеңейту және қайта құру» сомасы 67 297,0 мың теңге;
- «Астана қаласында ЖЭО-3 құрылысы» жалпы сомасы 603 952,0 мың теңге.
Астанадағы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің және Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының құмар ойын автоматтары мен боулинг жолақтарына бекітілген салық мөлшерлемесін төмендету туралы өтініштерін қоса алғанда тұрақты комиссияда бірқатар өтініштер қаралды.
Талқыланған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды. Атқарушы органдардың араласуын қажет ететін проблемалық мәселелер жөнінде Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарына тұрақты комиссиямен хабарланды. Қаулылардың орындалуы бақылауға алынады.
Есепті кезеңде тұрақты комиссияның депутаттары қалалық мәслихаттың кезекті 5 сессиясының, сондай-ақ кезектен тыс сессиялар, қоғамдық тыңдаулар, депутат Күндерінің және басқа да мәслихат іс-шаралары жұмысының негізгі мәселелерін дайындауға және қарауға белсене қатысты.
Өздерінің сайлау округтерінде сайлаушыларды қабылдайды, азаматтардың өтініштерін қарайды, олардың орындалуы үшін тиімді шаралар қабылдайды, қалалық мәслихат аппаратына және «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалына ай сайынғы және тоқсандық есептер ұсынады.
Сондай-ақ, тұрақты комиссияның мүшелері астананың әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңестерінің, қалалық және ведомствоаралық комиссия мүшелері ретінде елорданың әлеуметтік-экономикалық өміріне тікелей қатысады.
Қорытындылай келе, бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия алдағы уақытта алға қойған міндеттерін іске асыру және тұрақты комиссияның қадағалауындағы астана құрылымдарының қызметін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс түрлерін пайдалана отырып, өз қызметін жандандыру бойынша жұмысын жалғастыратын болады.
Астана қаласы мәслихатының
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
57 сессиясында қаралды
2014 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың 15 қыркүйегі бойынша
бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының есебі
Тұрақты комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнама актілерін, Мәслихаттың реттемесін және перспективалы жұмыс жоспарын басшылыққа ала отыра, 2014 жылдың қыркүйегінен осы уақытқа дейінгі есепті кезеңде 7 отырыс өткізіп, 12 мәселені қарастырды.
Комиссия қызметінің басым бағыттары ретінде негізгі назар алдағы жылдарға арналған елорда бюджетін әзірлеу және бекітуге аударылады.
Үш жылға арналған елорда бюджетінің жобасын талқылау барысында тұрақты комиссияның әр отырыстарында депутаттар қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамымен, жалпы өңірлік өнімнің негізгі көрсеткіштерімен, салықтық және бюджетке түсетін өзге де түсімдердің жоспарларымен, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қимасында бюджет шығыстарының жоспарланған шығыстарымен танысуға мүмкіндігі бар. Қаланың жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарының бірлескен іс-шаралары елорда бюджетінің әлеуметтік бағыттылығын сақтауға мүмкіндік тудырады.
Тұрақты комиссия талқылау нәтижелері бойынша комиссиядан түскен ұсыныстар жиынтығын Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынады.
Жыл сайын атқарушы органдар маңызды сомаларды әлеуметтік мәселелерді шешуге, мектеп, мектепке дейінгі мекемелер, жол және көлік айырымдары құрылысына, инженерлік – коммуникациялық желілер салуға бағыттайтындығына қарамастан қаланың шеткі аудандарында жол салу және жөндеу, жаңадан енгізілген объектілердің, абаттандыру объектілерінің коммуналдық меншікке мерзімінде берілмеуі және оларды пайдалануға беруші ұйымдарға берілуі және т.б. мәселелер талқыланды.
2015-2017 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстардың көп бөлігі, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері қанағаттандырылды. Жеке алғанда, жедел медициналық көмектің қосымша машиналарын сатып алуға, медициналық колледж құрылысына жобалық – сметалық құжаттама әзірлеуге қосымша бюджеттік өтінімдер және өзге де бюджеттік өтінімдер қолдау тапты.
Сонымен бірге, депутаттар қалада егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу кезінде проблемалар бар екендігін, уақытша сауда павильондарын салу кезінде Астана қаласының аумағын салу ережесі дұрыс сақталмайтындығын атап айтты.
Әкімшілердің қанағаттандырылмаған өтінімдері Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының айтуынша бюджетті нақтылау кезінде шешілетін болады, жыл аяқталуда және әкімшілер жағдайды талдаулары қажет және қажет болған жағдайда іске асуы үшін қала әкімдігі жанындағы Бюджет комиссиясының қарауына өтінім берулері қажет.
Қала бюджетінің орындалуы комиссияның тұрақты бақылауында. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес комиссия отырыстарында тұрақты түрде есепті кезеңде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бақылау іс-шараларының қорытындылары, елорданы әлеуметтік – экономикалық дамыту бағдарламаларын, жоспарларын іске асыруға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша ұсыныстар талқыланады. Сонымен, есепті кезеңде Тексеру комиссиясының қаланың аудандары әкімдері аппараттарына, Сәулет және қала құрылысы басқармасына, Құрылыс басқармасына және өзгелерге ұсыныстары қарастырылды.
Бюджет жобасын талқылау барысында мәслихат депутаттары үнемі Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджетті жоспарлауды жетілдіру, бюджеттік бағдарлама әкімшілерін жыл сайын қаржыландырудың салыстырмалы талдауын жүргізу қажеттілігі туралы ескертулер айтып отырды. Осыған байланысты, тұрақты комиссия ағымдағы жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаттарының кірісін болжау және тиімді жоспарлауды қамтамасыз ету жөніндегі есебін тыңдады. Талқылау барысында депутаттар сапасыз жоспарлау себептерін атады. Бұл бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен өзара келісілген әрекеттерінің болмауы, жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзім ішінде орындамау. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына абаттандыруға, көгалдандыруға, жолдарды салу мен жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға аса назар аудара отыра бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландырудың салыстырмалы талдауын жүргізу, инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін өткізу туралы ұсыныстар берілді. Бюджетті тиімді жоспарлауды қамтамасыз ету үшін ведомстволық бағынысты ұйымдармен бірге оларды дамыту, нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді бекіту басымдықтарын анықтау бойынша шаралар қабылдасын.
Шағын және орта бизнесті дамыту, инновациялық дамыту мәселелері комиссияда тұрақты түрде талқыланып отырады. Сонымен, есепті кезеңде комиссия отырыстарында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының «Бизнестің жол картасы - 2020», «Елордада «Индустриялық – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысы туралы» бағдарламаларын іске асыру туралы есептері тыңдалды.
