Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2023 жылғы сәуірден 2024 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңдегі есебі
28.11.2024
2024 жылғы 25 қыркүйекте Астана
қаласы мәслихатының
27 сессиясында қаралды
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына «AMANAT», «АҚ ЖОЛ», «ҚХП» және «БАЙТАҚ» саяси партияларының атынан қатысатын 9 депутат кіреді, сондай-ақ тұрақты комиссия құрамына бір мандатты сайлау округтері бойынша депутаттар кіреді.
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы есепті кезеңде 30 отырыс және 15 көшпелі іс-шара өткізді, 100-ден астам депутаттық сұрау салулар, мемлекеттік органдарға хаттар жолданды, азаматтардан көп өтініштер келіп түсті, олар пысықталды.
Тұрақты комиссияның отырыстарында қаланың жұмыс істеуінің негізгі мәселелері: көлік және жол инфрақұрылымын дамыту, көгалдандыру, экология, үлестік құрылыс, тұрғын үйді жаңарту, қаланы, оның ішінде тұрғын алаптарды абаттандыру, Астананың сәулеттік келбеті қаралды.
Отырыстарға дайындық мақсатында тұрақты комиссия мүшелері есепті кезең ішінде елорданың түрлі нысандарына барды. Тұрақты комиссия депутаттары сорғы-сүзгі станцияларына, газ қазандықтарына, ЖЭО-ға, жолаушылар көлігі объектілеріне, өтемдік екпелерге және басқа да объектілерге барды.
Бірінші кезекте депутаттық корпус пен әкімдіктің бірлескен жұмысының арқасында маңызды нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өткім келеді.
Қоғамдық көлік.
500-ден астам жаңа автобус сатып алынды, олардың 100-ден астамын жеке автопарктер сатып алды, Астана қаласы мәслихаты депутаттарының бастамасымен дәл осы жыл басында субсидиялар бөлінді, бұл автобус парктеріне қаржыландыруды бөлуге және жаңа автобустар сатып алу үшін кредиттер алуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде қоғамдық көліктің сапасы айтарлықтай өсті.
Көптеген жылдар бойы автобус жүргізушілері туралы мәселе шешілмеді, жүргізуші персоналының жетіспеушілігі 200 немесе одан да көп жүргізушіге жетті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі әріптестерінің көмегімен жүргізушілердің жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектесетін заңнамаға өзгерістер енгізілді.
Бұл ретте қаланың қоғамдық көлігінде билетсіз жол жүру мәселесі өте пассивті түрде шешілуде, жол ақысын төлеудің енгізілген электрондық жүйесі өзін ақтамады. Осыған байланысты, «Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ билетсіз жол жүру және қалалық бюджетті толықтыру мәселесін шешудің қарапайым алгоритмін ұсынған IT-мамандармен мәселені бақылауға алып, пысықтау ұсынылады.
Құрылыс.
Біз жаңа мектептер, мектептерге қосымша ғимараттарды, оның ішінде қалалық бюджет есебінен салу мәселесі бойынша айтарлықтай жылжыдық. Енді балаларымыз үшін, соның ішінде елорданың шетінде оқу жағдайларының теңгерімсіздігін болдырмау үшін мектептерді күрделі жөндеу жоспарларын белгілеу маңызды.
Құрылыс салушылардан әлеуметтік тұрғын үй сатып алу оң тәжірибе болып табылады, осыған байланысты әлеуметтік тұрғын үй салудың орнына пәтерлерді сатып алу тәжірибесіне толығымен көшу ұсынылады. Дайын тұрғын үй сатып алған жағдайда, пәтерлердің сапасы жоғары және құны тәуелсіз құрылысқа қарағанда төмен.
Апатты тұрғын үй мен гараж кооперативтерін бұзғаннан кейін жер учаскелерінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын қадағалау қажет.
Инфрақұрылым.
Қала әкімі Жеңіс Махмұдұлына нүктелік құрылысты шектегені үшін ерекше алғыс айтамыз, - көпқабатты үйлер мен коммерциялық нысандардың орнына тұрғындардың, депутаттардың және жергілікті атқарушы органның бірлескен күш-жігерінің арқасында скверлер мен қоғамдық кеңістіктер салынып жатқан көптеген оң мысалдар бар.
Тұрақты комиссияның бастамасы бойынша елорда аулаларының жай-күйіне талдау жүргізілді, оның нәтижелері бойынша күрделі жөндеу жүргізу қажет 200-ге жуық аула қалғаны анықталды. Бұл жұмысты жақын арада аяқтау керек, осы міндет біздің тұрғындар үшін басымдықты болып табылады.
Жолдарды жөндеу сапасын арттыруды жеке атап өткім келеді. Екі жыл бұрын жол активтеріне сараптама жүргізуді талап еткен депутаттық корпус болды. Келесі кезең – қаланың барлық тұрғындарына Астананың көлік инфрақұрылымының электрондық платформасын құру және оған қол жеткізу, онда құрылыс, жолдарды жөндеу мерзімдері, кепілдік мерзімінің қолданылуы және басқа да ақпарат қамтылатын болады.
Экология.
Сондай-ақ, «Астана қаласының жасыл желектер тізілімі» электрондық платформасын өзектендіру жөнінде шаралар қабылдау және оның елорданың барлық тұрғындары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Көгалдандыру мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталмаймыз, өйткені ол бүгінгі сессияның негізгі мәселесі ретінде талқыланды.
Тұрақты комиссия мүшелері, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, жергілікті атқарушы орган және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қала тұрғындарымен бірлесіп айтарлықтай жұмыс атқарып, соның арқасында орасан зор нәтижелерге қол жеткізгенін атап өткім келеді.