Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2018 жылғы жұмысы туралы есебі
27.08.2019
Астана қаласы мәслихатының
2018 жылғы 12 желтоқсандағы
42 сессиясында қаралды
Сіздердің назарларыңызға Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есепті ұсынуға рұқсат етіңіздер.
2018 жылы тұрақты комиссия өз құзыреті шеңберінде құрылысты, көлік, коммуналдық-қызмет көрсету және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларының іске асырылуын бақылау бойынша белсенді жұмысты жалғастырды.
Жыл қорытындысын шығара отырып, комиссия мүшелері жыл бойы сессия жұмысына және қаралатын мәселелер бойынша жарыссөздерге белсенді қатысты деп толық жауапкершілікпен айтуға болады. Депутаттардың келуі 100% болды.
Есепті кезеңде маңыздылығы қала тұрғындарының өмірінде маңызды рөл атқаратын аса маңызды мәселелер қаралды және талқыланды. Тұрақты комиссияның отырыстарында «Астана қаласында халыққа сауда қызметін көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша коммуналдық базарлар мен сауда орталықтарының жағдайы мен қызметі туралы», «Елордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары қызметінің тиімділігін арттыру және жандандыру бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы», «Әлеуметтік объектілерді, тұрғын үй объектілерін жобалау және салу сапасын қамтамасыз ету бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы» тұрақты комиссияның қаулысының орындалу барысы туралы», «Астана қаласында халыққа, қоғамдық тыңдауларда «Тұрғын үй қорын басқару саласындағы атқарушы органның қызметін жетілдіру, көрсетілетін қызметтердің сапасы және тұрғын үй - коммуналдық салада халықтың құқықтарын қорғау туралы» тақырыбы талқыланды.
Комиссия депутаттарының арасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының жұмысына қатысты мәселелер үлкен қызығушылық тудырады.
«Елордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары қызметінің тиімділігін арттыру және жандандыру бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы» комиссия отырысына азаматтар мен заңды тұлғалар жиі айтатын коммуналдық қызмет көрсету саласындағы жүйелі проблемалық мәселелер шығарылды, кәсіпорындардың жұмысын теріс сипаттайтын және тұрғындардың олардың жұмысына деген сенім деңгейін төмендететін проблемалар қаралды. Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындарға бірқатар ұсынымдар берілді, оның ішінде жеке және заңды тұлғалар алатын қызмет көрсету регламентін әзірлеу және онда көрсетілетін қызмет түрлерін көрсету үшін нақты мерзімдер мен мүдделі тұлғалар арасындағы тікелей байланысты болдырмайтын қызметтер атауын көздеу.
Халыққа қызмет көрсету кезінде тұрғын үй қорын басқару саласындағы органдардың қызметі депутаттардың қызығушылығын тудыруда.
«Тұрғын үй қорын басқару саласындағы атқарушы органның қызметін жетілдіру, көрсетілетін қызметтердің сапасы және тұрғын үй - коммуналдық саласында халықтың құқықтарын қорғау туралы» жария тыңдауларда Е-ПИК жобасы жүйесінің кемшіліктері туралы мәселе көтерілді. Жобаның өзі автоматтандырылған шешімге және тұрғындар мен ПИК арасындағы коммуникацияны жақсартуға, қызмет көрсету сапасын және ПИК қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған, алайда жүйе жұмысының жетілдірілмеуі қала тұрғындары тарапынан наразылық тудырады. Бұл мәселе бойынша комиссия ұсынды:
Е-КСК қосымшасын жетілдіру, е-КСК электронды жүйесінің маңыздылығы туралы Астана қаласының тұрғындары мен ПИК арасында тиісті жұмыс жүргізу;
Е-ПИК электрондық жүйесінің жұмысын, тіркеу, өтінім беру, ұсынылатын қызметтердің сапасын бақылау, өтінімдер мен шағымдардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету тәртібін реттейтін регламент әзірлеу;
Е-ПИК электрондық жүйесі жобаны іске асыру барысы туралы сенімді ақпарат беру.
2017 жылдан бастап тұрғын үй объектілері мен әлеуметтік объектілерді сапасыз жобалау мен салуға қатысты мәселелер тұрақты комиссияның ерекше бақылауында. Жыл сайын отырыстарда сапасыз жобалауға, ЖСҚ-да жобалық қателерді жүйелі түрде анықтауға байланысты жүйелі проблемалық мәселелер талқыланады, жергілікті атқарушы органдардың алдына объектілердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін жобалау сапасын бақылауды күшейту, Тапсырыс берушінің (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің), авторлық қадағалаудың, техникалық қадағалаудың, жобалау және құрылыс мәселелері бойынша мердігер ұйымның өзара іс-қимылы кезінде заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы міндет қойылады. Келесі жылы комиссия осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.