Көшпелі жиналыстар өткізу тәжірибеге енді. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасының елорданың Индустриялық паркін дамыту жөніндегі есебі туралы» мәселені қарастыру барысында тұрақты комиссия барлық депутаттардың қатысуымен өндірістің оңтайлы желілері енгізілген және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару жолға қойылған елорда кәсіпорындарына барды. Олар - республикада тікұшақ өндірісі жобасын іске асыратын «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС, фотоэлектр үлгілерін өндіру бойынша «Astana Solar» ЖШС, Энергия генерациялаушы және энергия таратушы құралдар, теміржол техникаларын және трамвайлар өндіретін «Alstom» ірі француз компаниясы кәсіпорны және суасты қайығынан әуе корабліне дейін әр түрлі техникада қолданылатын электронды платтың кең спекторын шығару жөніндегі зауыт.
Тұрақты комиссия өз жұмысында Көпшілік тыңдалымдар, «Депутаттар күні» атты тиімді жұмыс нысандарын қолданады. Есепті кезеңде оларда Сәулет және қала құрылысы басқармасы және Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшыларының есептері тыңдалды.
«Сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулет және қала құрылысы қызметі саласында нормативтік құқықтық актілерді қала аумағында сақтауды бақылау жөніндегі жұмысы туралы» тақырыпты талқылай отыра, депутаттар елорда және қаланың шеткі аймақтарында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Астана аумағын дамыту үшін қала құрылысы құжаттарын әзірлеу бойынша қалада жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Өз кезегінде, халық қалаулылары елорданың сәулет бейнесін қалыптастыруға әсер ететін проблемаларға назар аударды. Бұл ғимараттардың қасбеттері, жарнамаларды рұқсатсыз орналастыру, жылжымайтын мүлік объектілерін мақсатсыз пайдаолну және т.б. Сәулет және қала құрылысы басқармасына осы мәселелердің барлығын бақылауға алу және сәулет саласында бұзушылықтарды болдырмау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды.
Кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін ескере отыра көпшілік тыңдалымдарда және «Депутат күнінде» тұрақты комиссияның бастамашылығымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәселе талқыланды. Депутаттар осы Бағдарлама шегінде шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау бойынша елордада жүргізіліп жатқан жұмыспен танысты. Сонымен бірге, жүргізілетін іс-шаралар қатарымен бірге жұмыспен қамтылмағандардың нақты санын білу және олардың жалпы өңірлік өнімге енгізетін үлесін тиімді бағалау үшін статистика әдістері жүйесін пысықтау қажет.
Тұрақты комиссияда Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көрсету жөніндегі іс-шаралар кешендерін іске асыру туралы есебіқарастырылды. Талқылау барысында депутаттар әлеуметтік бөлікте жүргізіліп жатқан көптеген жұмыстарға және маңызды түрдегі өзгерістерге қарамастан проблемалы мәселелер қатары бар екендігін де атап айтты. Қалада психикалық неврологиялық интернаттарда орын тапшылығы бар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін күндіз болу бөлімдері желісін кеңейту мәселесі пысықтауда, тұрақты түрде күтімді қажет ететін 1 және 2-топ мүшедектерін күтетін тұлғаларға заңнамалық тәртіпте төлемдер төлеуді шешу және т.б. қажет етіледі.
Барлық қарастырылған мәселелер бойынша нақты тәжірибелік нұсқаулармен, оларды орындау мерзімдерімен тиісті қаулылар қабылданды.
Тұрақты комиссияның жұмысын талдай келе, оның отырыстарында елорданың тиісті департаменттері мен басқармаларының, әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламалары әкімшілерінің есептері тыңдалғандығын айтуға болады. Мәслихаттың жұмыс реттемесіне сәйкес қабылданған сессия шешімдері және комиссия қаулылары бақыланып отырады.
Сессия мен тұрақты комиссиялар отырыстарының жұмыстарына қатысумен қатар, тұрақты комиссия мүшелері қала әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңестерінің, қалалық және ведомствоаралық комиссиялардың мүшелері бола отыра, елорданың әлеуметтік – экономикалық өміріне де тікелей қатысады.
Тұрақты комиссия мүшелері өздерінің сайлау округтерінде де маңызды жұмыстар атқарады, сайлаушыларды қабылдайды, азаматтардың жүгінулері мен өтініштерін қарастырады, тиісті ведомстволарға мерзімінде сұратулар мен хаттарды орындау бойынша шаралар қабылдай отыра, жолдайды,
Қорытынды сөзімде комиссия мүшелері Хамхоев Сайфудин Султановичті, Оралов Мейрам Әскербайұлын, Петрущак Василий Николаевичті, Шибкенов Зейнулла Рахымұлын, Шайдаров Мәжит Зейноллаұлын белсенді және жемісті жұмыстары, комиссияға енгізілетін мәселелерді талқылауда мүдделілік танытқандары және олардың қалалық мәслихаттың сессия жұмыстарына және комиссия жұмыстарына белсенді түрде қатысқандары үшін алғыс айтқым келеді.
Астана қаласы мәслихатының
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
23-сессиясында қаралған
Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының 2013 жылғы қыркүйек - 2014 жылғы қыркүйек аралығындағы
кезең бойынша есебі
Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2013 жылғы қыркүйек - 2014 жылғы қыркүйек аралығындағы кезең бойынша есебін ұсынуға рұқсат етіңіздер.
Есепті кезеңде комиссияның 10 отырысы өтті, оның біреуі көшпелі болды. Барлығы 14 мәселе қаралды. Маңыздылығы бойынша ең жиі талқыланған әрине бюджет мәселесі. Есепті кезеңде Астана қаласының 2014 -2016 жылдарға арналған бюджетінің жобасын қарауға негізгі назар аударылды, ол комиссиялардың жекелеген және бірлескен отырыстарында талқыланды. Талқылау барысында депутаттар елорданың әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен, жалпы өңірлік өнім көрсеткіштерімен, салық және бюджетке түсетін басқа да түсімдері жоспарларымен, бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар бөлігінде бюджет қаражатының жоспарлы шығыстарымен танысты. Мысалы, комиссия ұсынысы бойынша «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының бюджеті ұлғайту бөлігінде қайта қаралды. Депутаттар көтерген мәселелердің көбі оң шешімін тапты.
