Қала қалай дамиды?
11.11.2019
Қалалық мәслихат депутаттары 2050 жылға дейінгі Нұр-Сұлтан қаласы Даму Стратегиясының жобасымен танысты. Алайда, олардың пікірінше, құжат пысықтауды талап етеді. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы кезінде нақты қандай параметрлер егжей-тегжейлі талдауды қажет ететіндігі белгілі болды.
Елорданың 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының жобасын зерттеумен және әзірлеумен "Астана" Халықаралық ғылыми кешені" жеке мекемесінің нақты-қабілет орталығы айналысты. Ең сенімді деректерді алу үшін зерттеушілер халық арасында сауалнама, дөңгелек үстелдер, түрлі сарапшылармен сұхбат жүргізді, ал қорытындысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ұсыныстары мен ескертулерін алды. Осылайша, елорданы жаһандық қалаға айналдырудың үш кезеңі әзірленді: 2020-2025 жылдан бастап-өмір сүру сапасын арттыруға баса назар аударылатын болады, соның нәтижесінде қала өмір сүруге қолайлы болады, 2025-2030 жылдары-жаңа салаларды дамытуға және экономика құрылымын өзгертуге назар аудару қажет, осының салдарынан біз бәсекеге қабілетті және тұрақты өсіп келе жатқан қалаға қол жеткіземіз және 2050 жылға дейін – халықаралық маңыздылықтың өсуі халықаралық ықпалдастырылған қалаға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мәслихат депутаты Рамзия Өмірбаева Стратегия жобасында экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға қатысты бірде-бір тармақ таппағанын атап өтті. Оның пікірінше, қаланың дамуы оның экологиялық жағдайына байланысты.
"Астана" Халықаралық ғылыми кешені" орталығының жетекшісі Әнуар Боранбаев зерттеу жүргізілген кезде зиянды заттар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды талдау да ескерілгенін айтты. Қорытынды бойынша газдандырудан бастап топырақ, жер үсті сулары тазалығына дейін және т.б. нақты бастамалар ұсынылды.
- Экологиялық көрсеткіштер бойынша ілгерілеу Стратегияда ескерілуі тиіс, - деп нақтылады ол. - Алайда, негізгі көрсеткіш – бұл ауаның негізгі ластанушылары бойынша шекті рұқсат етілген шоғырлану деңгейі (ШРК).
Дегенмен, депутаттар 2050 жылға қарай экологиялық тұрғыдан қандай нәтижеге келетінімізді білу үшін осы көрсеткіштерді өз презентациясында қосымша көрсетуді ұсынды.
Неге Стратегияда жоғары оқу орындарының дамуы және оларды халықаралық деңгейге шығару ескерілмейді, деп депутат Ақылбек Күрішбаев сұрады.
- Әлемнің ең озық қалаларының даму феномені неде деген сұрақ қойған кезде, мен ол тек білім экономикасында ғана емес, инновация, ғылым нәтижелерінің жетістіктерін қолдану, сонымен қатар қазіргі заманғы кадрларды даярлау есебінен қалыптасатынын өзім үшін атап өттім. Егер елордада және ірі қалаларда жүйе құраушы ғылыми орталықтар, халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындары болса, онда осы суреттердің барлығы таныстырылыммен жанданады. Жүйе құрушы-білікті кадрлар, қолданылатын зерттеулердің қолданбалы нәтижелері дайындалатын университеттік жүйе болып табылады, - деді халық қалаулысы.
Өз әріптесін депутат Мәжит Шайдаровта қолдап, елорданың денсаулық сақтау жүйесіне терең талдау жасап, Стратегия жобасына осы мәселелерді де енгізу қажеттігін атап өтті.
- Стратегия жобасында шетелдік студенттер санының өсуі 2025 жылға қарай 2000 адамға жетеді деп көрсетілген. Мен тек бір медициналық университетте бүгінде 600 – ге жуық шетелдік студент бар, ал егер басқа ЖОО-ларды алса, онда бұл көрсеткіш 2 мыңға қазірдің өзінде жетеді деп айта аламын. Бұл көрсеткішке келер жылы қол жеткіземіз, сондықтан бұл көрсеткіштерді қайта қарап, түзету керек, - деп атап өтті депутат.
Отырыс қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары елорданың Даму Стратегиясы жобасын олар енгізген ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып пысықтау қажеттігі туралы қорытындыға келді, ал әзірлеушілер елорданың даму стратегиясын бекітуге жүргізілген барлық зерттеулер қайта қаралып, түзетілетін болады деп уәде берді.