Мәслихат сессиясына «Елорданың көлік жүйесін жаңғырту аясында Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі қалалық басқармалардың қызметі туралы» мәселе шығарылды. Сессияға дайындық аясында жол-көлік инфрақұрылымы нысандарын аралау жүргізілді, осы саладағы ең өзекті мәселелер қозғалды. 2018 жылдың жазында қоғамдық көлікте жол жүру үшін 90/180 теңге төлеу тәсілі бойынша сараланған тариф қабылданды, оны уәкілетті орган тарифті енгізу тетігін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізбегендіктен, жұртшылық бір мәнді қабылдаған жоқ. Қала тұрғындарының қалалық көліктегі жол жүру ережелеріндегі өзгерістерге қанағаттану деңгейін анықтау үшін комиссия социологиялық зерттеу арқылы егжей-тегжейлі талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша халықтың электрондық төлем жүйесін енгізуді қолдайтыны, сондай-ақ көлік инфрақұрылымындағы жақсартуларға қанағаттанатыны анықталды. Сессия қорытындысы бойынша уәкілетті органға төлем жүйесін жетілдіру және көлік жүйесінің жұмысына байланысты барлық өзгерістер мен жаңалықтар туралы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізу қажеттілігі туралы ұсынымдар әзірленді.
Жедел шешімді талап ететін мәселелер бойынша депутаттар өз жұмысында әртүрлі тиімді нысандарды, соның ішінде көшпелі отырыстарды пайдаланады. Орынға барып Күмісбеков көшесіндегі № 8 үй тұрғындарының шағымдары қаралды. Сол жердегі үй тұрғындарына тиісті ұсыныстар беріліп, қаланың уәкілетті органдарына сұраныстар жолданды.
Депутаттық қызметтен басқа, тұрақты комиссия мүшелері өткізілетін қоғамдық-саяси іс-шараларға: ҚР Парламенті депутаттарымен кездесулерге, Астана қаласы әкімінің, аудан әкімдерінің есеп беру кездесулеріне белсене қатысады.
2018 жылғы ақпанда Астана қаласы әкімінің және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының қолдауымен Агенттіктің аумақтық департаменті мен Астана қаласының жергілікті атқарушы органының лауазымды тұлғаларының қатарынан «Астана-адалдық алаңы» жобасы құрылды. Жобаны құрудың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болды.
Біздің комиссия мүшелерінің ішінен депутаттар «Астана - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сараптамалық кеңесінің құрамына кіреді, оның шеңберінде мемлекеттік органдардың қызметін талдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі.
Сондай-ақ, депутаттар мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі Кеңесінің, Қазақстан халықтары Ассамблеясы Кеңесінің, тұрғын үйлер мен ғимараттарды авариялық деп тану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу жөніндегі аттестаттау комиссиясының, субсидиялауға жататын қалалық және қала маңындағы автомобиль қатынастары тарифтерін қарау жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.
«НҰР ОТАН »ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ДЕПУТАТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ
Тұрақты комиссия мүшелері жүктелген функциялар шеңберінде партияның бағдарламалық құжаттарының, мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың іске асырылу, сондай-ақ бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылу барысына партиялық бақылауды және мониторингті жүзеге асырады.
2016 жылғы мамырдан 2016 жылғы желтоқсанға дейін депутаттар И.Р. Манжанова, А. Б. Аюпов «ТКШ инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссияның құрамына кірді, 4-енгізу, 1-2-кезек, 5-енгізу жылу магистралі объектілерінің құрылысына бақылауды жүзеге асырды.
2017 жылдың басынан бастап мәслихат депутаты И.Р. Манжанова «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау бойынша "Нұр Отан" партиясы фракциясы жанындағы «Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау» бағыты бойынша топтың жетекшісі болып табылады. Жүктелген міндеттер шеңберінде бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуына мониторинг жүргізу, бағалау мақсатында тұрақты негізде тұрғын үй объектілері құрылысының барысына партиялық бақылау жүзеге асырылады.
Мәслихат депутаты А. Б. Аюпов «Индустриялық даму» бағыты бойынша сараптама тобының өңірлік кураторы болып табылады. Сараптама тобының жұмысы шеңберінде комиссияның отырыстары, қарауға шығарылатын мәселелерді талқылау бойынша бейнеконференциялар, отандық өнімді өндіру жөніндегі кәсіпорындарға бару өткізіледі.
Тұрақты комиссия мүшелері барлық партиялық жобаларды және партия өткізетін іс-шараларды (партиялық тыңдаулар, депутаттық фракция жиналыстары, вебинарлар, семинарлар, конференциялар, саяси кеңес отырыстары, бағдарламалық құжаттарды, Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру)іске асыруға белсенді қатысады.
ОКРУГТЕРДЕГІ ЖҰМЫС
Депутаттар өз сайлау округінің тұрғындарымен тығыз байланыста.
Әрбір депутат тұрақты түрде азаматтарды қабылдайды, сайлаушылармен кездеседі, депутаттық сауал құқығын пайдалана отырып, өз округі тұрғындарының мәселелерін шешуге көмектеседі.
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларында жұмыс істеу, депутаттардың түрлі комиссияларға қатысуы депутаттық өкілеттікті табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жұмыстың маңызды нысандары болып табылады.
Жыл сайын сайлаушылармен есептік кездесулер өткізіп, өткен жылғы жұмыс нәтижелері туралы ақпарат беріп отырады.
Комиссия мүшелері округте өткізілетін барлық іс - шараларға қатысады (округ тұрғындарын 8 наурыз, Наурыз, Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр, Қарттар күні, Тәуелсіздік күні, Балаларды қорғау күні, «Мектепке жол» акциясы, «Мейірімді қала» акциясы және т.б.), округтегі барлық ұйымдармен байланыс орнатылды (мектептер, емханалар, әскери бөлімдер, ардагерлер кеңесінің демалыс орталықтары, аула клубтары), оларға мүмкіндігінше депутаттар материалдық көмек көрсетеді.