Бекітілген бюджетті іске асыру барысы тұрақты комиссияның ерекше бақылауында. Өткен жылдарғы бюджеттің орындалуына да үлкен көңіл бөлінуде. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты шығыстардың орындалуы мен түсуі туралы ақпаратпен бірге 2013 жылғы бюджеттің орындалуы туралы талдамалық есеп те комиссиялардың жекелеген, кейін бірлескен отырыстарында талқыданды. 2013 жылдың бюджет саясаты Астана қаласын дамыту бағдарламасында белгіленген және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері стратегиялық жоспарларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталды.
Есепті кезеңде негізгі қаражат елорда экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсер ететін қаланы дамыту жөніндегі іс-шараларға, инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалды. Талқылау нәтижесінде депутаттар жергілікті бюджетке қала кірістері түсімі өсуінің оң динамикасын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатты игеруін атап өтті. Бұрынғыдай бюджет саясатында әлеуметтік шығыстарға басымдық берілді. Білім беру, денсаулық сақтау мен әлеуметтік көмек, мәдениет пен спорт саласына соңғы 5 жылда бөлінген шығыстардың өң динамикасы байқалды. 2013 жылы аталған салаларға 99 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 65 пайызға шығындардың өсуін көрсетіп отыр.
Салықтық әкімшілендіруді жақсарту және уәкілетті органдармен өзара байланысты күшейту қала бюджетіндегі меншік кірістердің көлемін артыруға әсер етті, сомалық көрсеткіш 140 млрд. 852 теңге болды, бұл жоспарланған көлемнен 103,5 пайызға артық.
Бюджеттің шығыс бөлігін орындау бойынша оң динамиак байқалуда. Әлеуметтік шығыстармен бірге бюджеттің айтарлықтай бөлігі қаланы абаттандыру, көлік инфрақұрылымын дамыту мен қауіпсіздікті жоғарылату сияқты инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалды. Талдау қорытындылары бойынша депутаттар бағдарламаларды іске асыруға қатысты бірқатар ескерту жасады. Сонымен бірге, бөлінген бюджет қаражатын толығымен игеру мақсатында іс-қимыл жасау және жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындау қажеттілігіне назар аударды.
Бұған қоса, комиссия есепті кезеңде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 4 өкімін қарады. Комиссия оларды қарау нәтижелері бойынша бюлжеттік және өзге де заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері атына ұсыным жасаумен тиісті қаулы қабылдады. Тоқсан сайын Тексеру комиссиясының бақылау іс-шараларының қорытындылары да қаралып отырды.
Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселелерін қарау комиссия қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мәселе Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Бұл бағытта алдымызға қойылған міндет - шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін ұлғайту, отандық тауар өндірушіні нақты қолдауды қамтамасыз ету. Осыған орай, есепті кезеңде тұрақты комиссияның отырыстарында елордағы шағын және орта бизнестің жай-күйі және оған қолдау көрсету жөніндегі шаралар, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру барысы сияқты мәселелер қаралды. «Қазіргі заманғы жағдайда бизнес пен биліктің тиімді өзара іс-қимылы» тақырыбында «дөңгелек» стол ұйымдастырылды. Елордадағы шағын және орта бизнес мемлекеттің белсенді қолдауымен экономиканың көптеген саласында дами бастады. Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесі 50 пайыздан астам. Кәсіпкерлердің қызметін үйлестіру бойынша орталық ашылды.
Алайда, жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, тұрақты комиссия қабылданған қаулыларда ірі және шағын кәсіпорындар арасында ынтымақтастықты кеңейту, кәсіпкерлерді ынталандыру мен франчайзинг секторына қатысуға тарту жөнінде тиісті шара қабылданбайтынын, шағын және орта бизнес субъектілеріне рұқсат беретін құжаттарды толық көлемде ұсыну мәселелері шешілмегенін атап өтті.
Комиссия отырыстарының күн тәртібінде коммуналдық меншікті басқару мәселесі әрдайым қаралуда. 2014 жылғы сәуір айында депутаттар бюджеттің орындалуы және қаладағы коммуналдық меншіктің басқарылуы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қаржы басқармасының ақпаратын тыңдады. Депутаттар айтқандай, коммуналдық меншікті басқару саласында бірқатар проблемалық мәселе бар. Кейіннен пайдаланушы ұйымдарға берумен қаланың коммуналдық меншігіне жаңа салынған объектілерді, инженерлік-коммуникациялық желілерді, абаттандыру объектілерін, көшелерді, орамдар ішін және саябақтарды жарықтандырудың шам тіректерін уақтылы беру тиісті бақылауға алынбаған. Тұрақты комиссияның қабылданған қаулысында мемлекеттік және өзге де заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітілген мүлікті мақсатты пайдалану тиімділігіне мониторинг жүргізу ұсынылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін белсенді пайдалану комиссия қызметінің бір түрі. Комиссия отырыстарының ақпараттық мәліметі тұрақты түрде қалалық газет беттерінде, қалалық мәслихаттың сайтында жарияланды.
Комиссия мүшелері болып табылатын депутаттар өздері сайланған округтарда үлкен жұмыс атқарды, жеке мәселелер бойынша қала тұрғындарын қабылдады. Олар өз құзыреті шеңберінде мәселелерді шешуге көмек көрсетті, азаматтардың арыздары мен өтініштерін қарады, сұраулар мен хаттарды уақытында жіберіп отырды. Округ тұрғындары көтеретін мәселелер абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, байланыс мәселелеріне қатысты.
Алдағы уақытта тұрақты комиссияның жұмысын жақсарту үшін қажетті мәселелер бойынша көшпелі отырыстар, көпшілік тыңдаулар санын көбейтуді жоспарладық.
Астана қаласы мәслихатының
2013 жылғы 24 қыркүйектегі
23-сессиясында қаралды
Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссиясының 2012 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың қыркүйегіне
дейінгі кезеңдегі есебі
Сіздердің назарыңызға қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебін ұсынамыз.
Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, басқа заңнама актілеріне, сондай-ақ, қалалық мәслихаттың регламентіне және перспективалық жоспарына сәйкес құрады.
Тұрақты комиссияның құзыретіне Қазақстан Республикасының экономикалық реформа, қаржы, кредиттік, салық саясаты, ақша айналымы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және энергетика мәселелері бойынша заңдарды іске асыру бағдарламаларымен, жоспарларымен байланысты қалалық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелердің кең спектрі енеді. Тұрақты комиссия сессия жұмысына белсене қатысады. Атап айтқанда, аталған комиссия «Астана қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы» мәселесін қарастыруға бастамашылық жасалды.
