Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!
2025 жылы 12 желтоқсан сағат 10:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
- «Астана кәсіпкерлігі» кәсіпкерлікті дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» шеңберінде елордаға шетелдік және отандық инвестицияларды мақсатты түрде тарту арқылы елорданың қолайлы инвестициялық және бизнес - ахуалын жақсарту.
- 2026-2028 жылдарға арналған Астана қаласы бюджетінің жобасы туралы.
- 3. Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
- Астана қаласы мәслихаты төрағасының 2024 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебі.
- «Астана қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 129/16-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Астана қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 130/16-VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
- Астана қаласы мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- Қалалық мәслихат сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
- Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
- Басқа да мәселелер.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.