Мәселені талқылау қорытындысы бойынша аталған бағдарламаны іске асыру өте баяу қарқынмен жүріп жатқандығы және толық емес көлемде орындалып жатқандығы атап өтілді. Аталған мәселе бойынша сессияның қабылдаған шешімін іске асыру барысы тұрақты комиссияның мәжілісінде қаралды. Шешімнің кейбір тармақтары оң шешім тапты, шешілмеген мәселелер комиссияның бақылауында.
Мемлекет басшысы мемлекет экономикасының тіреуі болып табылатын берік, мықты кәсіпкерлік кластерді қалыптастыру қажеттілігіне назар аудартқан болатын. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, мәслихат сессиясында комиссияның бастамашылығымен «Елордада шағын және орташа бизнесті қолдау дәне дамытудың жай-күйі мен шаралары туралы» мәселесі талқыланды. Талқылау барысында депутаттар атқарушы органдар қалада кәсіпкерлікті тұрақты және серпінді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатқандығын атап өтті. Осы мәселені сессияға дайындау қарсаңында депутаттар бірқатар кәсіпкерлік объектілеріне барып-қайтты, онда олардың қызметімен танысты. Қабылданатын шаралардың жеткіліксіз екендігі және кәсіпкерлер өз қызметінде бірқатар күрделі проблемаларға тап болып жатқандығын атап өткеніміз жөн. Бұл рұқсаттама құжаттарын алу мерзімдеріне, жабдықтар мен орын-жайларды жалға алу төлемінің жоғары болуына, екінші деңгейлі банктерде несие алу, қадағалау органдарының жиі тексерулеріне қатысты. Мәслихат сессиясы кәсіпкерлерді қолдау, қолданыстағы рұқсаттама рәсімдерінің механизмін оңайлату және басқа туындайтын мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Тұрақты комиссия алдағы жылы кәсіпкерлік жөніндегі қабылданған шешімдерді орындау барысын қарастырады.
Есептік кезеңде 2012 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін тұрақты комиссияның мәжілістерінде елорданың әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаның әкімшілері, тиісті департаменттер мен басқармалар басшыларының есептері тыңдалды. 18 мәжіліс өткізілді, онда 26 мәселе қаралды.
«Сәулет және қала құрылысы басқармасының елорданың заманауи инфрақұрылымын жасауда қала құрылысы саясатын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы» мәселесі қызу талқылауды туындатты. Қабылданған қаулыда комиссия жобалау-іздестіру және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру мәселелері реттеу және елорда аумағында оларды орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидасын әзірлеуге назар аудару қажет ететіндігін атап өтті. Ағымдағы жылдың шілдесінде Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидасына объектілер ғимаратының қасбетіне жарнаманы қатаң белгіленген орында – жарнама алаңында орнатастыруға қатысты өзгерістер мен толықтырулар бекітілгендігін, көшелердің жіктелімі мен құрылымдардың өлшемін ескере отырып, жарнама-ақпараттық объектілерді орналастыру сызбасы әзірленгенін атап өткім келеді.
Аталған мәселенің өзектілігін ескере отырып, ағымдағы жылдың тамызында өткен көпшілік тыңдауда: «Астана қаласы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңын сақтауы туралы» мәселесі қаралды. Сонымен қатар, комиссияның бастамасы бойынша көпшілік тыңдауда «Сауда саласында халыққа қызмет көрсету деңгейі мен ұсынылатын қызметтердің сапасы туралы» мәселесі талқыланды. Көпшілік тыңдауға қатысушылар тиісті қалалық құрылымдарға осы бағыттағы жұмыстарды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Астана қаласындағы мемлекеттік-жеке серіктестіктің жай-күйі мен оларды дамыту перспективалары туралы мәселені талқылауда депутаттар белсенділікт танытты. Атап айтқанда, мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін қолданумен көлік инфрақұрылымын дамыту үшін үш кезекте «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасы іске асырылады. Комиссиялардың барлық мәжілістерінің заңды қорытындысы қаулыларды дайындау болып табылады, онда қарастырылып жатқан мәселелер бойынша жағдайды нақты бағалау, нақты практикалық ұсыныстар, оларды орындау мерзімдері қойылады.
Тұрақты комиссияның қызметінде хаттар және өтініштермен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл, негізінен, ішкі орамдық аумақты абаттандыру, жолдарды салу және қайта жөндеу, көшелерді жарықтандыру, қаланың шалғай аймақтарында орналасқан тұрғын алаптарда медициналық мекемелер мен білім беру объектілерін салу, сондай-ақ басқа бірқатар мәселелер.
Сондай-ақ, тұрақты комиссияның мүшелері көптеген проблемаларды депутаттық сұрау салу арқылы шешеді. Сайлаушылардың көтеріп отырған мәселелерінің көпшілігі бюджеттен қаржыландыруды талап етеді. Алайда, біз бюджеттің өз лимиттері, шектеулері бар екендігін және қысқа мерзімде бұл мәселелерді шешу мүмкін емес екендігін жақсы түсінеміз. Бірақ, сонымен қатар, сайлаушылармен кездесу кезінде бұл сұрақтар қойылады және бұл мәселелерге ерекше назар аударуды қажет етеді. Біз, халық қалаулылары, оларға оперативті түрде ықпал етуіміз керек және бізден қандай да жедел шешім қабылдауымызды күтеді, бірақ әрқашан олай шыға бермейді.
Қалалық мәслихаттың депутаттарында күнделікті көптеген мәселелер жеткілікті және біз округтерде сайлаушылардың сұрау салуларын орындау бойынша шаралар қабылдануда.
Сонымен қатар, қала әкімдігі жанындағы Үйлестіру кеңесінің, ведомствоаралық комиссиялардың мүшелері, тұрақты комиссиялардың мүшелері елорданың дамуына, оның әлеуметтік-экономикалық өмірін дамытуға тікелей ат салысады, қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға өзіндік үлесін қосады.
Есептік кезеңдегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі кезеңдерін қысқаша айтып өтуге тырыстым. Қорытындылай айтқанда, өз әріптестерімді, комиссия мүшелерін жемісті және белсенді жұмысына, комиссия жұмысына және қалалық мәслихаттың сессияларына қатысқаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы алдағы уақытта да елорда жұмысын жақсартудың маңызды және әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуде белсенді жұмыс істеуді көздеп отыр.
Астана қаласы мәслихатының
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
сессиясында қаралды
Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының
ЕСЕБІ
Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, басқа да заңнама актілеріне, сондай-ақ қалалық мәслихаттың регламентіне және болашақты жоспарына сәйкес құрады.
Комиссияның маңызды қызметтерінің бірі бюджетті және оның орындалуы туралы есептерді бекіту болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс туралы мен алдағы уақыттағы қаржы кезеңіне бюджеттің жобасы бойынша қорытындыда ақпарат берген болатынмын.
Тұрақты комиссия сессия жұмысына белсенді қатысады. Атап өткенде, комиссиямен «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» мәселесін қарауға бастамашылық жасады. Сессия аталған бағдарламаны іске асыруға қатысты мәселені қарау сәтінде істелінген жұмыс көлеміне қарамастан, конкурстық рәсімдерді уақытылы өткізбеу, тұрғын үй құрылыстарын уақытылы бұзуды қамтамасыз етпеу, жобаларды уақытылы қаржыландырмау, мемлекеттік оң сараптама қорытындысының уақытылы алынбауы бойынша жоспрланған 104 іс-шарадан тек қана 60 пайызы ғана аяқталғанын атап өтті, бұл арада Сіздердің назарларыңызды цифрлерге аудартқым келеді. Басқаша айтқанда, қаржы жылының аяқталуына үш апта қалды. Шамамен алғанда 40 іс-шара соңына дейін орындалмаған. Студенттер емханасының құрылысы, ересектерге арналған инфекциялық аурухананың құрылысы басталмаған, қосалқы орын-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық паркингтің құрылысы аяқталмаған. Қала үшін қолданыстағы тұрғын үй қорының техникалық жай-күйінің күрделі болып отырғандығы атап өтілді. Осыған байланысты комиссия 2011 жылы мәслихатпен қабылданған шешімнің орындалу барысын қарайды.
Тұрақты комиссияның жұмысын талдай отырып, есептік кезеңде 2009 жылғы шілде айынан осы уақытқа дейін оның мәжілістерінде елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламаларының әкімшілерінің, тиісті департаменттері мен басқармалар басшыларының есептері тыңдалды. Мәслихаттың жұмыс регламентіне сәйкес, комиссия сессия қабылдайтын шешімдер мен комиссиялармен қабылданатын қаулыларға бақылауды жүзеге асырды. Сонымен, есептік кезеңде комиссия 7 мәжіліс өткізді, онда мынадай мәселелер қаралды:
- Астана қаласында құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдар өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру барысы туралы;
- Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 26 қыркүйектегі «Астана қаласында кәсіпкерлік қызметті дамытудың жай-күйі мен шаралары туралы» шешімінің орындалу барысы туралы;
- «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының инновациялық технологияларды енгізу және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару бойынша әкімшіліктендіру басқармасының жұмысы туралы;
- «Астана қаласының 2006-2010 жылдарға арналған «Электронды әкімдік» аймақтық бағдарламасының іске асырылу барысы туралы;
- Кәсіптік ұйымдардың жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау сапасын арттыру бойынша жұмысы туралы;
- Астана қаласындағы мемлекеттік-жеке серіктестікті дамытудың жай-күйі мен шаралары туралы.
Бұдан басқа, комиссия тұрақты және тексеру комиссияларының 19 бірлескен мәжілісіне қатысты.
Комиссиялар мәжілістерінің қорытындысы қаулыларды шығару болып табылады, онда қаралып жатқан мәселелер бойынша шынайы жағдаят, нақты практикалық ұсыныстар, оларды орындау мерзімдері көрсетіледі.
Тұрақты комиссияның мәжілісінде халыққа және бизнес-құрылымдарға оларға қажетті мәселелер бойынша жедел оперативтік электронды ақпарат беру, «Астана қаласының 2006-2010 жылдарға арналған «Электронды әкімдік» аймақтық бағдарламасының іске асырылу барысы туралы» мәселелерін талқылау кезінде қалалық құрылымдардың ресми сайттарын енгізу мәселелері қаралды. Осы бағыттағы жасалып жатқан жұмыстарға қарамастан, қазіргі уақытқа дейін «Электронды әкімдік» бағдарламасы шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау және көлік саласында пилоттық жобалар табысты енгізілді деп толық сеніммен айту қиын. Біз бұлардың барлығын «Нұр Отан» ХДП кеңесінде талқылаған болатынбыз, біз нақты қандай нәтижеге келгіміз келген тиімділігін нақты көрсететін цифрлар келтірілді. Қол жеткізілген нәтижелерді нақты жариялап көрсету ең қарапайым дәлелі болып табылатындықтан, мен өз әріптестеріме өтініш білдіремін, біз бұлардың барлығын анық және түсінікті етіп жасауымыз керек. Егер біз Бағдарламаны 2010 жылы аяқтайтын болсақ, біз Бағдарламада өтінім білдірген мемлекеттік қызметтердің барлық тізбесі электронды нұсқасымен көрнекі көрсетілуі тиіс. Егер бұл жұмыс жасайтын болса, егер қаланың кез-келген тұрғынында Интернетке шыға отырып, кез-келген қызметке қолжетімділік алатын болса, біз өз мақсатымызға жеткен боламыз. Егер бұлай болмайтын болса, біз «неге бұл ақшаны шығындадық және алдағы уақытта не істеуіміз керек» деп ойлануымыз қажет.
«Кәсіптік ұйымдардың жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау сапасын арттыру бойынша жұмысы туралы» мәселесін талқылау кезінде комиссия мәжілісінде инновациялық орта үшін еңбек нарығындағы қажеттіліктерге сәйкес экономика секторларын дамыту келешектерін ескере отырып, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау қажеттілігі туралы сөз болды. Бұл арада Астана қаласына ғана емес, барлық өңірлерге тән проблема байқалады. Біз мәселелердің негізгі бөлігі осы екі бағыт бір-бірімен «қиылыспайды» немесе өте әлсіз «жанасқандықтан» туындайды деп айтамыз. Негізі, экономиканың нақты секторы білім беру саласына біз бюджеттік қаражат бөлетін кадрларды дайындау үшін не істеу керек екендігін көрсетіп отыруы тиіс. Басқаша айтқанда, мынадай көріністе болуы қажет. Біздің Білім басқармасы қыруар шаруа атқарып жатқандығын түсінемін, бірақ олардың да күші жеткіліксіз болып жатыр. Оларға қол ұшын беруіміз қажет объективті мәселелер де бар. Қазіргі таңда кәсіптік ұйымдардың мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырысы жылдан-жылға ұлғайып отыр, алайда біліктілік-кәсіби құрылымның сұранысы мен қажеттілігінің сәйкеспеуі үрдісі саұталып отыр. Қалада инновациялық орта үшін кадрларды дайындауға қабілетті кәсіби-техникалық оқу орындары жеткіліксіз. Техникалық және арнайы мамандықтар оқытушыларының, өндірістік оқыту шеберлерінің жеткіліксіздігі байқалады. Жалақысының төмен болуына, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз етілмеуіне байланысты кадрларға байланысты сұраныс толық көлемде шешілмей тұр, аталған білім саласына жас білікті кадрлардың келуі жүзеге асырылмайды. Тұрақты комиссия Білім басқармасына аталған жұмыс түрін жақсарту бойынша шараларды қабылдау, кәсіптік білім беру ұйымдары желісін ұлғайту және олардың материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Қазіргі кезеңгі өндірістің дамуын ескере отырып, өндірістік оқыту шеберлерінің және арнайы пәндер оқытушыларының біліктілігін көтеру үшін қала әкімдігі алдында Мамандардың біліктілігін көтеру және қайта дайындау жөніндегі қалалық орталықты ашу мәселесіне бастамашылық жасау ұсынылды. Кәсіптік білім беру қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және аталған білім саласына жас білікті мамандар ағынын ұлғайту мақсатында, білім басқармасына тұрғын үй басқармасымен оларға жалға тұрғын үй беру немесе аз отбасылы жатақханаларда орын беру арқылы Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде оларға тұрғын үй беру мәселесін қарастыруға ұсыныс берілді. Қабылданған қаулының орындалу барысын комиссия 2011 жылдың бірінші тоқсанында қарайды.
«Астана қаласындағы мемлекеттік-жеке серіктестікті дамытудың жай-күйі мен шаралары туралы» мәселесін де депутаттар қызу талқылауға салды. Билік пен жеке сектордың бизнес-құрылымының бірлескен қызметінің аталған механизмі елде қарқын алып келеді және Астана да бұдан қалыс қалған жоқ. Аталған мәселені талқылау кезінде мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін қолданумен қалада ұзындығы 81 км болатын «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын іске асыру жоспарланып отырғандығы атап өтілді. Бүгінгі күні «Chungsuk Engineering» компаниясы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыс аяқталуда. Сонымен қатар, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде мектепалды тәрбиелеуге және бала бақшаларда оқытуға мемлекеттік тапсырыс 1700 орынға орналастырылды. 2010 жылы жекеменшік бала бақшаларда 2975 орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін республикалық бюджеттен 35 391 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. Сондай-ақ, комиссия мемлекеттік-жеке серіктестікті жеткіліксіз енгізудің негізгі себептері осы салада практиканың және жұмыс тәжірибесінің болмауы, қолданыстағы салық және өзге де заңнамаларын сақтау кепілдігі, концессиялық жобалардың өзін-өзі өтеу мерзімінің ұзақтығы болып табылады деп атап көрсетті. Осыған байланысты, қазіргі таңда денсаулық сақтау және білім беру саласында мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде іске асырылмаған жобалар қалып отыр. Комиссия қоғамдық маңызды әлеуметтік, көлік және тұрғын үй-коммуналдық және өзге де қызметтер, қоршаған ортаны қорғау салаларында мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін қолдану бойынша шараларды қабылдауды ұсынды. Аталған мәселені кезекті қарау үшін Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына аталған механизмді салалар шегінде енгізу бойынша ұсыныстар беру ұсынылды.
Шағын және орта бизнесті дамыту, инновациялық дамыту мәселелері комиссияда тұрақты талқыланады. Сонымен, «Депутат күніне» комиссияның бастамасы бойынша бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі «Шағын және орта бизнесті дамытудың болашақтары мен экономиканы әртараптандыру және қала экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру рөлі туралы» мәселесі талқыланды. Кәсіпкерлік дамуында оң серпін байқалғанына қарамастан, отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі, инновацияның экономиканың нақты секторының алшақтығы, технологиялық жаңалықтар енгізудің және оларды нарыққа шығарудың қазіргі кезеңгі механизмдері, инновациялық технологияларды енгізумен байланысты замануи жабдықтарға қызмет көрсете алатын, білікті кадрларға сұраныстың болмауы байқалады. Экономиканың өсуі мен құрылымының көлемінде сапалы қадам жасау үшін осы мәселеге басты назар аударуымыз қажет деп ойлаймыз.
Өмір тіршілігі үшін маңызды мәселелерді, яғни сайлаушылардың мәселелерін тұрақты комиссия мүшелері депутаттық сұрау салу арқылы да шешеді. Бұл, негізінен, ішкі кварталдық аумақтарды абаттандыру, жолдарды салу және қайта жөндеу, көшелерді жарықтандыру және тағы да басқа мәселелер. Бұл туралы айта отырып, мен мінбені пайдалана отырып айтайын деп отырған жоқпын, бірақ екі жыл қатарынан көтерілген Майқұтов және Мыңарал көшелерін жарықтандыру бойынша мәселелер қазіргі таңға дейін шешімін таппады. Қандай себептерге байланысты болып отырғанын түсінбеймін. Сондай-ақ, Ю.Х. Кегиловтың № 61 орта мектебіне жол салуы туралы сұрау салуы бойынша да осындай жағдай. Өкінішке қарай, осы келелі мәселелер «орнынан» қозғалған жоқ. Күлжан Насырқызы «бюджеттің лимиттері, шектеулері болады» деп келтірген цитатын түсінемін. Өкінішке орай, барлық келелі мәселелерді бірден және бір уақытта шешу мүмкін емес. Бірақ та, біз сайлаушылармен сөйлескен кезде, сұрақтар турасынан, нақты қойылады.
Азаматтардың өтініштерін сараптау көрсеткендей, көбінесе тұрғын үй беру, мектепалды мекемелердің жетіспеушілігі, білікті медициналық қызмет көрсету ұсыну, мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін алғанға өтемақы төлеу мәселелерімен өтініш білдіреді. Біз мемлекеттік-жеке серіктестік мәселесіне тоқталып өттік. Барынша үлкен бағдарламалар іске асырылатын әлемде барынша қарқынды дамыған сол механизмге басты назар аударғанымыз дұрыс болар. Инвестициялар ағыны үшін жағдайлар жасауға берілген мүмкіндік. Біз мектепалды мекемелері үшін мемлекеттік тапсырысын ұлғайтып жатқандығын айтып отырмыз. Онда бизнесмендерді жинаған дұрыс болар. Егер бұл бизнес қызығушылық туындататын, тартымды болса, егер біз бұны бизнес деп қарастыратын болсақ, неге бизнес деп қарастырмасқа.. Бұл қалыптасқан мәселені шешудің бағыттарының бірі.
Менің әріптесім айтып өткен жасөсіпірімдерімізді, жастардың бос уақытын ұйымдастыру және спортпен айналысуы мәселесі бойынша. Бір айға тарта уақыттан кейін өтетін Азиаданың объектілері инфрақұрылымын құрылысына орасан бюджеттік қаражат салып жатырмыз. Негізінен, бұл елорда үшін осы активті пайдаланудағы өте ұтымды шешім, өйткені бүкіл әлем осы іс-шараға көз тігіп отыр. Егер біз осыларды сапалы және сауатты пайдалана алмасақ, дұрыс болмайды. Бұл қазіргі таңда жастарды тәрбиелеуде маңызды бөліктерінің бірі болып табылады деп ойлаймын. Оқу, спорт – белгілі бір мақсатқа жетушілік, мінез-құлықты қалыптастыру мүмкіндігі және ол мұнда ғана жасалады. Біз көп қаражат салдық және мен бұлинфрақұрылымды ұтымды пайдалану керек деп ойлаймын.
Бұдан басқа, қала әкімдігі жанындағы Үйлестіру кеңестерінің, ведомствоаралық комиссиялардың мүшелері бола отырып, тұрақты комиссия мүшелері елорданың дамуына, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей қатысып отырады.
Мен комиссияның немен айналысқанын қысқаша айтып өтуге тырыстым. Қорытындылай келе, осы комиссия мүшелері Ермек Сабырбекұлы Оспановқа, Сайфудин Сұлтанұлы Хамхоевқа, Есенжол Түскенұлы Бекишевке, Алмаз Феликсович Кимге жемісті жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді және алдағы уақытта табыстар тілеймін.
Қалалық мәслихаттың бюджет,
экономика, өнеркәсіп және
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрағасы В. Шақшақбаев
2008 жылғы 25 маусымдағы
Астана қаласы мәслихатының
сессиясында қаралған
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның есебі
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия өзінің қызметін қалалық мәслихат Регламентінің негізінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына, басқа да заң беруші актілерге және перспективалық жоспарға сәйкес жүзеге асырады.
Комиссия қызметінің басты бағыты бюджетті және оның орындалуы туралы есептерді бекіту болып табылады. Астана қаласының 2009 жылға арналған бюджеті, бұрынғы бюджет сияқты өзінің әлеуметтік бағытында қалды. Қала бюджетінің жыл сайынғы талқылауында денсаулық сақтау, білім салаларын қаржыландыру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, бюджеттік сала қызметкерлеріне тұрғын үй салу, білім және ғылым нысандарын салу, елордада экологиялық климатты жақсарту, аббаттандыру, жөндеу жұмыстары, құрылыс және жолдарды жөндеу мәселелеріне аса назар аударылған.
2008 жылдың желтоқсан айында бюджеттің жобасын талқылау барысында комиссия қосымша баяндамамен шығып, ол жерде қаржылық нығайтуды талап ететін дұрыс шешімі табылған және келелі мәселелер көрсетіліп, сол мәселелерге комиссия аса назар аударуды сұраған болатын. Ол, ең біршіден, экономикалық дағдарысқа байланысты, әлеуметтік қорғалмаған топтарға мекен-жайлық көмек, жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары, қаланың шет аймақтарындағы аббаттандыру, мектепке дейінгі және мектеп, медициналық мекемелердің құрылысы.
Тұрақты комиссия қызметіндегі негізгі бағыт сессияға дайындық барысына қатысу. Комиссия мүшелерімен «Астана қаласында кәсіпкерлік қызметтің күйі және дамыту бойынша шаралары туралы» мәселені дайындау барысында үлкен жұмыс жүргізілді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық экономикаға толық қатыспайтындығы, бизнесті жүргізуде жаңа ғылыми өңдеулерді және технологияларды аса қолданбайтыны белгіленіп отыр. Көкөністі сақтайтын жайлардың жетіспеушілігі қала мұқтаждығына керек көлемді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Өндірістік сала үшін білікті мамандардың жетіспейтіндігі белгіленіп отыр. Осыған байланысты, аталған мәселелерді шешу бойынша осы шешім тұрақты комиссияның ұдайы бақылауында.
Комиссияның ынтасымен және мәселенің өзектілігіне байланысты «Депутат күнінде» «Елорда халқына сауда және қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсетудің күйі және оның деңгейін жақсарту туралы» мәселе талқыланды. Белгілеп кету керек, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі елордалық деңгейге сәйкес келмейді, сауда нысандары мен қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс тәртібін сақтамауы, жақын маңда орналасқан тұрғын үйлердің түңгі уақытта тыныштығының бұзылуына, тұрғындардың наразылығына алып келеді.
Осыған байланысты, қалалық мәслихат депутаттарының атынан Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне елорда аумағында заңды және жеке тұлғаларға сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және басқа қызметтер көрсету бойынша Ережелерге өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыру бойынша хат жолданған болатын.
Шақырылымның басынан бастап тұрақты комиссия 8 жоспарлы отырыс өткізді, отырыста 11 сұрақ қарастырылды, қалалық мәслихаттың тұрақты және тексеру комиссияларының 33 біріккен отырыстарына қатысты.
Жыл сайын жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның отырыстарында департаменттер, басқармалар басшыларының, әкімгерлердің мәслихатпен бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму Жоспары бойынша есептері тыңдалады.
Тұрақты комиссияның бақылауында 3 Бағдарлама бар:
- Астана қаласында құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдар өнеркәсібі дамуының 2005-2014 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы;
- Астана қаласының қалыптасқан бөлігін қайта жаңартудың және елорда халқының әлеуметтік қорғалатын топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етудің 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы;
- Астана қаласы аумағының мақсатқа сай пайдаланылуын оңтайландырудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы.
«Астана қаласының қалыптасқан бөлігін қайта жаңартудың және елорда халқының әлеуметтік қорғалатын топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етудің 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру туралы» мәселеге аса назар аударылды. Қабылданған қаулыда, Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралар толық көлемде және орындау кестесі бойынша іске асырылмағанын комиссия белгілеп отыр. Қаланың қалыптасқан бөлігін қайта жаңарту үшін инвесторларды тарту бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тиісті деңгейде өтпейтіндігі белгіленіп отыр.
Ал «Қаланың шағын кәсіпкерлерімен, кәсіпорындарымен және ұйымдарымен Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» заңды қолдануы туралы» сұрақты қарастырған кезде, қаланың тиісті басқармаларымен және департаменттерімен келісімсіз жарнамалық қондырғыларды орналастыру жағдайлары орын алып отырғанын тұрақты комиссия белігелеп отыр, сонымен қатар мемлекеттік тілдегі жарнама қателіктермен орналастырылған. Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасындағы жарнама бөлімінде қызметкерлер саны жеткіліксіз, ол дегенің жарнамалық құрылғыларды және билбортарды толық көлемде қамтып шығуға мүкіндік бермейді.
Тұрақты комиссиясының қаулысын орындау бойынша өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасымен кәсіпкерлер Ассоциациясының кәсіпкерлері, Сауда-өндірістік палата, Индустрия және сауда министрлігі, жарнама операторлары, жарнама берушілер өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді, ол жерде қалада сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Әділет министрлігімен өткізілген кеңесте, Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы сұрақ қарастырылды.
2006-2008 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, Астана қаласының индустриалды-инновациялық даму Бағдарламаларына тоқтала кетсек. Жоғарыда аталған Бағдарламалардың жүзеге асу барысы тұрақты комиссияның отырыстарында екі рет талқыланған болатын. Ағымды жылдың қаңтар айынан бастап шағын кәсіпркелікті қолдау және дамыту, Астана қаласының индустриалды-инновациялық даму Бағдарламаларының мерзімі аяқталды.
Еліміздің Президенті әр бір елдің қорғаны болатын мықты, күшті кәсіпкерлік кластерді ашу керек деп бірнеше рет айтқан болатын. Осы мәселенің өзектілігін назарға ала отырып Бағдарлама әкімгерлері мәслихаттың сессиясына тиісті шараларды құра отырып шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, Астана қаласының индустриалды-инновациялық даму Бағдарламаларының мерзімдерін одан ары ұзарту бойынша шешімді енгізуге тиісті. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін жоғарыда аталып өткен бағдарламалардың әкімгерлері – өнеркәісіп және кәсіпкерлік басқармасы осы бағдарламалардың мерзімдерін ұзарту бойынша мәселені мәслихатқа ұсынбады. Осы сұрақ «қатып қалған нүктеден» қозғалады деген үміт бар.
Тұрақты комиссия қызметінде азаматтар және заңды тұлғалар хаттары мен арыздары бойынша жұмысқа ерекше орын берілген. Өткен кезеңде Қазақстанның сауда кәсіпорындары және қызмет көрсету салалары Ассоциациясының біржолғы талондардың құнын төмендету мәселесімен келіп түскен арызы, Қазақстан Республикасының сауда кәсіпорындары және қызмет көрсету салаларының кәсіби кеңесінің Қошқарбаев көшесінде орналасқан базардың қызметін қайта жаңғырту және қала базарларында жұмыссыз қалған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша келіп түскен арызы қарастырылды. Қаулы қабылданып, кеңестер берілді. Жекелеп атағанда, Астана қаласындағы біржолғы талондардың құнын көтеру мақсатқа лайық емес, талдау нәтижесінде, елордада біржолғы талондардың құны ең төмен болып шықты, және де Қошқарбаев көшесіндегі жұмыстарды қайта жаңғырту санитарлық нормалардың бұзулуына және көшеде көліктердің кептелісіне әкеліп соғады. Ал ол базарды қала сыртына шығару мәселесі көп уақыттан бері келе жатқан мәселе.
Өткізілген жұмыстың нәтижесін айта кетсек, көптеген өзекті мәселелерді айтпай кетуге болмайды. Кәсіпкерліктің дамуында жағымды динамика байқалсада, инновациялық технологияларды енгізумен байланысты заманауи технологиялармен жұмыс жасай алатын білікті кадрлерге мұқтаждық орнында қала бермек. Өзінің халыққа деген жолдауында Президент кадрларды қайта даярлау және қайта оқыту ел экономикасының болашақтағы мұқтаждығын қамтамасыз ету болып табылады деп белгілеген. Осы мәселемен айналысудың уақыты келген сияқты, ол үшін Қазақстанда жақсы дамыған сервистік қызметі бар фирмалардың негіздерін қолдану керек. Әлеуметтік жұмысшы орындарды кеңейтуге және студенттік жастарға өндірістік практиканы ұйымдастыру мәселесіне аса көңіл бөлу керек.
Су, жылу, электр, канализация жүйелерінің құрылысы, қайта жөндеу жұмыстары қала үшін өзекті болып қала бермек, өйткені соңғы жылдары, Астана қаласы тұрғындарының көбейюіне байланысты коммуналдық шаруашылықтың тозығы байқалып, су және энергетика ресурстарын пайдалану деңгейінің өсуі жоғарылады.
Соңғы сессиялардың бірінде комиссияның төрағасы В.Ш. Шақшақбаевпен туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасымен Ванкуверде өтетін Олимпиадалық ойындарға және Астана және Алматы қалаларында өтетін Азия ойындарына бөлінген бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалану мәселе көтерліген. Осы шараларға байланысты мәселелерді тез арада шешу керек, жүріп алуға болмайды.
Осы уақытқа дейін «Сарыарқа» ауданының аудандық ішкі істер ғимараты мәселесі шешілмей жатыр деп айтуға болмайды, қорғаныс істері бойынша аудандық бөлімдерге 051 қызметінің құрылғыларын жаңартуға қаржыландыру талап етіп отыр.
Астана қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының Ортамерзімді жоспары жобасын талқылаған кезде елордада туристік кластерді дамыту бойынша ұсыныстар енгізілген. Белгілеп кету керек, туристік қызмет көрсету сапасы жоғары емес. Туристік кластерді дамыту және осы саланың сапасын жақсарту бойынша ең біріншіден осы салада қызмет істейтін кәсіпорындардың кадрлік потенциалын нығайту керек. Астана қаласында 2006-2008 жылдарға арналған туристік кластерді дамыту бойынша Бағдарлама мерзімінің аяқталуына байланысты туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына осы саланы одан әрі дамыту, елорданың статусына жеткізу бойынша шара қолдану керек.
Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан қаланың атқарушы органдарымен, депутаттардың көмегімен қаланың дамуы үшін өзекті де қажетті, тұрғындардың күн көру деңгейін жақсарту мәселелері шешімін табуда, оған Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссияның қосқан үлесі аз емес.
Комиссия төрағасы Вадим Шәмілұлы Шақшақбаев және тұрақты комиссияның мүшелері Сайфудин Сұлтанұлы Хамхоев, Есенжол Түскенұлы Бекішев және Алмас Фелисович Ким.